Дәстүрлі аймақтық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары



жүктеу 5,63 Mb.
Pdf просмотр
бет101/176
Дата20.01.2018
өлшемі5,63 Mb.
#7677
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   176

208 
 
әліппесін  бала  отбасында  алып,  онда  ізгіліктің,  адамгершілік  тәрбиесінің  негізі  қаланады. 
Жеке  тұлғаның  өсіп  жетілуіне  ықпалы  ерекше  болғандықтан,  отбасы  тәрбиесіне 
әлеуметтанушылық, психологиялық және педагогикалық зерттеулерде ерекше көңіл бөлініп, 
«отбасы» ұғымына мынадай анықтамалар берілген. Мәселен, Р. Н. Нұрғалиевтің 1996 жылы 
жарық  көрген  философиялық  сөздігінде:  «Отбасы-әлеуметтік  қауымдастықтың  түрі,  ерлі-
зайыпты  одаққа  және  туыстық  байланыстарға,  яғни  ері  мен  әйелінің,  ата-аналар  мен 
балалардьң,  аға  інілер  мен  апа-қарындастардың  және  бірге  туып,  ортақ  шаруашылық 
жүргізетін туыстардың арасындағы сан алуан қатынастарға негізделген жеке тұрмысы» десе, 
Ж.  Қоянбаевтың  педагогикалық  еңбегінде:  «Отбасы  -  ол  бірге  тұратын  некеге  негізделген 
немесе қандас туыстар (әке, ана, бала...) тобы» деп анықтама берілген. Ғалым-педагог өзінің 
зерттеуінде отбасы баланың  «Өмір  жолын бастайтын және қоршаған шындық,  орта туралы 
тиянақты да терең әсер алатын ұжымы екенін, соның негізінде онда білім, әдет, мінез-құлық 
пен өмірге деген көзқарастың қалыптасатынын дәлелдеп көрсетеді.  
Сонымен  жоғарыда  айтылған  анықтамаларға  сүйене  отырып,  отбасыньң  мынадай 
белгілерін айқындап көрсетуге болады:  
1)  Отбасы  өзара  туысқандық  қатысы  бар,  әртүрлі  жастағы  және  әртүрлі  құқылы 
адамдардан біріккен ұжым;  
2)  Оларды  ерлі-зайыптылық,  ата-аналық,  балалардың  ата-аналарына,  ересектердің 
кішілерге және бір-біріне деген қарым-қатынас жасау міндеттері байланыстырып тұрады;  
3)  Ата-аналар  мен  балалар  бір-бірінен  бірі  отбасын  басқарумен,  екіншілері  сол 
отбасында тәрбиеленумен ерекшеленеді;  
4)  Отбасы  өмірі  әртүрлі  материалдық  (биологиялық,  шаруашылық)  және  рухани 
(адамгершілік,  құқықтық,  психологиялық,  эстетикалық)  үрдістермен  сипатталады.  Ал 
отбасының  әлеуметтік  рөлі  адамның  өзін  өсіруге,  адам  тегін  ұзартуға  тікелей  қатысымен 
анықталады.  
Ұлы ғұлама әл-Фараби мемлекеттi басқару үшiн ең алдымен кiшi мемлекет болып табылатын 
отбасын  басқару  шеберлiгiн  меңгеру  маңызды  деп  ой  түйiндейдi.  Отбасын  басқару  және 
ондағы  адамдардың  міндеттері  туралы  ғұлама  ғалым  үйдің  белгілі  бір  бөлшектерден 
құралатынын,  оларды  ері  мен  әйелі;  қожайыны  мен  қызметшісі;  әке-шешесі  мен  баласы; 
мүлкі мен мүлік иесі деп көрсетіп, отбасы басшысының міндеттері мен құқығын ерекшелеп 
көрсетеді.  Бірақ  ұлы  ғұлама  сол  отбасының  немесе  үйдің  әкімі  ер  азамат  па  немесе  әйел 
баласы  болады  ма,  оны  атап  көрсетпейді.  Себебі  оны  басқару  кімде-кім  сол  төрт  бөлікті 
біріктіріп,  ынтымағын  жарастырып  отырса,  сол  әкім  болады  дегенді  меңзейді.  Осы 
пайымдаулары арқылы ғалым заманның ағымына қарай отбасының өзі де, оның құрылымы 
мен мазмұны да сан қилы өзгеріске ұшырайтынын болжағандай Отбасы - тарихи категория. 
Оның  типтері,  формалары  және  қызметтері  өмір  сүріп  отырған  өндірістік  қатынастардың, 
жалпы  қоғамдық  қатынастардың  сипатына,  сондай-ақ  қоғамның  мәдени  даму  деңгейіне 
байланысты.  Өз  кезегінде  отбасы  да  қоғам  өміріне  ықпал  жасайды.  Ол  баланың  туылуы, 
балалар  мен  жасөспірімдердің  әлеуметтік  орнын  табуы,  үй  шаруашылығындағы  еңбегі,  өз 
мүшелерінің  күші,  рухани  және  адамгершіліктік-эстетикалық  жағынан  дамуына  әсерін 
тигізу.  
Біздін  қоғам  үшін  әр  кезеңде,  әр  отбасында  өсіп  келе  жатқан  өрімдей  ұл-қыздардың 
дені сау, рухани ойлау дәрежесі биік, еңбекке, білімге құштар болып өсуі, туған халқы мен 
Отанына  адал,  өнегелі  азамат  болып  өсуі  -  ең  жоғары  тілек,  ең  биік  мақсат  болып  келген. 
Оның  қуат  алатын  қайнар  бастауы  -  отбасы.  Сондықтан  адамзат  ұрпағына  отбасының  аса 
құнды ықпалы мен әсерін өмірдегі еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайды. Сол секілді 
балаға ата-ана тәрбиесінің орнын ешнәрсе толтыра алмайды.  
«Отбасы  тәрбиесі»  ұғымының  өзі  «отбасы»  мен  «тәрбие»  категорияларының 
жиынтығы  ғана  емес,  олардың  синтезі  де  болып  табылады.  Оның  қызметі  мен  рөлі, 
отбасындағы  тәрбие  толығымен  қоғамдық  өмір  заңдылықтарына  байланысты  дамиды. 
Отбасы баланың жеке басының қалыптасуына екіжақты әсер етеді:  


209 
 
Біріншіден, отбасының материалдық жағдайын сипаттайтын өзіндік өмір  сүру дәстүрі 
арқылы,  яғни  отбасы  мүшелерінің  материалдық  жэне  рухани  қажетсінуі  мен  әлеуметтік 
құндылықтары арқылы.  
Екіншіден, әлеуметтік және белгілі бір мақсатқа бағытталған әсер арқылы. Бұл көбінесе 
отбасындағы  негізгі  көзқарас  пен  тәрбие  үрдісі  қоғамның  тәрбиелік  мақсатына,  идеялық, 
адамгершіліктік  және  эстетикалық  талаптарына  қаншалықты  сәйкес  келуіне  байланысты 
жүзеге асырылады.  
Қазақ  педагогикалық  энциклопедия  сөздігінде  отбасы  тәрбиесі  ұғымы  былайша 
түсіндіріледі:  «Отбасы  тәрбиесі  -  туысқандық  қарым-қатынастар  мен  тұрмыс  жайттары 
балаға  үздіксіз  ықпал  етуші  тәрбиелік  күш».  Отбасы  тәрбиесінің  мәнін  ашу  үшін 
«тәрбиелеу»  және  «әлеуметтендіру»  ұғымдарын  байланыстырып  қарастыру  қажет.  Бүгінге 
дейін  педагогикалық  әдебиеттер  мен  мемлекет  тарапынан  жарық  көрген  құжат-
тұжырымдамаларда  «тәрбие»  ұғымына  әртүрлі  анықтамалар  беріліп  келді.  1993  жылы 
қабылданған  тәлім-тәрбие  тұжырымдамасында:  «Тәрбие  -  халықтың  ғасырлар  бойы 
жинақтап,  іріктеп  алған  озық  тәжірибесі  мен  ізгі  қасиеттерін  жас  ұрпақтың  бойына  сіңіру, 
баланың  қоршаған  ортадағы  қарым-қатынасын,  дүниетанымын,  өмірге  деген  көзқарасын 
және соған сай мінез-құлқын қалынтастыру» - деп анықтама берілсе, ал қазақ педагогикалық 
энциклопедия  сөздігінде:  «Тәрбие  -  қоғамдық,  өндірістік  және  мәдени  өмірдің  белсенді 
қатысушысын даярлауды мақсат етіп қойған жеке адамды қалыптастырудың жүйелі процесі» 
делінген.  Ұлы  ғұлама  Әл-Фараби:  «Бақытқа  жету  жолында»  деген  еңбегінде:  «Тәрбие  - 
халықтардың  бойына  білімге  негізделген  этикалық  ізгіліктер  мен  өнерлерді  дарыту  деген 
сөз» деп анықтама береді.  
Әлеуметтендіру  тәрбие  жүйесінде  жеке  тұлғаны  белгілі  бір  мақсатта  әрекетке  түсіру 
кезінде  жүзеге  асырылады.  Оған  бірнеше  факторлар  ықпал  етеді.  Олар  отбасы,  отбасынан 
тыс  тәрбиелік  мекемелер  және  оқу  орындары,  еңбек  ұжымдары,  қоғамдық  ұйымдар, 
жолдастар, таныстар және т.б. Соның ішінде негізгі фактор отбасы болып табылады. Бүгінгі 
нарықтық  қатынас  отбасына  және  ондағы  тәрбие  үрдісіне  үлкен  әсерін  тигізіп  отыр.  Өмір 
тәжірибелері  мен  ғалымдар  зерттеулері  (А.  А.  Вербицкий,  Э.  Д.  Днепров  т.б.)  отбасы 
тәрбиесінің мынадай даму тенденцияларын бөліп көрсетуге мүмкіндік береді.  
1-тенденция.  Отбасы  тәрбиесінің  әлеуметтік  тенденциясы  нарықтық  қатынас 
жағдайында  жеке  тұлғаның  қалыптасуында  отбасының  жаңа  тұрғыдағы  рөлі  айқындалып 
келеді. Ол - отбасының әлеуметтік рөлі. Бүгінгі отбасы нарық талаптарын мойындап, қоғам 
ағынымен  өмір  сүруге  бейімделе  бастады.  Нарықтық  қатынас  кезеңінде  отбасына  қатысты 
жана экономикалық ұғымдар пайда болып қолданылуда.  
Бүгінгі әрбір отбасының материалдық, экономикалық жағдайы ең алдымен табыс табу 
мәселесінің  шешілуімен  байланысты  болып  отыр.  Әлеуметтік  жағдайы  жақсы 
отбасыларындағы балалар жоғары сапалы ақылы мектептерде білім алып, өнер, спорт және 
басқа  тәрбие  институттарында  тәрбие  алуға  мүмкіндік  алды.  Отбасы  тәрбиесі  мен  балалар 
болашағын  жоспарлау,  ең  алдымен  әрбір  отбасының  әлеуметтік  жағдайына  қарай  жүзеге 
асады.  
2-тенденция.  Тәрбиенің  индустриялылығы  тенденциясы,  яғни  бүгінгі  қоғам  өміріндегі 
өндірістік  қатынастардың  жан-жақты  дамып,  отбасы  өміріне  ықпал  жасауы  Қоғамның 
мәдени даму деңгейіне байланысты мектеп пен отбасы тәрбиесі өзгеріске түсті. Қазіргі өзіміз 
ғұмыр  кешіп  отырған  қоғамның  балаларына  қарасақ  тіптен  өзгеше,  оларды  тәрбиелеу 
күрделі.  Өйткені  қазіргі  компьютерлендіру  заманында  олардың  алатын  ақпарат  көлемі 
бұрынғыдан да көп. Соған байланысты, балаға тәрбие беруші адамдардың білімі, тәжірибесі 
барған сайын үлкен жауапкершілікті талап етеді. Сонымен қатар, әрбір отбасы қоғамда пайда 
болған  өндіріс  құралдарын  пайдалануға  мүмкіндік  алды.  Оған  әрбір  отбасында 
компьютердің  пайда  болуы,  жоғары  сапалы  фотоаппараттар  мен  бейнекамералар,  интернет 
желісін  пайдалану  және  т.б.  құралдардың  күнделікті  тұрмыста  қолданылуы  дәлел  бола 
алады. Бұл үрдіс «қоғам- мектеп-отбасы» бағытымен жүзеге асуда.  


жүктеу 5,63 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   176




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау