65
Арнайы білім беру ұйымы басшысының орынбасары
Лауазымдық міндеттері: Педагогикалық ұжымның ағымдағы және алдағы қызметін
жоспарлауды ұйымдастырады. Педагогтардың оқу жоспарлары мен
бағдарламаларын орындау және
қажетті оқу, оқу-тәрбие, оқу-әдістемелік, ғылыми және бейінді құжаттамаларды әзірлеу
жұмыстарын үйлестіреді. Білім беру процесінің сапасына және білім алушылардың білім
дайындығы нәтижелерінің объективтілігіне, факультативтерге, үйірме және секция
жұмыстарына бақылау жасайды. Білім алушылардың оқу жүктемесіне бақылау жасауды жүзеге
асырады. Оқу сабақтарының және басқа да оқу қызмет түрлерінің кестесін жасайды. Оқу
процесін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді. Әдістемелік жұмысты ұйымдастырады,
әдістемелік бірлестіктердің жұмысын үйлестіреді. Оқу-әдістемелік жұмыстың жай-күйіне
талдау жасайды. Эксперименттік жұмыс нәтижелеріне талдау жасайды, оқытушылардың
анағұрлым нәтижелі тәжірибесін тарату бойынша шаралар қабылдайды.
Педагог қызметкерлерді аттестаттаудан өткізуге даярлауды және өткізуді қамтамасыз
етеді. Оқу зертханалары мен кабинеттерін қазіргі заманғы жабдықтармен, оқытудың көрнекі
және техникалық құралдарымен жарақтау,
әдістемелік кабинеттерді, кітапханаларды оқу-
әдістемелік және көркем әдебиеттермен толықтыру жұмыстарын үйлестіреді. Білім алушылар
мен тәрбиеленушілерге медициналық қызмет көрсету жағдайын бақылауға алады. Оқу-тәрбие
процесін ұйымдастыруды, білім алушылар мен тәрбиеленушілерді тәрбиелеудің арнайы
бағдарламаларын құруды қамтамасыз етеді. Мәдени-тәрбиелеу іс-шараларын дайындау және
өткізу жұмыстарын, арнайы әлеуметтік қызмет көрсетулердегі қажеттіліктерді бағалау және
анықтау жүргізу жұмыстарын үйлестіреді. Педагог кадрларды іріктеу және орналастыру
жұмыстарына қатысады. Жергілікті және денсаулық
сақтау органдары өкілдерімен, ата-
аналармен (және оларды алмастырушы тұлғалармен) тәрбие процесін қамтамасыз етуші
әкімшілік және бөлімшелер өкілдерімен өзара іс-қимылды үйлестіреді. Пайдаланылатын
жабдықтардың, аспаптардың, техникалық және көрнекі құралдардың қауіпсіздігін қамтамасыз
етеді. Белгіленген есеп құжаттамаларын сапалы және уақытылы жасауды және беруді
қамтамасыз етеді. Педагог кадрларды іріктеуге және орналастыруға қатысады. Компьютерлік
сауаттылықты, ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілікті меңгерген.
Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан
Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Қазақстан
Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
туралы», «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы», «Қазақстан Республикасында
мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты
берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы», «Арнаулы әлеуметтік қызметтер
туралы», «Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау
туралы», «Кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтар мен балалардың қараусыз
қалуының алдын алу туралы» Заңдары және басқа да білім
берудің даму бағыттары мен
болашағын айқындайтын басқа да нормативтік
құқықтық актілерді, педагогика және
психология негіздерін, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын, әлеуметтік
педагогиканың, педагогика ғылымы мен практиканың жетістіктерін, экономика негіздерін,
еңбек туралы заңнамалар, қаржылық-шаруашылық қызмет, еңбекті қорғау, техника
қауіпсіздігін, өндірістік санитарлық және өртке қарсы күрес нормалары мен ережелерді,
санитарлық ережелер мен нормаларды.
Біліктілікке қойылатын талаптар: «Дефектология» мамандығы бойынша жоғары
педагогикалық білім. Арнайы білім беру ұйымдарындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.
Арнайы (түзету) интернат ұйымының тәрбиешісі (аға тәрбиеші)
66
Лауазымдық міндеттері: баланың жеке тұлғасының даму мақсатында баланың жеке
қабілеттерін, бейімділігі
мен қызығушылығын зерделейді, оның негізінде психологтардың
кеңесімен түзете-дамытушылық жұмысты (топпен және жеке) жоспарлайды және жүргізеді.
Әлеуметтік және еңбекке бейімдеу, әлеуметтік-психологиялық оңалту үшін жағдайлармен
қамтамасыз ету, күнделікті жұмыс жүргізеді. Пайдалы қоғамдық еңбекке қатысу, үй
жұмыстарын, күн тәртібін ұйымдастырады. Білім алуға көмектеседі, бос уақыттарын
ұйымдастыру мен қосымша білім алуды ұйымдастырады. Сабақтан тыс уақыттарда
тәрбиеленушілермен тәрбиелік жұмыс жүргізеді. Тәрбиеленушілердің жас ерекшеліктерін
ескере
отырып өз-өзіне қызмет жасауға, жеке гигиеналық тазалықты сақтауды ұйымдастырады.
Тәрбиеленушілердің денсаулықтарын нығайту және сақтау бойынша медициналық
қызметкерлермен қамтамасыз етеді, психикалық және дене дамуына септігін тигізетін іс-
шаралар жүргізеді, баланың мекемеде болу мерзіміне дейін денсаулықтарына жауап береді.
Дәрігерлік тексеріс алдындағы алғашқы дәрігерлік көмек көрсетеді. Топқа бекітілген
арнайы құралдарға, оқу-әдістемелерге, оқулықтарға, ойыншықтарға, арнайы әлеуметтік
қызметке қажеттіліктерін анықтайды және бағалау жүргізеді,
оған қажетті жағдайлар
құрады, баланың арнайы әлеуметтік қызметке қажеттіліктерін анықтауға талдау жасайды.
Ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілікті, компьютерлік коммуникативтік құзыреттілікті
меңгерген.
Интернаттың ұйымның аға тәрбиешісының міндетін атқару кезінде тәрбиешінің
жұмыстарын басқаруды ұйымдастырады. Тәрбиешілерге әдістемелік көмек көрсетеді, бастапқы
педагогикалық тәжірибені жалпылауға септігін тигізеді, тәрбиешілердің біліктіліктерін
көтеруге қолдау көрсетеді.
Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан
Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Қазақстан
Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
туралы», «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы», «Қазақстан Республикасында
мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты
берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы», «Арнаулы әлеуметтік қызметтер
туралы», «Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау
туралы», «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар мен балалардың қараусыз
қалуының алдын алу туралы» Заңдарын және білім беруді дамытудың бағыттары мен болашағын
анықтайтын басқа да нормативтік құқықтық актілерді, педагогика мен психология
негіздерін, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын, педагогика ғылымы мен
практиканың жетістіктерін, экономика негіздерін, еңбек туралы заңнамаларды,
қаржылық-
шаруашылық қызмет, еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігін, өндірістік санитарлық және
өртке қарсы күрес нормалары мен ережелерді, санитарлық ережелер мен нормаларды.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
«Арнаулы педагогика» қосымша білімімен қоса жоғары педагогикалық білім.
«Арнаулы педагогика» қосымша білімімен қоса техникалық және кәсіптік білім.
Тиісті санатты алу үшін міндеттерді анықтай отырып біліктілікке қойылатын
талаптар:
біліктілігі жоғары деңгейлі екінші санатты маман:
біліктілігі жоғары деңгейлі санаты жоқ тәрбиешіге қойылатын талаптарға жауап
беруге, сонымен қатар: оқыту мен тәрбиелеудің жеке бағдарлаушылық технологиясын
меңгеруі, білім беру ұйымдарының әдістемелік бірлестіктерінің жұмысына қатысуы, оны
практикада қолдана білуі қажет.
Біліктілікке қойылатын талаптар: «Арнаулы педагогика» мамандығы бойынша жоғары
педагогикалық білім және педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 3 жыл;
біліктілігі жоғары деңгейлі бірінші санатты маман: біліктілігі жоғары деңгейлі
екінші санатты тәрбиешіге қойылатын талаптарға жауап беруі, оған қоса тәрбиеленушінің