Қосымша 2 республикалық «жыл әдіскері» байқауы жөнінде ереже жалпы ереже «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ республикалық «Жыл әдіскері»



жүктеу 333,21 Kb.
Дата10.12.2017
өлшемі333,21 Kb.
#3581

Қосымша 2
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «ЖЫЛ ӘДІСКЕРІ» БАЙҚАУЫ ЖӨНІНДЕ ЕРЕЖЕ

  1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕ

    1. «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ республикалық «Жыл әдіскері» байқауын (одан әрі Байқау) өткізеді.

    2. Байқау әдіскерлердің кәсібилігі мен мәртебесін, олардың іс-әрекетінің тиімділігін көтермелеуге бағытталған.

    3. Байқау Қазақстан Республикасының білім жүйесінің әдіскерлерінің шығармашылық әлеуетін, кәсіби деңгейін арттыруға бағытталған тәжірибелік бағдарлама болып келеді.

    4. Байқау бес деңгейде өтеді:

  • мектепке дейінгі білімге жетекшілік жасайтын аудандық (қалалық) әдістемелік кабинеттерінің әдіскерлері арасында;

  • жалпы орта білімге жетекшілік жасайтын аудандық (қалалық) әдістемелік кабинеттерінің әдіскерлері арасында;

  • техникалық және кәсіби білім әдіскерлері арасында;

  • қосымша білім беру ұйымдарының әдіскерлері арасында;

  • ЖОО әдістемелік бюросының мүшелері арасында.

  1. БАЙҚАУ МАҚСАТТАРЫ

  • әдістемелік жұмысты ұйымдастырудағы барлық деңгейдегі әдіскерлердің үздік жұмыс тәжірибесін анықтап, қолдау;

  • әдіскерлердің кәсіби шығармашылығын ынталандыру;

  • әдіскерлердің білімді дамытуға қосқан үлесін көпшілік алдында мойындау; 

  • білім жүйесінде әдіскерлердің жағымды әлеуметтік және кәсіби келбетін қалыптастыру мен мәртебені жоғарылату.

  1. БАЙҚАУДЫҢ НЕГІЗГІ МІНДЕТТЕРІ

  • үздік әдістемелік тәжірибені анықтап, тарату;

  • шығармашылықпен шұғылданатын әдіскерлерді анықтау;

  • педагог қызметкерлердің кәсібилігін қалыптастырып, дамытуда әдістемелік жұмыс жүйесінің бірегейлігінің сақтау;

  • әдістемелік жұмысты ұйымдастыруда инновациялық тәсілдерді ынталандырып, қолдау.

  1. БАЙҚАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ НЕГІЗГІ ҰСТАНЫМДАРЫ

  • объективтілік;

  • ғылымилық;

  • ашықтық.

  1. БАЙҚАУ ӨТКІЗУДІҢ ТӘРТІБІ МЕН МЕРЗІМІ

    1. Байқау үш кезеңде өтеді:

  • аудандық кезеңі – 29 тамызға дейін;

  • облыстық кезеңі – 25 қыркүйекке дейін;

  • республикалық кезеңі – 30-31 қазан күндері.

Республикалық байқау 2 күн өтеді.

    1. Байқауға ұсынылған материалдар байқаудың мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес әдіскер жұмысының шынайы нәтижелерін көрсету керек. Өтініште үміткердің байқауда қатысуға ұсынылу қисыны беріледі; кемел нәтиженің сараптамасы және оның қаланың, ауданның, облыстың білім жүйесі үшін мағынасы; білім саласындағы ғылыми еңбек, жарияланымдар, зерттемелердің атаулары; сыйлықтың бары және т.б.

    2. Байқау материалдары А-4 форматтағы папка мен электронды нұсқада, ереже талаптарына сәйкес болуы керек.

    3. Байқау материалдарына ой-пікірлер жазылып, қайтарылмайды.

    4. Байқаудың республикалық кезеңіне қатысуға өтініштер мен материалдар 2013 жылдың 30 қыркүйекке дейін қабылданады. Осы мерзімнен кейін берілген материалдарды байқау комиссиясы қарастырмайды, қайтармайды.

    5. Байқаудың ұйымдастырушы комитетінің мекен-жайы:

Алматы қ.-сы, Амангелді көшесі, 61 «Өрлеу» БАҰО АҚ.

Байқауға қатысуға негіз ретінде үміткер белгіленген мерзімге келесі материалдарды беру керек:



  • Байқауға қатысуға өтініш, жеке куәлікке лайықты деректер (№ 1 қосымша);

  • Талапқа сәйкес рәсімделген әдіскердің гиперсілтемелері бар электронды портфолиосы (1 турды қара).

Байқау қатысушыларының құрамы өтініш негізінде белгіленеді.

Байқаудың барлық тапсырмаларында қазылар алқасы финалистің педагогикалық шеберлігін, кәсібилігін, креативтілігін және т.б. бағалайды. Байқау қатысушыларының жасаған жұмысының сапасы 5-балдық жүйемен бағаланады.



Байқаудың І туры сырттай өткізіледі.

Байқау қатысушылары – барлық деңгейдегі әдіскерлер гиперсілтемелері бар электронды ПОРТФОЛИОСЫН көрсетеді



Кейінгі турлар күндізгі түрде өткізіледі.

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМГЕ ЖЕТЕКШІЛІК ЖАСАЙТЫН АӘК ӘДІСКЕРЛЕРІНІҢ БАЙҚАУЫН ӨТКІЗУ ТӘРТІБІ

І тур – Әдіскер портфолиосы.

Байқаудың І туры сырттай өткізіледі.

Қатысушылар гиперсілтемелері бар ЭЛЕКТРОНДЫ ПОРТФОЛИОНЫ көрсетеді.



Әдіскердің электронды портфолиосының құрылымы

1 блок – қатысушы жөнінде жалпы мағлұматтар

  • толық аты-жөні;

  • туған күні;

  • білімі;

  • жұмыс орны: ұйым, ауыл, аудан, қала, облыс атауы.

  • ғылыми атағы, ғылыми деңгейі (дәлелдейтін құжаттар көшірмелері);

  • жалпы еңбек өтілі, педагогикалық өтіл, оның ішінде әдістемелік жұмыс өтілі;

  • соңғы 3-5 жылда біліктілікті арттыру курстарынан өтуін дәлелдейтін сертификаттардың (куәліктердің) үлгілері;

  • көлемі 9*7 фотография.

2 блок – әдістемелік қор

  • авторлық әдістемелік жұмыс;

  • авторлық бағдарламалар;

  • бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау;

  • ғылыми кеңесте қарастырылып, аудиторияға арналған баспа тізімдері (оқу-әдістемелік құрал, әдістемелік нұсқау, жинақтар, нұсқаулықтар және т.б.);

  • халықаралық, республикалық, облыстық ғылыми-тәжірибелік конференцияларға қатысу (соңғы бес жылда);

  • аудандық, облыстық және республикалық деңгейлерде әдіскер жұмысының тәжірибесін жинақтау;

  • мектепке дейінгі білім бойынша әдіскердің шығармашылық ізденісі, шығармашылық шеберхананың материалдары: мектепке дейінгі білім жүйесінде әдістемелік жұмысты ұйымдастыру бойынша инновациялық технологияларды қолдану, мектепке дейінгі тәрбие және оқытуда қазіргі әдіс пен технологияларды енгізу бойынша әдістемелік зерттемелер, авторлық бағдарлама және т.б.;

  • ғылыми-әдістемелік қызметтің нәтижелілігі мен тиімділігі.

Әдіскердің жеке жетістіктерін бағалау критерийлері:

  • автордың өзін-өзі жетілдіру мен өзін-өзі жетелеуге бағытталуы;

  • іріктелген материалдардың мазмұндылығы мен маңыздылығы;

  • берілген материалдардың бүтіндігі, тақырыптық аяқталуы;

  • материалдардың құрылымын құра білуі, барлық жазбаша түсініктемелердің логикалығы мен қарапайымдылығы, берілген материалдардың жүйелілігі;

  • сандық және сапалық көрсеткіштердің арақатынасы.

Жоғарыда айтылған портфолионың блоктарынан басқа конкурсантқа үй тапсрымасын беру керек. Үй тапсырмасын – таңыстыру карточкасын қатысушының жеке қасиеттері мен кәсіби жетістіктерін ашатын бейнеролик ретінде көрсету керек (3-5 мин.).

Үй тапсырмасын бағалау критерийлері:

  • презентацияның мазмұндылығы мен тәжірибеге бағытталуы;

  • білім сапасын қамтамасыз ету жағдайында кәсіби шеберлікті арттыру жолдарын іздеу;

  • өзіндік ғылыми-әдістемелік әлеуетін кеңейтудегі жаңашыл амалдар;

  • кәсіби маңызды қасиеттер мен тұлғалық тәжірибені көрсету;

  • бейнероликтің толықтығы, безендірілуі мен көркемділігі.

Байқаудың бірінші күні

ІІ тур - «Мен мектепке дейінгі білім беру әдіскерімін» - 7 минут. Жұмысының нәтижесін көрсетіп, өзін таныстыру (электронды қорларды қолдану).

Бағалау критериі:

  • Идеяның мазұндылығы, қызықты болуы.

  • Ортақ мәдениеттілік, білімділік.

  • Шығармашылық шеберлік, көркемділігі

  • Көрермендердің көңілін өзіне аудару іскерлігі.

  • Регламентті сақтай алу іскерлігі.


ІІІ тур – «Шебер сынып». Мектепке дейінгі жастағы балалардың коммуникативтік құзырлылықтарын қалыптастыру бойынша сабақ фрагменттері. Шебер сыныптың тақырыбы мен түрін байқау қатысушылары алдын-ала өтінішінде айтады. Шебер сыныпты өткізу уақыты 7-10 минут.

Бағалау критериі:

  • қолданылған оқыту әдістерінің тиімділігі;

  • әдіскердің шығармашылық әлеуеті;

  • әдіскердің шығармашылық шеберлігі;

  • сабақтың мақсатына жетуі;

  • нәтижелілігі.

Байқаудың екінші күні

ІҮ тур – оқытудың инновациялық технологияларын қолдану бойынша мектепке дейінгі ұйым педагогтарына әдістемелік көмек көрсету жүйесін таныстыру 7 минут.

Бағалау критериі:

  • презентацияның ғылыми негізі;

  • қолданбалы мағынасы;

  • мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту стандарттарының талаптарын іске асыру;

  • әдістемелік көмек жүйесінің тиімділігі мен нәтижесі;

  • презентацияның мазмұны мен көркемділігі.

Ү тур «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында әдістемелік қызметті жетілдіру». Білім жүйесін жаңарту жағдайында әдістемелік жұмыстың сапасын арттыру бойынша тәжірибелік нұсқаулары бар сөз сөйлеу – 5 мин.

Бағалау критериі:

  • дәлелдеменің болуы, дәлелдей алуы;

  • идея өзектілігін негіздеуі;

  • идеяның қазіргі заманғы талаптарға сәйкес болуы;

  • педагогикалық эрудицияның болуы;

  • шешендік өнердің шеберлігі.

ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМГЕ ЖЕТЕКШІЛІК ЖАСАЙТЫН АӘК ӘДІСКЕРЛЕРІНЕ БАЙҚАУ ӨТКІЗУ ТӘРТІБІ
І тур – әдіскер портфолиосы.

Байқаудың І туры сырттай өткізіледі.
Қатысушылар гиперсілтемелері бар ЭЛЕКТРОНДЫ ПОРТФОЛИОСЫН көрсетеді.

Әдіскердің электронды портфолиосының құрылымы

1 блок – қатысушы жөнінде жалпы мағлұматтар

  • толық аты-жөні;

  • туған күні;

  • білімі;

  • жұмыс орны: ұйым, ауыл, аудан, қала, облыс атауы.

  • ғылыми атағы, ғылыми деңгейі (дәлелдейтін құжаттар көшірмелері);

  • жалпы еңбек өтілі, педагогикалық өтіл, оның ішінде әдістемелік жұмыс өтілі;

  • соңғы 3-5 жылда сертификаттарды (куәліктер) көрсетіп біліктілікті арттыру курстарын өтуі;

  • көлемі 9*7 фотография.

2 блок – әдістемелік қор

  • авторлық әдістемелік жұмыс;

  • авторлық бағдарламалар;

  • бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау;

  • ғылыми кеңесте қарастырылып, аудиторияға арналған баспа тізімдері (оқу-әдістемелік құрал, әдістемелік нұсқау, жинақтар, нұсқаулықтар және т.б.);

  • халықаралық, республикалық, облыстық ғылыми-тәжірибелік конференцияларға қатысу (соңғы бес жылда);

  • аудандық, облыстық және республикалық деңгейлерде әдіскер жұмысының тәжірибесін жинақтау;

  • аудандық, облыстық және республикалық деңгейлерде әдіскердің жұмыс тәжірибесін жинақтау;

  • шығармашылық зертхана-шеберхана материалдары;

  • ғылыми-әдістемелік қызметтің нәтижелілігі мен тиімділігі.

Әдіскердің жеке жетістіктерін бағалау критерийлері:

  • автордың өзін-өзі жетілдіру мен өзін-өзі жетелеуге бағытталуы;

  • іріктелген материалдардың мазмұндылығы мен маңыздылығы;

  • берілген материалдардың бүтіндігі, тақырыптық аяқталуы;

  • материалдардың құрылымын құра білуі, барлық жазбаша түсініктемелердің логикалығы мен қарапайымдылығы, берілген материалдардың жүйелілігі;

  • сандық және сапалық көрсеткіштердің арақатынасы.

Жоғарыда айтылған портфолионың блоктарынан басқа конкурсантқа үй тапсрымасын беру керек. Үй тапсырмасын – таңыстыру карточкасын қатысушының жеке қасиеттері мен кәсіби жетістіктерін ашатын бейнеролик ретінде көрсету керек (3-5 мин.).

Үй тапсырмасын бағалау критерийлері:

  • презентацияның мазмұндылығы мен тәжірибеге бағытталуы;

  • білім сапасын қамтамасыз ету жағдайында кәсіби шеберлікті арттыру жолдарын іздеу;

  • өзіндік ғылыми-әдістемелік әлеуетін кеңейтудегі жаңашыл амалдар;

  • кәсіби маңызды қасиеттер мен тұлғалық тәжірибені көрсету;

  • бейнероликтің толықтығы, безендірілуі мен көркемділігі.

Байқаудың бірінші күні

ІІ тур - авторлық әдістемелік жұмыстың презентациясы (әдістемелік семинар, әдістемелік кеңес, әдістемелік нұсқау, тренинг, сабақ және басқа әдістемелік шара) –7 мин.

Әдістемелік жұмыс (әдістемелік кеңес пен нұсқауды біріктіретін әлдебір шараны өткізу үшін нақты материалдары бар әдістемелік жұмыс) кестеге сәйкес болу керек:



  • жұмыс аты;

  • шараның аты мен өткізу түрі;

  • түсініктеме хат, онда шараның міндеттері, күтілетін нәтижесі, өткізу әдістері мен түрі, мақсаттық аудитория;

  • құрал-жабдық, безендіру;

  • шараны өткізу жоспары;

  • шараны өткізу барысы, онда барлық композициялық бөліктер болуы керек, авторлар мен әдебиеттер қай парақта екені көрсетілу керек;

  • шараны өткізу бойынша әдістемелік ұсыныс;

  • әдебиет тізімі.

Әдістемелік жұмыс авторлық болуы керек және ҚР білім саласында нормативті құжаттарды іске асыру тәжірибесін көрсету керек.

Әдістемелік жұмысты бағалау критериі:

  1. Тақырыптың өзектілігі.

  2. Проблемалық аймақтың бар болуы және оны шешудің жолдарын негіздеуі.

  3. Өзінің авторлық позициясының бар болуы.

  4. Ұсынылатын материалдың мазмұндылығы

  5. Материалдың іс-тәжірбиелік құндылығы.


ІІІ тур – ғылыми әдістемелік жобаның сараптамасы. Бұл турда қатысушы ғылыми-әдістемелік жобаны сараптайды – 5 минут.

Қатысушының ғылыми-әдістемелік жобасын бағалау критериі:

  1. Жоба тақырыбының өзектілігін теориялық негіздей алу іскерлігі.

  2. Жобаның негізгі идеясын анықтап, тұжырымдай алу іскерлігі.

  3. Жоба тиімділігін бағалауға өз позициясының болуы.

  4. Жоба нәтижелігін объективті бағалай алу іскерлігі.

  5. Пікірлерде дәлелдемелердің дәлелді болуы.

Байқаудың екінші күні

ІҮ тур – Қазіргі білімнің басым бағыттары бойынша шебер-сынып фрагментін көрсету. Байқау қатысушылары алдын-ала Өтініште шебер-сыныптың тақырыбы мен түрін хабарлайды. Шебер-сыныпты өткізу уақыты – 7-10 минут.

  • Инновациялық технологиялар мен оқыту әдістерін еңгізу.

  • Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудың ғылыми-әдістемелік шарттары.

  • 12-жылдық білімге өту жағдайында әдістемелік қызметті жобалау.

  • Коучинг және менторлық арқылы педагогтардың кәсіби дамуын жетілдіру.

  • Біліктілікті арттыру жүйесін жаңарту жағдайында әдістемелік қызметтің қазіргі тәсілдері.

  • Бастауыш мектепте 1 сыныптан бастап ағылшын тілін оқытуды ұйымдастырудың әдістемелік жақтары.

