Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы



жүктеу 0,65 Mb.
Pdf просмотр
бет29/49
Дата20.11.2018
өлшемі0,65 Mb.
#22599
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   49

57 
 
 
меңгеруі, өз жұмысында педагогикалық озық тәжірибелерді пайдалана білуі тиіс.
 
      Біліктілікке қойылатын талаптар: тиісті педагогикалық мамандығы бойынша техникалық 
және кәсіптік білім және тәрбиеші лауазымы бойынша жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.
 
 
   Білім беру ұйымының зертханашысы 
(физика, химия, биология, информатика кабинеттері) 
 
      Лауазымдық міндеттері: Мұғалімдерге сабақтардың, сыныптан тыс сабақтарды жүргізуге 
көмектеседі. Күн сайын сабақтың басталу уақытына дейін оқушылардың жұмыс орнын, газдың 
және судың, электр жүйелері мен электр құрал-жабдықтарының жай-күйін тексереді, 
анықталған кемшіліктер немесе жөнделмеген ақаулар туралы мұғалімге баяндайды. 
Зертхананың жұмыс істеуін, мүлкінің сақталуын, оқу және зертхана кабинеттерінің тазалығы 
мен тәртібін, жанатын, улы заттарды, зертханалық жабдықтарды оқу процесінде пайдалану 
және сақтау кезінде қауіпсіздік техникасы ережелерінің сақталуын қамтамасыз етеді. 
Кабинетте зертханалық жабдықтардың барлық түрлерін пайдалану дағдыларын меңгереді, 
жарақаттанушыға дәрігерге дейінгі көмекті көрсетеді, өртке қарсы жұмыс жүргізеді, өртке 
қарсы пайдаланылатын құралдар мен мүліктердің жай-күйіне және сақталуына, желдетпе 
жүйесінің, газбен жабдықталудың жай-күйіне бақылауды жүзеге асырады. Зертханалық және 
практикалық жұмыс жүргізудің қауіпсіздік техникасының сақталуын қамтамасыз етеді. 
Эксперименттерді орындау барысында дайындық және көмекші операцияларды, бақылауды, 
өлшемдер нәтижелерін, жұмыс журналдарын толтыруды, талдаулар, зерттеулерді әдістемелік 
құжаттарына сәйкес жүйелейді және ресімдейді. 
 
       Информатика кабинетінің зертханашысы: сынып жұмысы басталғанға дейін сабақ өткізу 
үшін компьютерлік жабдықтарды дайындайды, оны бірінші тексеруді және пайдалануды жүзеге 
асырады, аяқталған соң жүйе жұмысының дұрыс аяқталуын және компьютерді өшіруді 
жүргізеді. Компьютер залдарында жұмыс тәртібінің орындалуына бақылау жасайды. Оқу 
кезінде, сондай-ақ өзіндік жұмыс жасау кезінде компьютерлік вирустарды тасымалдағыштарды 
сканерлеуді жүргізеді, тасымалдағыштар мен локальді желілер арасындағы ақпарат алмасу 
жұмыстарын орындайды. 
 
      Компьютерлік сауаттылықты, ақпараттық-коммуникациялық құзіреттілікті меңгерген.
 
      Жоспарлы, күнделікті, апталық, жартыжылдық профилактикалық жұмыстарға қатысады. 
Компьютерлік жабдықтардың дұрыстығын бақылайды, оны тазартуды жүзеге асырады. 
Регламентке сәйкес жұмыс журналдарын жүргізеді. Пайдаланушыларға жүйеге ену кілт сөзі, 
оқытушылар берген оқу материалдарын орналастыру, бар инструментарияларды пайдалануы 
бойынша кеңестер береді. Жүйедегі жұмыс дұрыс жүргізілмеген жағдайда компьютерлердің 
істен шығуын тіркейді және басшылыққа хабарлайды. Оқу процесін ұйымдастыруға байланысты 
әртүрлі есепті және графикалық жұмыстарды орындайды. Информатика мұғалімінің жеке 
қызметтік тапсырмаларын орындайды.
 
      Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, «Білім 
туралы», «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы», «Қазақстан 
Республикасындағы тілдер туралы», «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» Қазақстан 
Республикасының Заңдары және басқа білім беру мәселесі жөніндегі нормативтік құқықтық 
актілерді, тестілеу сынақтарын тексеру әдістерін, педагогика мен психология негіздерін, 
пән бойынша негізгі оқу-бағдарламалық құжаттарды, зертханалық және практикалық 
жұмыстарды жүргізудің техникасын, дәрігерге дейінгі көмек көрсетуді, еңбек туралы 
заңнамаларды, қауіпсіздік техникасын, еңбекті қорғау және өртке қарсы ережелерді, 
санитарлық ережелер мен нормаларды.
 
      Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары кәсіптік немесе техникалық және кәсіптік, 
орта білімнен кейінгі білім.
 
 


58 
 
 
   Білім беру ұйымы жанындағы интернат меңгерушісі (басшысы) 
 
      Лауазымдық міндеттері. Интернаттың жұмыстарына басшылық етеді, тәрбиешілердің және 
басқа да қызметкерлердің жұмысын бірыңғай оқу-тәрбие процесі шегінде бақылауды жүзеге 
асырады, оқу-әдістемелік құжаттарды жасау жұмысын үйлестіреді. Сапалы білім мен тәрбие 
беру ісін бақылауға алады. Тәрбиешілерге әдістемелік көмек береді, педагогикалық 
тәжірибені таратуға, тәрбиешілердің біліктілігін арттыруға, жұмыскерлердің және 
оқушылардың шығармашылық бастамаларын дамытуға ықпал етеді. Тәрбиеленушілердің өмірін 
және денсаулығын сақтау үшін қажетті жағдай тудырады. 
 
      Оқу-тәрбие (әдістемелік, мәдени, сыныптан тыс) жұмыстарын ұйымдастырады. 
Интернатта тұратын балаларға медициналық қызмет көрсету жағдайын, ішкі тәртіп 
ережелерін, еңбекті қорғау ережелері мен нормаларын, техника қауіпсіздігін, санитарлық 
және өртке қарсы ереженің сақталуын бақылайды, қажетті үй-тұрмыстық жағдаймен қамтамасыз 
етеді, балалардың дұрыс тамақтануын ұйымдастырады. Интернат, мектеп және ата-аналармен 
байланыста жұмыс жасауға бағыттайды. Интернат қызметі туралы қажетті есеп құжаттарын 
дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді. Компьютерлік сауаттылықты, ақпараттық-
коммуникациялық құзіреттілікті меңгерген.
 
      Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан 
Республикасының Еңбек кодексін, Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы кодексін, Қазақстан 
Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Қазақстан 
Республикасындағы бала құқықтары туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес 
туралы»,  «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың және балалардың қараусыз 
қалуының алдын алу туралы» заңдарын, педагогиканың және психологияның және басқа да 
қосымша білім берудің даму перспективаларын және бағыттарын анықтайтын нормативтік 
құқықтық актілерді, педагогиканы, педагогикалық психология, педагогикалық ғылым және 
тәжірибе, экономика жетістіктерін, қаржы-шаруашылық қызметті, еңбек туралы заңнаманың 
негіздерін, еңбекті қорғау ережелері мен нормаларын, техникалық қауіпсіздік пен өртке 
қарсы қорғану, санитарлық ережелер мен нормаларды. 
 
      Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім және педагог 
қызметінде еңбек өтілі кемінде 5 жыл.
 
 
   Білім беру ұйымының оқу өндірістік (оқу) 
шеберханасының меңгерушісі 
 
      Лауазымдық міндеттері: Шеберхана қызметін басқарады, өндірістік оқыту бойынша оқу 
кестесінің сақталуын қамтамасыз етеді. Шеберхананы оқу процесі үшін қажетті 
жабдықтармен, материалдармен, аспаптармен, оқытудың техникалық құралдарымен, көрнекі 
құралдармен қамтамасыз етеді, сақтауға мүліктік материалдық құндылықтарды қабылдайды. 
Белгіленген тәртіппен олардың есебі мен есептілігін жүргізеді, жабдықтарды, аспаптар мен 
қарапайым құралдарды сабаққа дайындауды ұйымдастырады. Шеберхана мен қолда бар 
жабдықтарды, оқыту құралдарын дұрыс, әрі тиімді пайдалануды, арнайы киімдерді қолдану 
мен пайдалану ережелерін сақтауды қамтамасыз етеді. Станоктарды, машиналарды, 
жабдықтарды, аспаптарды, қарапайым құралдарды баптау мен жөндеуді ұйымдастырады, 
өндірістік оқыту сабақтарында техника қауіпсіздігі бойынша нұсқама өткізуді оқу-
өндірістік шеберлерімен бірлесіп бақылайды. Оқыту процесі кезінде білім алушылардың 
өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді. Техника қауіпсіздігі мен өртке қарсы 
қорғау талаптарын орындайды. Компьютерлік сауаттылықты, ақпараттық-коммуникациялық 
біліктілікті меңгереді.
 
      Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан 
Республикасының «Білім туралы» Заңын, педагогика негіздерін, кәсіптік оқытудың әдістері, 


жүктеу 0,65 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   49




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау