Шағын жинақталған мектептердегі оқытудың мазмұны мен әдістері



жүктеу 15,01 Kb.
Дата04.12.2017
өлшемі15,01 Kb.
#2889

  • Шағын жинақталған мектептердегі оқытудың мазмұны мен әдістері
  • Адыбаева Ләззат Дунгенбайқызы
  • Инновациялық технологиялар және
  • жаратылыстану (гуманитарлық)
  • пәндерін оқыту әдістемесі кафедрасының
  • аға оқытушысы
  • «Өрлеу» БАҰО» АҚ Филиалы
  • Алматы облысы БПҚБАИ

  • Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылға арналған мемлекеттік бағдарламасында шағын жинақталған мектептердің проблемасы басты бағыттардың бірі болып белгіленіп, іс-шаралар жүргізілуде.
  • Бұл мектептердің ерекшелігі –сыныптағы баланың аздығына байланысты, біріктірілген сыныптардың болуы. Біріктірілген сыныпта әрбір сабақты тиянақты өткізудің тиімді-әдіс тәсілдерді таңдау - ұстаздан кәсіби шеберлікті талап етеді. Әр түрлі жастағы оқушылардың мүмкіндіктерін, жас ерекшелігін ескеру, өздігінен білім алуға қызығушылығын ояту бір пәндік, бір тақырыптық ұстаным негізінде кіріктіре оқыту шағын жинақталған мектептер үшін тиімді болып табылады.
  • Шағын жинақталған мектептің мұғалімдері екі кейде үш, төрт сыныпты қосып оқытуға мәжбүр болады. Тек бірінші сыныпқа ғана жеңілдік жасалады, өйткені онда тым жас және мұғалімнің көмегінсіз өз бетінше жұмыс істей алмайтын балалар оқиды. Оқу жылының алғашқы үш-төрт айы бойында жеке оқытылуы керек. Егер бір мезгілде барлық бөлімдермен мазмұны жағынан жақын және біртектес пәндер оқытылса, шағын жинақталған мектепте сабақ жүргізу жеңілдейді.
  • Шағын жинақталған мектептің оқу-тәрбие ісінде уақытты дұрыс пайдалану үшін, мұғалім істі ең алдымен орындалатын жұмыс түрлерін: мазмұндама, диктант, бақылау, жоспарын және керекті схема түрлі түсті суреттерді күні бұрын дайындап алу керек. Бұл жерде уақытты дұрыс пайдалану оқушылардың сабаққа деген ынтасына да елеулі ықпалы барын ескерген дұрыс.
  • Мысалы: балалар бірден жұмысқа кірісіп кетуі үшін 5-10 минут шамасында тапсырма беріледі. Бұл кезде басқа сынып оқушылары өздігінен орындайтын жұмыстармен айналысады. Ал өздігінен оқуға арналған тапсырманың мақсаты айқын болуы тиіс. Ол үшін мәтінді ойланып оқуға бейімделу жағын білу керек. Екі немесе үш сыныппен өткізілетін сабақты ұйымдастырғанда оқушының білімін бағалау, жеке жұмыс жүргізу, тапсырманы өздігінен қалай орындағандықтарын бақылап, жұмысын тексеріп отыру да педагогикалық шеберлікті, жете мән беруді талап ететін мәселелер.
  • Шағын жинақталған мектеп мұғалімдерінің жұмысының нәтижелі болуы, олардың жұмысты дұрыс ұйымдастырып, дұрыс жоспарлай білуіне байланысты. Ол үшін мұғалім оқу материалын сынып-сынып бойынша күні бұрын жоспарлауы тиіс. Атап айтқанда жоспарда төмендегі жағдайлар ескерілуі керек.
  • Жаңа сабақты түсіндіру, қайталау сабақтарын жүргізу, сабақты бекіту.
  • 2. Әр сыныптағы оқушылардың сабаққа дайындығы, өздігінен
  • орындайтын жұмыстарға бейімділіктері.
  • 3. Өтілген тақырыптардың ауыр-жеңілдігі.
  • 4. Екі сыныпта өтілетін тақырыбы, мазмұны жағынан жақын,
  • бір-біріне ұқсас тақырыптарды іріктеп алып, өтілетін
  • мерзімін көрсету.
  • Шағын жинақталған мектептегі сабақтың шамамен 20-25 минутын балалар мұғалімнің басшылығынсыз жұмыс істейді. Бір сыныппен жұмыс жасайтын мұғалім кей сабақтарында өз бетінше жұмыс өткізбеуі де мүмкін. Ал бірнеше сыныппен жұмыс істейтін мұғалімнің педагогикалық міндеті, жеке сыныппен жұмыс істейтін мұғалімнің алдына қойылатын талаппен бірдей, бірақта өз бетінше жұмыс көбірек жасалынады.
