3
2. Жоғары және жоғары білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының
ғылыми-педагогикалық қызметкерлері лауазымдарының үлгілік
біліктілік сипаттамалары
Жоғары оқу орнының (ЖОО) басшысы (ректор)
Ескерту. Кіші бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің
2011.06.09 N 241 (ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң
қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
Лауазымдық міндеттері: Қолданыстағы заңдар, нормативті құқықтық актілер, жарғы
және бірлескен бастамалар мен әріптестік қағидаты бойынша жасалған ұжымдық шарттар
негізінде жоғары оқу орнына тікелей басшылықты жүзеге асырады. Жоғары оқу орнының
мақсаты мен даму стратегиясын айқындайды. Оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу, әкімшілік-
шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметтеріне басшылық етеді, қабылдаған шешімдерге,
материалдық құндылықтардың сақталуына және тиімді жұмсалуына жауап береді. Барлық
құрылымдық бөлімшелердің жұмысын және өзара тиімді әрекетін ұйымдастырады, әлеуметтік
басымдықтарды, ел экономикасындағы мамандықтарға деген сұранысты ескере отырып, олардың
жұмысын оқу, ғылыми үдерістерді жетілдіруге бағыттайды. Жоғары білікті мамандар дайындау
мақсатында оқу, ғылым, тәрбие жұмыстарының, жоғары білім беру саласындағы соңғы
жетістіктерді ескере отырып, ұйымның материалдық-техникалық базасы деңгейінің сапасы мен
тиімділігін қамтамасыз етеді. Ұйымның бюджет, мемлекеттік бюджеттік емес қорлардың,
тасымалдаушылардың, тапсырыс берушілердің, несие берушілердің алдындағы барлық
міндеттемелерді орындауын қамтамасыз етеді.
Жаңа техникалар мен технологияларды қолдану саласындағы жаңа жетістіктер, білім
беру саласындағы отандық және шет елдік жетістіктер, еңбекті ұйымдастыру және басқарудың
белсенді түрлерін қолдану, шығындарды жұмсаудың негізді нормалары, жоғары оқу орнының
материалдық, техникалық ресурстарын тиімді пайдалану негізінде жоғары оқу орнын
басқаруды ұйымдастырады.
Мамандар даярлау тиімділігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасындағы
ғылыми ұйымдармен, аралас білім беру ұйымдарымен ғылыми байланысты ұйымдастырады. Ғылым
және білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейтеді және қолдау білдіреді.
Мамандар даярлау сапасын арттыру мақсатында оқу жоспарлары мен қосымша білім беру
бағдарламаларын бекітеді.
Ұйымды білікті мамандармен қамтамасыз етуге, профессор-оқытушылар құрамы мен
басқа да қызметкерлердің біліктілігін ұдайы арттыруға жағдай жасайды. Кәсіби білімді
қолдану және дамыту, тәжірибе алмасу, жағымды және қауіпсіз еңбек жағдайын жасау,
еңбекті қорғау мен техника қауіпсіздігі талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді.
Басқарудың экономикалық және әкімшілік әдістерінің дұрыс үйлестірілуін, жоғары
оқу орны қызметкерлерінің жұмыс тиімділігін арттырудағы материалдық және моральдық
ынталандыру қағидаттарын қолдануды, әрбір қызметкерге оған тапсырылған іс пен оның
нәтижесіне деген материалдық қызығушылығы мен жауаптылығы қағидатын қолдануды,
белгіленген мерзімде еңбек жалақысын төлеуді қамтамасыз етеді.
Ұйым ұжымымен бірге әлеуметтік әріптестік қағидаттары негізінде ұжымдық келісім-
шартты дайындайды, оған қол қояды және орындайды, еңбек және өндіріс тәртібін сақтайды,
еңбекке ынталануды, бастаманы және жоғары оқу орны қызметкерлерінің белсенділігін
дамытуға ықпал етеді.
Оған берілген құқықтар шеңберінде жоғары оқу орнының қаржылық, экономикалық,
өндірістік-шаруашылық мәселелерін шешеді, жоғары оқу орны қызметінің жекелеген
бағыттарын жүргізуді басқа лауазымдық тұлғаларға – проректорларға (орынбасарларына),