Дәстүрлі аймақтық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары



жүктеу 5,63 Mb.
Pdf просмотр
бет106/176
Дата20.01.2018
өлшемі5,63 Mb.
#7677
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   176

218 
 
–  өзі  тексеруге, дұрыс  сөйлеуге көмектеседі.  Электронды оқулықтың бұл  мүмкіндігін  есту 
кемістігі бар балаларға сөйлеу тілін дамытуға өте тиімді. 
 Химия,  физика  сабақтарында  лабороториялық  жұмыстарды    дыбыс  беру  арқылы 
бірнеше рет тыңдап, есту қабілетін дамыта отырып орындау мүмкіндігі бар.  
Тиімді жақтары 
-  Оқушының уақытын үнемдейді, оқу материалын іздеп отырмайды. 
-  Оқушы  оқулықты  қажет  етпей-ақ  информатика  негіздерінен  кез  келген  мәліметті 
алып, оқып үйренуіне болады. 
-  Тақырыптың  үлкен,  қиын  бөліктерін  өткенде  қосымша  бейнехабар,  клиптер, 
аудиохабарларды пайдаланады. 
-  Таңдап алған хабарды көшіруге мүмкіндік бар. 
-  Сарамандық жұмыстар жылдам түсіндіріледі. 
-  Бағдарламаны меңгеруге арналған тест сұрақтармен қамтамасыз етілген. 
-  Көрнекілік құралдарға деген мұқтаждықты азайтады. 
-  Мүғалім әр оқушымен дербес жеке жұмыс жүргізуіне мүмкіндік туғызады.  
-  Оқушының ой өрісін, дүниетанымын кеңейтуге, тану үрдісіне ықпал етеді. 
-  Зерттеушілік қабілеті бар тұлға қалыптасады. 
-  Дыбыс  қосу  арқылы  тыңдау  оқушылардың  есту  қабілетін  дамытуға  мүмкіндік  
береді. 
Қорытынды:  
Қорыта келгенде,  электрондық оқулықты қолдану барысында оқушылардың сабаққа 
деген  қызығушылығының  күрт  артқандығы  байқалады.  Заман  талабына  сай  жас  ұрпаққа 
сапалы  білім  беруде  электрондық  оқулықтарды  сабаққа  пайдалану  –  оқытудың  жаңа 
технологиясының  бір  түрі  ретінде  қарастыруға  болады.  Сонымен  қатар  электрондық 
материалдарды  сабақта  пайдалану  кезінде  оқушылар  бұрын  алған  білімдерін  кеңейтіп,  өз 
бетімен  практикалық  тапсырмалар  орындайды.  Әрбір  оқушы  таңдалған  тақырып  бойынша 
қажетті материалдармен танысып, кестелер және сызбалармен жұмыс жасауға дағдыланады. 
Электрондық оқулық арқылы түрлі суреттер, бейне көріністер, дыбыс пен музыка тыңдатып 
көрсетуге, анықтама, сөздікпен  жұмыс жасауға болады. Бұдан, әрине естімейтін және нашар 
еститін  оқушылардың    есту  қабілеті    дамиды,    сөздік  қоры  мөлшеріне  қарай  дамиды.  Сөз 
қоры баланың жалпы дамуына мүмкіндік береді, сөйлеу тілін белсендіреді. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
1.  «Электрондық  оқулықтарды  пайдалану  әдістері  мен  мүмкіндіктері».«Қазақстан 
қоғамының  даму  тенденциялары:  әлеуметтік  саяси  инновациялық  аспектілері»  атты 
республикалық ғылыми – тәжірибелік конференция. Қызылорда 2011ж,  
2. «Есту қабілеттері зақымдалған балаларға арналған арнайы мектептерде ақпараттық 
технологияларды  пайдалану».Абай  атындағы  қазақ  ұлттық  педагогикалық  университетінің 
ХАБАРШЫСЫ, “Арнайы педагогика сериясы.  
4.  2012«Білім  беру  жүйесін  ақпараттандыру-білім  беру  жүйесін  ақпараттандырудың 
негізі».  «Қазақстан  қоғамының  даму  тенденциялары:  әлеуметтік  саяси  инновациялық 
аспектілері» атты республикалық ғылыми – тәжірибелік конференция. Қызылорда 2011ж,  
5. Бидайбеков Е.Ы., Үсенов С.С., Қуаңбаева М.М., Есназарова А.А., 
6.  Л.Ақзуллақызы,    А.З.Бименова,    «Информатиканы  оқытуда  электрондық 
ресурстарды пайдалану»  электронды оқу құралы, Қызылорда, 2012ж. 
 
 
 
 
 
 
 


219 
 
УДК 37.025.7 
 
БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ЕНГІЗУ 
АРҚЫЛЫ ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ 
 
Нурманова К.К. 
«Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі» КММ, saken.dinka@mail.ru 
 
Мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндер – ертеңгі ел тұтқасы. Ал олар парасатты, 
саналы адам болып өсіп жетілуі – әрбір ұстаздың борышы. 
Қазіргі  кезде  мемлекеттіміздің  болашағы  өсіп  келе  жатқан  жасөспірімнің  қолында 
екенін  әрбір  ұстаз  қауымы  естен  шығармауы  керек.    Яғни,  мемлекетімізді  дамытудың 
іргетасы,  стратегиялық  маңызды  және  басты  бағыттарының  бірі  әлемдегі  жаһандану  және 
дамып келе жатқан бәсекелестік жағдайында білім беру болып табылады. Бұл процесі білім 
программасының  өзгеруімен  қатар  жүреді.  Білім  берудегі  ескі  мазмұнның  орнына  жаңасы 
келуде.  Ол  балаға  өзін-өзі  өзектелендіруге,  өзін  толытуға  және  өзін-өзі  жүзеге  асыруға 
ұмтылатын дамушы тұлға ретінде қалыптастыруға бағытталған.  
Мектеп  қабырғасында  оқушыларға  бастауыш  сыныптан  бастап  жаңа  инновациялық 
технологиялар  арқылы  білімді  жеткізсе,  оқушының  пәнге  деген  қызығушылығы  арттып, 
сабаққа деген ынтасы күшейеді. Білім берудің  мынадай жаңа инновациялық технологиялар 
қазіргі уақытта заман ағымына сай оқу үрдісінде жиі қолданылып жүр. 
Шәкірт 
білімділігі, 
белсенділігі 
мақсатты 
бағытталған 
педагогикалық 
технологиялардың  себебінен  деп  толық  айтуға  болар.  Білім  берудің  негізгі  мақсаттарын 
жүзеге  асыруға  бағытталған  педагогикалық  инновация  қажеттілігі  мына  себептерге 
байланысты  өте  қажет  –  ақ:  сапа  менеджементі  жүйесі  терең,  тиянақты  білім  беруді  талап 
етуіне  орай  озық  технологтяларды  пайдалану;  қазіргі  заманғы  педагогикалық  қызметті 
ұйымдастыру-инновациялық  үрдістерге  себеп  болады  және  сапалы  жаңа  білімді 
қалыптастыруға  ықпал  жасайды;    инновациялық  қызмет  педогогтың  кәсіби  өсуін,  тұрақты 
өзін – өзі жетілдіруін, озық тәжірибелерді зерделеп игеруін қамтамасыз етіп, шығармашылық 
жауапкершілік  сезімін  арттырады;  инновациялық  білім  –  педагогикалық  әлемде  жаңа 
құндылықтарды қалыптастырып, қарым –қатынастың жаңа жетілдірілген мәдениетін игерді; 
инновациялық  үрдістер  –  педагогикалық  сапалылық  пен  белсенділікті  қалыптастырып, 
кәсіби  шеберлігін  шығармашылықпен  үйлестіру  арқылы  талаптар  деңгейінде  еңбек  етуге 
жеткізеді. 
Бүгінде  Қазақстандағы  білім  беру  саласы  өркениетті  әлемнен  өзіне  лайық  орын  алу 
үшін адамзат тәжірбиесіндегі озық үлгі, тиімді үрдістерді пайдаланып, бағдарламаға енгізіп, 
дамудың  жаңа  сатысына  көтерілуде.  Елбасымыз  Н.Назарбаев  "Ұлттық  бәсекелестік   білім-
ділік  денгейімен  айқындалады.  Қазіргі  заманда  жастарға  ақпараттық  технологиямен 
байланысты  әлемдік  стандартқа  сай  мүдделі  жаңа  білім  беру  өте  қажет”  –  деп,  отандық 
оқытушылардың алдына бағдарлы мақсат қойып, үлкен міндет жүктеді. Әрине, жаңа ғасыр – 
дамыған  жаңа  инновациялар  әлемі.  Сол  жаңа  инновациялық  технологияларды  меңгерген 
жан-жақты, бәсекеге қабілетті, талапты да талантты зерделі тұлғаны тәрбиелеп, бағыт-бағдар 
беру қазіргі таңда мемлекетіміздің және білім саласындағы қызметкерлердің еншісінде.  
Бүгін  алдымызда  Қазақстандық  білім  беру  жүйесін  ең  жоғары  халықаралық 
талаптарға сай дамыту міндеті тұр. Сондықтан, ұстаздардың  кәсіби әлеуетін үздіксіз көтеріп 
отыру  –  маңызды  шаралардың  бірі.  Оқытушылардың  тұлғалық  дамуының  негізгі  көрсет-
кіштерінің  бірі  –  жалпы  адамзаттық  құндылықтарға  бағытталу,  оның  ішінде,  зиялылық, 
креативтілік, белсенділік, ой-пікірдегі тәуелсіздік. Олай болса, осы көрсеткіштерді білім беру 
үрдісінде тәжірибемен ұштастыру, сабақ барысында кәсіби шеберлігі мен біліктілігін шәкірт 
бойына сіңіру мектеп ұстаздарының  алдында тұрған басты міндеттердің бірі. 
Жаңа  технологияны  меңгеру  -  мұғалімнің  кәсіптік,  адамгершілік,  рухани,  азаматтық 
және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып 


жүктеу 5,63 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   176




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау