Дәстүрлі аймақтық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары



жүктеу 5,63 Mb.
Pdf просмотр
бет154/176
Дата20.01.2018
өлшемі5,63 Mb.
#7677
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   176

310 
 
Дұрыс  жауаптың  болуы  осы  талаптардың  орындалуына  байланысты.  Оқушының 
өзіндік  жұмыстарында  мұғаліммен  бірлескен  оқу  әрекетінде  сұрақ-жауап  әдісін  қолдану 
білімді меңгеру үшін маңызды роль атқарады. 
Мектепте  педагогикалық  үрдісте  өзіндік  жұмыстарды  ұйымдастыруда  «Эссе» 
әдісінің  мәні  оқушыларды  шығармашылықпен  жұмыс  істеуге  бағыттайды.  «Эссе» 
әдісін  сабақ  соңында  өздігімен  орындайтың  тапсырма  ретінде  беру  үшін  мұғалім  оның 
тақырыбын дайындап айту керек. Мысалы, сабақ тақырыбы «Ауаның ластануы» бойынша 
оқушыларға  «Менің  ауаны таза сақтау мәселесі бойынша ой пікірім» деген тақырыпқа 
эссе  жазу  тапсырылады.  Оқушылар  эссе  жазу  барысында  жан-жақты  ізденеді,  түрлі 
теорияның  мағлұматтарымен  танысып  мәселені  талқылайды,  өз  ойын  жүйелеп,  шағын 
шығарма жазады. Бұл әдістің тиімділігі оқушылардың шығармашылығын дамытуда 
Сабақта қолданылатын белсенді әдіс-тәсілдері 
1 .Топтық жұмыс.  
2. «Ойға шабуыл» 
3.Мәтінді рольге бөліп оқу әдісі. 
3. Бірлескен ізденіс. 
4. Хабарлап оқыту әдісі. 
Бүгінгі  күні  мектепте  оқушыларды  оқытудың  жаңа  жолдары,  әдіс-тәсілдері 
айқындалуда.  Осы  орайда  мемлекеттік  «Білім»  бағдарламасында  атап  көрсетілген  «Сапалы 
білімге қол жеткізуді қамтамасыз ететін білім беру жүйесінің ұлттық үлгісін» кұру, «әлемдік 
білім  кеңістігіне  интеграциялау  үшін  жағдай  жасау»  -  бүгінгі  мектептің  алдында  тұрған 
міндет.  Белсенді  оқыту  әдістерін  қолдану  үшін  мұғалімнің  өздігімен  дайындалуы,  сол 
әдістерді тиімді пайдалану тетіктерін меңгеруі - үнемі білімді дамыту негізінде мүмкін. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
1. Қазақстаи Республикасының білім беруді дамытудың 2005-2010 жылга 
арналған Мемлекеттік бағдарламасы // Егемен Қазақстан - 2004. 
2. Рысбаева А.Қ., Киясова Б. Мектепнда оқытудың жаңа технологияларын қолдану 
мәселелері // Қаз.Мем.Қыз.ПИ. Хабаршы, 2007 №4, 85-88 б. 
3. Беспалько В.П. Педагогика и прогрессивные технологии обучения. - М, 1995 г. 
4. Выготский Л.С. Психология. Т.З.М, 2000 
5. Леонтьев А.Н.Деятельность, сознание, личность. М.2007 г. 
 
 
ЕОК373.1.02:39=(512.122) 
 
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ ДАМУ ГЕНЕЗИСІ 
 
Тундебаева Жансая Серікқажықызы, магистрант  
Ғылыми жетекшісі: Борибекова Ф.Б., ф.п.ғ.к доцент,  
Болысбаев Ж., №3 мектеп мұғалімі 
І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Талдықорған қ., 
tundebaevajansais@g.mail.com
 
 
Педагогикалық  жаңалық  –  жаңа  идеялар,  әдістер,  технологиялар  ғана  емес, 
педагогикалық  үрдіс  элементтерінің  бірлігінің  немесе  жеке  элементтерінің    білім  беру  мен 
тәрбиелеудегі белгілі міндеттерді тиімді шешу жолы болып табылады. 
Технологиялардың  пайда  болу  ең  алдымен  әртүрлі  теориялық  және  тәжірибелік  іс-
әрекетаймақтарына  техникалық  прогрестің  енуімен  байланысты  А.С.Макаренко  бүкіл 
әлемдік танымал «Педагогикалық поэмасында»: «Біздің педагогикалық өндірісіміз ешқашан 
технологиялық логика  құрылған жоқ, әрқашан рухани үгіттеу логикасы бойынша құрылған. 
Тек  сол  себепті  ғана  бізде  педагогикалық  өндірістің  барлық  манызды  бөлімдері  жоқ: 