  • «Өзін-өзі тану» пәні мазмұнында рухани-адамгершілік тәрбие бағдарламасын жүзеге асыру.

  • Қазіргі мектепте инклюзивті білім беруді енгізу.

  • ЖМБ пәндерін үш тілде оқытуды енгізу жолдары.

  • Орта мектепте үш тілді кіріктірілген оқытуды іске асыру.

  • ҰБТ-ға жүйелік дайындықты ұйымдастыру.

  • Жалпы білім беретін мектептердің оқу-тәрбие үдерісіне «Назарбаев Зияткерлік Мектебі» автономды білім ұйымының инновациялық тәжірибесін еңгізу.

  • Білім ұйымдарында бейінді оқытуды іске асыру тұлғаны әлеуметтендіру шарты ретінде.

  • ІТ-технологияларын оқушылардың шығармашылық әлеуетін дамытуда қолдану.

  • Сапаның критериалды бағалануы негізінде оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру.

  • Қазіргі әдіскердің кәсіби құзырлылығын дамытудың вариативті жолдары.

  • ОПТ қорытындылау және тарату әдіскердің қызметінің басты бағыты.

Презентацияны бағалау критериі:

  • Берілген материалдың тиімділігі (егер сабақ болса, пәнді оқытудың өзіндік әдістемесі).

  • Оқытудың инновациялық әдістері мен технологияларын игеру тәсілдері.

  • Оның тәжірибеде қолдану мүмкіндіктері мен нәтижелілігі.

  • ҚР білім беру саласындағы нормативтік-құқықтық құжаттардың негізгі ережелерін жүзеге асыру.

V тур – әдістемелік шараны өткізу және ұйымдастыру технологиясы. Шараны өткізуді ұйымдастыру технологиясын бағалауға мүмкіндік беретін әдістемелік жұмыс, презентациялар ұсынылады - 5 мин.

Бағалау критериі:

  • Әдістемелік жұмыстың мазмұны мен формаларының өзектілігі мен жаңашылдығы;

  • Тиімділік және жүйелік;

  • Жұмыс тәжірибесінің нәтижесі мен логикалық бітуі;

  • Әдістемелік шараларды өткізуде технологияларды таңдап пайдалану негіздемесі;

  • Ғылыми аппаратты қолдану.

ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІБИ БІЛІМ ӘДІСКЕРЛЕРІНІҢ БАЙҚАУЫН ӨТКІЗУ ТӘРТІБІ

Байқаудың І туры сырттай өткізіледі.

Қатысушылар гиперсілтемелері бар ЭЛЕКТРОНДЫ ПОРТФОЛИОСЫН көрсетеді.



Әдіскердің электронды портфолиосының құрылымы (сырттай тур).

Блок 1. Байқау қатысушыларының сауалнамалық мәліметтері (сауалнамалық мәліметтер толық және кеңейтілген болу керек, оның ішінде конкурсанттың жеке жетістіктері болу керек - грамота, патент, өнер табыс, сертификат, ғылыми басылым, басқа адамдардың, ұйымдардың пікірі және т.б.)

Блок 2. Әдістемелік банкинг

  • ТжКБ ұйымдарындағы әдістемелік жұмыстың мазмұны жөнінде құжаттама;

  • Әдістемелік бірлестіктер және т.б. жұмысының мазмұны мен сипатын, мақсаттарын, міндеттерін, түрлерін, әдістерін негіздеп әдістемелік қызметті сипаттау;

  • Оқу мекемесінің инновациялық оқу-өндірістік тәжірибесін сипаттау және әдістемелік қызмет рөлін аңықтау;

  • Үздік педагогикалық тәжірибе жөнінде мәлімет банкы, үздік педагогикалық тәжірибені жинақтап, тарату бойынша мәлімет;

  • Тәжірибелік-эксперименттік және ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыру;

  • Теориялық және өндірістік оқытуда инновациялық, ақпараттық-коммуникативтік технологияларды еңгізу;

  • Ақпараттық-коммуникативтік режимде әдістемелік қызметті ұйымдастыру;

  • Педагогикалық қызметтің мазмұны мен мониторингі: оқу-өндірістік жұмысты талдау, тәрбие қызметі;

  • Әдістемелік қызмет жас мамандар мен жаңа педагогтармен жұмыс істеуде;

  • Педагогикалық шеберлікті арттыруда әдістемелік қызмет: оқулықтар, оқу-әдістемелік құралдар, әдістемелік жұмыс, авторлық бағдарлама, басылымдар, педагогтарды оқыту мен тәрбиелеудің инновациялық әдістемелері.

Портфолионы бағалау критериі

  • материалдың толық және мазмұны болуы;

  • материалдың теориялық және қолданбалы құңдылығы;

  • педагогикалық қызметтің түрлі түрлерін ұйымдастыруда әдістемелік қызметтің рөлін негіздеу;

  • оқу мекемесінің әдістемелік қызметінің инновациялығы, динамигы және нәтижесі.

Жоғарыда айтылған портфолионың блоктарынан басқа байқауға қатысушыға үй тапсрымасын беру керек. Үй тапсырмасын – таңыстыру карточкасын қатысушының жеке қасиеттері мен кәсіби жетістіктерін ашатын бейнеролик ретінде көрсету керек (3-5 мин.).

Үй тапсырмасын бағалау критерийлері:

  • бейнероликтің мазмұны Байқауға сәйкес болуы керек;

  • идеяның қызықты болуы, шығармашылық тәсіл;

  • деректілік және бейнероликтің мазмұнының мәні;

  • қабылдауға, түсінуге қолжетімділігі;

  • бейнероликтің сапасы.

Байқаудың бірінші күні

II тур – ТжКБ ұйымдарындағы әдістемелік қызметтің жобасын (үлгісін) таныстыру. Жобаны қорғау (7 минуттан көп емес). Қорғау үдерісі келесі бағыттарды қарастырады:

  • ТжКБ ұйымдарындағы әдістемелік қызмет мазмұнын жаңарту және оның қазіргі білім саясатына сәйкес болуы;

  • Әдістемелік қызметтің рөлін көрсетіп, оқу-өндірістік және тәрбие қызметін ұйымдастыру үлгісі (дуальды жүйе, модульдық, кредиттік және т.б.);

  • Жобадағы күтілетін нәтижені негіздеу;

  • Біліктілікті арттыру мен педагогтардың шеберлігіне жаңа тәсілдер.

Жобаны бағалау критериі:

  • жоба тақырыбының өзектілігі, уақтылы болуы;

  • нақты авторлық позиция мен тұжырымдық идеяның бар болуы;

  • жобаның инновациясы мен қызықты болуы;

  • сөз сөйлеу шеберлігі: автордың бағдарламалық идеяларының жобадағы негізі, дәлелі;

  • нәтиже: жобаның теориялық ережелерін тәжірибеде және ТжКБ жүйесінің оқу-өндірістік қызметте қолдану мүмкіндігі.


III тур - «Жаңа Мемлекеттік Жалпыға міндетті Стандарт жағдайында әдістемелік қызметті жетілдіру» тақырыбына дискуссия. Осы кезеңде байқау қатысушылары дискуссияның тақырыбына сөйлеу керек (5-7 минут). Байқау әдіскердің ойлау қабілетін, сауаттылықты, таным, коммуникативті қабілеттерді байқауға мүмкіндік береді.

Сөз сөйлеуді бағалау критериі:

  • Білім мен қоғам дамуының қазіргі тенденцияларын біліп, түсінуді көрсету;

  • Ұсыныстар жаңашылдығы, педагогикалық қызметтің теориясы мен тәжірибесін білуі;

  • Ойлаудың көлемі, тереңдігі мен қызық болуы;

  • Ойлаудың аргументі болуы, ол тепе-теңдікте және конструктивті болуы керек;

  • Кәсіби құзырлылық және өз позициясын сауатты білдіру іскерлігі.

Байқаудың екінші күні

IV тур – ғылыми педагогикалық мақаланы рецензиялау (2-3 баспа бет, 7 минут).

Әдіскер рецензиясын бағалау критериі:

  • тақырыптың өзектілігін негіздеуі;

  • мақаланың жаңашылдығын, теориялық және практикалық құндылығын аңықтауы;

  • автордың өзі қойған мәселені нақты көруі;

  • авторлық позицияның сауаттылығы мен логикасы;

  • мақаланың ғылыми құңдылығын дұрыс анықтай білу іскерлігі.

V тур – Әдістемелік қызметті ұйымдастыру аясында шебер-сынып фрагментін таныстыру. Шебер-сыныптың тақырыбы мен түрін байқау қатысушылары алдын-ала Өтініште айтады. Шебер-сыныпты өткізу уақыты 7-10 минут.

Шебер-сыныпты бағалау критериі:

  • тақырыптың өзектілігі және шебер-сынып мазмұны;

  • шебер-сыныпты өткізу ережелері мен талаптарына сәйкестілігі;

  • әдіскердің ұйымдастырушылық қасиеттері: аудиторияны басқара білуі, коммуникативті құзырлылығы;

  • шебер-сыныпты өткізу деңгейі, мақсатына жетуі және мәселені шешуі;

  • шебер-сыныптың іс-тәжірбиелік құңдылығы.

МЕКТЕПТЕН ТЫС ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНА ЖЕТЕКШІЛІК ЖАСАЙТЫН ӘДІСКЕРЛЕРДІҢ БАЙҚАУЫН ӨТКІЗУ ТӘРТІБІ

Байқаудың І туры сырттай өткізіледі.

Қатысушылар гиперсілтемелері бар ЭЛЕКТРОНДЫ ПОРТФОЛИОСЫН көрсетеді.



Әдіскердің электронды портфолиосының құрылымы

1 блок – қатысушы жөнінде жалпы мағлұматтар

  • толық аты-жөні;

  • туған күні;

  • білімі;

  • жұмыс орны: ұйым, ауыл, аудан, қала, облыс атауы.

  • ғылыми атағы, ғылыми деңгейі (дәлелдейтін құжаттар көшірмелері);

  • жалпы еңбек өтілі, педагогикалық өтіл, оның ішінде әдістемелік жұмыс өтілі;

  • соңғы 3-5 жылда сертификаттарды (куәліктер) көрсетіп біліктілікті арттыру курстарын өтуі;

  • көлемі 9*7 фотография.

1 блок - әдістемелік қор

  • авторлық әдістемелік жұмыс;

  • авторлық бағдарламалар по дополнительному образованию;

  • бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау;

  • ғылыми кеңесте қарастырылып, аудиторияға арналған баспа тізімдері (оқу-әдістемелік құрал, әдістемелік нұсқау, жинақтар, нұсқаулықтар және т.б.);

  • халықаралық, республикалық, облыстық ғылыми-тәжірибелік конференцияларға қатысу (соңғы бес жылда);

  • аудандық, облыстық және республикалық деңгейлерде әдіскер жұмысының тәжірибесін жинақтау;

  • әдіскердің шығармашылық зертхана материалдары;

  • ғылыми-әдістемелік қызметтің нәтижелілігі мен тиімділігі.


Әдіскердің жеке жетістіктерін бағалау критерийлері:

  • автордың өзін-өзі жетілдіру мен өзін-өзі жетелеуге бағытталуы;

  • іріктелген материалдардың мазмұндылығы мен маңыздылығы;

  • берілген материалдардың бүтіндігі, тақырыптық аяқталуы;

  • материалдардың структуризациясы, барлық жазбаша түсініктемелердің логикалығы мен қарапайымдылығы, берілген материалдардың жүйелілігі;

  • сандық және сапалық көрсеткіштердің арақатынасы.

Жоғарыда айтылған портфолионың блоктарынан басқа конкурсантқа үй тапсрымасын беру керек. Үй тапсырмасын – таңыстыру карточкасын қатысушының жеке қасиеттері мен кәсіби жетістіктерін ашатын бейнеролик ретінде көрсету керек (3-5 мин.).

Үй тапсырмасын бағалау критерийлері:

  • презентацияның мазмұндылығы мен тәжірибеге бағытталуы;

  • білім сапасын қамтамасыз ету жағдайында кәсіби шеберлікті арттыру жолдарын іздеуі;

  • өзіндік ғылыми-әдістемелік әлеуетін кеңейтудегі жаңашыл амалдары;

  • кәсіби маңызды қасиеттер мен тұлғалық тәжірибені көрсетуі;

  • бейнероликтің толықтығы, безендірілуі мен көркемділігі.

Байқаудың бірінші күні

ІІ тур – шығармашылық жобаны қорғау. Қатысушылар келесі тақырыптық бағыттар бойынша қазіргі қосымша білімнің өзекті мәселесі бойынша өздерінің әдістемелік жұмыстарын көрсетеді:

  • қосымша білімді ұйымдастырудың өзекті мәселелері;

  • тәрбие мен қосымша білімнің дамудың қазіргі тенденциялары;

  • оқушылардың шығармашылық қызметінің психологиялық-педагогикалық негіздері;

  • қосымша білім беру ұйымдарының білім беру үдерісінде жаңа әдістер;

  • қосымша білім беру жағдайында балалардың функционалдық сауаттылығын дамыту;

  • тұлғаның мүддесі мен қабілетін дамытуда қосымша білім берудің рөлі;

  • қосымша білім беру педагогтарының кәсіби шеберлігін арттыру.

Бағалау критериі:

  • қазіргі жалпы тәсілдер мен түсініктерге жобаның сәйкес келуі;

  • тақырыптың өзектілігіне авторлық көзқарастың болуы;

  • жоба тақырыбының ғылыми-теориялық негізі бар болуы;

  • мақсат пен күтілетін нәтижеге жетуді қамтамасыз ету;

  • оппоненттер сұрақтарына жауап бере алу, жауаптардың аргументы бар болып, дұрыстығы.

ІІІ тур – Шебер-сынып фрагментін таныстыру. Шебер-сыныптың тақырыбы мен түрін байқау қатысушылары алдын-ала Өтініште айтады. Шебер-сыныпты өткізу уақыты 7-10 минут.

Бағалау критериі:

  • шебер-сынып мазмұнының тақырыпқа сай келуі;

  • мазмұнның әдістемелік құңдылығы;

  • қызықты, мазмұнды әдістемелік табыстар, авторлық тәсілдер, белгілі бір технологиялардың бар болуы;

  • дүниетаным мен жалпы мәдени құзырлылықтарды қалыптастыру үшін пәннің мағынасының тәжірибеде көрінуі;

  • мұғалімнің педагогикалық мәдениеті: жалпы эрудиция, сөз бен мінез мәдениеті, шебер-сынып қатысушыларымен жұмыста такт сақтау.

Байқаудың екінші күні

ІҮ тур - «Авторлық бағдарламаны қорғау» - 10 мин. Авторлық бағдарламалар қазіргі білім технологияларына сәйкес болып, мыналарға сай болуы керек:

  • оқыту принциптері (жеке, қолжетімділік, сабақтастық, нәтиже және т.б.);

  • оқытудың түрі мен әдістері (белсенді әдістер және қашықтықтан дифференциялды оқыту, сабақ, байқау, жарыс және т.б.)

  • бақылау әдістері мен білім үдерісін басқару (тест, анализ результатов байқау нәтижесін талдау, жарыс және т.б.);

  • оқыту құралдары (оқушылар санына қарай қажетті құрал-жабдық пен материалдар тізімі).

Бағалау критериі:

  • Ғылыми-практикалық жаңашылдық.

  • Ғылыми негіз.

  • Өзектілік және келешек.

  • Практикалық бағыт.

  • Апробация нәтижелерін беру.


Ү тур – «Әдістемелік тәжірибемен таныстыру». Қатысушы өзінің әдістемелік жұмыс проблематикасына сәйкес және соның ішінде «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру контекстінде әдіскердің кәсіби қызметінің мазмұны мен технологияларын жаңарту бойынша өз тәжірибесін береді, 5-7 минут.

Бағалау критериі:

  • шығармашылық жаңашылдық;

  • тиімділік, ғылыми негіз;

  • жоғары нәтиже;

  • тәжірибе жүйелігі;

  • бүтіндік.

ЖОО ӘДІСТЕМЕЛІК БЮРОСЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІНІҢ БАЙҚАУЫН ӨТКІЗУ ТӘРТІБІ

Байқаудың І туры сырттай өткізіледі.

Қатысушылар гиперсілтемелері бар ЭЛЕКТРОНДЫ ПОРТФОЛИОСЫН көрсетеді.



Электронды портфолионың құрылымы

1 блок – қатысушы жөнінде жалпы мағлұматтар

  • толық аты-жөні;

  • туған күні;

  • білімі;

  • жұмыс орны: ұйым, ауыл, аудан, қала, облыс атауы.

  • ғылыми атағы, ғылыми деңгейі (дәлелдейтін құжаттар көшірмелері);

  • жалпы еңбек өтілі, педагогикалық өтіл, оның ішінде әдістемелік жұмыс өтілі;

  • соңғы 3-5 жылда сертификаттарды (куәліктер) көрсетіп біліктілікті арттыру курстарын өтуі;

  • көлемі 9*7 фотография.

2 блок – әдістемелік қор

  • ЖОО әдістемелік қызметін дамыту бағдарламасы;

  • авторлық әдістемелік жұмыс;

  • авторлық бағдарламалар;

  • бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау;

  • ғылыми кеңесте қарастырылып, аудиторияға арналған баспа тізімдері (оқу-әдістемелік құрал, әдістемелік нұсқау, жинақтар, нұсқаулықтар және т.б.);

  • халықаралық, республикалық, облыстық ғылыми-тәжірибелік конференцияларға қатысу (соңғы бес жылда);

  • аудандық, облыстық және республикалық деңгейлерде әдіскер жұмысының тәжірибесін жинақтау;

  • әдіскердің шығармашылық зертхана материалдары;

  • кесте, диаграмма, график, нобай, бейнематериалдар және т.б. түрінде рәсімделген нәтижелер кәсіби қызметтің тұрақты нәтижесі мен оның өзгерісінің серпінділігін дәлелдеу керек.

Жоғарыда айтылған портфолионың блоктарынан басқа конкурсантқа үй тапсрымасын беру керек. Үй тапсырмасын – таңыстыру карточкасын қатысушының жеке қасиеттері мен кәсіби жетістіктерін ашатын бейнеролик ретінде көрсету керек (3-5 мин.).

Үй тапсырмасын бағалау критерийлері:

  • бейнероликтің мазмұны Байқауға сәйкес болуы керек;

  • идеяның қызықты болуы, шығармашылық тәсіл;

  • деректілік және бейнероликтің мазмұнының мәні;

  • байымның қолжетімділігі;

  • бейнероликтің сапасы.

Байқаудың бірінші күні

ІІ тур – әдістемелік қызмет ғылыми орталық ретінде. Әдістемелік бюроның инновациялық ғылыми-әдістемелік қызметінің презентациясы – 7 мин.

Бағалау критериі:

  • әдістемелік қызметтің өзектілігі;

  • ғылыми-әдістемелік жұмыстың тиімділігі;

  • инновацияның нәтижесі мен практикалық мәні;

  • әдістемелік жұмыстың ынталандырушы рөлі;

  • тиісті білім кеңістігінен шығу (мектеп, қала, республика).

ІІІ тур – «Желілік қауымдастық өзараәрекеттестіктің тиімді жүйесі ретінде». Педагогикалық инновация, білім жобалары, эксперименттер мен бағдарламаларды жүзеге асыру үшін білім ұйымдары, педагогтармен әдістемелік қызметті жүйелі өзараәрекеттестік үлгісін таныстыру – 5 минут.

Бағалау критериі:

  • үлгінің педагогикалық мақсаты;

  • желілік өзараәрекеттестік қатысушыларының білім қажеттілігін қанағаттандыру;

  • берілген үлгінің инновациялығы мен қызықты болуы;

  • идеяның дәлелді және аргументі болуы;

  • нәтиже: үлгіні практикада іске асыру мүмкіндігі.

Байқаудың екінші күні

IY тур – Әдістемелік шараның шебер-сынып фрагментін таныстыру. Шебер-сыныптың тақырыбы мен түрін байқау қатысушылары алдын-ала Өтініште айтады. Шебер-сыныпты өткізу уақыты 7-10 минут.

Бағалау критериі:

  • оқу ақпаратының тереңдігі, жаңашылдығы, ғылымилығы;

  • оқу тапсырманың, сұрақтардың, жаттығулардың мәселесі;

  • ерекшелігі және педагогикалық ойдың тереңдігі;

  • шығармашылыққа деген зейін, төкпелік, әркелкілік, бейнелілік;

  • зияткерлік деңгей, педагогикалық мәдениет, білімділік.

Ү тур – педагогтардың инновациялық тәжірибесін рецензиялау. Осы турда қатысушыға педагогтың үздік педагогикалық тәжірибесін (ҮПТ) сараптауды ұсынады – 5 мин.

Бағалау критериі:

  1. ҮПТ өзектілігін теориялық тұрғыда негіздеу.

  2. Тәжірибенің негізгі ойын аңықтап, тұжырымдау.

  3. ҮПТ тиімділігін сараптауға меншікті айқындаманың бары.

  4. ҮПТ мардымдылығын объективті бағалай алу.

  5. Ойдың айғақтылығы және дәлелі.

  1. БАЙҚАУДЫҢ ЖАЛПЫ КРИТЕРИІ

Байқау бағалауының нысаны 2011-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының білімді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жағдайында әдістемелік жұмысты ұйымдастырудың қазіргі әдістеріне сәйкес әдістемелік жұмыстың мазмұнын және түрлерін жобалау және құрастыру, яғни әдістемелік құзырлылықтың ең маңызды бөлігі болып табылады.

Байқау қатысушысының кәсіби деңгейін аңықтау үшін оның қызметіндегі әдістемелік жұмысты ұйымдастыруға арналған қазіргі тәсілдерді белгілеп, оның жүзеге асуының кәсіби қабілеттілігін бағалайтын критерийлер пайдаланылады.

Қазіргі әдістемелік жұмысты ұйымдастыруға арналған тәсілдер деп біз Қазақстан Республикасында білімнің дамуының жалпы тенденциялары және басымдығының контекстінде педагогикалық жұмыскердің кәсіби шеберлігінің өсуіне бағытталған әдіс-айланы түсінеміз.

Осыған байланысты байқаудың жалпы критерийлері:



  • білімнің модернизациясының негізгі бағытының қамсыздандыруына мақсат;

  • әдістемелік жұмысты ұйымдастыруда қазіргі технологияны пайдалану;

  • әдістемелік ұсыныстың бары және оны жүзеге асыру;

  • әдістемелік жұмыста ақпараттық технологияны пайдалану;

  • тәжірибелік-эксперименталды жұмыстың ғылыми-әдістемелік ілеспесі;

  • білім жүйесінде технологиялық деңгейде педагогикалық тәжірибені аңықтау, зерттеу және жинақтау;

  • педагогтың кәсіби және әдістемелік бірлестігінің торабы және желілік бірлестікті және одақтарды ұйымдастыру;

  • педагогтың және білім ұйымының бастығының біліктілігін толассыз көтермелеу жүйесін ұйымдастыру;

  • білім үдерісін программалық-әдістемелік өңімдермен жабдықтауға болысу, оның тиімділігін сараптау;

  • ел ішінде басқа облыс және жақын және алыс шет елдерінің педагогтарымен білім мәселелері бойынша ынтымақтастық;

  • әдістемелік материалдың пікірсараптауы;

  • ғылыми-практикалық конференциялар, педагогикалық оқу, білім ұйымының педагогикалық жұмыскерінің кәсіби педагогикалық шеберлігінің байқауын дайындап, өткізуге қатысу;

  • технологиялылық, басқа әдіскерлер, мұғалімдермен жұмыстың нәтижесін пайдалану мүмкіндігі;

  • мәдениет және байқау материалының эстетикалық рәсімделуі.

  1. БАЙҚАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ МЕН ӨТКІЗУ

    1. Байқаудың жалпы басшылығын ұйымдастыру комитеті жүргізеді, оның құрамына «Өрлеу» БАҰО АҚ өкілдері, кафедраның оқытушылары және біліктілікті артыру (мәміле бойынша) институтының бөлім мамандары кіреді. Ұйымдастыру комитеті осы Ережеге сәйкес жұмыс істейді. «Өрлеу» БАҰО АҚ Басқарма Төрағасының бұйрығымен ұйымдастыру комитетінің тізімдік құрамы, байқаудың қазылар алқасы тағайындалады. Ұйымдастыру комитеті мен қазылар алқасы шешімдері хаттамамен рәсімделеді.

    2. Ұйымдастыру комитеті:

  • байқау бағдарламасын жасайды;

  • байқау тексерістерін бағалау критерийлерін жасайды;

  • өтініштер және байқау материалын жинауды іске асырады;

  • байқаудың сырттай және күндізгі кезеңдерінің қатысушылар тізімін бекітеді;

  • байқаудың қазылар алқасының құрамын белгілейді;

  • байқауды дайындап, өткізу барысында қатысушыларға ақпараттық-әдістемелік көмек көрсетеді;

  • байқау тексерісін қатысушылардың бағалау нәтижесін жалпылайды;

  • байқаудың ақпараттық сүйемелдеуін жүргізеді;

  • байқауды ашып, жабу және жеңіскерлерді марапаттаудың салтанатты церемониясын ұйымдастырады.

  1. САРАПТАУ ҰЙЫМЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІ

    1. Байқаудың сараптау ұйымы сараптау комиссиясы және қазылар алқасы болып келеді.

    2. Сараптау комиссиясы Байқаудың бірінші (сырттай) кезеңінің материалдарының бағалауын жүргізеді, ұйымдастыру комитеті бекіткен критерияларға сәйкес; сарапшы бағалауын негіздеп, бағалау парақтарын материалдардың сараптама қорытындылары бойынша толтырады және қатысушылар рейтингісін құрастырады.

Сараптама тобының құамына кіреді: «Өрлеу» БАҰО АҚ өкілдері, кафедра оқытушылары, БАИ бөлімдерінің мамандары, және «Жыл әдіскері» алдыңғы байқауының жеңіскерлері.

Байқаудың ұйымдастыру комитетінің мүшесі эксперт тобының басшылығын жүргізеді. Байқаудың ұйымдастыру комитеті қатысушылар санын есепке алып, эксперт санын белгілейді.



    1. Қазылар алқасы байқаудың екінші және үшінші кезеңінде қатысушылардың кәсіби машықтарын бағалауды жүргізеді, күндізгі кезең байқау тексерісінің соңында лауреаттар мен жеңіскерлерді аңықтайды (баллдардың тең болуы жағдайында ашық дауыс беру жүргізіліп, көп дауыс алған кісі жеңеді, дауыс тең болса, қазылар алқасының төрағасының дауысы шешуші болады).

Республикалық байқаудың ұйымдастыру комитетінің төрағасы болып «Өрлеу» БАҰО АҚ Басқармасының Төрағасы тағайындалады.

Байқау ұйымдастыру комитетінің мүшесі қазылар алқасының жұмысын ұйымдастырады. «Өрлеу» БАҰО АҚ Басқармасы Төрағасының бұйрығымен қазылар алқасының жеке құрамы бекітіледі.



  1. МАРАПАТТАУ ЖӘНЕ БАЙҚАУДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАУ

    1. Республикалық «Жыл әдіскері» байқауының барлық қатысушылары І, ІІ, ІІІ деңгейіндегі дипломдар, құрмет грамоталары мен ақшалай марапатталады.

    2. Байқау Гран-при, І, ІІ, ІІІ приз орындарын, және мына номинацияларды: «Әдіскер - лидер», «Әдіскер-новатор»,«Креативті әдіскер», «Әдіскер-шебер», «Ең жас әдіскер» белгілейді. Жеңіскерлер байқау ұйымдастырушыларынан құңды приз алады.

    3. Спонсорлар, басқа ұйымдар және жеке тұлғалар байқау қатысушыларына жеке приз тағайындай алады.


1 Қосымша

Республикалық «Жыл әдіскері» байқауына қатысуға



өтініш

Байқау қатысушының толық аты-жөні


__________________________________________________________________

Байқау қатысушының жұмыс орны


____________________________________________________________________________________________________________________________________

Туған күні


__________________________________________________________________

Қызметі (мамандығының толық шифры), осы қызметте қашаннан жұмыс істейді

____________________________________________________________________________________________________________________________________
Педагогикалық өтіл
__________________________________________________________________
Әдіскер ретінде жұмыс өтілі
__________________________________________________________________

Базалық білім (қай жылы қай білім мекемесін бітірді)


____________________________________________________________________________________________________________________________________
Атағы, ғылыми деңгейі, марапаттары
__________________________________________________________________

Басылымдар (басылым аты, қайда басылды)


__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Кәсіби қалыптасудың негізгі кезеңдері



___________________________________________________________________

___________________________________________________________________

___________________________________________________________________
Мекен-жайы
__________________________________________________________________Жұмыс телефоны _______________ үй тел. ___________ ұялы__________________

Электронды пошта____________________________________________________

Күні _________________ Өтініш берушінің қолы:

Келісілді:

Аудандық (қалалық) ББ жетекшісі:_________________ /аты-жөні/

Күні__________________




жүктеу 333,21 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау