314
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» деп аталатын Қазақстан
халқына арнаған Жолдауында: «...осы заманғы білім беру мен кәсіптік қайта даярлау,
«парасатты экономиканың» негіздерін қалыптастыру, жаңа технологияларды, идеялар мен
көзқарастарды пайдалану, инновациялық экономиканы дамыту, сонымен қатар білім беру
реформасы табысының басты өлшемі – тиісті білім мен білік алған еліміздің кез-келген
азаматы әлемнің кез-келген елінде қызметке жарайтын маман болатындай деңгейге көтерілу
болып табылады. Біз бүкіл елімізде гуманизацияға бағытталған, әлемдік стандарттар
деңгейінде сапалы білім беру қызметіне қол жеткізуге тиіспіз»–деген болатын [3].
Бұл Елбасы Жолдауы талаптарымен ұштасады және жаңа саты маманын даярлайтын
оқу орындарының міндетін айқындайды. Осыған сәйкес жаңа формация маманының басты
міндеті – өзінің және қоғамның мүддесіне өзін-өзі белсендіруге дайын, өзгермелі даму
үстіндегі ортада өмір сүруге бейім, бәсекеге қабілетті және құзыретті, шығармашыл болу.
Біз «құзырет» және «құзыреттілік» ұғымдарын нақты мазмұнмен толықтыру арқылы
білім беруді, оның ішінде оқушының білімділігін жаңаша сипатта жандандыруға мүмкіндік
береді деп есептейміз. [2]
Қоғам қазіргі заман мұғалімінен жоғары мәдениеттілікті, терең рухани және
адамгершілік қасиетті құндылықтарға көзқарастың қалыптасқан жүйесін, ұстаздың өзінің
шәкіртінің шығармашылық деңгейінің дамуына қызығушылық танытуын, инновациялық іс-
әрекеттерге қабілеттілігін, өздігінен жетіле алуын, кәсіби белсенділікті және т.б. қамтамасыз
етуді талап етеді.
Құзіреттіліктің қалыптасу процесі білімнің, біліктің, іс-әрекеттің қалыптасуын
қамтиды, ұстаздың жалпымәдени дамуын, өзінің көзқарасының және тұлғалық кәсіби құнды
қасиеттердің қалыптасуын қамтиды.
Білім болашаққа бағдарланатын болғандықтан, кез-келген маман даярлайтын оқу
орнының басты міндеттерінің бірі-білім алушының кәсіби құзіреттілігін дамыту. Құзірет-
тұлғаның белгілі бір пәндер шеңберіне қатысты білімі, біліктілігі, дағдысы мен іс-әрекеттері
тәсілінің өзара байланысқан сапаларының жиынтығы. Ал құзіреттілік – адамның өзінің іс-
әрекет саласына сай тәжірибесін көздейді.
Психология ғылымының кандидаты Б.К.Жұмағалиева құзіреттілікті тұлға бойындағы
белгілі пән бойынша алған нәтижелі білімнің білім, білік дағдыларынан көрінуі, ал
құзырлылық осы құзіреттілікті өз қажеттілігіне сәйкес қолдана, пайдалана білуі деп
көрсетеді.
Қазіргі таңда білім берудің әлеуметтік құрылымы маңызды элементтердің біріне
айналып отыр. Дүние жүзінде білімнің ролі артып, әр елдің өзіндік білім беру жүйесі
тағайындалған. Қазақстан Республикасындағы үлкен өзгерістердің білім беру саласында
қамтылуы маңызды іс-шара болып табылады. Осы орайда білім сапасын арттыру мақсатында
критериальдық бағалау жүйесін дамыту маңызды екендігі сөзсіз.
Мектеп дамуының қазіргі кезеңінде білім сапасын бағалау жүйесін өзгерту немесе
жаңарту мәселесі неліктен пайда болды? Ол үшін ең әуелі, мәселенің туындауына себепші
болып отырған мынадай қайшылықтарды қарастыру қажет:
1. бес балдық жүйенің қазіргі заманға сай білім жүйесін қанағаттандыра алмауы
(бағаның субьективтілігі, нақты бағалау критериінің болмауы- бағалаудың дұрыс немесе
дұрыс еместігі туралы ақпараттың болмауы);
2. оқушы танымындағы өзгерістер мен білім саласындағы қалыптасқан қарым-
қатынастар сипаты арасындағы қайшылықтар;
3. білім беру жүйесіндегі болып жатқан өзгерістер мен осы жүйені басқарудың
сипаты арасындағы қайшылықтар.
4. әлеуметтік сұраныстардың өзгеруі
Қазіргі білім беру жүйесінің ерекшелігі оның негізгі тауары- құзіреттілік, яғни білім
алушының қандай да бір іс-әрекетке құзіреттілігін дамыту, арттыру, қалыптастыру. Біз
оқушының білімін, біліктілігін, дағдысын бағалаудан оның құзіреттілік қасиетінің
қалыптасуын бағалауымыз керек.
315
Оқушының құзіреттілігін дамытуда педагогикалық технологиялар мен бағалау
жүйесінің алатын рөлі зор. Ал бұл өз кезегінде бағалау жүйесіндегі дамытушылықты қажет
етеді. Қазіргі 5 балдық бағалау жүйесі қалыптасқан уақытта ол оқушының білім деңгейін
көтеруді негізге алып құрылған болатын, ал қазір оқушылардың білімділігі ғана басты рөлде
емес, басты рөлде оқушының құзіреттілігін, оның жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту,
қоршаған ортамен дұрыс қарым-қатынас орнату, өзін-өзі дамыту, өзіндік білімін көтеру
сияқты мақсаттар қойылған.
Әлемдегі бағалау жүйелерінің көпшілігі – нормативті, яғни қандай да бір белгіленген
нормамен салыстыру арқылы бағаланады. Критериалдық бағалау жүйесі нормативті бағалау
жүйесіне жатады. Критериалдық бағалау жүйесі – Халықаралық бакалавриат мектептерінде
кең қолданылады. Бұл бағалау жүйесі – білім алушының құзіреттілігін дамытуға, тұлғаның
қалыптасуына бағытталған бағалау жүйесі.
Критериалды бағалау – оқушылардың білім жетістіктерін ұжыммен келісілген, оқу
үрдісіне қатысушыларға алдын-ала белгілі, оқушылардың негізгі құзыреттіліктерінің
қалыптасуына жағдай жасайтын, білім берудің мақсаты мен мазмұнына сәйкес нақты
анықталған критерийлер бойынша салыстыруға негізделген үрдіс.
Критериалды бағалау міндеттері:
Оқу үрдісінің әрбір кезеңінде оқушының дайындық деңгейін анықтау;
Оқу бағдарламасына сәйкес оқытудың мақсаты мен нәтижелерінің жетістіктерін
оқушылардың өздерінің талдауы;
Әрбір оқушының жеке даму траекториясын бақылау;
Оқу бағдарламасын меңгерудегі олқылықтарды жою үшін оқушыларды
ынталандыру;
Оқу бағдарламасының тиімділігін бақылау;
Оқу үрдісін ұйымдастырудың және оқу материалын меңгерудің ерекшеліктерін
анықтау үшін мұғалім, оқушы және ата-ана арасында кері байланысты қамтамасыз ету.
Критериалды бағалау артықшылықтары:
• Оқушының жеке басы емес, тек қана жұмысы бағаланады;
• Оқушының жұмысы дұрыс орындалған жұмыс үлгісімен (эталон) салыстырылады;
• Үлгі (эталон) оқушыларға алдын-ала белгілі;
• Оқушыға бағалау алгоритмі алдын-ала белгілі;
• Білім берудің сапасы артады;
Критериалды бағалау:
Мұғалімдерге:
• Сапалы нәтиже алуды қамтамасыз ететін критерийлерді құрастыруға;
• Өз жұмысын талдау және жоспарлау үшін ақпарат алуға;
• Оқу үрдісінің сапасын жақсартуға;
• Әрбір оқушының жеке ерекшеліктерін ескере отырып, оқушы үшін оқытудың жеке
траекториясын алуға;
• Бағалаудың әр түрлі тәсілдері мен құралдарын қолдануға;
• Оқу бағдарламасының мазмұнын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізуге мүмкіндік
береді.
Оқушыларға:
• Нәтижені талдау үшін бағалау критерийлерін білу және түсінуге;
• Рефлексияға қатысу, яғни өзін және өз достарын бағалауға;
• Нақты есептерді шешуде білімдерін қолдану, өз ойларын еркін жеткізе білуі, сын
тұрғысынан ойлай білуге.
Ата-аналарға:
• Баласының білім деңгейлерін бақылай алуға;
• Баласының оқу үрдісін бақылай алуға;
• Баласына оқу үрдісі кезінде қолдау көрсетуге мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |