Мукажанова Алтын Аксейтовна,
«№27 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ,
Жоғары санатты бастауыш сынып мұғалімі,
Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы
Тұқым және жеміс
-
Сынып: 2«Ә»
|
Оқу мақсаттары:
|
Тақырыптың балаға ой салар идеясын баса ашуға мүмкіндік беру. Өз бетінше қорытынды шығару дағдыларын дамыту. Табиғатты құрметтеуге, сыйлауға тәрбиелеу.
|
Оқу мақсаттары/
Күтілетін нәтиже:
|
Барлығы (А (жоғары), В (жақсы), (орташа): әңгіме мазмұнын толық түсінеді;
Көпшілігі (А,В): топпен жұмыс жасауға дағдыланады;
Кейбіреуі (А): өз ойларын еркін айтып қорытынды шығарады.
|
Тілдік мақсаттар
(тындалым, оқылым, жазылым, айтылым)
|
- Өсімдіктер – тірі ағза жөнінде тыңдайды.
- Өсімдіктер жайлы оқиды.
- Тапсырмаларды жазады.
- Түсінгенін айтады.
|
Алдыңғы оқу
|
Жапырақ
|
Жоспар
-
Жоспарланған уақыт (минутпен)
|
Жоспарланған іс-әрекеттер
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Мұғалім іс-әрекеті
|
Оқушы іс-әрекеті
|
(2 мин): «Кім жылдам?»
|
Үйге берілген тапсырманы сұрақ-жауап арқылы диалогқа түсіру. Слайдта үй тапсырмасын қайталауға сұрақтар жасалып, интерактивті тақтада көрсетіледі.
|
Мұғалім берген тапсырманы орындау. Слайдта жазылған барлық қайталау сұрақтары мен тапсырмалар интерактивті тақтамен беріліп, әр топ өз білгендерін, білетіндерін сыни тұрғыдан ойлау арқылы нақты дәлелдермен жауап береді
|
«Жарайсыңдар!»
|
«Алтын ереже»
|
(7 мин): «Кім алғыр» әдісі
|
Жаңа сабақты бастамас бұрын ой қозғау мақсатында оқушыларға сұрақ арқылы өткен тақырыпты еске түсіруге байланысты бірнеше сұрақтар дайындау
|
Оқушылардың мұндағы мақсаты берілген сұрақтарға жауап беріп, өз ой-пікірлерімен санаса білу. Топпен жұмыс жасау
|
«Ауызша мадақтау» әдісі:
|
Фотосуреттер, сұрақтар, маркерлер, стақандар, смайлик суреттері
|
(10мин) «ЖИГСО әдісі» пайдаланамыз
|
Жаңа тақырыпты оқушыларға қысқаша түсіндіру мақсатында осы көрсетілген әдіс бойынша жаңа материалдарға байланысты ресурстар беру, өз беттерінше дайындық жасату
|
Оқушылардың мақсаты – мұғалімді тыңдау, өз ойлары мен пікірлерін айту. Әдіс бойынша жаңа тақырыпты меңгереді және өз пікірлерін ортаға салады, бір-біріне түсіндіреді
|
«Жақсы!» «Жарайсың!»
|
Плакаттар, сұрақтар, маркерлер, смайлик суреттері
|
(1 мин) Сергіту сәті жаттығу жасау
|
Оқушылармен бірге сергіту сәтін жасау
|
Интербелсеңді тақтадағы бейнероликтегідей жаттығулар жасайды.
|
«Керемет!»
|
|
(15мин): Топпен жұмыс «Дебат» әдісі
|
Топтарға жаңа тақырып бойынша және өткен сабақты толық меңгерту мақсатында тапсырмалар беріледі. Сұрақтар мен қосымша тапсырмалар жаңа тақырып бойынша, сабақты қалай түсінгендігін тексеру және жұмыс істеу
|
Берілген тапсырманы уақытылы орындау, топпен тапсырмаларды талқылау, әр топтан ортаға оқушы шығып, бүгінгі тақырып бойынша өз ойын және пікірін жеткізу, талдау және бағалау, тапсырмаларды орынату. Берілген сұрақтар арқылы топтар бір-біріне сұрақ қою арқылы диалогке түседі.
|
«Смайликпен бағалауы»
|
маркерлер, смайлик суреттері
|
(5мин) Шығармашылық тапсырма «Жаңа тақырыпты біз былай түсінеміз»
|
Мұғалім жаңа тақырыпқа байланысты тапсырма қағаздарын таратады
|
Оқушылардың мақсаты: берілген сұраққа өз ойларын қағазға жазып береді
|
|
|
(2мин) Бағдарша, бағалау парақшалары
|
Бағалау парақшасы мен бағалау шкаласын тарату
|
Өзін-өзі топпен бағалайды
|
«Керемет!»
|
|
(2 мин): Стикерлерді толтыру
|
Оқушыларға стикер толтыруды ұсыну
|
Ұсынылған стикерді толтыру
|
|
|
Үйге тапсырма
|
63 бет, әңгімелеу
|
күнделіктеріне жазып алады
|
|
|
Қосымша ақпараттар
-
Саралау
- Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? (Осы сабақ барысында А, В, С оқушыларыңызға жеке, жұпта, топта қандай көмек көрсетесіз...)
|
Бағалау – Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?
(жалпылама ақпарат/бағалау идеясы)
|
Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтардағы байланыс (Мектеп, оқушы, мұғалім мәдениетіне негізделеді)
|
А оқушыларына жеке жұмыс жасауға тест жұмысы беріледі. В оқушыға тақырып бойынша сұрақтар қойылады.
С оқушыға нақыл сөздерді мәнерлеп оқуға беріледі
|
-оқушылардың бейресми бағалау арқылы тексеруді жоспарладым;
«Ауызша мадақтау», «Смайликтермен бағалау»
«Формативті бағалау».
|
әдебиеттік оқу, өзін-өзі тану пәндерімен тығыз байланысты.
|
Рефлексия Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?
|
Сабақ/оқу мақсаты шынайы. Себебі: Мақсат смарт қойылған, оқушылар жақсы және жаман қасиет түрлерін ажырата алды, мен жасаған саралау жоспарлы түрде іске асты, уақытта өз шеберлігіммен ойдағыдай шықты, алдағы уақытты аса назар аударып отырамын. А, В, С оқушыларымен жұмыс жасау үшін тапсырмаларды жоғары денгейде ұйымдастыру маңызды екенін түсіндім.
|
Достарыңызбен бөлісу: |