316
Критериалдық жүйе қолданысында білім алушының оқудағы жетістіктерін тексеру
үшін бағалаудың келесі түрлері мен формалары қарастырылған:
Қалыптастырушы және қорытындылаушы бағалау:
• Қалыптастырушы бағалау күнделікті оқу үрдісінде оқушылардың ағымдағы білім
деңгейлерін анықтау үшін және мұғалім мен оқушы арасында өзара байланысты орнату үшін
қолданылады.
• Қорытындылаушы бағалау бұл білімді жалпылау, қорытындылау кезінде, тараудың
немесе модульдің соңында, немесе таным үрдісінің қандай да бір сатысында оқушының
жетістіктерін бағалау үшін қолданылады.
Қалыптастырушы бағалау:
Күнделікті оқу үрдісі кезінде жүргізіледі (өздік жұмыстар, тесттер т.с.с.)
Оқушыға өз жұмыстарын өңдеуге және жоғары нәтижеге жетуге көмектеседі;
Мұғалімге оқушының материалды меңгергені туралы ақпарат жинақтауға,
талдауға және жоспарлауға мүмкіндік береді.
Қорытындылаушы бағалау:
Әрбір бөлім соңында өткізіледі(бақылау жұмысы немесе қорытынды сынақ
жұмысы )
Оқушыларға әрбір бөлім бойынша өз білім деңгейлерін көрсетуге мүмкіндік береді
Мұғалімге оқушылардың жетістіктері туралы қорытынды пікір жасауға және
қорытынды бағаны қоюға мүмкіндік береді.
Формативті немесе қалыптастырушы бағалауды көбінесе «оқушының дүниені тануын
бағалау және білім беруді жақсарту үшін бағалау» деп атайды, себебі, ол оқушының жеке
басының дамуы мен қалыптасуыа көмектеседі. Бұл бағалау жүйесі мұғалімнің әрбір
оқушымен жеке жұмыс жүргізуіне мүмкіндік береді, оқушының материалды
меңгермегендігін басынан-ақ байқауына, оқушы білімін диагностикалауына мүмкіндік
беріп,мұғалімге оқу үрдісін басқаша ұйымдастыруға көмектеседі, ал оқушыға – өзінің білім
алуына деген үлкен жаупкершілікті сезінуді жүктейді. Бағалау – бұл оқушының ілгерілеу
дәрежесін анықтаудан көрі кең ауқымдағы нәрсе. Бағалау оқушының өзінің таным үрдісіне
қызығушылығын арттырып, оны алға жетелейді.Осы орайда формативті бағалау басқа
бағалау әдістерінен қарағанда оқушыға материалды тереңірек түсінуіне көмектеседі,
сонымен қатар сол материалды сараптап, өмірде қалай қолдануға болатындығы туралы
ойлануын оятады. Формативті бағалау суммативті бағалаумен салыстырғанда оқушы мен
мұғалім арасында кері байланысты жылдам қамтамасыз етеді.
Суммативті (немесе қорытынды) бағалау бұл білімді жалпылау, қорытындылау
(қорытындылау бағасы) кезінде қолданылатын, тараудың немесе блоктың соңында, немесе
таным үрдісінің қандай да бір сатысында оқушының өткен шақтағы жетістіктерін қарастыру
үшін қолданылатын және сабақ оқытудан салыстырмалы түрде тысқары, қандай да бір уақыт
аралықтарында өткізіліп отыратын жетістіктер деңгейінің қорытындысын шығаруда , есеп
беруде қолданылатын бағалау түрі. Бағалаудың бұл түрі формативті бағалаумен
салыстырғанда оқушынының қызығушылығын оята қоймайды.
Формативті бағалау шеңберінде мұғалімдерге оқушылардың жетістік деңгейін
тексеріп отыратындай, қандай да бір қабілетін айқындайтын тестілеу, және көпеген елдерде
қолданылып жүрген әдістер мен формалар ұсынылады.Формативті бағалау әдістемесін
қолдану қазіргі таңда мұғалім жұмысын бағалаудың жаңа жүйесінің маңызды критерийлері
болып табылады.
Рефлексия кезінде алған білімдерді бекіту жүзеге асады,жаңа ұғымдарды енгізумен
бірге белсенді қайта құруды елестету;, «менімен сәйкес келетін» білімді меншіктеу сияқты
жаңа мағына туындайды, ұзақ мезімді білімдер қалыптасады. Оқушылар өз ойларын сөзбен
жеткізуге тырысады немесе графиктік түрде (яғни ақпаратты меншіктейді) еркін
дәйектілейді, өз пікірлері мен идеяларын басқа оқушылармен бөліседі, (әртүрлі
көрсетілімдермен танысады) өз жеке бастарының ойлану операциясын сараптайды.
317
«Информатика» пәні бойынша оқушылардың білімдік жетістіктерін бағалаудың
жалпы критерийлері
Критерийлер
Максималды деңгей
А
Білу және түсіну
5
В
Зерттеу
4
С
Жоспарлау
4
D
Жоба құру
5
E
Дизайн
3
F
Коммуникация
3
G
Рефлексия
3
Барлығы
27
Оқушылардың білім деңгейлері мына шкала бойынша бағаға айналдырылады:
Ұпай саны
Баға
%
13-0 ұпай
«2»
49%-0%
18-14 ұпай
«3»
66%-50%
22-19 ұпай
«4»
83%-67%
27-23 ұпай
«5»
100%-84%
«Информатика» пәнін оқытудың мақсаты мен міндеттері
Оқушылар істей білуі қажет
Критерий А
Қажетті ақпаратты іздеп табу;
Алынған ақпаратты түсіндіру;
Ақпаратты талдау;
Ақпаратты техника (компьютер) тіліне «аудару»;
Қазіргі қоғамдағы ақпараттың алатын орны және ролін түсіну;
Адам қызметіндегі ақпаратты сақтау, өңдеу және тасымалдау бойынша қарапайым мысалдар
келтіру;
Ақпараттың әр түрлі формада берілуін анықтай алу;
Критерий В
Мәселені анықтай алу және гипотеза ұсыну, зерттеу мақсатын анықтау, қорытынды шығару;
Зерттеудің әдіс-тәсілдерін анықтай білу;
Қажетті ақпаратты дұрыс таңдай білу;
Қосымша ақпарат іздей алу және оны өз бетімен мақсатқа жету үшін қолдана алу;
Критерий С
Мәселені шешу жоспарын құру (ресурстар және уақытты қолдану арқылы), өз бетімен
сипаттау;
Өз шығармашылық қызметін тиімді жоспарлау және ұйымдастыру;
Критерий D
Компьютермен жұмыс кезінде техника қауіпсіздік ережелерін сақтау;
Бағдарламалық жабдықтардың мүмкіндіктерін тиімді қолдану;
Жұмысты жоспар бойынша орындау;
Жұмысты белгіленген мерзімде орындау;
Берілгендерді дұрыс жинақтау және жазу;
Компьютерде есептер шешу және алынған нәтижелерді талдау;
Есептерді шешу және өз білімдерін жетілдіру үшін жаңа ақпараттық технологияларды
қолдана алу;
Берілген үлгіге сәйкес жобаны құру;
Сапалы жоба құру;
Критерий Е
Достарыңызбен бөлісу: |