311 
 
технологиялық  үрдісс,  операциялар  есебі,  конструкторлық  жұмыстар,  құралдарды 
пайдалану, нормалау, бақылау, енгізулер,теріске шығару », - деген. 
Оқыту  үрдісін  технологияландыру  туралы  пікірі  осыдан  400  жыл  бұрын 
Я.А.Коменский  оның  пікірінше  оқыту  «технологиялық»  болу  қажет.  Оның  мағынасы  нені 
үйретсе де, нені оқытса да оқу үрдісі табыссыз болмауы керек. Технологияға мақсат қою,осы 
мақсатқа  жетудің  құралдарын  іздестіру,бұл  құралдарды  қолданудың  ережелерін  табу 
маңызды болды. 
АҚШ-та  үстіміздегі  ғасырдың  30-шы  жылдарында  техникалық  құралдарды 
пайдаланып оқыта бастағанда «білім берудегі технология» термині пайда болды. Бұл көбіне 
оқу үрдісінде техниканы пайдалануға байланысты да болды. 
60-шы  жылдарда  америкалық  және  батыс  Еуропалық  білім  берудегі  реформаларға 
байланысты  «оқу үрдісінде межеленген білім нәтижесіне қалай жетуге болады» мағынасын 
беретін «педагогикалық технология» термині пайда болды. Ал дидактикалық технологияның 
мәселелері біздің заманымыздың екінші жартысында техника мен технологияның қарқынды 
даму нәтижесінде пайда болды. Оқыту технологиясы, яғни кеңірек айтқанда педагогикалық 
технология  ақпаратты  өңдеу,  сақтау,  беру  әдістері  мен  құралдарының  табыстарына 
байланысты  дамудың  барлық  мүмкіндіктеріне  ие  бола  алатын  әлеуметтік    технологияның 
маңызды  компоненті  болып  табылады.  Педагогикалық  технология  ұғымының  қалыптасуы 
мен  дамуының  барысында  педагогикалық  технология  ұғымының  мәні  түрліше 
қарастырылады.  Педагогикалық  технология  мәселесіне  арналған  П.Я.Гальперин, 
В.В.Давыдов,  В.М.Кларин,  Ж.А.Қараев,  Т.Т.Галиев  т.б.  ғылымдардың  еңбектерінде  оқыту 
технологиясын  техникалық  құралдардың  көмегімен  оқыту  деген  ұғынудан  бастап 
педагогикалық технологияны ғылыми тұрғыдан ұғынуға дейін түрліше пікірлер айтылған. 
М.П.Сибирская  бойынша  «әдістеме»  мен  «технологияның»  салыстырмалы 
сипаттамасын қарастырады. 
Міне,  осында  педагогикалық  технологияның  оқыту  әдістемесі  және  тәрбиелеу 
жұмысынан айырмашылығы байқалады.Егер «әдістеме»  ұғымы, оларды орындауға қатысты 
емес  оқытудың  әдістері  және  тәсілінің  жиынтығын  қолдану  көпкейіпкерлік  белгілерінде 
жинақтауын  анықтайды.  Осыдан  келіп,  яғни  кез-  келген  педагогикалық  тапсырма  тек  қана 
белгілі  жетілдірілген  педагог  маманның  іс-әрекеті  мен  негізгі  технологиялардың  көмегімен 
тиімді шешіледі. 
Оқыту технологиясы оқыту мазмұнын жүзеге асыру жолындағы алға қойған мақсатқа 
жетудің тиімділігін қамтамасыз ететін оқытудың әдіс, құрал және түрлерінің жүйесі  болып 
табылады.  Қажетті  мазмұнды,  тиімді  әдістер  мен  құралдарды  бағдарлама  мен  қойылған 
педагогикалық  міндетке  сәйкес    іріктей  білу  мұғалімнің  педагогикалық  шеберлігіне 
байланысты.Берілген  анықтамалардан  “технология”  techne  –  өнер,  шеберлік  және  logos- 
ғылым, заң, яғни технология дегеніміз шеберлік (өнер) туралы ғылым екенін білуге болады. 
Педагогикалық  технологиялар  тарихын,  оның  пайда  болуын  және  манызды 
құрлымдық ерекшеліктерін қарастыру педагогикалық құрылымды түсінуге мүмкіндік береді. 
Ғалымдардың  тарихи-педагогикалық  зерттеулерін  талдау  педагогикалық  технологияның 
бірнеше ғасырлар бойында ғылыми пікірталастың басты нысаны болғанын айқындайды. 
И.Г.Песталоцийдің педагогикалық маңызды мәселенің бірі «Әрбір арнайы даярланған 
мұғалім кез-келген оқушыны оқытып, тәрбиелей алатындай білім берудің  «тетігін» жасауы 
қажет  деуін  оқытуды  технологияландыру  деп  түсінген  жөн.  Сондай-ақ  жиырмасыншы 
ғасырдың  бірінші  жартысындағы  С.Т.Щацкийдің,  Н.И.Попованың,  В.Н.Сорокин-Росинский 
технологиялар  соны  құбылыстар  деуге  тұрарлық.  Әр  түрлі  тұжырымдамалық  негізге 
құрылған  мұндай  технологиялар  ортақ  жалпы  педагогикалық  ұстанымдарды  басшылыққа 
алды. Олар: әр бала өмірдін  және еркіндігін құрметтеу, оқушы тұлғасын шығармашылықпен 
дамыту, оны әлеуметтік мәнді әрекеттерге қатыстыру нәтижесінде әр жақты дамыған тұлға 
қалыптастыру ұстанымдары. 
Ю.Н.Кулюткин  кәсіпкер  ұстаздың  іс-әрекетіндегі  «мөлшерлік  шығармашылық 
белсенділікті»  ара  қатынасы  мазмұны  мен  мәнінен  бөлек,  абстрактылы  түрде 


жүктеу 5,63 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   176




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау