321
назардан тыс қалдырмай жеке көмек түрін ұйымдастырмаса, екеуі де жаман оқушылар
қатарына қосылады. Сол себепті оқушылардың жан-жақты мүмкіндіктерін ескере отырып,
ұжымдық оқыту әдісін қолдандым.
Бұл дегеніңіз – оқуға берілетін кӛмекті ӛзіндік топтық, жүптық негізінде орындау
арқылы әрбір оқушы жоғарғы нәтижеге жету үшін мүғалімнің істейтін іс- әрекеттерінің
жиынтығы. Мұндай әрекеттерді іске асыру үшін мұғалім ең алдымен сыныптың
«педконсилиум» мәліметтерімен танысуы тиіс.
Бұл тұрғыдан алғанда әрбір оқушыны өз мүмкіндіктеріне, қарай білім, дағды
алатындай етіп оқытқан жөн. Мысалы, қабілетті оқушылары көп ыныпта логикалық
жетілген,оқулықпен жүмыс істей алатын оқушылар үшін жаңа материалды түсіндіруде
ділгірлік – ізденіс әдісін қолданған дұрыс. Ал орташа,нашар оқушылары көп сыныпта
репродуктивті әдісті қолдана отырып, сабақ ойын, әңгімелесу түрінде өткені ұтымды.
Оқушыларды топ бойынша оқытуға бола ма, оның өзіндік ерекшелігі неде, мұғалімге
оның тиімділігі кандай? Бұл мәселе төңірегінде сөз қозғайтын болсам, онда біріншіден,
оқушының әлеуметтік – психологиялық танымы, екіншіден, оқушының ынтасы, үшіншіден,
теориялық дайындығы есепке алынуы тиіс. Ұжымдық оқытуда құрамы ауыспалы жұптардың
қозғалысы арқылы оқушылардың нені білетінін, нені меңгергенін, нені меңгермегенін
білемін, соның нәтижесінде оқушыларда намыс оты оянып, басқалардан қалып қалмауын
ойлап, мүмкіндігіне қарай дайындық жасап, қозғалып құрамын ауыстырып отырады.
Ұжыммен жұмыс кезінде мен сұрақтар қою, деңгейлік тапсырмалар беру, сынақ, тест
сұрақтары, іскерлік ойындар ,сөзжұмбақ т.с.с. тапсырмаларды пайдаланамын.
Бүгінгі жас ұрпақтың ойлау жүйесі басқа. Азат ойлы. Еркін. Адамға тек білім ғана
жолдас бола алады. Сол мәңгілік жолдасты жанымызға серік ете алғанда ғана біз көздеген
мақсатымызға жете алатынымызды ерте сезінгеніміз жөн. Өйтпегенде бәрі кеш болады. Абай
атамыздың «Қолымды мезгілінен кеш сермедім» деуі соның дәлелі емес пе?! Иә, Абай
наразы болған халық сол қара түнек қоғамның пердесін сыпырып тастады. Бірақ перденің
нілі санамыздан әлі тазара қоймаған секілді. Қайткенде де санамыздағы білімсіздікке қарсы
пиғылымызды мәңгілікке аластатуымыз керек. Көптеген алаш арыстары келешек жастарды
«тек білім іздеп, білімге құштар бол!», «Оқысаңыз балалар, шамнан шырақ жағылар» - деп өз
өлеңдерінде бекер өсиет етпеген. Өйткені бар байлықтың кілті - білімде екенін сананы
улаған қараңғылықты өз жарығымен нұрландырып, жарқын болашаққа жол ашатын тек білім
екенін қазақ зиялылары о бастан-ақ ұғынған. Сондықтан ертеңгі елдің таңы жарқын, күні
шұғылалы, еліміздің мәртебесі асқақ болсын десеңіз, бүгінгі ұрпақ, бүгінгі мектеп
партасында отырған озат бүлдіршіндер ертеңгі туын желбіретер, тізгінін ұстар жас ұлан
өздерің екенін ұмытпаңыздар! Оқуыңды баға үшін емес, өзіңнің болашағың үшін қажетті
екенін есіңнен шығарма. Бүгінгі мектеп партасында алған әрбір бағаң – болашақтағы әрбір
табысың деп біл, озық ойлы Қазақ елінің ертеңгі патриоты!
Компьютерлік технологияларды химия сабағында қолданудың тиімділігі
Электрондық оқулықпен оқыту әдісі
• Модульдік жүйемен жазылған
• Зертханалық-сарамандық жұмыстар қамтылған
• Тест жұмыстары
• Сан есептері
Интерактивті оқыту әдісі
• Кез келген педагогтың интерактивті білімі мен біліктілігін қалыптастыру;
• интерактивті жабдықтармен жұмыс жасау технологиясын меңгерту;
• интерактивтік тақтаның мүмкіндіктерін оқу үрдісін сапалы түрде өткізу әдістеріне
қолданудың біліктілігін қалыптастыру;
• он-лайн режимінде жұмыс жасауды ұйымдастыру икемділіктерін қалыптастыру;
• ақпараттық-коммуникациялық технологияларын қолдану бойынша біліктілік
құзырлылығын көтеру.
Химия ырыс бұлағы
322
Шалқыған байлық, мол дәулет
Құдіретті біздің ой
Аялап күтіп тұр алда Болашағымыз-нұр сәулет. Сенде байлық, сенде ырыс
Сенімен өмір сәнді ғой
Пәні
10 "Б" сынып Химия
Сабақтың
тақырыбы
8.7 Кремний және оның қосылыстары
Мақсаты
Кремний және оның қосылыстарының қасиеттерін логикалық ойлауын
дамыту.
Оқыту
нәтижелері
- Кремнийдің атом құрылысын біледі;
- Кремнийдің қасиеттерін біледі;
- кремний қосылыстары бойынша ажырата біледі;
- өзара әрекет арқылы бір-бірімен кеңесу, тақырыпқа сәйкес
түсініктерін одан ары дамытады.
Сілтеме
Марта Бронсон өзін-өзі реттеу; СТО; Александер Диалог негізінде оқыту;
АКТ. Мұғалімдерге арналған Нұсқаулық -2012ж
Сабақ
кезеңдері
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Ұйымдастыру
2 мин
Амандасу;
психологиялық ахуал
туғызу;
топ ережесімен таныстыру;
Бағалау критерийлерін
түсіндіру
топ ережесіне бағынады
бағалауды түсінеді
Білу, тану
5 мин
№1. Мұғаліммен оқушының
диалогі
1. Көміртектің құрылысы мен
физикалық қасиеттері қандай
екенін түсіндіреді?
2. Көміртек қай жерлерде
кездесетіні бойынша
сипаттайды?
3. Көміртек қандай заттармен
әрекеттесетінін жазады?
4. Көміртектің қосылыстарын
атап өтеді?
5. Көміртек қосылыстарын
қайда қолданатын айтады?
№2 Бейнефильмнен көрген
көріністі талдау арқылы жаңа
тақырыпты ашу.
1. Көміртектің құрылысын, физикалық
қасиеттерін, табиғатта таралуын,
химиялық әрекеттесуін, қолданылуын
кері байланыс арқылы ойларын айтады.
Түсіну
20 мин
Оқушылар смайликтер арқылы
топқа бөлінеді.
1-топ:
Кремнийдің атом
құрылысы, табиғатта таралуын
2-топ:
Алынуы
мен
физикалық қасиеттерін
3-топ: Химиялық қасиеттерін
4-топ: Кремний (ІV) оксиді,
кремний
қышқылы
және
силикаттар
1-топ: Кремнийдің атом құрылысы,
табиғатта таралуын орындайды.
2-топ: Алынуы мен физикалық қасиеттері
туралы ойларын айтады
Кремнийдің
аллотропиялық
түр
өзгерісін талдайды.
Достарыңызбен бөлісу: |