Corel Draw графикалық редакторы. CorelDraw



жүктеу 1,26 Mb.
Дата03.02.2022
өлшемі1,26 Mb.
#35580
26 сабақ CorelDraw


Corel Draw графикалық редакторы.


CorelDraw графикалық редакторы – геометриялық (сызық, доға, төртбұрыш, шеңбер т.б) фигуралардан тұратын объектілермен жұмыс жасауға арналған бағдарлама.

Мұнда әрбір объект өзіне тән түстер мен абристерге ие. Сонымен қатар бағдарламада мәтін және растрлық бейнелермен де жұмыс жасауға мүмкіндік бар. Ондай мүмкіндікті Corel PHOTO-PAINT сияқты қосымшаларында қарастырылады.

Бағдарламаны іске қосу командасы:

Пуск – Все программы – CorelDraw Suite X3 - CorelDraw X3 немесе жұмыс үстеліндегі арнайы жарлығынан қосуға да болады.

Сонымен CorelDraw бағдарламасы – негізі сызық немесе кез келген геометриялық фигура болып табылатын векторлық объектілерді өңдеуге арналған бағдарлама.

CorelDraw бағдарламасының жұмыс терезесі басқа графикалық редакторлардың терезесінен қатты ерекшеленбейді. Бағдарламаны алғаш іске қосқанда көрінетін терезе:

Запустить программу командасын таңдағанда құжат ашуға немесе құруға, сақталып қойылған шаблондарды пайдалануға мүмкіндік беретін тағы бір сұхбат терезе ашылады.

Векторлық графика CorelDraw редакторының жұмыс терезесінің негізгі элементтерімен танысалық.



Бағдарламаның құжат форматы автоматты түрде Рисунок1.CDR деп сақталады.


Жұмыс терезесінің құрылымы:

  1. Тақырып жолы: CorelDraw X3 – [Рисунок1] деген автоматты түрде ашылатын құжат атынан және терезе құрылымын өзгертетін жинау, үлкейту, жабу батырмалары орналасады.

  2. Мәзір қатары:

Файл-құжат ашу, сақтау, құру, импорт, экспорттау секілді әрекеттерді орындау мүмкіндігін береді.

Правка – әрекеттерді қайтару немесе кері қайту, объектіні редактрлеу жұмыстарын: көшіру, қою, көбейту, көшірмесін алу т.б орындауға болады.

Вид- Терезе қасиеттерін өзгертуге мүмкіндік береді.

Макет- Парақ параметрлерін өзгертуге арналған.

Упорядочить-объектінің параметрлерін: орналасу ретін, топтау, біріктіру, құлыптау т.б өзгертуге болады.

Эффекты-объектіге түрлі эффектілер беру.

Растровые изображения – Растрлық бейнелермен жұмыс жасауға арналған.

Текст-мәтінмен жұмыс жасауға арналған.

Инструменты – бағдарламаны баптауға мүмкіндік береді.

Окно-қосымша терезелерді терезе аумағына шығаруға мүмкіндік береді.

Ішкі терезені басқару батырмалары – жинау, жаю, жабу.

  1. Стандарттар қатары: Құру, Ашу, Сақтау, Баспаға шығару, Қиып алу, Көшіру, Қою, Кері қайту, Алға өту, Импорт, Экспорт, Бағдарламаның қосымшаларын ашу, Веб –түйін, парақ масштабы.

  2. Қасиеттер панелі: Парақ немесе белгілі бір объектіге қатысты қасиеттерін көрсетіп тұрады. Объектінің х, у осі бойынша орналасуы, объект өлшемі, объект масштабы пайызбен, айналу бұрышы, объектінің бұрыштарын өзгерту, т.б.

  3. Жұмыс аймағы: Алғаш бір парақ Страница 1 деген атпен ашылады. Парақтың санын (тышқанның оң жағын парақ атауында шертіп, Вставить страницу перед немесе после текущей) және парақтың атын (тышқанның оң жағын парақ атауының үстінде тұрып шерту, Переименовать страницу) өзгертуге болады. Жұмыс аймағының үстіңгі және сол жағында сызғыш орналасады.

  4. Анықтама: Бағдарламамен жұмыс жасауға, әрбір объектімен жұмыс жасау тәсілдері туралы кеңестер алуға болады.

  5. Түстер: Түстерді таңдау мүмкіндігін береді.

  6. Қалып күй қатары: объектінің парақтың қай жерінде орналасқаны туралы және сол объектімен қалай жұмыс жасауға болатыны және объектінің түсі мен шекара сызығы туралы анықтама көрсетіп тұрады.

жүктеу 1,26 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау