Дәстүрлі аймақтық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары



жүктеу 5,63 Mb.
Pdf просмотр
бет161/176
Дата20.01.2018
өлшемі5,63 Mb.
#7677
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   176

326 
 
қауымдық  қоғамның  ыдырап,  жеке  меншіктің  пайда  бола  бастаған  кезеңіне  жатқызуға 
болады.  
Тарихи  әдебиеттерде  «Аламан»  деп  атты  әскердің  шабуылын  атаған  және  «Аламан» 
ұғымына  шабуылдың  жақсы  қаруланған,  ат  құлағында  ойнайтын  жеке  адамды  да  атаған. 
Осының нәтижесінде тезімі әрі  епті  жауынгер  – аламанды тәрбиелеу мақсатында,  «Аламан 
бәйге» жарысы дүниеге келді дейміз.  
Қазақ  жерінде  біздің  дәуірімізге  дейінгі  VIII-VII  ғасырларда  скифтік  тайпалар  – 
сақтар  мекендеген.  Олар  бірнеше  күрделі  одаққа  бірігіп  көшпелі  өмір  сүріп,  негізінен  мал 
шаруашылығымен айналысқан.  
Сақтар  күшті  әрі  жауынгер  халық  болған,  олардың  бұл  қасиеттерін  көрші  халықтар 
жоғары  бағалаған  еді.  Сақтарда  үйлену  тойы  құрметіне  спорттық  жарыстар  өткізу  дәстүрі 
болып отырған. Бұл дәстүр бойынша күйеу жігіт қалындықты тек жарыста жеңу арқылы ғана 
үйленуге халқысы бар еді. 
Жарыстың  бүл  түрі  қазақ,  қырғыздың  «Қыз  бөрі»  ойынына  ұқсайды  деп  антикалық 
хроникалық  әдебиеттерде  көрсетіледі.  Мазмұны  осыған  ұқсас  ойындарды  кейінірек  Марко 
Поло  өзінің  Жетісуға  саяхаты  кезенде  кездестіргенін  жазады.  Бұл  ойындардың  мазмұнына 
талдау жасай келе, қазіргі күнге дейін өзгеріссіз жеткен ұлттық «Қыз қуу» ойыны жоғардағы 
ойындардың негізінде пайда болды деп айтуға толық болатынын айқындайды [5, 15б.]. 
 «Тоғыз  құмалақ»  ұғымы  көптеген  мамандарға  бұл  ойын  қазақ  ойыны  немесе  Орта 
Азия  халықтарының  ойыны  деген  түсінікке жетелдейді.  Бұл  тұжырымды  дұрыс  деп  айтуға 
болмайды, себебі, «Тоғыз құмалақ» ұғымы бертін келе пайда болған, ал ойынның өзі кейбір 
халықтар мен тайпаларға осыдан 4,5 мың жыл бұрын белгілі болған. 
Біз әзірге «Тоғыз құмалақ» ойыны Орталық Африка елдерінде емес Шығыс елдерінде 
алғаш  болды  деп  тұжырымдауға  толық  дәлеліміз  жоқ,  бірақ,  көптеген  стол  үстінде 
ойналатын  ойындар,  оның  ішінде  «Тоғыз  құмалақ»  ойынының  да  таралуы  Орта  Азия  мен 
Қазақстаннан  бастап  Үнді  ман  Орталық  Африка  елдеріне  дейін  жеткен,  оның  үстіне,  бұл 
халықтардың  жер  аралық  қарым-қатынастары  біздің  дәуірімізге  дейінгі  IV  –  III 
мыңжылдықтарда жүзеге асқан көрінеді. 
Түрік  қағанаты  дәуірінде  тайпалар  біртіндеп  көшпелі  өмірден  белгілі  жерлерге 
тұрақтай  бастаған.  Қағанат  жерлерінде  көптеген  қалалар  бой  көтере  бастайды.  Қазіргі 
Жамбыл  қаласының  орнында  болған  Тараз  қаласы  күрделі  сауда  орталығы  болыпты.  Жыл 
сайынғы сауда жәрменкесіне көптеген көпестер, әнші – музыканттар, ат қулағында ойнайтын 
шабандоздар,  құралайды  көзден  ататын  мергендер,  палуандар,  құсбегілер  осы  қалаға 
шоғырланатын болыпты. 
Үнемі көшіп кету өмірі рухани тәрбиесінің дамуына да өз әсерін тигізді. Негізінен ат 
үстінде  жүріп  ойнайтын  ойындардың  ұлттық  түрлері  жақсы  қарқынмен  дамыды.  Қазақтар 
атқа  міне  білу  өнерін  жас  кезінен  бастап  меңгерген,  тіпті  туғаннан  десе  де  болады,  себебі 
аналары  жас  нәрестелерін  ат  үстінде  әлдилеп  жүрген.  Бала  үш  жасқа  толғаннан  бастап  өзі 
жеке атқа мінуге байланысты ата  – аналары ат шаптырып той жасап, онда түрлі  жарыстар, 
ақындар айтысы, әншілер, күйшілер, бишілер қатысқан. Ойын  – сауық аяқталған соң ерлер 
жағы тарайды да киіз үйде тек әйелдер қалады. Олар баланы көтеріп алып, әкесіне береді, ал 
әкесі  баланы  ауылдын  ақсақалына  тапсырады.  Ал  ақсақал  «жігітті»  атқа  мінгізіп  бүкіл 
ауылды аралап силық жинаған. 
Қазақ  халқы  ұлт  ойындарына  бай  халықтардың  бірі.  Бірақ  ол  ертеде  ауызекі  туып, 
жалпақ жұртқа ауызекі таралып отырған да, сондықтан көпшілігі бүгінгі күнге жетпей, ұмыт 
болып кеткен. Қазақтың ұлттық ойындары туралы қағаз бетіне түскен алғашқы деректер ХІІІ 
ғасырдан  басталады.  Оны  алғаш  жинап  Европа  жұртшылығына  таныстырған  Италия 
саяхатшысы  Плано  Карпини  болды.  ХІІІ  ғасырда  Европа  халқына  Моңғол  тарихын 
таныстыру мақсатымен саяхатқа шыққан П.Карпини Жетісу мен Тарбағатайды басып өткен 
кезінде осы өңірді мекендеген ру – тайпалардың тұрмысы, әдет-ғұрыптары, ойын-сауықтары 
жайлы көптеген материалдар жинаған [5,45б.]  


327 
 
Қазақ  топырағына  ағартушылар  қозғалысының  туын  алғаш  көтерген  Шоқан 
Уәлиханов  ұлт  ойындары  жөнінде:  «Ұлт  ойындарының  қалыптасуы  тек  балаларға  ғана 
көректігімен дамып қойған жоқ, ересектердің күнділікті тіршілігіндегі қозғалысы мен көніл 
көтеріп, демалыс уақытын өткізудегі еңбектің бір түрі ретінде де дамыды. Мәселен, әртүрлі 
қимыл әрекетті ойындар мен асық ойындар тайпалық одақтарда ересектер арасында дамыды 
да, кейін келе жасөспірімдерге қалды» - деп жазады. 
ХІХ ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген көрнекті ағартушы, демократ Ыбырай 
Алтынсарин  қазақ  балалрына  мінездеме  бере  келе,  оларды  табиғатынан  дарынды,  талапты 
деп  атап  көрсетеді.  «Еңбек  әулетіндегі  қазақ  балаларының  қиын  өмір  жағдайы  олардың 
интелектіне  із  қалдырған,  тапқырлығын,  сезімталдығын  арттырған.  Қазақ  баласы    қимыл 
қозғалыстарының  арнайы  логикасы  бар,  құрамына  әзіл  –  ысқақ  элементтері  кіретін 
ойындарды, әңгіме ертегілерді сүйген». 
Бала ойын үстінде қоршаған орта жайлы алғаш түсініктерін алады, өз бақылауларын 
жасап,  тәжірибе  жинақтайды.  Бұл  жөнінде  ұлы  ойшыл  Абай:  «Адам  туғаннан  дарынды 
болмайды,  ол  көп  нәрсені  көріп,  оған  баға  бергеннен  кейін  жаманды  жақсыдан  ажырата 
біледі» - деп көрсеткен. 
Ал  Абайдың  тікелей  ұлт  ойындарына  көзқарасына  келсек,  ол  көптеген  ұлттық 
спорттық  ойындарды  жақсы  көрген.  Абай  шығармаларында  бәйге  ойыны  жайлы  да  көп 
айтылады. Ол өзінің бір әңгімесінде: Егер бәйгеге 100 ат қосылып, біреуі сыйлық алса, бірақ 
бірініші емес, онда одан сенің алдында неше ат келді деп сұрайды. Сенің соңында неше ат 
келгенін сұрағаннан не пайда? Артта қалған қатысушының менің соңымнан бес ат келді деп 
қуанғанынан не пайда? Тек біз ғана жаман емес екенбіз деп өзін өзі жұбатқанның қажеті не? 
Абай  халықты  өзіне  жақсы  пайдалы  өнегелі  бағытта  тәлім  тәрбие  алуға 
шақырады.Абайдың 
«Тоғыз 
құмалақ» 
ойынын 
үйренуге 
арналған 
үйірмелер 
ұйымдастырғаны  да  белгілі.  Бұл  ойынды  ойнауға  Абай  ауылына  жан-жақтан  ойыншылар 
жиналып  тұрғаны  да  мәлім.  Ол  әрқашан  өзімен  бірге  осы  ойынға  қатысты  заттарды  үнемі 
алып  жүріп,  қолайлы  жағдай  туса  жарыстар  ұйымдастыра  жүрген.Абай  сияқты  қазақтың 
ұлттық  ойындарына  өзінің  көзқарастарын  қалдырған  атақты  адамдар  көп  емес.  Бұл 
тақырыпқа  арналған  оның  шығармалар  ұлттық  ойындар  тарихын  зерттеуге  үлкен  көмек 
тигізетіні анық.«Адам ата – анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе 
дүниедегі жақсы – жаманды таниды дағы, сондайдан білгені көргені көп болған адам білімді 
болады»  -  дейді  Абай.  Оның  бұл  пікірі  ойынға  да  толық  қатысты  деп  есептейміз.Абайдың 
сүйіп  ойнайтын  «Тоғыз  құмалақ»  ойынына  жақынырақ  тоқталар  болсақ,  бұл  ойынның 
фотосуреті мен ойнау тәртібін қағаз бетіне алғаш түсірген этнограф Н.Пантусов 1906 жылы: 
«Бұл ойын өте көне және кім ойлап тапқаны белгісіз. Ол қазақтың үш ордасының барлығына 
тегіс  тараған»,  -  деп  жазды.  Қазір  бұл  ойының  тарихы  жайында  Н.Пантусовтың 
көрсеткенінен  гөрі  анығырақ  айтуға  болатын  деректер  ашылды.  Қазақстан  Республикасы 
ғылым  академиясының  корреспондент  мүшесі  Ғ.Мұсабаев  жүргізген  этнографиялық 
зерттеулері  нәтижесінде  «Тоғыз  құмалақ»  тас  бетіне  қашалып  салынған  таңбалар.  Ғалым 
мұны  біздің  заманымыздан  бұрын  салынған  суреттермен  қатарлас  қарап,  көне  дәуірге 
жатқызады. 
Біз бұл ізденіс жұмысыңда халық ойындарының даму тарихын зерттей келіп, бірнеше 
ғасырлардан өтіп, бізге дейін жеткен өзінің пайда болған кезінен бастап адамзаттың көптеген 
ұрпақтарына  тәрбие  және  оқыту  құралы  болып  қызмет  еткеніне  көзімізді  жеткізе  отырып 
қысқаша  шолу  жасадық.Тарихының  көнелігіне  қарамастан  ойын  үнемі  жаңа,  ол  тот 
баспайтын, ескірмейтін нәрсе. Өйткені күн сайын дүниеге келіп жататын сәбилердің қиялын 
қозғап, сезімдерін аялайтын, денеге қуат, жанға саулық беріп, рухани азық болатын да – осы 
ойын.Қорыта  келе,қазақтың  көне  ұлт  ойындары  кәзіргі  кезде  көкейкесті  мәселе,себебі 
мектепте  денешынықтыру  сабағында  және  жоғары  оқу  орныдарының  спорт  мамандығында 
ұлт ойындарын жандандырып,оны практика жүзінде іске асырса болашақ жастарымыздың өз 
ұлтының өнерін сүйіп қадірлейтіні сөзсіз деп білеміз.  
 


жүктеу 5,63 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   176




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау