4 қосымша Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



жүктеу 154,54 Kb.
Дата05.02.2018
өлшемі154,54 Kb.
#8789
түріБағдарламасы


4 - қосымша

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

«ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ


«PISA халықаралық зерттеулері аясында оқушылардың

ғылыми- жаратылыстану функционалдық сауаттылығын дамыту»

тақырыбы бойынша педагог қызметкерлердің

біліктілігін арттыру курсының типтік

ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Сағат саны: 72

Тыңдаушылар санаты: жаратылыстану пәндерінің мұғалімдері

Оқыту тілі: қазақша



Алматы, 2014


  1. Кіріспе.

«PISA халықаралық зерттеулері аясында оқушылардың ғылыми- жаратылыстану функционалдық сауаттылығын дамыту» курсын өткізу функционалдық сауаттылықты арттыру мақсаты мен міндеттері Қазақстан Республикасы 2011-2020 жылдарда білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасында анықталуына сәйкес жасалды, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға жөніндегі 2012-2016 жж. арналған Ұлттық іс-қимыл жоспарын іске асыру және PISA халықаралық зерттеулері аясында өкізілетін оқушылардың ғылыми- жаратылыстану функционалдық сауаттылығын дамыту әдістеріне арналған педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру бағдарламасына талаптарына сәйкес келеді.

2012-2016 жылдарға арналған оқушылардың функционалды сауаттылығын жетілдіруде Ұлттық іс-шаралар жоспары мақсатқа бағытталған, біртұтастық, оқушылардың функционалды сауаттылығын дамытуға бағытталған іс-шаралар жүйелігін Қазақстан Республикасының мектеп білім берудің сапасын арттырушы негізгі бағыт ретінде қамтамасыз етуге бағытталған. Оқушылар арасындағы функционалды сауаттылықтың қалыптастырудың жоғары деңгейі қоғамда тиімді қызмет етудің қабілеттілігіне, өзін-өзі анықтауға бағытталған қабілет, өзін-өзі дамытуға және қалыптастыруға бағытталады. Нәтижесінде, қоғамға функционалды сауатты, нәтижеге жұмыс істеуге және маңызды жетістіктерге жетуге қабілетті тұлға қажет.

2011-2020 жылдарға ҚР білім беру жүйесін жетілдіруге бағытталған Мемлекеттік бағдарламасы біздің оқушыларымыздың PISA халықаралық зерттеулерінде мақсатты индикаторларды анықтады, оның ішінде 2015 жылы 50-55 орын, 2018 жылы 40-45орын.

2013 жылы PISA-2012 нәтижелері ЭЫДҰ тарапынан (Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы) жарияланды. Аталмыш зерттеу нәтижесінде, 65 елдің ішінде қазақстандық қатысушылар математика бойынша- 49, ғылыми жаратылыстану пәндері бойынша -52, ал оқу сауаттылығы бойынша 63-орынды иеленді.

Қазақстанның аталмыш халықаралық зерттеуіне қатысуы біздің оқушыларымыздың дайындық деңгейлерін әлемнің басқа да елдерінің оқушыларының дайындық деңгейімен салыстыруға, білім беру сапасын бағалауда соңғы әлемдік жетістіктерге сәйкес келетін зерттеулердің нәтижелерін сараптау мен оқу жетістіктерін бағалау, сонымен қатар кросс-ұлтты зерттеулерді жүргізудегі жетекші мамандармен әзірленген әдістемелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Нәтижелер қазақстандық оқушылардың үлесін төмендегідей белгілейді:


  1. Күрделі оқу мәтіндерін тиімді пайдалану, олардың көмегімен күнделікті жағдайларға бейімделу оқу сауаттылығын зерттеу қатысушыларының 5% құрайды (ЭЫДҰ елдері бойынша орташа деңгей 28,6%);

  2. Нақты жағдай үшін нақты модельдермен тиімді жұмыс істеу, әртүрлі тапсырмаларды дамыту және қолдану математика сауаттылығын зерттеу қатысушыларының 4,2% құрайды (ЭЫДҰ елдері бойынша орташа деңгей 16%);

  3. Әртүрлі ғылыми жаратылыстану ғылымдарындағы түсіндірмелерді біріктіретін, аталмыш түсіндірмелерді өмірлік жағдайларда қолдануға бейімдеу, жаратылыстану ғылымдарының рөліне байланысты нәтиже шығаруды талап ететін жағдай аясында тиімді жұмыс істеу ғылыми жаратылыстану сауаттылығын зерттеу қатысушыларының 3,6% құрайды (ЭЫДҰ елдері бойынша орташа деңгей 20,5%)

Бұдан, Қазақстанның PISA қатысуының нәтижелері еліміздегі жалпы білім беру мектептерінің педагогтары жоғары деңгейдегі пәндік білім береді, бірақ өмірлік жағдайларды оларды қолдануға жеткілікті түрде үйретпейтіндері көрсетеді. Сонымен, мұғалімдер логикалық, сыни және конструктивті ойлау негіздері қалыптастырудың тиімді әдістерін жеткілікті дейгейде білмейтіндері аңғарылады.



    1. Курс тақырыбының өзектілігі.

Курс тақырыбының өзектілігі қазіргі білім берудің мақсаттары мен міндеттеріне негізделеді: социум өміріне тиімді түрде қатыса алатын құзыреттіліктердің қалыптасуы, нақты бір жағдайға нақты модельдерді қолданудың нәтижесінде оқушыларды әлеуметтендірудің қажетті талаптары болып саналатын функционалды ғылыми-жаратылыстану сауаттылық бағытын қалыптастыру.

Жаратылыстану пәндері бойынша ғылыми концепцияны түсіну, білу , жеке шешім қабылдай білу, қоғамның мәдени экономикалық дамуына әсер ете білетін белсенді азаматты әр түрлі форматтағы тест тапсырмаларын орындату тәсілдері арқылы қалыптастыру.



    1. Мақсатты топтың сипаттамасы: әр түрлі жұмыс тәжірибесі бар жаратылыстану пәндерінің мұғалімдері




    1. Қиындықтар аясы.

1. Ғылымижаратылыстану сауаттылықты қалыптастырудың педагогикалық шарттары- оқушылардың оқу-танымдық құзіреттіліктерін дамытудың негізі.

2. Оқушылардың білім алуының аралық нәтижелерін бақылау және мәселелік есептерді шешу;

3. PISA бағдарламасының оқу жоспарына енуі;

4. PISA бағдарламасы тапсырмаларын құрастыру және шешу

5. Оқушылармен топтық жұмысты ұйымдастыруда жас мұғалімдердің теориялық және практикалық даярлығы;

6. Бірлескен әдістерді қолдану арқылы мәселелерді шешу.

7. Жаратылыстану пәндерін оқытуда сабақта оқушыға бағытталған пәнге байланысты біліктілікті қалыптастыруды жобалау қабілеттерін жеткіліксіз меңгеруі;
1.4 Курс мақсаты мен міндеттері

Курстың мақсаты - мұғалімдердің ғылыми-жаратылыстану сауаттылығының кәсіби құзіреттілігін дамытуды PISA бағдарламасы тапсырмаларын орындауда оқытудың белсенді стратегиялары орындауға оқушыларды дайындау және жолдарын үйрету.

Міндеттері:

1) Теориялық материалдарды оқып-зерттеу:

- PISA бағдарламасының мақсаты, мазмұны,құрылысы;

- PISA – 2015 халықаралық зерттеулерінің тапсырмалар түрі;

- ғылымижаратылыстану сауаттылығының компоненттері;

2) жеке тұлғаға бағытталған белсенді оқытудың маңыздылығын есте ұстау:

3) ғылымижаратылыстану сауаттылығын дамытуға арналған белсенді стратегияларды қолдану;

4) PISA талаптарына сәйкес тапсырма мысалдарын құруды үйрену;

5) оқушы құзырлылығын бағалаудың формативті және суммативті стратегияларын үйрену.
1.5 Оқыту әдістері
Белсенді оқыту әдісі мен мәселенің коллоборативтік шешімі, жекеше алғанда дәріс-әңгіме, оқытудың белсенді әдістерімен тренингтер: «Мен-Сен- Біз», «Алты қалпақ», «Әткеншек», «Сократов семинары» , «Мозаика», «Ақыл-ойға шабуыл» және т.б
1.6 Күтілетін нәтиже
1. Тыңдаушылар курс аяқталарда белсенді оқыту стратегиясын қолдануды үйренеді.

2. Мектеп оқушыларының ғылыми жаратылыстану сауаттылығын дамыту үшін, белсенді оқыту стратегиясын қолдануды үйренеді.

3. PISA бағдарламасы бойынша ғылыми жаратылыстану сауаттылығының элементтерін қорытындылау мен стратегиялар және дағдыларын анықтауды жүзеге асырады.

4. Элементтердің құрылымын және PISA бағдарламасының стратегиясын, қорытындылау мен элементтердің шешімін табуды .

5. PISA бағдарламасының элементтері типтерімен бірдей болатын, оқушыларға арналған элементтердің үлгілерін жасау.
2. Модулдер мазмұны




Модулдер атауы

Оқыту стратегиясы

Сағаттар саны

1

Нормативті-құқықтық модуль




6




Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан жолы-2030. Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауындағы біріңғай Ұлттық білім беру жүйесін қалыптастыруға арналған тапсырмалары.

Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөнінлегі 2012-2016 жылдарға арналған Ұлттық іс-қызмет жоспарын жүзеге асыру жолдары.

Қазақстан Республикасы білім беру жүйесін модернизазиялаудың негізгі бағыттары. Қазақстан Республикасы 2011-2020-жылдарға арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы.

Білім беру сапасын жетілдірудегі білім стандарттарының маңызы мен мәні.

Орта білім берудің жалпыға міндетті мемлекеттік стандарт.

ҚР білім беру жүйесіне экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының индикаторларын ендіру.

ҚР білім беру жүйесіне ЭЫДҰ көрсеткіштерін енгізу.








2

Психология-педагогикалық модуль




6




Маслоудың қажеттілік пирамидасы. Белсенді оқытудың тиімді ортасын қалыптастыру. Ынталы, шығармашыл мұғалімнің мінездемесі

Оқушылардың жетістіктерін бағалаудағы халықаралық зерттеулер, психологиялық-педогогикалық аспектілері.

Тестілеу үдерісінде оқушылардың көңіл-күйлеріндегі эмоционалдық және физикалық қолайсыздықтарға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету.


Шағын топта жұмыс
«Миға шабуыл»

«Ой сандығы»






3

Мазмұндық модуль




40

3.1

3.2


Кіріспе. PISA бағдарламасының мақсаты, мазмұны мен құрылымымен танысу. PISA бағдарламасын ағымдағы қолданылатын бағалаумен салыстыру.

Жаттығу: «Ледокол»

2

6


Топтық жұмыс пен коллаборативті проблеманы бірлесіп шешуді қолдау мақсатында белсенді оқуды қолдану. Проблеманы шешу. Проблемалық жағдайаттарды шешуде дұрыс қадамдарды жасау.

«Білемін-білгім келеді-білдім»

3.3

3.4
3.5


3.6

PISA бағдарламасының компоненттері.

«ФС» және «ЖҒС» ұғымдарының анықтамасы ЖҒС компоненттері . ЖҒС құзырлықтары



«БББ», «KWL»;

2

2
4
8



«Белсенді оқыту» туралы түсінік,«ғылымижаратылыстану сауаттылық» дамуы мақсатындағы белсенді оқыту үшін класс қалыптастыру. Оқушы мен мұғалім рөлдері: оқушы «фасилитатор» ретінде және мұғалім «челленджер» ретінде оқыту стратегияларын жасау.

«Ойлан, жұбыңды тап, бөліс»

Оқыту мен оқудың кәсіби стратегиялары, құбылысты

ғылыми тұрғыда түсіндіру. Мәселелерді колоборативті шешуде белсенді оқытуды қолдану. Ағымдағы оқу бағдарламасына проблемаларды бірлесіп шешуді жаратылыстану сабақтарына кіріктіру. Жарытылыстану мәселені PISA бағдарламасына сәйкес талдау.



«Табақты бер»

Оқыту мен білім берудің кәсіби стратегиялары, ғылыми негізде құбылыстарды түсіндіру.

Пән бойынша PISA типтік тапсырмаларды талдау.

PISA критерийлерін қолдана отырып мәселені талдау.


Мұғалім «фасилитатор»

3.7

3.8



Оқыту мен білім берудің кәсіби стратегиялары, ғылыми негізде құбылыстарды түсіндіру. PISA мақсаты, мазмұны, құрылысы.

Белсенді оқыту» стратегияларын қолданудың жетістіктері. PISA негізінде тапсырмаларды дайындау.

Қалыптастыру. Үшінші құзырлылықты оқыту мен бағалау: ғылыми мәліметтер мен алынған нәтижелерді

интерпретациялау.

Негізгі сұрақтар:

- тест тапсыруға дайындық;

- жауап пішіні;

- PISA тест тапсырмаларымен жұмыс;

- тест тапсыруға дайындайтын стратегиялар.



Мұғалім «челленджер».

Жаттығу: «Анықтама «назар

Жаттығу: модель «Дауыстап ойлану»;


8

8


PISA халықаралық зерттеу бойынша оқыту «проблеманы

бірлесіп шешу ортасын құру»

Негізгі сұрақтар:

- танысу;

- ұйымдастыру мәселелерін қарастыру;

- активатор.

- жұптасып оқуға кіріспе.

Оқу сабақтарын ұйымдастыруда мәселелерді колоборативті шешуде материалдарын қолдану. Ғылыми сауаттылықтың компоненттері тиімді оқып үйрену ортасы мен белсенді оқу сыныбын құру.

Бағалау стратегиялары мен құралдары. PISA үлгісіндегі жаттығулар мен тест тапсырмаларын шешу жолдары. Рефлекция және қортындылау.

Мәселелерді бірлесіп шешуде материалдарды қолдана отырып математикадан оқу сабақтарын ұйымдастыру. Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау үшін стратегиялар мен инструменттер. Формативті және суммативті бағалау. Қортынды рефлексия. Презентация. Шағын-сабақтардың тұсау кесері. Ғылыми сауаттылықты қалыптастыру: ізденіс, тәжірибе.



аударып оқу»

«Джигсо» стратегиясы

Оқытудың белсенді стратегиялары:

«Миға шабуыл»

«Ең күшті, ең батыл»

«Контекст, тапсырма, қатынас»

«Сыни тұрғысынан бағалау»



4

Технологиялық модуль




8




Сыни тұрғысынан ойлау технихологиясы және сыни тұрғыдан ойлаудағы сұрақтардың рөлі

Презентация жасау үшін Power Point бағдарламасын

пайдалану

Интернетті форумды жүргізу үшін, жиілік қоғамдастықты

құру үшін пайдалану


Тәжірибелік жұмыс
Кіші топтарда жұмыс
«Сыни тұрғысынан бағалау»

«Білемін-білгім келеді-білдім»






5

Вариативтік модуль




12




«Кейс стади» функционалдық сауаттылықты қалыптастыру құралы ретінде.

Блум Таксономиясы функционалдық сауаттылықты дамытуда білім берудің табыстылығын бағалау әдісі ретінде.

Дарынды балалармен жұмыс ұйымдстыру



Жаттығу «Қысқаша шолу жасау».

Жаттығу «Есептерді талдау».

Жаттығу: «Рефлексия».

«Сыни тұрғысынан бағалау»

«Астмаға арналған дәрінің мәліметтерін талдау».







Курсты материалдық- техникалық қамтамасыз ету:


Құралдары

САНЫ

Компьютер

25

Проектор

1

Power Point бағдарламасы

1

Қатысушының жұмыс дәптері

1

Диаграммалық қағаз

1 бума

Рейтер

1 қорап

Контейнер

1

Маркерлер

5 қорап


Қолданылған әдебиеттер:
1. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған Жолдауы: «Қазақстан жолы -2050: бір мақсат, бір мүдде, бір келешек»

2. Функционалдық сауаттылығын арттыруға арналған 2012-2016 жж.ұлттық іс қимыл жоспары. 25.06.2012. № 832 Үкімет қаулысы

3. Қазақстан Республикасында білім берудің 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. Астана, 2011ж.

4. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012 - 2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары. Астана, 2012 г.

5. PISA халықаралық зерттеуін жүргізу аясында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту әдістері бойынша Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бағдарламасы. Тыңдаушының жұмыс дәптері // NIS- PEARSON.

6. PISA халықаралық зерттеуін жүргізу аясында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту әдістері бойынша Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бағдарламасы.Оқу сауаттылығы. Тренерге арналған нұсқаулық // NIS- PEARSON.

7. PISA халықаралық зерттеуін жүргізу аясында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту әдістері бойынша Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бағдарламасы.Оқу сауаттылығы. Мұғалімнің жұмыс дәптері // NIS- PEARSON.

8. Джон Ричардсон «Преврати свою группу в команду» 9, №2 (ноябрь-декабрь) 2005г.

9. Дж. Сафир и М. Хейли «Схемы суммирования: иструктуры заданий для обеспечения объединения и поддержания нового обучения». Эктон,1993.

10. Жайтапова А.А.. Рудик Г.А., Белошниченко Е.В., Сатывалдиева А.С. Педагогика 21-го века на пороге школы. Алматы. 2009.

11. Заир – Бек С.И., Муштавинская И.В. Развитие критического мышления на уроке – М.: Просвещение, 2004 – 175б.

12. Рамендик Д.М.Тренинг личностного роста. – М.: Форум, 2010.



13. Ричардсон Джон«Преврати свою группу в команду»/ Tools for Scools 9, №2 (ноябрь-декабрь) 2005 г. Интернет-ресурс: http://www.nsdc.org/members/tools 11-05.pdf.

14. Полат Е.С. Новые педагогические и информационные технологии в системе образования – М. Академия, 2003 – 272б
жүктеу 154,54 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау