135
Қазіргі таңда білім процесіне дәстүрлі түсініктемелер мен бірге жаңадан бір қатар
түсініктемелер кіріп келіп, және оларды тәжірибеге енгізіп, оңтайлы нәтижелерін көріп
жатырмыз.
Қашықтықтан оқыту-бұл жаңа хабар технологиялары, телекоммуникация
технологиялары және техникалық құрылғылырға негізделген білім жүйесі. Ол білім алушыға
белгілі бір стандарттар жіне білім заңдылықтары негізінде оқу шарттары және мұғаліммен
ара қатынасты жетілдіріп, оқушыдан көбінесе еркін түрде айналысуды талап етуші жүйе.
Мұнда оқу процесі оқушының қай уақытта және қай жерде болуына байланысты болмайды.
Қашықтықтан оқыту (distant education) – оқу процесінің мақсаты, мазмұны, әдістері,
ўқув жараёнининг мақсади, мазмуни,оқыту материалдары және Интернет технологиясы
жәрдемінде оқушы және мұғалім қашықтықтан тұрып интербелсенді байланыс жасау
процесі. Қашықтықтан оқытудың мақсады-оқушылардың дәстүрий білім, көз-қарас негізінде
еркін жұмыс жасау нәтижелілігін арттыру-оларды ғылыми пікірлеуге үйрету, оқу пәніне
қызығуды күшейту, кәсіби білімдерін кеңейту, теориялық және практикалық жаттығу
барысында белсенділігін арттыруға негізделген.
E-learning (Electronic Learning – ағылшын сөзі) – электрондық оқыту жүйесі,
Электрондық оқыту, аралықтан оқыту, компьютерлік оқыту, тармақтық оқыту,
виртуал оқыту, хабар және электрон технологияларын қолдап оқыту.
Бұл мазмұны жағынан көп мағынаны білдіруі мүмкін, соның ішінде:
жеке компьютер, мобил телефон, DVD, аудио-видео-радио-телевизорлардан
пайдаланып, электрондық материалдармен еркін жұмыс жасау;
алыстағы мұғалімнен сабақ алу, қашықтықтан сөйлесу мүмкіндігі;
электрондық оқу материалдарын өз уақытында жеткізу;
инновациялық педагогикалық технологияларды игеру және тарқату, оларды
оқушыларға беру;
оқу веб-беттерін дамыту мүмкіндігі;
дүниенің кез келген жерінде тұрып кез келген уақытта кез келген жерде
заманауибілім алу;
психофизикалық дамуында (мүгедек) өзгеше ақаулықтары, қәбілеттері бар
болған адамдарға жоғары дәрежелі білім алу мүмкіндігі.
Қашықтықтан оқыту төмендегіше үш:
- дәстүрлі (жүйенің локал және глобал тармағынан пайдаланушылар үшін ақпарат
беретін);
- техникалық (ақпарат жүйесіне жалғанған және сырттағы ашық ақпарат деректеріне
бірігу үшін Интернетке шығу мүмкіндігіне ие болған локал компьютер тармағынан);
-ақпарат (оқу курстары бойынша кең мәліметті ақпараттар, курс мәліметтері,
мазмұны, электрондық лекция мәтіндері, лабораториялық жұмыстар, оқушы-мұғалім
арасында сөйлесу, электрон пошта, бақылау тесттері, мониторингтер блогы, виртуал
кітапханаларға және түрлі материалдарға сұраныс беру тізімі, Интернет жүйесінен курстар);
Қашықтықтан оқытудың негізгі технологияларын төмендегіше екі топқа бөлуге
болады:
ИНТЕРАКТИВ технологиялар:
Интернет қашықтықтан оқыту порталы.
Видео және аудио конференциялар.
Элекрон пошта арқылы білім.
Интернет арқылы еркін білім алу.
Қашықтықтан басқару жүйелері.
Онлайн стимулятор және оқу дәстүрлері.
Тест тапсыру жүйелері.
НТЕРАКТИВ болмаған технологиялар:
Видео, аудио және ва баспадан шығарылған материалдар.
136
Телевизиялық және радио көрсетілімдер.
Дисктерде орналасқан программалар.
Видео және аудио конференциялар – бұл Интернет және басқа телекомуникациялық
байланыс жәрдемінде екі, қашықтықтағы аудиторияларды телекоммуникациялық
технологиялар арқылы бір-бірімен байланыстырып, білім беруді жолға қою жолы. Бірақ,
видео және аудио конференциялар үшін өте үлкен көлемдегі арнайы техника, жоғары
жылдамжыққы ие болған байланыс каналы және оқытуды ұйымдастыру үшін қызмет етуші
арнайы мамандар керек болады. Интернет арқылы еркін білім алу- бұл бірқанша Интернет
сайттарында жайласқан үлкен көлемдегі мәліметтер бойынша еркін түрде жұмыс жасау және
жаңа білімдер алу жолы.
Электрон пошта арқылы білім болса ең кең таралған Интернет қызметтерінен
пайдаланып, оқушы мен мұғалім арасында хат арқылы байланыс орнатып, білім алу жолы.
Оның жәрдемінде әртүрлі тест, тапсырма, сұрақ-жауап, визуалдық көрсетілімдер (текст,
графика, мультимедия) жіберіп және қабыл етуіміз мүмкін.
Білім сапасын арттырудағы жаңа инновациялық технологияларды оқып, үйреніп,
сараптай келе, мынадай тұжырым жасауға болады:
– білім алушылардың білім, білік сапасын арттырудағы жаңа инновациялық
технология түрлері сан алуан, оларды таңдау жэне одан шығатын нәтиже оқытушының
кәсіби біліктілігіне тікелей байланысты;
– жаңа инновациялык технологияларды енгізу жүйелі әрі мақсатты түрде
жүргізілгенде ғана жетістікке жетуге болады;
– жаңа инновациялық оқыту технологияларын енгізу барысында әрбір оқу орнының
материалдық-техникалық базасының бүгінгі талапқа сай еместігі, әрі жетіспеуі, кадрлық
әлеуметтің төмендігі көп кедергі жасайды.
Қазіргі жас ұрпақтың саналы да сапалы білім алуының бірден-біршарты – оқу
орындарындағы білім беру процесіне жаңа инновациялық технологияларды енгізу екендігі
сөзсіз түсінікті. Сондықтан ғылыми-техникалық прогрестен қалыспай, жаңа педагогикалық
инновацияларды дер кезінде қабылдап, өңдеп, нәтижелі пайдалана білу – әрбір ұстаздың
негізгі міндеті болып табылады. Біздің ойымызша, оқу орындарында инновациялық басқару
жүйесін енгізіп, оны жүзеге асыру міндет.
Қорыта келгенде, жаңа инновациялық педагогикалық технологияның негізгі, басты
міндеттері мынадай:
– әрбір білім алушының білім алу, даму, басқа да іс-әрекеттерін мақсатты түрде
ұйымдастыра білу;
– білім мен білігіне сай келетін бағдар таңдап алатындай дәрежеде тәрбиелеу;
– өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, дамыту;
– аналитикалық ойлау қабілетін дамыту.
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Жүнісбек Ә. Жаңа технология негізі – сапалы білім. – //Қазақстан мектебі, №4, 2008
2. Нағымжанова Қ. Инновациялық технологияның құрылымы. – А.:Өркен, 20
Достарыңызбен бөлісу: |