137
ӘОК 541. 124
ӨЗГЕ ҰЛТ ӨКІЛДЕРІНЕ ҚАЗАҚ ТІЛІН МЕҢГЕРТУДЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ
ТЕХНОЛОГИЯЛАР ТИІМДІЛІГІ
Каирова Ж.М.
«Ш.Уәлиханов атындағы №2 гимназия мемлекеттік коммуналдық мекемесі», Қапшағай қ.
kapchgimn2@mail.ru
"Халықтың кемеліне келіп өркендеп өсуі үшін ең алдымен азаттық пен білім қажет"
Шоқан Уәлиханов
Бүгінгі еңсемізді көтеріп өзгемен терезесі тең ұлт өкілі болған заманда еліміздің
болашағы тек білімді жастар болып табылады. «Білекті бірді жығады, білімді мыңды
жығады» деп халық даналығында айтылғандай, өскелең өмір талабына сай жан – жақты,
білімді, саналы ұрпақ тәрбиелеу — қоғам алдында тұрған басты міндеттердің бірі болып
отыр. Сапалы білім беру – бұл қоғам мүшелерінің адамгершілік, интеллектуалдық, мәдени
дамуының жоғары деңгейін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие беру мен оқытудың
үздіксіз процесі болып табылады. Сондықтан да мектеп ұстаздары оқыту мен тәрбие үрдісін
жаңаша тұрғыда пайымдап, білімді, ұшқыр ойлы, ізденімпаз шәкірттер тәрбиелеп шығаруда
тынбай еңбек етуде. Бүгінгі таңда еліміздің білім беру жүйесі халқымыздың салт-дәстүріне,
мәдениетіне, экономикасына және саяси өміріне негізделіп іске асуда.
Қазіргі кезеңде Республикамызда білім беру жүйесінде де жаңа асулар, алар биіктер
де бой көтере бастады. Қазақстанның білім беру жүйесі әлемдік білім беру стандарттарына
сәйкестенуде. Бұл білім беру жүйесі мен оқу – тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге
байланысты болып отыр: білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып,
жаңа көзқарас, озық идеялар, жаңашыл ұстаздар пайда болды. Осыған орай, әр ұстаздың
алдында бәсекеге қабілетті, бүгінгі заман талабына төтеп бере алатын білімді шәкірттер
тәрбиелеп шығару мақсаты қойылған. «Елу жылда ел жаңа» дегендей өз пәніне деген
оқушылардың қызығушылығын, біліктілігін арттыруда жаңа ізденістерді талап етуде. Әр
ұстаз сабақ барысында заманауи талаптарға сәйкес озық инновациялық технологияларды
мүмкіндігінше пайдалануға тырысады «Мектеп оқушылары келешекте қай мамандыққа
барам десе де, ең алдымен тілді, сол халықтың әдебиетін сүюі шарт.Сол сүюді орта мектеп
табалдырығын аттаған соң да, мамандық, білім беретін жоғары мектепке ауысқанда да асыл
қасиетіндей сақтауы керек[1.78]»,- деп Мұхтар Әуезов атап көрсеткендей, мектеп
табалдырығынан оқушылардың бойына мемлекеттік тілге, қазақ халқының ұлттық
құндылықтарына деген шынайы, ізгі сезімді қалыптастыру жауапкершілігі мемлекеттік тілді
меңгертіп жүрген ұстаздарға жүктелген. Әсіресе, орыс сыныптарында қазақ тілін оқытудың
басты мақсаты – оқушыларды қазақша сөйлеуге үйрету, өз ойын басқаға түсіндіре алатындай
дәрежеге жеткізу.
Мектеп бітіруші түлектер жоғарғы оқу орнына түскенде, кейін еңбекке араласқанда
мемлекеттік тілде сөйлей білуіне мүмкіндік жасау – ұстаздың абыройлы міндеті. Қазақ тілін
үйретуде тек қана грамматикалық қалыптасқан қағидаларға сүйену кімді де, болса да
жалықтырып жібереді. Сондықтан пәнді мазмұнды қызықты өткізу үшін сабақта
инновациялық технологияларды мейлінше тиімді пайдалана білген жөн. Сол арқылы оларға
қазақ халқының қонақжайлығы мен меймандостығын, қайырымдылығы мен еңбекқорлығын,
даналығы мен шеберлігін, имандылығын дәріптеудің зор әсері болады. Сабақ барысында
қазақ халқының салт – дәстүрлерін, үлгі – өнегелерін, қазақи ырымдар мен тыйымдарды,
әдет – ғұрпын кеңінен пайдаланып, тәрбие ісіне арқау еткен жөн.
Қазақ тілін оқытуда, сапасын арттыруда кең ауқымды келелі мәселелердің бірі – тіл
дамыту мәселесі. Тіл дамыту мақсатында жүргізілетін жаттығулар әдістеме ғылымында
түрліше қарастырылып жүр. Тіл дамыту жаттығулары – оқушылардың теориялық білімдерін
138
бекіте отырып, олардың логикалық ойлауы мен тілдік шеберлігінің қалыптасуына негіз
болады.
Қазақ тілін оқытуда тіл дамыту жаттығуларының маңыздылығына ерекше тоқталып,
оқыту процесіндегі тіл дамытудың негізгі тәсілдерінің бірі ретінде қарастырып жүрген
Н.Оралбаева, Р.Әміров, С.Рахметова, Н.Құрманова, З.Саламатова сынды әдіскер –
ғалымдырды атауға болады. Әдіскер – ғалым Н.Құрманова: «Тіл дамыту жаттығулары
оқушылардың шығармашылық қабілетін оятып, ойлауын дамытуға, өз ойын білдіруде
нақтылық пен анықтық қасиетінің қалыптасуына ықпал етеді», – дей келе, тіл дамыту
жаттығуларын аналитикалық, синтетикалық, аналитика – синтетикалық (шығармашылық)
түрлеріне топтап, бөліп көрсетеді. [2.97]
Енді мен өзімнің іс – тәжірибем барысында осы тіл дамыту жаттығуларын қалай
тиімді пайдаланып жүргеніме тоқталайын.
Аналитикалық жаттығулар – оқыту кезінде лексика – семантикалық, логика –
семантикалық жаттығулар сипатында келіп, оқушылардың алған білімдерін бекіте отырып,
тілін дамытудың негізгі құралы болып саналады. Оқушыларға кез келген сөз беріледі, олар
сол сөзден жаңа лексикалық мағынадағы сөздер жасап, өзінің сөздік қорын толықтырады.
Мысалы, лексика – семантикалық
жаттығу түрлері:
бала – балалы – балалық немесе
аспаз –
аспазшы – аспазшылық, яғни әр тізбек негіз сөзден басталып, негізді сөзбен аяқталады. Ал
логика – семантикалық жаттығуларға төмендегі үлгілер мысал бола алады.
Ас асық
Су суық
аспан
сулы
астық
сусыз
асқазан
судай
асқабақ
сумақай
асқар
сушы
Бұл мысалдарда «ас» және «су» түбірлері арқылы жаңа сөздер жасайды.
Синтетикалық жаттығулар тіл дамыту мүмкіндіктерін жан – жақты жүзеге асыратын саласы.
Бұл жаттығулардың табиғатының өзі тіл байлығын арттырып, сөйлеу шеберлігін
дамытатын жаттығулар болып табылады. Мысалы:
біл
ім білімді
білімді
лік
Біл
білім
сіз
білімсіз
дік
білім
паз
білімпаз
дық
білім
құмар
білімқұмар
лық
біл
ік
білік
ті
білікті
лік
біл
гір
білгір
лік
немесе:
Шаш желке шаш
Көз бұлақтың көзі
самай шаш білімнің көзі
төбе шаш
адамның көзі
Аналитикалық – синтетикалық жаттығу түрлері оқушылардың тілдік дағдыларын
қалыптастырып, сөйлеу шеберлігі мен ойлау қабілетінің дамуына әсер етеді.
Шығармашылық жаттығу түрлері лексика – семантикалық жаттығуларды негізге ала
отырып, мәтіннің мағынасын талқылау, тақырыбын ашу, өзектілігін айқындау, мәтін
құрамындағы сөздердің қолданылу аясын аңғару, көркемдік – мағыналық ерекшелігіне қарай
қолдану, ауызша және жазбаша сөйлеудегі стильдік қателер болса, тауып түзету, жаңа
сөздерді жазба жұмыстарында (шығарма, мазмұндама), түрлі стильдік жарнамаларда (хат,
мақала, әңгіме, баяндама, эссе т.б) орынды қолдана білу, білім, білік дағдыларды
оқушыларға шығармашылықпен игертуге зор ықпал етеді. Мысалы: