318
Жобаның мүмкін болатын бірнеше нұсқаларын құрастыру;
Өз жобасын берілген үлгіге сәйкес бағалау;
Критерий F
Сәйкес терминдерді қолданып, ғылыми ақпаратты жеткізу;
Өз мысалдарын келтіру және түсіндіру;
Ақпаратты түсінікті түрде көрсету;
Ақпаратты тиімді түрде көрстеу үшін сәйкес технологияларды қолдану;
Компьютер көмегімен берілгендерді іздеу,сақтау, құру, өңдеу және тасымалдау тәсілдерін
дұрыс қолдану;
Критерий G
Шешу әдістерін талдау, өз қорытындыларының дұрыстығын дәлелдеу;
Шығармашылық авторлық ойларын түсіндіру,талқылауларға қатысу;
Шығармашылықты талдау және бағалау;
Критерий H
Қойылған есепті шешу үшін стандартты емес тәсілдерді қолдану;
Топ мүшелерінің ойларымен бөлісе отырып, команда мүшесі ретінде тиімді жұмыс істеу;
Қызығушылықпен, тәуелсіз және позитивті түрде жұмыс істеу.
«Енгізу және шығару операторы» тақырыбы бойынша тапсырма
Тапсырма: Төмендегі өрнекке мәндерін есептеуге арнаған программа құр.
Бағалаудың жалпы критерийлері
Критерийлер
Оқушылардың
білімдік
жетістіктерін
бағалаудың
максималды деңгейі
А
Білу және түсіну
5
В
Программаның орындалуы
3
Барлығы
8
Бағалаудың критериалдық шкаласы
Критерийлер
Дескрипторлар
А
(mах 5)
0
Оқушы критерийлердің ешқайсысын орындаған жоқ
1
Оқушы программаның құрылымын, айнымалы типтерін
анықтауды біледі.
2
Оқушы программаның құрылымын, айнымалы типтерін
анықтауды біледі, енгізу операторын қолданады.
3
Оқушы программаның құрылымын, айнымалы типтерін
анықтауды біледі, енгізу операторын қолданады,
стандартты функциялар арқылы математикалық өрнекті
программа тілінде жаза біледі.
4
Оқушы программаның құрылымын, айнымалы типтерін
анықтауды біледі, енгізу операторын қолданады,
стандартты функциялар арқылы математикалық өрнекті
программа тілінде жаза біледі, шығару операторын жаза
алады.
5
Оқушы программаның құрылымын, айнымалы типтерін
анықтауды біледі, енгізу операторын қолданады,
стандартты функциялар арқылы математикалық өрнекті
программа тілінде жаза біледі, шығару операторы,
319
шығару операторындағы жазылу пішімімен жаза алады.
В
(mах 3)
0
Оқушы критерийлердің ешқайсысын орындаған жоқ
1
Turbo Pascal 7.0 программасын қоса алады.
2
Turbo
Pascal
7.0
программасын
қоса
алады,
программаның мәтінін тере алады, қатесін тексере
біледі.
3
Turbo
Pascal
7.0
программасын
қоса
алады,
программаның мәтінін тере алады, қатесін тексере
біледі, программаның берілгенін және нәтижесін көрсете
алады.
Ұпайлар санын бағаға айналдыру
Барлық ұпайлар қосындысы
Баға
100-89% немесе 8-7 ұпай
«5»
88-75% немесе 6-5 ұпай
«4»
74-61% немесе 4-3 ұпай
«3»
61% және одан төмен немесе 2-1 ұпай
«2»
Оқушыға баға қою үшін тексеру парағы
Критерийлер
бойынша
ұпайлар
Ұпайлар қосындысы
Баға
А
В
3
2
5
«4»
Бағалау жүйесінің негізгі мақсаты- білім сапасын арттыру болып табылады. Ал қазіргі
заманғы білім сапасы дегеніміз ол білім алушының келешектегі өзінің әртүрлі жеке
мәселелерін шешуге керекті, қажетті құзіреттіліктерін қалыптастыратын білім беру нәтижесі.
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Безукладников К.Э. «Организация деятельности учащихся на уроках в школах»
реализующих программы международного бакалавриата», Пермь, 2010, ПМГУ;
2. Шнейдер М.Я. «Оценка качества образования в школах Международного
бакалавриата», Вопросы образования, 2005, № 1.,С. 2–28.
3. Красноборова А.А., «Критериальное оценивания как технология формирования
учебно-позновательной компетентности учащихся», Нижний Новгород, 2010.
УДК 378. 1 (076)
ЗАМАНАУИ МЕКТЕПТЕ ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ПӘНДЕРІН ОҚЫТУ
Уразалиева У.К.
«Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі» КММ, Қарасай ауданы, Шамалған бекеті,
s.aim85@mail.ru
«Ғылым - адам санасына болмысы бөлек,
ерекше ұғымдарды орнықтыру арқылы ғана ұялайды»
Әл-Фараби
ХХІ ғасыр - ақпарат алмасу мен технологияның қарқынды түрде дамыған заманы.
Егемендігін әлем мойындаған жас мемлекетіміз жер шарындағы өзге алпауыт елдермен
терезесі тең түрде қарым-қатынас орнату үшін заманауи біліммен мықтап қаруланған
320
ұрпақты тәрбиелеу керек. Бала күнімізде «Мектеп-кеме, білім-теңіз» деген сөзді жиі
қайталағанымызбен астарына мән бермеуші едік. Есейе келе түсіндік. Адам баласы өміріне
қажетті рухани азықты алғаш отбасынан алса, кейіннен мектеп қабырғасынан үйренеді екен.
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің
қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақ елін 30 дамыған елдер қатарына
жеткізіп, терезесін тең ететін – сапалы білім». Әрине, әдемі сөз бен әсерлі ой тұнығына
жетелеген бүгінгі ой толғамым – құстай ұшып, дамып бара жатқан қоғамды жасауда
болашақта үлесін қосар мектеп-ана құшағында сапалы білім, саналы тәрбиемен қаруланып
жатқан озат оқушылар әлемі жайлы болмақ. Қай білім ордасы болмасын, үмітін үкілеп
ұшырған әр шәкіртін мақтан тұтып, өрге, қияға басқан қадамына сәттілік тілеп, ертеңгі күн
өзі білім алған мектебінің, өз ауылының атын шығарар, қоғамға үлес қосып, кірпіш дүниенің
кетігін тауып қалатынына сенім білдіріп, үміт күтеді. Ол - өз туған жерін гүлдендіріп,
нұрландыратын да, шын жаны ашитын да туған жер перзентінің басты парызы. ХХІ ғасырда
өз дәстүрін жалғаған білім ордасының басты мақсаты – сауатты оқушыларды сапалы білім
алуға ұмтылдыру, мектептің, оқушылардың білім сапасын арттыру, білімге ұмтылған оқушы
әлемін жасау, заман талабына сай сапалы біліммен қаруландыру.
Еліміздің, қоғамның экономикалық,саяси, мәдени дамуына үлес қосатын әлемдік
өркениетке көтерілетін білімді де, мәдениетті, парасатты азамат тәрбиелеп шығару ұстаздар
қауымының бүгінгі таңдағы басты міндеті. Ол үшін жұмысқа жаңашыл бетбұрыс керек.
Қазіргі педагогика теориясына елеулі өзгерістер еніп, білім беру жүйесінде жаңа
технологиялар өмірге келуде. Оны меңгеру мұғалімнің өзін-өзі дамытып, оқу тәрбие үрдісін
ұйымдастыруына көмектеседі.Оқытудың жаңа технологияларын алдымен жете меңгеріп,
одан соң оны оқу мазмұнына,оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне қарай
таңдап пайдаланудың маңызы зор. Осыған орай соңғы кезде оқытудың ұжымдық түрі мектеп
практикасына енгізілді.
Ұжымдық оқыту әдісі - дәстүрлі сабақ жүйесін толықтыру емес, білім жүйесінің
сапалы деңгейін көтерудегі ең негізгі әдістердің бірі. Осы әдіс арқылы:
1.Оқушылар құрамы ауыспалы жұппен, өзара және оқушылар мен мұғалім
арасындағы мәдени қарым-қатынасты нығайтады;
2.Оқушының танымдық ойлау әрекетін, қабілетін, ойлау белсенділігін дамытады;
3.Оқушылар өзара топпен, құрамы ауыспалы жұппен жұмыс істей отырып, арнайы бір
шешімге келе алады;
4.Өзіндік пікірін ашық айтуға, шығармашылық ізденіске бағыттайды;
5.Оқушылардың өзіндік ізденісінің нәтижесінде ұжымдық оқыту әдісі арқылы ой
өрісін кеңейтуге, көзқарас айта білуге, яғни өзіндік тұжырым жасай білуде маңызы өте көп.
Ұжымдық оқыту әдісі – әрбір мұғалімнің өз ісінің шеберлігін көрсететін, оның
жұмысқа деген талғамын арттыратын және тәрбиеленуші -лердің алғысына бөленетін ХХІ
ғасырдың ең үздік әдістерінің бірі. Ұжымдық оқыту - бұл оқушылардың танымдық,
шығармашылық, теориялық және тәжірибелік іскерлігін оңтайлы басқару жүйесі.
Қазіргі заман жағдайында мұғалімнің оқыту қызметін ашып беруге талпыныс
«оқушы-оқушы», «оқушы-мұғалім» арасындағы бірлескен жұмысы қажет. Менімше, бұл
белсенді оқытудың нақты әдістерімен түрлері оқушылардың ұжымдық жасау қажет.
Оқыту жүйесіндегі ең басты тұлға – бала. Егер мұғалім әрбір балаға сабақта дербес
назар аударып, дер кезінде көмектессе, зер салса, онда әрбір оқушы өзін мұғаліммен теңмін
деп сезінеді, оның адамгершілік көмегін шын ниетпен қабылдайды.
Осындай ынтымақтастық педагогикасы жағдайында барлық жұмыс істей білуді,
ойлайды, сүйеді, қуаныш етеді.
Мұғалім үшін ең қиын нәрсе-сенің соншалықты беріліп өткізген сабағынан соң
көздері мөлдіреп, еш нәрсе түсінбей қалған балаларды көру.
Не істеу керек? Мектепке келгенде әрбір оқушы оқимын деген ниетпен келеді.
Бірақ,бәрі бірдей оқи алмайды. Неге? Себебі, әрбір оқушының қабілеті, бейімділігі әртүрлі
болғандықтан, оларды даму ерекшеліктері де сондай. Сондықтан қабілетті оқушыны да
Достарыңызбен бөлісу: |