133
қабылдаса, ол шын мәнінде ұлы адам»
Қазіргі таңда мемлекетімізде білім саласына жұмсалып жатырған үлкен көлемдегі
инвестициялар Қазақстанның ең дамыған мемлекеттер мен бір сапта тұруына себепші болды
десек те болады. Мысалы, жоғары білім беру орындарын материалдық-техникалық базасын
модернизациялау және мамандардың сапасын жақсылау мақсатында атқарылып атырған бір
неше шаралар. Қазақстанның білім моделі ең заманауи талаптарға жауап беретін білім-
ғылым орындарын құру мен ғана шектеліп қалмастан, осы модель ең алдымен сапаға, яғни
мұғалімдер, оқушылар, студенттер, оқу материалдары және жоғары деңгейдегі материалдық
базаның сапасын арттыруға негізделген.
Президент Н.Ә. Назарбаев айтқанындай «Ертеңгі болашақ-бүгінігі жастарды
қолында». Солай екен, ертеңгі болашағымыз жарқын болуы үшін ұрпақтарымыз білімді де
саналы, тәрбиелі болулары керек. Ал, олардың сондай деңгейге жетуі үшін біз-ұстаздардың
мойнына үлкен жауапкершілік жүктеліп отыр. Сол жауапкершілікті жұмысты атқару үшін
білім саласына көп жаңалықтар, технологиялар кіргізіліп отыр. Осы жерде Конфуцийдің
мынадай сөзін келтіріп өткім келеді: “Адамдарға бір балық берсеңіз, олар бір күн тоқ
болады, ал, оларға балық аулауды үйретсең өмір бойы тоқ болады”.
Технология – бұл белгіленген мақсат және кепілдік берілген нәтижеге жетудің
экономикалық нәтижелі әрекеттер тізбегі. “Технология” сөзі латынша “Thexnos” – өнер,
сала және “Logos” – пән деген мағынаны білдіреді. Технологиялық кластер –бир ғана
шектелген аймақта орналасқан және жасап шығару байланыстары арқылы өз-ара байланысты
болған жұмыс орындары.
Ал, педагогикалық технология –оқушыны оқыту,оны сыни тұрғыдай ойлауға дағдыландыру,
тәрбиелеу, жеке тұлғаны дамыту әрекеттерінің шешіміне қаратылған және белгілі бір тізбек
негізінде іске асырылатын педагогикалық-психологиялық әдіс-тәсілдер жинағы.
Ол оқу процесінің техникалық базасындағы жаңалықтар, оқушының санасы,
қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық қарым-қатынастар, білім саласындағы мемлекет
саясаты, қоғамның хабар орталығы (“Интернет”), одан пайдалану мүмкіндіктері, білім
беруші және білім алушылардың руханий дүниесі және материалдық жағдайының
дәрежесіне байланысты түрде дамып, жаңаланып барушы инновациялық проект.
Педагогикалық технология – адамға алдынан белгіленген мақсат бойынша білім-
тәриелік жағынан әсер еткізу әрекеті. Бірақ, педагогикалық технология мен оқыту тәсілдері
(методика)ның айырмашылығын білу керек.
Оқыту әдістері (методика) – белгілі бір оқу пәнін оқыту және де тәрбиелік істер
заңдылықтарын қолдануға бағытталған. Қазіргі таңда білім саласындағы педагогикалық
технологияның даму тікелей хабар технологияларына байланысты.
Интерактивті оқыту технологиясы.
Интерактивті оқыту – оқушы өзінде алдын ала жинақталған тәжірибеден пайдаланған
түрде, оқу процесінде белсенді әрекет етеді, жаттығу барысында өте маңызға ие болып, жаңа
тәжірибелер арттырады, алған тәжірибелері негізінде сабаққа анализ жасап, өзіне керекті
маңызды материалдарды алады, және озінің күнделікті тәжірибесімен байланыстырады.
Интерактив сөзі ағылшын тілінен алынған болып, “inter” – өзара (взаимный), “act”-
әрекет) мағынасын білдіреді.
Интерактивтік, бұл өзара қарым-қатынаста болу-диалогтік оқу мағынасын білдіреді.
Сол себепті интерактивтік оқыту-диалогтік оқыту дегенді білдіреді. Диалог дәстүрлі оқыту
әдіс-тәсілдерінде де бар, мысалы, “мұғалім-оқушы”, “мұғалім-оқушылар тобы” .
Интерактивтік оқытуда болса диалог “оқушы-оқушы”, оқушы-оқушылар тобы”, “оқушы-
аудитория”, “оқушылар тобы-аудитория” (топтар презентациясы), “оқушы-компьютер”
көрінісінде болады. Оқушы лекцияда тек “пассив” тыңдаушы есебінде емес, ал “актив”
қатысушы ретінде қатнасады.
Интерактивтік оқыту технологиясы дәстүрлі лекция оқу әдістеріне негізделмеген. Біз
дәстүрлі сабақтарда мұғалім белсенді болатынын, ал оқушы тек практикалық сабақтарда ғана
134
белсенді борлатынын білеміз. Интерактив әдісте болса мұғалімнен сабақ барысында оқушы
мен мұғалім арасындағы өз-ара қатынастың белсенділігі талап етіледі.
Оқушы мәліметтерді тек ғана есіту арқылы қабылдаса, берілген мәліметтердің орташа
20 пайызын қабылдайды екен. Сол себепті, егер тақырып тек ауызекі түсіндіру арқылы
өтілсе, оқушылар сабақта берілген мәліметтердің 80 пайызын түсінбей қалулары мүмкін.
Оқытудың интерактивті әдістері
Оқытудың интерактив әдістері дегенде ең алдымен оқушының оқу процесінде
белсеннді әрекет етуіне бағытталған инновациялық педагогикалық әдістер жиыны және
техникалық құрылғылар жүйесі жатады. Интерактив әдістегі жаттығуда оқушы беріліп
жатырған мәліметтерді тыңдауы, оқуы, көруі, жазып баруы, тақырып бойынша сұрақтар
беруі, өз пікірін еркін айта алуы, практикалық тапсырмалар орындауы және сыни тұрғыдан
ойлана отырып өзінің өмірлік тәжірибесімен байланыстырып, тақырып бойынша теориялық
білім алуы керек.м. Төменде оқытудың интерактивтік әдістерінің кейбір түрлері бойынша
мәлімет беріп кетемін:
Пікір-талас.
Бұл интерактивті оқытудың ең кең таралған түрі болып есептеледі және оқушылардың
берілген тақырып бойынша әр түрлі білім дәрежесі және тәжірибелері негізінде үйренілетін
мәселеге қандай әрекет ететіндігі анықталады. Мұнда мұғалім талқылау үшін проблемалы
сұрақты немесе анық бір жағдайды белгілеп, ортаға тасатайды. Оқушылар болса тақырыптан
ауытқымай өз пікірлерін айтады, талқылайды, ең соңында ортақ шешім шығарады. Бұл
әдісте оқушы өтілген тақырып бойынша 80 пайыз түсінікке қабылдайды, себебі оқушы
тапсырманы талқылау үшін: тыңлайды, оқу-визуалдық материалдар арқылы көреді, оқыйды,
ең маңызды деген тұстарын жазып барады, есітеді, , өз пікірін айтады, сұрақтар береді және
практикалық тапсырмалар орындайды, тақырыпты өмірдегі мысалдармен байланыстырады,
жалпы айтқанда, оқушының белсенділігі артады.
Дебат сабақ.
Сабақ дебат түрінде өтіледі. Оқушыларға тақырып бойынша проблемалы тапсырма
оқушының осы сұрақ бойынша беріледі және әрбір Талабаларга муаммоли савол еркін пікірі
тыңдалады. Мұнда оқушыларда тақырыпты түсінумен бірге төмендегіше әрекеттер
қалыптасады:
- өз пікірін еркін айта алу;
-өзгелер пікірін тыңдау және үйрену:
-басқа оқушының пікіріне селқос қарамау;
- өз пікірімен басқалар пікірін салыстыру;
- проблема бойынша дұрыс шешім қабылдау.
Рөлдік ойындар.
Мұнда белсенді оқушылар таңдап алынады және оларға тақырыпқа қатысты рөл
ойнау талап етіледі. Бұл әдісте оқыту процесі 3 басқышта, яғни жағдаятқа қарай отырып рөл
ойнау, жағдайды бақылау және өз шешімін қабылдау негізінде іске асырылады.
“Кластер” әдісі.
Бұл әдіс оқушының өзіндегі алдынан бар білімдер, тақырып бойынша түсініктерге
негізделген. Мұғалім негізгі сөзді тақтаға жазады, оқушылар негізгі сөзді толықтырушы
немесе сөз жауабына байланысты сөздерді айтады. Мұғалім оқушылардың айтқан сөздерін
“Кластер” айналасына топтап, логикалық байланыс пайда етеді.
Балық скелеті техникаси.
Бұл технология үлкен проблемалардың шешімін табуға бағытталған. Балықтың
жоғары бөлігінде проблемалар жазылса, төменгі бөлігінде осы проблемаларды шешуге
қаратылған шаралар немесе осы проблемалар бойынша мысалдар жазылады.
Интернет –технология және аралықтан оқыту
Қашықтықтан оқыту технологиялары
Достарыңызбен бөлісу: |