141
Бағалау түрлерін енгізу - оқушылардың өзіне деген сенімділігін, өзгеге деген шынайы
көзқарасын қалыптастырады. Оқу үрдісінде бағалау түрлерін қолдану, білім сапасы, таным
мен оқу үдерісінің дамуына ықпал етеді.. Оқушылар бағалау кезінде өздерінің қате жіберіп
қоюлары мүмкін екенін түсінеді және мұндай жағдай ұят емес, керісінше одан сабақ алу
керек деп қарастырады. Бағалау түрлері үнемі іске асқан жағдайда, оқушы табысқа қол
жеткізуге ұмтылады, өзгенің пікірін қабылдауды үйренеді, менсінбеушілікті тастап,
керісінше өзгенің пікірін құрметтеуді үйренеді. Оқушы өзін-өзі бағалау кезінде оқыту
дәлелдемелерін жинайды, олардың мағыналарын өзінше түсіндіреді. Өз жұмыстарын
салыстырады және талдайды. Топтағы өз жұмыстарына ынтымақтаса отырып, түзетулер
енгізеді, жаңа мақсаттар қояды. Өзін-өзі бағалау кезінде ағаттықтарды жоюға, мақсатқа қол
жеткізуге тырысады. Жұмыс барысында өз ойын, өз пікірін білдіреді. Мұғалімдер бағалау
түрлерін оқыту тәжірибесінде күнделікті қолданады.. Ал оқушының өз-өзіне, басқаға, топқа
баға беруі өте маңызды, себебі оқыту тәсілдерін жақсартуды емес, оқушыларды өзінің
оқуына анағұрлым тиімді тартылуына мүмкіндік береді, дамытады. Біз осы уақытқа дейін
мұғалімнің жауап алу әдістерін жақсарту жолдарымен қоятын бағасына басты назар
аудардық.. Егер де біз балаларды өзінің оқуына тартқымыз келсе, біз ең алдымен баланың
өзіндік ойын айтуға, өзіндік пікірін қалыптастыруға көп көңіл бөлуіміз қажет.
Қазіргі уақытқа дейін балалар бағалау түрлерін қалай үйренді деген сауалға жауап
беретін болсақ, оқушы әрбір сабақта бағалау қажетті екенін дағдыға айналдыра отырып,
өзіндік ой-пікірін қалыптастырады.
№ 2 гимназия мұғалімдері оқушылардың бірқатар көрсеткіщтер бойынша алға
жылжуын бағалау үшін, сабақтарда бағалау түрлерін қолданды. Мұғалімдер бағалау түрлерін
сабақ үрдісінде пайдалануда қандай қиындықтар, қандай нәтиже бергендігін апта сайын
кездесіп, талқылап отырды.
«Бағалау түрлерін сабақта пайдалану және оның тиімділігі» тақырыбында қала
мұғалімдеріне коучинг ұйымдастырды және қала көлемінде апта бойы ашық есік күндерін
ұйымдастырып, сабақта бағалаудың қолданылуын, маңыздылығын көрсетті.. Басқа
мектептен келген, курстан өтпеген ұстаздар қызығушылық танытып, олар да өз сабақтарында
қолданатындықтарын, оның нәтижесі мол екендігіне көз жеткізді.. Мектебімізде әкімшілік
тарапынан арнайы топ құрылып, топ мүшелері әр мұғалімнің бағалау түрлерін қалай, қай
дәрежеде қолданып жатқанына сараптама жасады және маңыздылығына тоқталды..
Сараптама барысында бағалау критерийлерін құруда және түсіндіруде әлі де
қиыншылықтардың кездесіп жатқаны туралы айтылды. Оқушы табысқа қол жеткізу үшін, әлі
де уақыттың аздығы қол байлау болуда.
Топ мүшелері мұғалімдердің жеткен жетістіктері мен кемшіліктерін анықтап, қалай
жақсартуға болатындығын қарастырды.
Мектеп әкімшілігі, мектеп мұғалімдері сабақ үрдісінде бағалау түрлерін пайдалану,
оқушыны табысқа жетелейтінін түсінді. Әрбір өзгеріс мектеп назарын болашаққа
шоғырландырды, кәсіби дамуға бет бұрғызды.
Егер біз бағалау түрлерін үнемі пайдаланбасақ, назар аудармасақ, дұрыс
ұйымдастырмасақ, ынталандырмасақ, қолдау көрсетпесек, жүйелі жүргізбесек, нәтижесін
көре алмаймыз. Сондықтан алған теориялық білімімізді тәжірибеде, мектеп өмірінде
жалықпай, жалқауланбай пайдаланайық дегім келеді.
Ғұлама ғалым әл - Фараби «Адам мақсатына өзін - өзі жетілдіру арқылы жетеді және
адамның басына қонған бақтың тұрақты болуы жақсы мінез - құлыққа байланысты» деп ой
түйген екен. Ғалымның бұл пікірі оқушы мен мұғалімге тікелей қатысты деуге болады.
Шынымен де, мұғалімнің жақсы мінез құлқы оқушыға дариды және әсер етеді.. Мұғалім оны
оқыту үрдісінде, қолданған әдіс тәсілдерінің барысында және іс әрекетінің нәтижесінде
байқатуы мүмкін. Оқу барысында оқушы оны бойына сіңіреді.. Егер оқушыда жақсы мінез -
құлық болса, ол онда өзінің оқудағы жетістігін тұрақты ұстап тұра алады және өзін - өзі
жетілдіреді. Бағалай отырып,өзіне сын көзқарас қалыптасады деген сөз. Яғни, нәтижелі оқу
жақсы мінез - құлыққа тікелей байланысты. Әр сабақты өткізу барысында мақсат қоя
142
отырып,оқушы тарапынан қандай жетістікке жетіп,нені нақты білу керек деген ұғымды өте
терең пайымдап алу керек. Бала терең ойламауы да мүмкін,мұны естен шығармаған жөн.
Сонда ғана өздігінен бағалау парағының критерийлері шығады. Атап айтқанда, 5-сыныпта
«Түбір және қосымша» тақырыбын өткенде оқушыдан сұралатын нәтиже болмақ:
1. Ереже , түбір дегеніміз не? Қосымшаның түрлерін ата
2. Мәтіннен түбір мен қосымшасы бар сөздерге талдау жаса.
3. 2-тапсырмадағы бос орынға жұрнақты орналастыр.
4. Жаңа сөздерді қатыстырып сөз құра
5. Мәтінді өзің құрастырған жоспар аясында баянда.. Міне,сол сабақтағы топ
басшысы қатарындағы бес оқушыға баға ғана қоймай, талдау жасап, түсінік бере алады.
Сабақтың мақсатымен таныстырғанда, күтілетін нәтижені тақтаға іліп қойса, ықпалы жоғары
болар еді, себебі оқушы өз алдына да мақсат қойып үйренеді. Оқушылар өз жолдастарының
бағалауларына наразылық білдірмей жатады. Мұның өзі өзара түсіністіктің бар екендігіне
көз жеткізуге болады. Пікір айтып үйренген бала,сөздік қорын молайтады,жеке көзқарасы
пайда болады.
Еліміздің білім беру жүйесін 2015 жылға дамыту тұжырымдамасында: «Жылдам
өзгеріп отыратын заманда алынған білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай
білетін, өзін - өзі іске асыруға, өзін - өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік
тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру» деп
нақты көрсетілген. Осы мақсаттың жүзеге асырыла бастауының бірден бір себебі - осы
сындарлы оқыту теориясы деуге болады.. Сындарлы оқытуды жүзеге асыруда бағдарламада
қамтылған жеті модульді сабақтарда ықпалдастырудың маңызы өте зор.
Мысалы,топқа бөлуде алға қойылатын мақсаттар:
Сыныбы. .
5
Тақырыбы
Топқа бөлу
Қайталау
Есіне сақтайды
Дыбыстар
Дауыссыз дыбыстар
нешеге бөлінеді?
Дауысты ,дауыссыз
дыбыстар
1 Дыбыстар
классификациясын
2 Өз есімі қай
дыбыстан
басталады,не
аяқталады
3 Сыныптастарының
есіміне не тегіне мән
береді
7-сынып
Тамақтану
Ұлттық
тағамдар\сурет
арқылы,кесіндіні
үйлестіру
арқылы,атаулардың
орысша баламасын
табу арқылы. т. б.
Қолдану тәсілі,күнделікті
айтылып,дағдыланатын
сөздер
Ұлттық ас
атауларын,тамаққа
деген құрмет. ас ішу
мәдениеті
8-сынып
Қалалар
Қала атауларындағы
буынға көңіл
аудару,біріккен сөзді
Әр қаланың өзіндік
ерекшелігіне мән беру
Мысалы ескі атауы
Ақмешіт, Қазақстаннның
2-астанасы, Билікті жақсы
көретін адамдардың түсі
мен оларды біріктіретін
орын
Облыс орталығының
саны,
Біріккен сөз,қос сөз,
Тарих, хронологиялық
дата, орналасуы
9-сынып
Мұражай-
лар
Сан есім,Мұражай
атаулары,қажеттілігі
Әр мұражайдың өзіндік
ерекшелігіне мән беру
Мысалы ескі атауы
Ақмешіт, Қазақстаннның
2-астанасы, Билікті жақсы
Мұражайдың аты,ұлы
тұлғалардың есімдері,
олардың еңбектері
Достарыңызбен бөлісу: |