328
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Қазақстан мектебі. Алматы.2011. №5, 20 бет.
2. Абсолямов Г.Ш. «РСФСР-дағы спорттың ұлттық түрлері» Дисс.пед.ғыл.канд.
Москва. 1957.
3. Агаев Г.Г. «Использование опыта применения азербайжанских народных игр в
школах Азербайжана» Дисс.канд.пед.наук Баку. 1965. 20 б.
4. Алекторов Е.А. «Киргизский праздник - байге» «Оренбургский листок» 1987 ж.
№31
5. Алекторов Е.А. «Праздничные игры и забавы Киргизов» «Оренбургский листок»
1888. №
574:37.015.3(045)
АЙМАҚТЫҚ БІЛІМ МЕКЕМЕЛЕРІНДЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘДІСТЕР МЕН ОҚУ
ФОРМАЛАРЫН ПАЙДАЛАНУ
Утегенова К.Р.
«Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебі» КММ, Қарасай ауданы, Шамалған бекеті,
altinsrin71a@mail.ru
«Білім біліктілікке жеткізер баспалдақ, ол біліктік сол білімді іске асыру дағдысы» .
(Ахмет Байтұрсынов)
Заман ағысына сай біліммен қаруланған ой-өрісі жоғары, зерделі, жан-жақты дамыған
маман — уақыт талабы. Кеше ғана көк туын желбіретіп шаңырақ көтерген егемен елімізді
өркениетке жетелейтін білім бастауында мектеп, ал сол мектепте жас ұрпақ бойына білім
негізінің мәңгілік іргетасын қалаушы- ұстаз тұрады. «Мұғалімдер- қоғамның ең білімді, ең
отаншыл, білгілеріңіз келсе, ең «сынампаз» бөлігі болып табылады», — деп Елбасы
Н.Ә.Назарбаев бекер айтпаса керек. Сондықтан да бүгінгі таңда тәуелсіз елімізге білікті
маман, өз ісінің шебері қажет.
Заман талабына сай оқушыларға білім беру, олардың адамгершілік, интеллектуалдық
дамуының жоғары деңгейі мен білімін қамтамасыз етуге бағытталған оқытудың үздіксіз
үрдісі десек, оның тиімділігі мен сапасын арттыру мұғалімнен оқу процесінің ғылыми
теорияға негізделген және оқушының қабілеті мен бейіміне негізделген оқытудың таңдамалы
әдістеріне көшуді талап етеді. Ондағы негізгі мақсат оқушыға сапалы білім беру болып
табылады. Бүгінгі таңда жас ұрпаққа кез келген пәнді ұғындырудың тиімді жолы – жаңа
технология негіздері болып саналады.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытуда жаңа технологияларды пайдалану мұғалім
үшін қандай маңызды болса, ол оқушы үшін одан да маңызды. Жаңа технологиялар
оқушылардың білім сапасын арттыруға, өздігінен жұмыс істеу мүмкіндігін молайтуға көп
көмегін тигізеді.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев атап айтқандай, Қазақстанның болашағы қазақ тілінің
дамуына, тағдырына тікелей байланысты. Сондықтан да орыс мектептерінде мемлекеттік
тілдің оқытылу жағдайына көп көңіл бөлініп отыр. Осы тұрғыда жаңа технологияларды
қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында кеңінен пайдаланамыз.
Бүгінгі оқыту жүйесінде әртүрлі жаңа технологияларды пайдалану тәжірибеге еніп,
оңды нәтижелер беруде. Әрбір сабақта оқытудың тиімді түрлі әдіс – тәсілдерін енгізіп жүрсе,
білім сапасына елеулі әсер етеді. Кез келген сабақты қызықты өткізу үшін әрбір ұстаз
жаңалыққа ұмтылып, ізденіс үстінде болғаны абзал.
Соңғы жылдары оқытудың жаңа технологиялары аймақтық білім беру саласында
кеңінен қолданылып жүрген инновациялық әдістер мен оқу формаларын пайдалануда
отандық әдіскер ғалымдар жасақтаған «Модульдік оқыту технологиясы» (М.Жанпейісова),
329
«Деңгейлік тапсырмалар» (Ж.Қараев), әсіресе қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарына арналған
«Сатылай кешенді талдау» (Н.Оразақынова) т.б. технологиялары мұғалімдердің
қызығушылығын арттырып, оқу үдерістеріне кеңінен ендірілуде. Мұндай әдіс – тәсілдер мен
оқытудың жаңа технологиялары туралы арнайы еңбектер мен ғылыми – әдістемелік
тұрғыдан баяндайтын құралдар, түрлі курстар мен білім сатысы оқулары арқылы
мұғалімдердің әдіскерлік шеберліктерін ұштауларына мүмкіндіктер мол. Сондықтан түпкі
нәтижені таңдаудың, оны мақсатқа сай ұйымдастыра білудің маңызы зор. Оқыту әдістерінің
кез келген түрін белсенді әрекетке айналдыру – мұғалімнің әдіскерлік шеберлігі мен
шығармашылық ізденісіне байланысты болмақ. Оқыту әрекетінде жеке, топтық, ұжымдық
жұмыстарды оқу мазмұны мен мақсатқа сәйкес, үйлесімді түрде жүргізудің қажеттілігі
осыдан туындайды.
Жаңа әрі пайдалы ізденістердің бірі қазақ тілі мен әдебиеті сабағында менің қолданып
жүрген әдістерімнің бірі – «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау» технологиясы. Бұл
технология 18 елдің тәжірибесіне енгізілген. Бұл технология оқушылардың сабаққа деген
қызығушылығын арттырады, ойлау белсенділігін, тапқырлығын, өзіне деген сенімділігін,
іскерлік дағдысын қалыптастырады. Сыни тұрғысынан ойлау технологиясы бойынша сабақ
құрылымы қызығушылықты ояту, мағынаны ажырату, ой толғаныс кезеңдерінен тұрып, әр
кезеңдегі тәрбиелік және оқу мақсаттары әр түрлі стратегияларды қолдана отырып, алға
мақсат қою, мәселені зерттеу, жауап іздеу, оқушылардың өз ойларын ашық айта білуге
тәрбиелейді.
Нақты айтқанда, «Оқу мен жазуды сын тұрғысынан ойлау» стратегиясы сабақты
жоспарлауда өте тиімді. Мұнда оқушының ойы шыңдалып, өз даму деңгейіне сай
жетістіктерге жетуге болады. Сын тұрғысынан ойлау жобасы мынадай үш құрылымнан
тұрады:
– қызығушылықты ояту;
– мағынаны тану;
– ой толғаныс.
Бұл технологияда бұрынғы білім мен жаңа ұғым ұштастырылады. Соңғы кезеңде
оқушы өз шығармашылық қабілетін таныта алады.
Педагогикалық қызметтің басты мақсаты оқушылармен оқу-тәрбие жұмысы
барысында жаңа педагогикалық технологияларды ұтымды пайдалану. Ол үшін жаңа
технологияларды
игеру
және
оны
шығармашылықпен
дамыту,
инновациялық
технологиялармен білім беру.
Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында жаңа технологияларды қолдану арқылы
оқушылардың таным белсенділігін арттыру, қазіргі қоғам талабына сай ой-өрісін дамыту,
шығармашылығын кеңейту, дамыту, терең білімді, бәсекеге қабілетті тұлғаны жасау, заман
сұранысына сай ізденімпаз тұлғаны қалыптастыру. Атап айтқанда, оқыту процесінің
нәтижелі болуы оқытушының сабақ беру шеберлігіне, сабағын қызғылықты жүргізіп, зейін
қойдыра білуіне, оқушылардың өздігінен білім алуға үйренуіне байланысты. Қандай да
болмасын жаңа әдіс-тәсілдер әрбір оқушының өз бетімен оқып үйренуіне сенімін ұялатып,
шығармашылықпен жұмыс істеуіне, қорытынды жасай алуына, сөйлеу мәдениетінің өсуіне
ықпал етеді, білім сапасын арттырады. Оқыту технологияларын сабақта қолдану
оқушылардың білім сапасын арттырып қана қоймайды, олардың жеке тұлға ретінде
қалыптасуына әсерін тигізеді. Жаңа әдіс-тәсілдерді мән-мағыналарына, ерекшеліктеріне
қарай таңдап қолдана білсек, балаға білім беруде ұтарымыз анық. Сондықтан оқытушы үшін
сабақтың жүргізілу жүйесін жетілдіріп, оқу – тәрбие жұмыстарын жүйелеп, сапасы мен
тиімділігін арттырып, өзгерістер енгізуге барлық күш – жігерін жұмсауы тиіс.
Менің ойымша, аймақтық білім мекемелерінде инновациялық әдістер мен оқу
формаларын пайдалануды ізгілендіру, яғни оқу құралдарын оқушылардың өздігінен
танымдық іс-әрекетінде пайдалануға көмектеседі. Оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін
пайдаланудың шарттарының өзі мұғалімнің әрдайым ізденісте, өздігінен білім алудың
жағдайын туғызады. Ол педагогикалық шарттарға: инновациялық ізденіс қажеттілігі;
Достарыңызбен бөлісу: |