әртүрлі топтарының курстық дайындықтарының тиімділігін анықтайтын
педагогикалық инструментарий
жұмысын, педагогикалық диагностика, түзетуді іске асыру әдістерін жетілдіру, әдістемелік жұмысты
үлгілеу бойынша заманауи әдістерді енгізу жұмысын үйлестіреді. Білім беру ұйымдарының
дыбыс-бейне және интерактивті оқыту құралдарына мұқтаждығын, қазіргі педагогикалық деректер
банкісінің ахуалын саралайды. БА курстарының әдістемелік және тәжірибелік қамтамасыз етілуін
ұйымдастырады. Біліктілік арттыру жоспарының іске асырылуын қамтамасыз етеді, кабинет бейіні
бойынша педагог кадрлардың сапалық құрамына мониторингті жүзеге асырады. Авторларға оқулықтар
мен оқу-әдістемелік кешеңдердің мақұлдануына, авторлық курстар, семинарлар ұйымдастыру мен
өткізуге көмек көрсетеді. Тәжірибелік-эксперименталдық жұмыстың нәтижелерін саралайды және
жалпылайды. Білім беру ұйымдары педагогтарының, әдіскерлерінің, басшыларының нәтижелі жұмыс
тәжірибесін зерттеп, жалпылайды және таратады. Білім беру қызметкерлеріне, аудандық әдістемелік
кабинеттерге консультативтік, әдістемелік және практикалық көмек көрсетеді. Курсаралық жұмыстар
мен әртүрлі байқаулар, конкурстар, слеттер, олимпиадалар өткізеді. Педагогикалық және
басқарушылық инновацияларды зерттеп, насихаттайды. Педагогика ғылымының заманауи жетістіктерін,
педагогикалық әдебиеттің жаңалықтарын қадағалап, олар туралы білім беру ұйымдарын, әдістемелік
кабинеттерді хабардар етеді. БА жүйесінде маркетингтік зерттеулер және баспа қызметін жүзеге
асырады.
Аймақтық деңгейде жұмысты ұйымдастыру бойынша мұғалімдердің біліктілігін арттыру
институттарының тиісті кабинеттерінің қызметін қадағалайды. Педагогтердің, білім беру
ұйымдарының инновациялық, тәжірибелік-эксперименталдық жұмыстарының және өзіндік зерттеу
(ізденіс) қызметінің нәтижелерін жалпылау негізінде ғылым және практиканың ықпалдасу идеяларын
енгізу бойынша ұсынымдар әзірлейді. Республикалық педагогикалық басылымдарда білім беру
мәселелеріне байланысты материалдар жариялайды.
Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының
, Қазақстан Республикасының
Конституциясын
Еңбек
, Қазақстан Республикасының
,
кодексін
«Білім туралы»
«Қазақстан Республикасындағы тілдер
,
,
туралы»
«Қазақстан Республикасындағы бала құқығы туралы» «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
заңдарын және білім беру ұйымдары қызметінің мәселелері бойынша басқа да
туралы»
нормативтік-құқықтық актілерді, дидактика принциптерін, педагогика негіздері және жас ерекшелігі
психиологиясын, басқарудың инновациялық әдістерін, әдістемелік және ақпараттық материалдарды
жүйелендіру принциптерін, баспамен жұмыс негіздері, оқу-бағдарламалық құжаттаманы әзірлеу
тәртібі мен принциптерін, пән бойынша жаңа және балама оқулықтар мазмұны, алдыңғы қатарлы білім
беру технологияларын, ғылыми-зерттеу және эксперименталдық жұмыс тәжірибесін жалпылау және
тарату әдістемесін, еңбек туралы заңнама негіздерін, еңбек қорғау нормалары мен ережелерін,
қауіпсіздік техникасы және өрт қауіпсіздігі техникасын, санитарлық нормалар мен ережелерді.
Тиісті санатты алу үшін міндеттерді айқындаумен қатар біліктілікке қойылатын талаптар:
біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ маман: БАИ әдіскеріне қойылатын жалпы талаптарға
жауап беруі, сонымен қатар: ақпаратты компьютерлік өңдеу технологиясын, педагогикалық саралау
әдістерін меңгеруі тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім, педагогикалық жұмыс өтілі,
оның ішінде біліктілік арттыру жүйесіндегі жұмыс өтілі кемінде 5 (бес) жыл.
біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты маман: біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты
жоқ БАИ әдіскеріне қойылатын жалпы талаптарға жауап беруі, сонымен қатар: алдыңғы қатарлы білім
беру технологиялары бойынша жұмыс тәжірибесін жалпылай және тарата білуі, жарияланған
әдістемелік материалдарының болуы тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім және БА жүйесіндегі жұмыс
өтілі кемінде 7 (жеті) жыл;
біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты маман: біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші
санатты БАИ әдіскеріне қойылатын талаптарға жауап беруі, сонымен қатар: ғылыми-зерттеу және
тәжірибелік жұмыс дағдыларына ие болуы, білім беру процесінің өзекті проблемаларын әзірлеу
бойынша шығармашылық топтар жұмысына қатысуы тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім, БА жүйесіндегі жұмыс өтілі
кемінде 9 (тоғыз) жыл;
біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты маман: біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші
санатты БАИ әдіскеріне қойылатын талаптарға жауап беруі, сонымен қатар: ғылыми-зерттеу және
тәжірибелік жұмыс әдістерін меңгеруі; білім беру процесінің өзекті проблемаларын әзірлеу бойынша
шығармашылық топтарға жетекшілік етуі: алдыңғы қатарлы білім беру технологиялары бойынша ақпарат
таратуы, жарияланған әдістемелік материалдарының болуы, мемлекеттік тілді білуі тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім, БА жүйесіндегі жұмыс өтілі
кемінде 10 (он) жыл және жарияланған әдістемелік материалдары болуы керек.
Деңгейлік бағдарламалар орталығының басшысы
Лауазымдық міндеттері: Орталықтың қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады. Тренерлер
арасында функционалды міндеттерді бөледі. Орталық қызметін ұйымдастырады, оның даму
перспективаларын айқындайды, Орталық алдына қойылған функциялар мен міндеттерді шешудің жолдарын
тандайды. Біліктілікті арттыру курстарының өткізілуін үйлестіреді, тренерлер жұмыстарының
нәтижелігін саралайды, есептіліктің уақытылы жасалуын қамтамасыз етеді, қазіргі нормаларға сай
құжаттама жүргізеді. Деңгейлік бағдарламалардың оқу процесін нормативтік құжаттар талабына
сәйкес ұйымдастыруды қамтамасыз ету бойынша БАИ қызметіне қатысады. Тренерлердің оқу қызметінің
нормаларын жоспарлауын және орындауын бақылауды жүзеге асырады. Педагогтердің біліктілігін
арттыру курстарының деңгейлік бағдарламаларына қатысты саралық есептер мен сұрақтар бойынша
ақпараттық анықтамалар әзірлейді. Курсаралық кезеңде сертификатталған педагогтерге
консультациялық көмек көрсетеді. Тренерлердің оқу жүктемесі мен аудиторлық қорды ұтымды қолдануы
бойынша ұсынымдамалар, бағдарламалар мен оқу-тақырыптық жоспарлар әзірлеу жұмысын ұйымдастырады.
Деңгейлік бағдарламаларына қажетті оқу құжаттамасын әзірлеу, оқу процесін ішкі нормативтік
құжаттар талаптарына сәйкес ұйымдастыру бойынша филиал қызметіне қатысады. Педагогтер
біліктілігін арттыру курстарының деңгейлік бағдарламары бойынша оқу процесін ұйымдастыруға
қатысты Басқарма бұйрықтары мен шешімдерін орындауды қамтамасыз етеді. Орталықтың жабдықтарға,
материалдарға және Орталыққа жүктелеген міндеттер мен функцияларды орындауға қажетті басқа да
ресурстарға мұқтаждығын айқындайды.
Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының заңдарын, білім беру мәселелері бойынша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары мен шешімдерін және нормативтік құжаттарды. Филиал
қызметін айқындайтын нормативтік актілерді. Кембридж университетімен бірге дайындалған «НЗМ»
ДББҰ-ның оқу бағдарламасының жеті модулінің тұжырымдамалық идеяларын. Ересектерді оқытудың
заманауи формалары мен әдістерін. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының негіздерін. Еңбек
қорғау нормалары мен ережелерін, қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы күрес ережелерін.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім, тренер сертификаты және
оқытушы ретінде жұмыс өтілі кемінде 5 (бес) жыл.
Деңгейлік бағдарламалар орталығының тренері
Лауазымдық міндеттері: Деңгейлік бағдарлама бойынша біліктілікті арттыру курстарын тиісті
деңгейде өткізу. Тындаушылармен бекітілген кесте бойынша дәріс өткізу. Деңгейлік бағдарламалар
курстарының талабына сай оқу-тақырыптық жоспар мен курс бағдарламасын әзірлеу. Тыңдаушылардың
сабаққа қатысуын тұрақты түрде бақылау. Куратор функциясын жүзеге асыру. Қажетті оқу құжаттарын
(журналдар, табельдер, кесте және т.б.) ресімдеу. Өзінің қызметі туралы басшылыққа қажетті
ақпарат беру. Ақпараттық брошюра, мақала дайындау. Семинар, көрме, конференцияларға қатысу.
Тындаушыларға портфолионы дайындау және біліктілік емтиханын тапсыру бойынша консультация беру.
Біліктілік емтихан нәтижелеріне сараптама жүргізу. Оқу процесінде ақпараттық-коммуникациялық
технологияларды қолдану. WOIP-технологияны қолдана отырып, бейнеконференция арқылы біліктілікті
арттыру денгейлік курстарының он-лайн кезеңін өткізу кезінде жеке консультациялар жүргізу.
Тыңдаушылардың аудиториялардағы жұмыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Тренер жұмысын реттейтін
Ішкі тәртіп ережелерін және филиал құжаттарын сақтау. Филиал іс-шараларына, оның ішінде
орталықтың отырыстарына, өз қызметінің барлық түрлерін жоспарлауға және атқарылған жұмыс туралы
есеп беруге қатысу. Сертификатталған мұғалімдердің кейінгі кәсіби қызметіне мониторинг жүргізу.
Тыңдаушыларға демалыс іс-шараларын ұйымдастыру. Курсаралық кезеңде бекітілген базалық (тірек)