Ақтөбе қалалық мәслихатының 2014 жылға ЖҰмыс жоспары ақтөбе қалалық мәслихаты өз қызметін Қазақстан Республиасының Конституциясына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»



жүктеу 72,4 Kb.
Дата15.05.2018
өлшемі72,4 Kb.
#13682

Ақтөбе қалалық мәслихатының

2013 жылғы 20 желтоқсандағы

№ 203 шешіміне қосымша
Ақтөбе қалалық мәслихатының 2014 жылға

ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ
Ақтөбе қалалық мәслихаты өз қызметін Қазақстан Республиасының Конституциясына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» және өкілді билік органдарының қызметін реглементейтін басқа да заңнамалық актілерді басшылыққа алады. Маслихаттың басты мақсаты азаматтардың құқықтары мен заңды қызығушылығын, тұрғындардың еркін, оның орындалуын және бақылауын қамтамасыз ету, өлшемін анықтау, жалпы мемлекеттік есебімен қызығушылығын білдіру болып табылады.
Ақтөбе қалалық мәслихат сессиясында қарау үшін басты сұрақтар
І тоқсан
1. Азаматтардың қоғамдық және мүліктік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі Ақтөбе қаласының ІІБ атқарып жатқан шаралары туралы.

2. Аграрлық мәселелер, экология және жер қатынастарын реттеу жөніндегі тұрақты комиссияның есебі.


ІІ тоқсан
1. Қаланың әлеуметтік-экономикалық даму болжамында қабылданған, салық-бюджеттік саясаттың негізгі бағыттарын жүзеге асыру және 2013 жылғы Ақтөбе қаласының бюджетінің атқарылуы жөнінде есебін бекіту туралы.

2. 2013 жылғы қалалық бюджеттің атқарылуын бақылау қорытындылары туралы Тексеру комиссиясы төрағасының есебі.

3. 2013 жылғы қалалық бюджеттің атқарылуы туралы есеп бойынша қортындымен экономика, қаржы және бюджет жөніндегі тұрақты комиссия төрағасының есебі.

4. Әлеуметтік – мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі.


ІІІ тоқсан
1. Өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы қала әкімінің есебі.

2. Ақтөбе қаласындағы қоғамдық көліктің жұмысын жақсарту бойынша атқарушы органның қабылдап жатқан шаралары туралы.

3. Ақтөбе қаласын абаттандыру және санитарлық тазалық жағдайы туралы "Ақтөбе қалалық тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" ММ есебі.

4. Энергетика, индустрия, сауда, көлік, телекоммуникациялар және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі.



IV тоқсан
1. 2015-2017 жылдарға арналған Ақтөбе қалалық бюджеті туралы.

2. Жаңадан бастаған кәсіпкерлерге әдістемелік және тәжіриебелік көмектің тетіктерін тиімді құру жөнінде Ақтөбе облыстық кәсіпкерлер Палатасының жұмысы туралы.

3. Экономикалық реформа, қаржы және бюджет жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі.

4. Заңдылық, құқықтық тәртіп, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі.


ІІ. Ақтөбе қалалық мәслихатының тұрақты комиссия отырыстарында қаралатын сұрақтар.
Әлеуметтік – мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссиясы
І тоқсан
1.Ақтөбе қаласының тұрғындарын спорт және дене шынықтырумен жалпы шұғылдануын ұйымдастыру бойынша «Дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ жұмыстары туралы.
ІІ тоқсан
1. 2011 – 2015 жылдарға арналған Ақтөбе қаласының аумағын дамыту бағдарламасы бойынша Ақтөбе қаласындағы білім саласын дамыту перспективасы.
ІІІ тоқсан
1. Қаладағы мектептердегі тамақтану индустриясын дамыту туралы шаралар және оқушылардың тамақтануын ұйымдастыру жөнінде.
IV тоқсан
1. 2015-2017 жылдарға арналған Ақтөбе қалалық бюджеті туралы.
Аграрлық мәселелер, экология және жер қатынастарын реттеу жөніндегі тұрақты комиссиясы
І тоқсан
1. Жер ресурстарын тиімді пайдалану бойынша Ақтөбе қаласының жер қатынастары бөлімінің жұмысы туралы, ауыл шаруашылығына қажетті заттарды жалға беру, Ақтөбе қаласының аумағындағы ауыл шаруашылық кәсіпкерлігін дамытуда кездесетін кедергілерді жою.
ІІ тоқсан
1. Ақтөбе қаласында азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуі бойынша атқарушы орган және кәсіпкерлік субъектілерімен қарым – қатынасы туралы.
ІV тоқсан
1. 2015-2017 жылдарға арналған Ақтөбе қалалық бюджеті туралы.
Заңдылық, құқықтық тәртіп, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы
І тоқсан
1. Азаматтардың қоғамдық және мүліктік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі Ақтөбе қаласының ІІБ атқарып жатқан шаралары туралы.
2. Қаладағы кәсіпорындарда азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау және еңбек шарттарының қауіпсіздігін жақсарту бойынша еңбек инспекциясы басқармасының жұмысы туралы.
ІІ тоқсан
1. 2014 жылдың І жартыжылдыңының қортындысы бойынша Ақтөбе қаласы аумағындағы жол қозғалысының қауіпсіздік жағдайы мен 2014 жылғы жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету қызметтері туралы.
ІІІ тоқсан
1. Оқушыларды құқықтық – тәрбиелеудегі «салауатты өмір салтын қалыптастыру жолдары» бағдарламасын қаладағы білім беру мекемелеріне енгізу.
ІV тоқсан
1. Қоғамдық тәртіпті күзетудегі және қаланың қоғамдық қауіпсіздігін қамтпмасыз етудегі учаскелік полиция инсректорларының жұмысы туралы.

2. 2015-2017 жылдарға арналған Ақтөбе қалалық бюджеті туралы.


Энергетика, индустрия, сауда, көлік, телекоммуникациялар және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық жөніндегі тұрақты комиссиясы
І тоқсан
1. «Қол жетімді баспана – 2020» мемлекеттік Бағдарламасын жүзеге асыру жөнінде жергілікті атқарушы органдар қабылдап жатқан шаралар туралы» Ақтөбе қалалық мәслихатының 2013 жылғы 5 сәуірдегі шешімінің орындалуы жөнінде.
ІІ тоқсан
1. Қала тұрғындарын сапалы сумен және қайта су айдаумен қамтамасыз ету, сумен қамтамасыз ету жүйесін жақсарту жөнінде және жағдайы туралы.
ІІІ тоқсан


  1. Қала құрылысы саясатында заманауи қала инфрақұрылымын құру бойынша «Ақтөбе қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ жұмысы туралы.

  2. Тұрғындардың мүддесін қорғауға бағытталған тарифтерді реттеу саясатын болжамдау және тиімді жүргізу.


ІV тоқсан
1. Жаңадан бастаған кәсіпкерлерге әдістемелік және тәжіриебелік көмектің тетіктерін тиімді құру жөнінде Ақтөбе облыстық кәсіпкерлер Палатасының жұмысы туралы.

2. 2015-2017 жылдарға арналған Ақтөбе қалалық бюджеті туралы.


Экономикалық реформа, қаржы және бюджет жөніндегі тұрақты комиссиясы
І тоқсан
1. Ақтөбе қаласының коммуналдық жеке меншігіндегі мемлекеттік активтерді басқару және мемлекеттік саясат бойынша бюджеттің орындалуын қамтамасыз етуі бойынша «Ақтөбе қаласының экономика және қаржы бөлімі» ММ жұмысы туралы.
ІІ тоқсан
1. 2013 жылға Ақтөбе қаласының бюджетінің атқарылуы турлы есепті бекіту жөнінде.

2. 2013 жылғы бюджеттің атқарылуын туралы Тексеру комиссиясы есебі.



ІІІ тоқсан
1. 2015-2017 жылдарға арналған Ақтөбе қалалық бюджетін бекіту жөнінде.
ІІІ. Тұрақты комиссиялардағы қоғамдық (көпшілік) тыңдаулар
Өте қажетті және қоғамдық маңызды мәселелерді талқылау мақсатында атқарушы органдардың, қоғамдық бірлестіктердің, бұқаралық ақпарат құралдарының, азаматтардың қатысуымен тұрақты комиссиялардың кеңейтілген отырыстары түрінде қоғамдық (көпшілік) тыңдаулар өткізу:
ІІ тоқсан
1. Ақтөбе қаласында энергетиканың болашақтағы дамуы және қала тұрғындары энергия қуаттарымен қамтамасыз ететін өнеркәсіптердің ұсынатын қызметтер сапасы және жағдайы туралы.
ІІІ тоқсан
Қалалық қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қоғамдық тәртіпті қорғау бойынша учаскілік полиция инспекторларының жұмысы туралы.
ІV.Депутаттарды құқықтық оқыту
Депутаттардың құқықтық білім деңгейлерін көтеру мақсатында жүйелі түрде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін зерделеу бойынша құқықтық оқулар, білікті мамандардың ұатысуымен семинар- жиналыстар өткізу.

- Қазақстан республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексіне сәйкес денсаулық сақтау жүйесіндегі мемлекеттік саясатының орындалуындағы өкілді және атқарушы органдардың құзыреті.



- Қазақстан Республикасының «Жеке кәсiпкерлiк туралы» Заңына сәйкес кіші және орта бизнесті қолдау, кәсіпкерлерді нәтежиелі дамытуға қолайлы жағдай жасауда жергілікті өкілді органның ролі туралы.
V. Ұйымдастыру шаралары
Депутаттар сайлаушылармен тұрақты байланыста болады, оларды қалалық мәслихаттың жұмыстары туралы ұдайы хабардар етеді, қоғамдық пікірді зерделеп және атқарушы органдарға мәселелер мен ұсыныстарды енгізеді. Бекітілген кесте бойынша азаматтарды қабылдайды.

Мәслихат аппараты бұқаралық ақпарат құралдарында және веб – сайтта қалалық мәслихаттың, депутаттардың қызметтері, өткізілген шаралар мен тұрақты комиссиялардың отырыстары туралы ақпараттарды ұдайы жариялайды.
жүктеу 72,4 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау