61
басқа да оқу қызметінің түрлерін құрады. Білім беру процесін
жетілдіруге ұсыныс
енгізеді. Оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастырады, үйлестіреді және оған талдау жасайды.
Оқу жоспарларын әзірлеу, оқу процесін ұйымдастыруын қамтамасыз етеді. Емтиханға дайындық
және өткізу жұмыстарын ұйымдастырады. Мемлекеттік аралық бақылау және ұлттық бірыңғай
тестілеу жұмысын дайындауға және өткізуге қатысады. Тәжірибелі мұғалімдердің нәтижелі
жұмыстарын таратуды қорытындылайды және шараларды қабылдайды.
Инновациялық технологияларды оқу процесіне енгізеді. Білім алушылардың
(тәрбиеленушілердің) жекелеген жас, жыныс ерекшелігін ескере отырып, білім беру қызметін
дамыту және түзету бағдарламаларын әзірлеуді жоспарлайды. Педагог кадрларды іріктеуге
және орналастыруға қатысады. Педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру және
аттестаттауды өткізу бойынша жұмыстарды ұйымдастырады. Оқу зертханалары мен кабинеттерін
қазіргі заманғы
жабдықтармен, көрнекі құралдармен және техникалық оқыту құралдарымен
жарақтандыру, әдістемелік кабинеттер мен кітапханаларды оқу-әдістемелік және көркем
әдебиеттермен толтыру жұмыстарын жоспарлайды.
Оқу-тәрбиелеу процесінде қолданылатын құралдар, техникалық және көрнекілік
құралдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Оқушыларға медициналық қызмет көрсету
жағдайына бақылауды жүзеге асырады. Белгіленген тәртіпте есеп құжаттамаларының сапалы
және уақтылы жасалуын, анықтығы мен тапсырылуын қамтамасыз етеді.
Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан
Республикасының «Неке (ерлі-айыптылық) және отбасы туралы» Кодексін, Қазақстан
Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Қазақстан
Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
туралы», «Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы
бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы»,
«Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы», «Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-
педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы», «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық
бұзушылықтар мен балалардың қараусыз қалуының алдын алу туралы», «Отбасы үлгiсiндегi
балалар ауылы және жасөспiрiмдер үйлерi туралы»
Заңдарын, педагогика және психология
негіздерін, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын және арнайы (түзеу)
білімі, әлеуметтік педагогиканың, әлеуметтік психологияның даму бағыттары мен болашағын
анықтайтын басқа да нормативтік құқықтық актілерді, педагогика ғылымы мен практиканың
жетістіктерін, экономика негіздерін,
еңбек туралы заңнамаларды, еңбекті қорғау, техника
қауіпсіздігін, өндірістік санитарлық және өртке қарсы күрес нормалары мен ережелерін,
санитарлық ережелер мен нормаларды.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім және педагогикалық
жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.
Тәрбиеші ана
Лауазымдық міндеттері. Баланың өмірі мен денсаулығының сақталуын қамтамасыз ететін
жағдайлар және отбасылық жағдайларға жақындастырылған тұрмыстық жағдайлар жасайды,
тәрбиеленушілердің күн тәртібінің сақталуын қамтамасыз етеді. Білім беру ұйымдарымен
тығыз байланыста болып, балаларды тәрбиелеу мәселелерінде сынып жетекшілерімен, олардың
даму ерекшеліктерін айқындау, диагноз қою және оқытудың, тәрбиелеудің,
жұмысқа
орналастырудың бара-бар жағдайларын айқындау мәселелерінде консультативтік көмек алу
үшін психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңеспен өзара іс-қимыл жасайды.
Балалардың адамгершілік-рухани, интеллектуалдық қабілеттерінің дамуын, дене
денсаулығын қамтамасыз етеді. Бес-алты жастағы балалардың мектепалды даярлығын
қамтамасыз етеді. Тәрбиеленушілерді жалпы білім беретін мектепке анықтайды.
Тәрбиеленушілердің уақытылы жалпы орта білім алуына ықпал етеді. Оқу орнына балалардың
62
баруын, тәрбиленушілердің күн тәртібін, үй тапсырмасын орындауын, қоғамдық пайдалы
еңбекке қатысуын, қосымша білім алуын, бос уақытын ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.
Тәрбиеленушілердің өзіне-өзі қызмет етуін, жеке бас тазалығын сақтауын
ұйымдастырады. Талдау жасайды, қажеттілікті анықтайды және арнайы әлеуметтік қызмет
көрсетеді. Санитарлық ережелер мен нормалардың, еңбек қауіпсіздігі мен өртке қарсы
қауіпсіздік ережелері мен нормаларының сақталуын қамтамасыз етеді.
Білуге міндетті: Қазақстан Республикасы Конституциясын, Қазақстан Республикасының
«Неке (ерлі-айыптылық) және отбасы туралы» Кодексі, Бала құқықтары туралы
конвенция, «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары
туралы», «Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы
бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы»,
«Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы», «Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-
педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы», «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық
бұзушылықтар мен балалардың қадағалаусыз және
қараусыз қалуының алдын алу
туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
туралы» Қазақстан Республикасының Заңдары және басқа да білім берудің дамытудың
бағыттары мен болашағын анықтайтын басқа да нормативтік құқықтық актілерді, педагогика
және психология негіздерін, арнайы әлеуметтік қызметтердің мемлекеттік стандарттарын,
экономика негіздерін, еңбек туралы заңнамалардың негіздерін, еңбек қорғау ережелері мен
нормаларды, қауіпсіздік және өртке қарсы қауіпсіздік техникасын, санитарлық ережелер мен
нормаларды.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ маман: жоғары педагогикалық білім және
балалармен жұмыс істеу тәжірибесі кемінде 1 жыл.
біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты маман: біліктілігі жоғары деңгейдегі
санаты жоқ тәрбиеші анаға қойылатын жалпы талаптарға жауап беруге, сонымен қатар: оқыту
мен тәрбиелеудің жеке тұлғаға бағытталған технологияларын білуге, әдістемелік
бірлестіктердің, озық тәжірибелі мектептердің жұмысына қатысуға, педагогикалық озық
тәжірибелерді өз жұмысында пайдалануға тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім тәрбиеші ана
қызметіндегі жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.
біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты маман: біліктілігі жоғары
деңгейдегі екінші санатты тәрбиеші анаға қойылатын
талаптарға жауап беруге, сонымен
қатар тәрбиеленушілердің жас ерекшелігін және жеке тұрғыдан келуді ескере отырып, тәрбие
беру әдістемесін өз бетінше әзірлей білуге, тәрбие жұмысына талдау жасау әдісін
меңгеруге, шығармашылық семинарларды басқара алуға және диагностикалық жұмыстарды
ұйымдастыру түрлерін білуге тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім және тәрбиеші ана
қызметіндегі жұмыс өтілі кемінде 4 жыл.
біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты маман: біліктілігі жоғары деңгейдегі
бірінші санатты тәрбиеші анаға қойылатын барлық
талаптарға жауап беруге, сонымен қатар:
тәрбие жұмысын талдау әдістерін білуге, тәрбиеленушілердің жас ерекшелігін және жеке
тұрғыдан келуді ескере отырып, тәрбие беру әдістемесін өз бетінше әзірлей білуге,
шығармашылық семинарларды басқара алуға, диагностикалық жұмыстарды ұйымдастыру түрлерін
білуге, өз жұмысында озық педагогикалық тәжірибелерді пайдалануға тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім және тәрбиеші ана
қызметіндегі жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.
біліктілігі орта деңгейдегі санаты жоқ маман: біліктілігі орта деңгейдегі санаты
жоқ тәрбиеші анаға қойылатын талаптарға жауап беруге,
тәрбие процесінде тұрақты оң
нәтижелерді қамтамасыз етуі тиіс.