Дәстүрлі аймақтық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары



жүктеу 5,63 Mb.
Pdf просмотр
бет146/176
Дата20.01.2018
өлшемі5,63 Mb.
#7677
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   176

293 
 
г) сабақтың тақырыбын ашу мақсатына сәйкес қосымша материалдар қолдануға; 
ғ) өз еңбегінің жемісін болжай білуге; 
д) оқушылардың музыкалық даму деңгейін білуге
  е)  үнемі  білімін  жетілдіруге,  орындаушылық  тәжірибесін,  музыкалық  репертуарды 
толықтыруға, оқушылармен сөздік байланыс шеберлігін жетілдіруге міндетті [4,10 б]. 
Өз 
білімін 
табандылықпен 
жетілдіріп, 
тапсырылған 
іске 
адалдықпен, 
сүйіспеншілікпен қараған жоғары моральдық қасиеттері болған жағдайда ғана мұғалім бұған 
лайықты  бола  алады.  Мұғалімнің  оқу-тәрбие  қызметіндегі  табыстары  көбінесе  оның 
шеберлігіне  байланысты.  Ол  өздігінен  келмейді.  Қайта  мұғалімнің  кәсіптік  шеберлігін 
арттыруда,  мәдени  және  саяси  ой-өрісін  кеңейту  жөніндегі  табанды  және  күнделікті 
жұмісінің  нәтижесі  болып  табылады.  Қазіргі  кезде  оқу-тәрбие  процесін  ізгілендіруде, 
оқытудың  тәрбиелік  сипатының  басымдылығына,  сондай-ақ  тұлғалық  бағдарына  назар 
аударыла  бастады.  Бір  қунарлығы  қазіргі  балалар  өте  алғыр.  Олардың  қай-қайсысының 
бойынан  дарындылықты  табуға  болады.  Тек  тұтанып  тұрған  отты  мезгілінде  үрлеп,  дұрыс 
бағыт-бағдар  беру  талабын  қанағаттандырып  отыруда  мұғалімнің  асқан  шеберлігі  қажет: 
кәсіптік  шеберлік  өздігінен  келмейді.  Ол  педагогикалық  мамандығын  арттыру  жөніндегі 
мәдени және саяси ой-өрісін кеңейту жөніндегі табанды да күнделікті жұмысының нәтижесі 
болып табылады.  
Кәсіптік  шеберлік  өз  пәнін  терең  білуді,  тәрбие  мен  оқытудың  жаңа 
заңдылықтарын  білуді  жүргізу  шеберлігін  көздейді.  Кәсіби  шеберліктің  маңызды 
көрсеткіші  оқу-тәрбие  жұмыстарын  жүргізу  шеберлігі  мен  дағдысының  болуы.  Ол 
оқушылардың  мінез-құлқын  бақылау,  зерттеу  және  олардың  адамгершілік  қасиеттерін 
қалыптастыруына көмектеседі. 
Ал сөздігі, жұмысқа әрдайым әзір тұруды, кейбір кездескен қиын- шылықтарды жеңуі, 
тез  арада  шешім  қабылдауы,  оқушылардың  ыңғайын  табуы,  ортақ  тіл  табысы  араласуы 
керек.  Жеке  тұлғаның,  мұғалімнің  шеберлігі  дер  кезінде  оларға  ықпал  ету,  мінез-құлық 
жолын  көрсетіп,  иландыра  білу,  жаңаша  іздестіру  жолдарын  жүргізу,  ғылыми  негізін 
меңгеру,  өзінің  кәсіби  шеберлігін  кеңестерде,  жиналыстарда,  ғылыми-практикалық 
конференцияларда көрсетуі керек [5,20 б]. 
Егер    мұғалім  бұрын  жаттап  алған  педагогтік  ережелер  мен  әдістемелік  тәсілдерге 
сүйенсе, оқушыларды тәрбиелеуде елеулі табысқа жетуі қиын болады, өмірден артта қалады, 
өзіне  жүктеген  міндеттерді  орындай  алмайды.  Мұғалімдердің  кәсіптік  шеберлігін,  оның 
мамандығын артыруда әдістемелік бірлестіктің рөлі зор. 
«Мұғалімнің мәдениеті» тақырыбында: Адамның кісілік қабілеті, соған лайықты бола 
білу,  адамның  табиғатпен,  әлеммен  үйлесімділігіне  оқу-тәрбие  процесінің  халықтық 
дәстүрмен  сабақтасып  жатуына,  рухани  мәдениет  негізінде  болашақ  ұрпақтың  рухани-
адамгершілік тәрбиесін жаңа сатыға көтеруге негізделген. Жеке тұлғаның бойындағы жалпы 
адамзаттық  құндылықтардың  қалыптасуы  да  осы  бағытта  жүзеге  асады.  Оқу-тәрбие 
саласында  жүргізілетін  жұмыстардың  тиімділігін  арттырудың  қажетті  шарты  –  мұғалімнің 
мәдениеттілігі, әдептілігі болып табылады. Ол мұғалімнің ішкі және сыртқы мәдениеті. 
Қорыта  келгенде,  күрделі  сан  қырлы  оқу-тәрбие  қызметі  мамандықта  мұғалімдердің 
білімін арттыруда әрдайым жүйелі жұмыс қажет. Қызметін жаңа бастаған жас мұғалім ғана 
емес, көп жылдар бойы еңбек еткен ұстаз мұғалімдер әр мамандығын арттыруы қажет. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
1.Валиева  М.  «Білім  беру  мекемесіндегі  мұғалім  қызметінің  ұйымдастырылу 
бағыттары.»(Әдістемелік нұсқау).Алматы,2012. 
2.Апраксина О.А. Методика музыкального воспитания в школе, М. 1983. 
3.К.Әсімбекова. Хор жүргізу негіздері 1994. Алматы. 
4.Таубалдиева   Ж.   Мектепте   музыкаға   тәрбиелеу   әдістемесі,     Оқу   құралы.Алматы, 
«Ғылым» 2002. 
5.Музыка әлемінде. Республикалық әдістемелік журнал. Алматы 2013 (1-3-) 


294 
 
6. Бейсенбекұлы О. Сазды аспаптар сыры А. 1994. 
7. Музыка әлемінде Республикалық әдістемелік жұрнал Алматы.2014  №(2-4) 
 
 
ӘОК 37.013.2 
 
ДЕҢГЕЙЛІК  БАҒДАРЛАМА  – ӨЗГЕРІСТЕРДІҢ  БАСТАУЫ 
 
Тоқтарова Жаңагүл Жұмамұратқызы 
«Қапшағай қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№3 орта мектеп мектепке 
дейінгі шағын орталығымен»  мемлекеттік коммуналдық мекемесі 
janarm80_80@mail.ru
 
 
Оқытудың  дәстүрлі  жүйесі  ғасырлар  бойы    халыққа  жақсы  қызмет  атқарып  келді. 
Бірақ  енді  өскелең  талапты  қанағаттандыра  алмайды.  Сондықтан  оқытуды  жақсарту 
мақсатында  орта  білім  беру  жүйесінде  әлемдік  жоғары  деңгейге  қол    жеткізген  анағұрлым 
танымал оқыту әдістемелері арасында кең тараған сындарлы теориялық оқытуға негізделген 
тәсіл  басшылыққа  алынып,  мектептегі  еңбек  тәжірибесі  әртүрлі  мұғалімдерді  қатыстырып 
мектептің  оқыту  мен  оқу  тәжірибесіне  өзгерістер  енгізілуде.  Бұл  өзгерістер    еншісінде 
шешімін күтіп тұрған талай өзекті мәселе бар. 
1.Үлгерім.  Дәстүрлі жүйе бойынша сынып толық үлгерім бере алмайды.  
2.Мұғалім оқу үрдісінде бірінші орында және ол кітаптағы білімді оқушыға жеткізуші 
3.Барлық  оқушыға  бірегей  мемлекеттік  бағдарлама,  ал  сыныптағы  барлық 
оқушылардың қабілеті бірдей дамымаған. 
4.Сабақтың ұзақтығы 45 мин. 
Оқытудың дәстүрлі жүйесі төменде мынадай қарама-қайшылықтарды туғызып келді. 
1.Адам  ақыл-ойының  және  қызметінің    ұжымдық  сипаты  мен  білімді  меңгерудің  
дербестік сипаты арасындағы қарама-қайшылық. 
2.Барлығы  үшін  оқытудың  бірдей  қарқыны  және  қабілеттерінің,  еңбекқорлығы  мен 
қызығуының әр түрлілігі арасындағы қайшылықтар 
3.Мектептің қазіргі құрылымы мен білімнің жаңа мазмұны арасындағы қайшылықтар. 
  
Алға жылжуға кедергі болып отырған осындай жағдайлардан 
шығудың жолы – Сындарлы оқыту теориясы деп білемін.  
Мектебімізде  сертификатталған  мұғалімдер    бағдарлама  талаптарына  сәйкес  жұмыс 
жсауда. Бұл мұғалімдердің оқыту үрдісінен өзгеріс лебі сезіліп, әріптестер арасында олардың 
оқыту  тәсіліне  қызығушылық  пайда  болып,  «тәжірибе  алмасу»  деп  жүрген  үдерісіміз 
«әріптестердің  бірін-бірі  оқыту»  үдерісіне  айналып  шыға  келді.  Бұл  Деңгейлік 
бағдарламаның  біздің  мектебімізге  алып  келген  ең  үлкен  жетістігі  деп  білемін.  Себебі 
мұғалімдер  бірлесе  отырып  жасаған  сабағы  оқушыларға  қызықты  болып,  олардың  оқуға 
деген құштарлығы артып, өздерінше іздене бастады. Мектеп өмірінде толастамайтын өзгеше 
бір еңбек үдерісі жүріп жатыр. Бұл үдеріс – өмір бойы оқитын оқушыны тәрбиелейтін үдеріс. 
Бізге,  мұғалімдерге  де,  қоғамға  да,  керегі  –  осы  емес  пе?  Себебі,  қарқынды  өзгеріс  жүріп 
жатқан заманға керегі – өмір бойы оқитын оқушы. 
Жаңа заман оқушысын жаңаша оқытып жатқан мұғалімдердің жұмысының мазмұны: 
Үшінші деңгей бағдарламасы бойынша оқыған мұғалімдер  өз сабақтарын сындарлы 
оқытудың  жеті  модулі  бойынша  ұйымдастырып,  оқытуды  бағалау  құралдарын,  Блум 
таксаномиясын пайдаланып, топпен жұмыс жасап, постер қорғатып, сергіту сәттерін өткізіп, 
оқушыларға өз бетінше жұмыс жасатуда; 
Екінші  деңгей  бағдарламасы  бойынша  оқыған  мұғалімдер  коучинг  және  тәлімгерлік 
үдерісі арқылы топтардағы бірлескен жұмыс және ұжымдық жұмыстар жүргізуде; 
Бірінші 
деңгей 
бағдарламасы 
бойынша 
оқыған 
мұғалімдер 
семинарлар 
ұйымдастырып,  коучингтерге,  тәлімгерлерге  бағыт-бағдар  бере  отырып,  осы  үдерістердің 


жүктеу 5,63 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   176




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау