71
жаңа бағдарламаларды әзірлей білуі, оларды сынақтан өткізу жұмыстарын жүргізе білуі,
сурдопедагогиканың өзекті проблемаларын әзірлеу жөніндегі шығармашылық топқа жетекшілік
ете білуі, өзінің кәсіби құзіреттілігінің саласында тиісті теоретикалық және практикалық
білімдерді игеруі тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар: «Дефектология», «Логопедия» мамандығы бойынша
жоғары педагогикалық білімі және мұғалім логопед лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 5
жыл.
Логопед
Лауазымдық міндеттері: Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балаларды тексереді,
сөйлеу кемшіліктерінің құрылымы мен деңгейін, оларды түзетудің әдістерін анықтайды,
балалардың психикалық дене даму және сөйлеу жағдайын есепке ала отырып, сабақ жүргізуге
топ жинақтайды. Дамудағы ауытқушылықты түзету, сөйлеу қызметінің бұзылуын қалпына
келтіру үшін топтық және жеке сабақтар өткізеді. Оқушылардың жеке тұлғалық мәдениетін
қалыптастыруға және олардың әлеуметтенуіне ықпал етеді. Оқытудың әртүрлі нысандарын,
әдістерін және құралдарын пайдаланады. Арнайы ұйымдарда дамудағы ауытқушылықты барынша
түзетуге бағытталған оқушыларды (тәрбиеленушілерді) оқыту және тәрбиелеу бойынша
жұмыстарды жүзеге асырады. Жүйелі түрде өзінің кәсіби біліктіліктерін көтереді.
Компьютерлік сауаттылықты, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгереді.
Әдістемелік бірлестіктер қызметтеріне және әдістемелік жұмыстардың басқа да нысандарына
қатысады. Ата-аналармен (оларды алмастырушы тұлғалармен) байланыс жасайды, балаларға
арнайы көмек көрсетудің арнайы әдістері мен тәсілдерін қолдану жөнінде кеңес береді.
Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормаларын
орындайды. Оқыту процесі кезінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығына жауапты
болады.
Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан
Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Бала
құқықтары туралы конвенция», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Қазақстан
Республикасындағы бала құқықтары туралы», «Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-
педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы», «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары
туралы» Заңдарын санитарлық-эпидемиологиялық нормалар мен білім беру мәселелері бойынша
басқа да нормативтік құқықтық актілерді, педагогикалық және ұйымдастыру-басқару
міндеттерін шешу үшін қажетті көлемдегі жалпы теориялық пән негіздерін, педагогика,
психология, жас ерекшелік физиологиясын, мектеп гигиенасын, арнайы педагогика және
арнайы психология негіздерін, бағдарламалар мен оқулықтарды, логопед кабинеттерін
жарақтандыру мен жабдықтауға қойылатын талаптарды, оқу құралдары мен оның дидактикалық
мүмкіндіктерді, еңбек туралы заңнама негіздерін, еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігін,
өртке қарсы күрес нормалары мен ережелерді.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
біліктілігі жоғары деңгейлі санаты жоқ маман: «Дефектология» «Логопедия»
мамандығы бойынша жоғары педагогикалық білімі.
Тиісті санатты алу үшін міндеттерді анықтай отырып қойылатын біліктілік талаптар:
біліктілігі жоғары деңгейлі екінші санатты маман:
Біліктілігі жоғары деңгейлі санаты жоқ логопедке қойылатын талаптарға жауап беруі,
сонымен қатар эксперименттік жұмыс дағдыларының болуы, жаңа оқыту әдістемесін сынақтан
өткізу жөніндегі жұмысты жүргізе білуі, озық тәжірибелерді зерделеуі, оны практикада
қолдана білуі, оқушылардың тұлғалық жеке мәдениетін, олардың әлеуметтенуін
қалыптастыруды талдау дағдыларының болуы, білім беру ұйымдарының әдістемелік
бірлестіктерінің жұмысына қатысуы тиіс.
72
Біліктілікке қойылатын талаптар: «Дефектология», «Логопедия» мамандығы бойынша
жоғары педагогикалық білімі және логопед лауазымындағы жұмыс өтілі 3 жыл.
біліктілігі жоғары деңгейлі бірінші санатты маман:
Біліктілігі жоғары деңгейлі екінші санатты мұғалімге қойылатын талаптарға жауап
беруі, сонымен қатар дамудағы ауытқушылықтарды барынша түзетуге бағытталған
тәрбиеленушілерді оқытудың талдау әдістерін меңгеруі, шығармашылық семинарларға
жетекшілік жасай білуі, озық педагогикалық тәжірибелерді енгізуі, дефектологияның
қазіргі таңдағы әдістерін игеруі, оларды пайдалану құқығына сертификаттарының болуы,
білім беру ұйымдарының әдістемелік бірлестіктерінің жұмысына қатысуы, өзінің кәсіби
құзыреттілігінің саласында тиісті теоретикалық және практикалық білімдерді игеруі тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар: «Дефектология», «Логопедия» мамандығы бойынша
жоғары педагогикалық білімі және логопед лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 4 жыл.
біліктілігі жоғары деңгейлі жоғары санатты маман:
Біліктілігі жоғары деңгейлі бірінші санатты логопедке қойылатын талаптарға жауап
беруі, сонымен қатар: тәжірибелік-эксперименттік жұмыс әдістерін игеруі, жаңа
бағдарламаларды әзірлей білуі, оларды сынақтан өткізу жұмыстарын жүргізе білуі,
шығармашылық топтарға жетекшілік ете білуі, өзінің кәсіби құзыреттілігінің саласында
тиісті теориялық және практикалық білімдерді игеруі тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар: «Дефектология», «Логопедия» мамандығы бойынша
жоғары педагогикалық білімі және логопед лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.
Арнайы білім беру ұйымдарының мұғалімдері, жалпы білім беретін
мектептердегі арнайы сыныптардың мұғалімдері
Лауазымдық міндеттері: Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес
оқушы контингенті мен оқытылатын пән ерекшеліктерін есепке ала отырып оқытуды және
тәрбиелеуді жүзеге асырады. Оқушылардың жеке тұлғалық мәдениетін қалыптастыруға және
олардың әлеуметтенуіне ықпал етеді. Білім алушылар мен тәрбиленеушілердің жеке
қабілеттерін дамытуды анықтайды және ықпал етеді. Оқу процесінде түзету жұмыстарын
жүзеге асырады. Оқытудың әртүрлі әдістері мен құралдарын, нысандарын, түрлерін
қолданады. Оқытылатын пән бойынша қажетті жоспарды жасайды. Заманауи білім беру, оның
ішінде ақпараттық технологияларын меңгереді. Білім алушылардың және тәрбиеленушілердің
тиісті мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында қарастырылған деңгейден
төмен емес білімді, білікті және дағдыларды алуын қамтамасыз етеді. Білім беру
бағдарламаларын әзірлеуге және орындауға қатысады, оларды оқу процесінің оқу жоспары мен
кестесіне сәйкес толық көлемде іске асыруға жауап береді. Жүйелі түрде өзінің кәсіби
біліктілігін көтереді. Компьютерлік сауаттылықты, ақпараттық-коммуникациялық
технологияларды меңгереді. Ата-аналармен немесе оларды алмастырушы тұлғалармен
байланысты жүзеге асырады. Оқу пәнін, сабаққа қатысу режимін қолдайды. Жабдықтарды
пайдалану кезінде техника қауіпсіздігі талаптарын орындайды. Оқыту процесінде балалардың
өмірі мен денсаулығын сақтау үшін жауап береді.
Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясы және Қазақстан
Республикасының Еңбек кодексі, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан
Республикасындағы тілдер туралы», «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары
туралы», «Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау
туралы», «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы» «Қазақстан
Республикасындағы тіл туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары
туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы
туралы», «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы
бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы»,
Достарыңызбен бөлісу: |