204
интерактивті әдістер (іскерлік-шығармашылық қызмет, іскерлік ойын, үлгілеу
интеллектуалдық марафон),т.б.
Эксперимент жұмысы 3 жылға жоспарланған.
Мектептегі эксперименттік жұмысты жүргізу мерзімі мен кезеңдері:
Даярлық (теориялық) кезеңі 2013-2014 оқу жылы
Практикалық (байқау) кезеңі 2014-2015,2015-2016 оқу жылы І жарты жылдық
Қорытынды кезең 2015-2016 оқу жылының ІІ жарты жылдығы
Эксперименттің міндеттері:
1. Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамытудың мектепаралық
серіктестік практикасын зерделеу.
2. Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша шаралар
жүйесін іске асыру тетіктерін анықтау.
3. Білім мазмұнын жаңғыртуды қамтамасыз ету: стандарттар, оқу жоспарлары мен
бағдарламалар жасауға ықпал ету.
4. Білім беру процесін оқу-әдістемелік қамтамасыз етуді әзірлеу.
5. Мектеп оқушыларының білім сапасын бағалау және мониторинг жүргізу жүйесін
дамыту.
6. Мектептің және қосымша білім беру жүйесі ұйымдарының материалдық-
техникалық базасын нығайту.
«Стратегиялық серіктестік – мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын
дамыту шарты» тақырыбындағы экспериментті ұйымдастырудың негізі - бұл мұғалім мен
оқушының шығармашылық шеберлігін шыңдау арқылы функционалдық сауатты тұлға
қалыптастыру және сапалы да саналы,білікті білімге бағыттау, коммуникативті қарым-
қатынасты жүзеге асыру болып табылады.Білім берудің жаңа құндылықтарын
демократияландыру, ізгілендіру, вариативті оқыту мен тәрбиелеуге тұлғалық бағытталған
көзқарас және іс-әрекетке шығармашылықпен қарау ұстанымдарына негізделеді.
Мектеп әкімшілігі мен педагогикалық ұжымның негізін қалаушы жүйе, құраушы
принципі - оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыруда бірқатар нақты талаптар қойылып, оны
орындау барысында мынандай мәселелер басты назарға алынды:
-
адамның жеке басының беделін құрметтеу, адамның құқығы мен мүмкіндіктерін
мойындау;
-
өзара құрмет негізінде сенім атмосферасын қалыптастыру;
-
адамға өзін-өзі таныту, өз мүмкіндіктерін ашып көрсету үшін жағдай жасау;
-
шығармашыл бейімділікті, қоршаған ортада өз орнын таба білуді барынша
дамыту.
Осы бағытта Жалғызағаш орта мектебі эксперименттік-тәжірибе алаңы ретінде
белгіленіп, тиісті шығармашылық іс-әрекеттерге бағытталды. Эксперименттік сыныптардың
білім сапасы мұғалімдер қызметінің сапасына тікелей байланысты. Даярлық кезеңінде
«Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамытудың рөлі не?» тақырыбында
үш эксперименттік сынып пен үш бақылау сыныбы анықталды.Бұл сыныптарда 12 ұстаз
сабақ береді.Олардың 5-і жоғары санатты, 7-і бірінші санатты, ал 5 ұстаз үш айлық
деңгейлік курсынан өтіп,білімдерін жетілдірген.
Осы кезеңде мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамытудың
маңыздылығының теориялық негіздерін анықтау мақсатында:
мектеп ұстаздары теориялық және әдістемелік әдебиеттермен танысып,олардың
мазмұнына талдау жасады;
дамыған елдердің осы тақырыптағы ғылыми тұжырымдарымен,соның негізінде
жасалған үлгілермен танысты;
оқушылар арасында функционалдық сауаттылықтың ролі жайлы сауалнамалар
жүргізіліп,талдау жасалды;
205
эксперименттік және бақылау объектілері белгіленіп, шығармашылық топ
құрылды;
эксперимент жұмысының стратегиялық жоспары дайындалды.
Жұмыс жүйесінің алғашқы кезеңінде сынып оқушыларынан психологиялық зерттеуге
арналған тестер алынып, әр оқушының дарындылық қабілетін байқауға бағытталған
мониторинг жасалды. Даярлық кезеңінде эксперименттік мектептерге арналған Талғар
ауданындағы № 28-мектепте,Талдықорған қаласындағы №2-мектепте, Ақсу ауданы, Абай
атындағы орта мектепте семинар-практикумдар өтіп, оған экспериментке қатысатын
мұғалімдер тәжірибе алмасу мақсатында қатысып отырды.
Эксперимент алаңындағы сыныптарда сабақ беретін мұғалімдер оқытудың
ақпараттық технологиясын жүзеге асыру мақсатында он - лайн жүйесіндегі сабақтарға
оқушыларды тікелей қатыстырып, қашықтықтан оқыту технологиясына баулу арқылы
оқушылардың қызығушылығын арттырды және интербелсенді тақталарды үнемі пайдалана
отырып, электрондық оқулықтармен жүйелі жұмыс жасады.
2014-2015 оқу жылында практикалық байқау кезеңі «Мектеп оқушыларының
функционалдық
сауаттылығын
дамыту
жұмыстарын
оқу-тәрбие
үдерісіне
енгізу»тақырыбында жалғасуда.
Бұл кезеңде:
эксперимент жобасы оқу-тәрбие үрдісіне енгізілді;
мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығының қалыптасуына
педагогикалық-психологиялық жағдай туғызылды;
мұғалімдердің шеберлігін шыңдау,шығармашылық еңбегін қалыптастыруда
кәсіби құзыреттілігін жетілдіру бағытында түрлі әдістемелік іс-шаралар ұйымдастырылды;
мұғалімдер мен оқушылар арасында шығармашылық орта-серіктестік орта
қалыптастыру бағытында жұмыс жүргізілуде;
ата-аналардың оқу-тәрбие үдерісіндегі ролін нығайту барысында олармен тығыз
қарым-қатынас жасалуда;
оқу жылының соңында білім беру ұйымын басқарудың үлгісі дайындалады;
Мектептегі эксперимент барысында әрбір жеке тұлға теңдессіз, ерекше
қайталанбайтын болғандықтан, экспериментке қатысушы негізгі және бақылау обьектісіндегі
параллель сыныптар алынып, экспериментке дейінгі және өту кезеңіндегі білім сапалары
сараланып отырды.Төмендегі кестеден екі сынып арасындағы айырмашылықты бақылай
аламыз:
Эксперимент
сыныптар
Жылы
Білім
сапасы
Бақылау
сыныптар
Жылы
Білім
сапасы
6
ә
2013-2014
69%
6
а
2013-2014
48%
2014-2015
74%
2014-2015
52%
8
а
2013-2014
71%
8
ә
2013-2014
47,4%
2014-2015
75%
2014-2015
49%
7
а
2013-2014
68%
7ә
2013-2014
43%
2014-2015
69%
2014-2015
51%
10
а
2013-2014
70%
10ә
2013-2014
53%
2014-2015
72%
2014-2015
59%
Мектептегі эксперимент алаңы
Эксперименттік сыныптар
Бақылау сыныптар
Салыстырмалы сыныптардағы білім сапасы
Достарыңызбен бөлісу: |