202
Инновациялық басқару технологиялары – жетекшіге басқаруда шешім қабылдауға
жағдай жасайтын жаңа экономикалық, психологиялық, диагностикалық, ақпараттық
технологиялар. Инновациялық басқару технологияларының жетекшісі басқару қабілеті
жоғары, білім беру менеджменті, инновациялық педагогика теориясынан кәсіби қаруланған
шығармашылық тұлға болу керек.
Инновациялық үрдістің құрылымы:
Қызметтік құрылым – мотив, мақсат,міндет, мазмұн, түр, әдіс, нәтижелер бірлігі.
Субьективті құрылым – инновациялық үрдіс кезеңдеріндегі барлық қатысушылардың
қызметі.
Деңгейлік құрылым – халықаралық, республикалық, облыстық, қалалық деңгейдегі
инновациялық қызмет субъектілерінің өзара байланысы.
Мазмұндық құрылым – оқу орнын басқарудағы оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыруда
жаңашылдықты
қабылдап, жүзеге асыру.
Басқарушылық құрылым - өзара бірліктегі басқару қызметінің төрт түрін ұсынады:
жоспарлау, ұйымдастыру,
жетекшілік, бақылау.
Басқару аспектісі:
Инновациялық менеджмент – педагогикалық инновацияны енгізу жағдайындағы білім
беруді ұйымдастырудағы жетекшілік және басқару.
Инновациялық барьер – инновацияны жүзеге асыруда кездесетін қиындықтар [2,111-
114 бб.].
Білім беру жүйесіндегі инновация мәселесі ХХІ ғасырда бір мақала емес, бірнеше
жылдарға азық болатын заманауи түсінік. Сол себепті, келтірілген дәлелдерге айғақ болу
үшін екінші тілді меңгертуде инновациялық технологияның бір элементі интербелсенді
әдістер тиімділігіне тоқталсақ. Қазіргі білім беру жүйесіндегі инновация шеңберінде оқыту –
оқу, үйрету – үйрену сөздерімен алмастырылып отырғаны баршамызға белгілі. Бүгінгі
күннің басты ерекшеліктерінің бірі «Қазақстан Республикасының ақпараттық кеңістіктің
бәсекеге қабілеттігін 2006-2009 жылдарда дамыту тұжырымдамасында» келтірілгендей,
«ақпараттың ақылға сыймайтын шамадан тыс, оны игеруде адамның биологиялық
мүмкіншіліктерінен артық» мөлшерде дамуы. Сол себепті де, оқу/оқыту қысқа мерзімде
ақпараттың көлемді бөлігін тиімді түрде ұсынатын, сол ақпаратты жоғарғы деңгейде
игеретін және пратикада бетке алатын әдістерді қолдануды алға тартады.
Бұл талап білім саласында инновациялық өзгерістерге әкеліп, оқудың негізі ретінде
тұлғалық дамуды қарастырады, өйткені динамика мен өзгерістерге толы ақпараттық дәуір
экономикасы адамның білімді әрі білікті тұлғасына тәуелді. Өйткені, ол дәуірдің
биологиялық, әлеуметтік саяси сұраныстары. Адамнан төмендегідей құзырлылықтарды
талап етеді:
- ақпараттың ішінен өзіне қажеттісін таңдап, оны пайдалану;
- проблемаларды
шешу және шешім қабылдау;
- өзіндік пікір, идеялар, тұжырым, түсінік келтіру, оларды дәлелдей және қорғай
білу;
- социализмді ауызша және жазбаша түрде қарым-қатынас құра білу, бірлесе жұмыс
жасай білу, жанжалдарды болдырмау;
- өмірге деген көзқарасын, ұстанатын сенімдерін, қажеттіліктерін, құндылықтарын
жалпы адами құндылықтармен байланыстыра білу;
- өздігімен үйрене білу, өз білімін әрқашан дамытып отыру [3, 61-62бб.].
Яғни, инновациялық технология, интербелсенді әдістердің негізгі
мақсаты
біреумен қоян-қолтық қарым-қатынаста болу, онымен бірлесе әрекет жасау, диалог құру.
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Интернет жүйесі. www.mail.ru,
wwwgoogle.ru
, www.doklad.ru сайттары
2. Мынбаева А.К., Садвакасова З.М. Инновационные методы обучения, или как
интересно преподавать. А.: 2009
203
3. Образование и наука // Энциклопедический словарь. А.: 2008
4. Әлімов А. Интербелсенді әдістерді жоғарғы оқу орындарында қолдану. А.: 2009
ӘОК 542.127
МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН
ҚАЛЫПТАСТЫРУ - БІЛІМ САЛАСЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕСІ
(Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институтының
«Стратегиялық серіктестік-мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту
шарты» тақырыбы бойынша Ескелді ауданы Жалғызағаш орта мектебінде өткізіп жатқан
ғылыми-эксперимент жұмысы туралы)
Мұқажанова Н.Қ.
Алматы облысы, Ескелді ауданы, білім бөлімінің аға әдіскері
Занигинова Д.К.
Алматы облысы, Ескелді ауданы, Жалғызағаш орта мектебінің әдіскері
Қазақстан Республикасындағы қоғамдық өзгерістердің ауқымдылығы, күрделілігі
білім беру саласына, оның ішінде, мектептерде білім беру стратегияларына өзгерістер
енгізуді талап етеді.Бүгінгі күні білім беру үрдісінде әлемдік деңгейге жету, көнерген
стандарттан жаңа үлгідегі жетілдірілген оқытудың жаңа технологияларын пайдаланып,
тиянақты білім көрсеткішіне жету мақсаты тұр. Бұл мақсатты жүзеге асыру мақсатында
Ескелді ауданының білім бөлімінің бастамасымен және Алматы облыстық мұғалімдер
кәсібін дамыту институтының қолдауымен Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп
гимназиясында, Жалғызағаш орта мектебінде, Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебінде
«Нәтижеге бағытталған білім беруде тұлғалар қызметін ұйымдастыру» тақырыбында 2007-
2010 оқу жылдары аралығында эксперименттік жұмыс жүргізіп, жаңа технология әдісі
кеңінен насихатталса, 2010-2013 оқу жылдарында «Мұғалімдер мен оқушылардың
шығармашылық іс-әрекетін қалыптастыру – нәтижеге бағдарланған білім беру шарты»
тақырыбында эксперимент жүргізілді. Ондағы басты мақсат - жеке тұлғаны, яғни
оқушыларды, құзыреттілік құндылықтарына баули отырып, білім сапасын арттыру.
2013-2014 оқу жылынан эксперимент жобасы жаңа тақырыпта жалғасуда.
2013 жылдан бастап «Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын
дамытудың 2012-2016 жылдарға арналған мемлекеттік ұлттық іс-қимыл жоспарын» жүзеге
асыру бағытында педагогтердің шығармашылық іс-әрекетін ұйымдастыру, стратегиялық
серіктестікті жүзеге асыру бағытында тәжірибе алмасу, ой-бөлісу мақсатында Алматы
облыстық педагогтердің біліктілігін арттыру институтының ұйымдастыруымен Жалғызағаш
орта мектебінде «Стратегиялық серіктестік – мектеп оқушыларының функционалдық
сауаттылығын дамыту шарты» атты ғылыми эксперимент жұмысы жүргізілуде. Эксперимент
жұмысының ғылыми жетекшісі,институт директоры,х.ғ.к., профессор Х. Дюсебаев,
экспериментке жауапты – үйлестіруші «Басқару және білім сапасы» кафедрасының аға
оқытушысы, п.ғ.к.М.Валиева
Эксперименттің мақсаты: мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын
дамытуда білім беру ұйымдары арасында стратегиялық серіктестік іс-әрекеттерді
қалыптастыра отырып, тұлғаның сұранысын қанағаттандыруға бағытталған білім беру
кеңістігін ұйымдастыру.
Осы мақсатты жүзеге асыру үшін төмендегі зерттеу әдістері таңдалып алынды:
эмперизмдік әдістер (әдебиеттермен танысу, педагогикалық бақылау, сұрақ-
жауап, сауалнама, тест, рейтинг, мониторинг);
теориялық әдістер (талдау, жинақтау, саралау, салыстыру)