  • Жұмыстың нәтижелі болуы, сабақта өз бетінше жұмыстар орындауға берілген уақытын тиімді пайдалана білуіне байланысты. Өз бетінше жұмысты балалар үлкендердің көмегінсіз өздігіген орындайды. Берілген тапсырманың мақсаты айқын, оқушыға түсінікті болуы керек. Мұндай жұмыс тапсырылғанда, оның ауыр-жеңілдігіне, қанша уақытта орындалатынына баса назар аударған дұрыс.
  • Өз бетінше жұмысты сабақтың кез келген кезеңінде тапсыруға болады.
  • 1. Жаңа сабақты түсіндіру кезеңінде.
  • 2. Қайталау сабағында.
  • 3. Сабақты бекіту кезеңінде.
  • Өз бетінше жұмыстарға сыныптар бойынша шамамен төмендегідей уақыттар бөлінеді:
  • 1 сыныпта 5-10 минут;
  • 2 сыныпта 10-15 минут;
  • 3-4 сыныпта 18-20 минут.
  • Мұғалім оқушылардың өздігінен орындайтын жұмыс түрлерін, әр пәннің ерекшелігін ескере отырып, алдын ала дайындалуы керек. Сонда ғана сабақ жүйелі, өзіндік жұмыстар сапалы болады. Оқушылардың өзіндік жұмысты орындауы бірден қалыптаспайды. Күрделі болғандықтан қарапайым сатыдан жоғарылатып, күрделі сатыға қарай дамиды.
  • Оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыруда мынандай қағидаларды есте сақтау қажет.
  • 1. Өздігінен орындайтын жұмыстың мазмұны
  • бағдарламадағы талаптарға сәйкес болуы.
  • 2. Өзіндік жұмыс оқушылардың ойлау
  • қабілетін дамытуы тиіс.
  • 3. Өзіндік жұмыстың түрі, мазмұны әр түрлі
  • болу керек.
  • 4. Әрбір өзіндік жұмыс тексеріліп, бағалануы
  • тиіс.
  • Шағын жинақталған мектеп мұғалімдері бастауыш сыныптарды дұрыс бөлуі керек. Мектепте бір мұғалім 1- 3 сыныпта, ал екіншісі 2-4 сыныпта сабақ жүргізуі тиімді деп есептелінеді.
  • Мұндай бөлу мұғалімге өз бетімен жұмыс істеу дағдысы әлі қалыптаса қоймаған 1-2 сынып оқушыларына көп көңіл бөлуіне мүмкіндік береді. Сол уақытта 3-4 сынып оқушылары өзіндік жұмыс пен практикалық тапсырмаларды орындаумен айналысады.
  • Сонымен қатар шағын жинақталған мектептерде сабақ кестесін дұрыс жасау мұғалімнің жұмысындағы негізгі бір мәселе. Сабақ кестесін дұрыс жасау, сабақ жоспарын жан-жақты ойластыра отырып құрастыру, әр сыныптағы сабақ уақытын ұтымды пайдалану мұғалімнің шеберлігіне байланысты.
  • Шағын жинақталған мектептердегi оқу үрдiсiнiң тиiмдiлiгi төмендегi жағдайларға байланысты. Олар: - сыныптарды бiрiктiрудiң педагогикалық ұтымдылығы
  • мен дұрыстығы; - сабақ кестелерiнiң оңтайлы жасалуы;
  • - тәрбие мен оқытудың тиiмдi әдiстерi мен түрлерiн
  • таңдау, оларды технологиялық үрдiсте дұрыс үйлестiру
  • және пайдалану;
  • - өздігінен орындайтын жұмыстың мазмұны
  • бағдарламадағы талаптарға сәйкес болуы ;
  • сабақтың белгiленген мақсатқа сай неғұрлым тиiмдi
  • құрылуын анықтау.
  • оқу-тәрбие жұмысының сабақтық және сабақтан тыс жұмыс түрлерiн дұрыс жоспарлау; 
  • балалардың бойында бiлiм алу және өздiгiнен бiлiм жинай бiлу дағдыларын қалыптастыру;
  • оқушылардың бiлiм және тәрбие деңгейлерiнiң дамуының ғылыми диагностикасы;
  • оқушылардың бiлiм, бiлiктерiн iзгiлiктi педагогикалық ұстанымдарға - негiзделген жүйелi бақылау;
  • әр түрлi жастағы балалардан құралған бiрлестiктердi ұтымды басқару, оқытудың интербелсенді әдістерін қолдану;
  • Қорыта айтқанда, әлемдік білім кеңістігіне ену жағдайында қоғам бізден, яғни мектеп мұғалімдерінен бәсекеге қабілеттілікті, шығармашылықты, құзіреттілікті талап етеді. Сондықтан да, үнемі ізденісте болған мұғалім ғана терең ойлы, интеллектуалдық потенциалы жоғары, бәсекеге қабілетті, Отанын сүйетін шәкірттерді тәрбиелеп үлкен өмірге сенімділікпен аттандыра алады.
  • Назарларыңызға рахмет!

жүктеу 15,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау