300
табиғатқа қызмет ету деген ұғым, қай өлең жолдарында бар? Пайда болған сұрақтарды топта
талқылап, өзара түсінікті оймен пікірлеседі, нәтижесінде сөздік қоры молаяды. Топтар
арасында алуан түрлі пікірлер пайда болады. Оқушылар сын тұрғысынан қарап сөйлеуге
икемделеді. Өз пікірін сараптап, ойларын ашық айтып, көзқарастары бір жерден шыққан соң
мынандай қорытындыға келеді.
1. Ақын идеясы-аңшылық өнер деп түсінуге үйрету, қазақтың аң аулау мәдениетін
дәріптеу.
2. Оқушылар қазақтың аңшылық өнері туралы кеңірек білуді, қазіргі кездегі
аңшылық проблемасы туралы шығармашылық ізденіс жасаулары тиіс.
3. Осы өлеңді талдау бойынша жобаның сызба нұсқасын оқушылар мен бірлесе
жасау, немесе мұғалімнің көмегімен жасалады, өздеріне шығармашылық ізденуге
жұмыстар беріледі.
Үйден ізденеді: бұл кезеңде шығармашылық іздену зерттеу жұмысын істейді.
1. Аңшылықтың халық кәсібі болғанын дәлелде.
2. Табиғат адамға, адам табиғатқа қызмет етуге тиіс.
3. Өлеңдегі ұлттық мінез, ұлттық ерекшелік, болмыс, бітім, туралы (шағын әңгіме
жазу).
4. Осы өлең бойынша сурет сал (суретің мәтінге жақын болсын).
5. «Аңшылықта менің байқағаным» немесе табиғат көрінісі туралы эссе жазу.
Жобаны ұжым болып талдап қорғайды, нәтижесінде жақсы, нашар жақтарына баға
береді. Өз сабақтарымда байқағаным шығармашылық жұмыс жасау жеке тұлғаны
қалыптастыруда зор рөл атқарады, себебі оқушы қарапайым нәрседен ой тұтады, қиял
әлеміне шомылып кез- келген нәрсеге өз ұсынысын, ойын еркін айта және жаза біледі.
Стратегиялық жүйені қолданып, үнемі орынды пайдалана білсе, оқушылар өз ойын еркін
айтып, қорытынды жасай алады, шығармашылықпен жұмыс жасауға дағдыланады.
Оқушылармен мұғалімдер арасындағы тығыз саналы қарым-қатынас болса, мұның
нәтижесінде мұғалім сабақтың мән-мазмұнын терең түсініп баяндай білсе, оқушылар
сабақты тиімді меңгерсе – сабақ нәтижелі болмақ. Одан кейін оқушылар өз беттерінше
талдау жүргізеді, оқушылардың шығармашылық таным қабілеті артады.Осы тұрғыда әдебиет
пәнінен О.Бөкейдің «Тортай мінер ақ боз ат» әңгімесін айта кеткім келеді. Мәтінді талдауда
оқушыларды 3 топқа бөліп, әр топқа төмендегідей тапсырма беріледі:
I топқа: Ұлы Отан сғысы жылдарындағы қазақ ауылының жай-күйі қалай суреттелген.
Тапсырма: 1.Ауыл өмірі.
2.Тортай және оның достары.
3.Үңгірдегі Тортай өмірі.
4.Тортай ертегісі.
«Алтайдың сұлу табиғаты» сурет салу
II топқа Қолына түскен кітапты талғамсыз оқи берген Тортай жалғыздығын, жетімдігін
ұмытып, бойын жазушы болсам деген арман билейді.
Тапсырма: 1.Әкем де, шешем де- сен.
2.Жайлауда.
3.Тортайдың асқақ арманы.
4. «Ақ боз атымды саған сыйлаймын».
Сурет салу «Кең дала тұлпары».
III топқа : Тортай армандаған ақ боз атты Ораш мініп кетті.
Тортай –малды ауылдан шыққан қарапайы адам.
Тортайдың Орашқа деген жүректі тебірентер ой түйінін жеткізеді.
Тапсырма : 1. Үйді, малды болған Тортай
2. Тортай мен Ораш неге тіл табыса алмады? Жеке тұлғаны кім деп деп
ойлайсың? Осы тапсырмалардыорыдай отырып,оқушылар Тортай мен Орашқа хат жазады.
Арман: Тортай сен өз өмірің үшін күресе алмадың? Өзіңді өзің жек көресің неге? Аяулым:
Тортай сенің арманың зор. Сенің арманыңдағы атты Ораш иеленіп кетті. Сен өзіңе-өзің
301
сенбейтін адамсың,сондықтан ақ боз атыңды Ораш мініп кетті. Кітап оқығанда да сенің
сенімсіздігің байқалды, себебі сен кітапты таңдамай оқи бердің? Тек қиял жетегінде жүрдің,
сенің басты қателігің осы. Олжас: Ораш сен досыңды неге ауылда тастап кеттің? Екеуің бірге
жүрсеңдер Тортайдың «жазушы болсам»деген арманы орындалар маеді? Жандос: Тортай
мен сені аяп кеттім, бұған сен кінәлі емессің. Бұған Ұлы Отан соғысының аласапырыны
кінәлі. Сұм соғыс кімді арманына жеткізді дерсің? Өзіңе-өзің сеніп, өзіңді алып шыға
алмадың? Ауылдағы бір үйдің тірегі әке болғаныңа қуанамын. Постер бойыншаоқушылар
суреттерін
салып
қорғап
шықты.
Көркем
әдеби
сырлы
сөздермен
Алтай
сұлулығын,жайлау,ақ боз ат шабысы салынған суреттерді әңгімелеп айтып шықты.
Оқушылар шығармашылық көңіл күймен сабақты аяқтады. Жобалап оқыту-
мақсаты,міндеті,әдіс-тәсілдері баланың даму заңдылықтарына сәйкес берілген оқыту
жоғарыда айтып өткендей, бұл әдіс «еркін шығармашылық әрекеттің субьектісі, ал адамның
дамуының өзі-оның еркіндікке деген қозғалысы, ой еркіндігі» екендігі айқын. Өзімнің іс-
тәжірибем көрсеткендей, мұғалім-оқулық-жеке тұлға арасындағым әрекеттестіктің маңызы
зор екендігі анықталды. Осы әдісті тиімді пайдалану негізінде төмендегідей нәтижелерге қол
жеткізуге болады:
1.Түрлі әдістерді пайдалану сабақтың нақты мәнін терең ашуға көмектеседі.
2.Оқушылардың барлығын сабаққа қатыстыруға мүмкіндік туады.
3.Олардың әрқайсының деңгейін анықтай аласың.
4.Оқушылардың көбін бағалауға мүмкіндік аласың.
5.Оқушыларды ізденіске баулып,өз бетімен жұмыс істеугеүйретеді.
6.Оқушылардың қабілеттері,сөз саптау еркіндігі, ұйымшылдығы, шығармашылық
белсенділігі артады.
7.Жеке тұлғаның сипатын дамытуға, шығармашылығын шыңдауға, өзіне деген кәсіби
сенімін қалыптастырады.
Ұлы ағартушы Ы.Алтынсариннің «Егер балалар бірдеңені түсінбейтін болса,онда
оқытушы оларды кіналауға тиісті емес, оларға түсіндіре алмаған өзін кіналауға тиіс» деген
қанатты сөзі еріксіз ойға оралады. Жобалау әдісі-мақсаты,міндеті баланың даму
заңдылықтарына сәйкес берілген оқыту деп жоғарыда айтып өткендей, бұл әдіс «еркін
шығармашылық әрекеттің субьектісі, ал адамның дамуының өзі–оның еркіндікке деген
қозғалысы, ой еркіндігі»екендігі айқын. Өзімнің іс-тәжірибем көрсеткендей, мұғалім-
оқулық-жеке тұлға арасындағы әрекеттестіктің маңызы зор екендігі анықталды. Осы аталып
өткен технологияларды жүйелі, тиімді пайдалану негізінде төмендегідей нәтижелерге қол
жеткізуге болады.
1.Түрлі әдістерді пайдалану сабақтың нақты мәнін терең ашуға көмектеседі.
2.Оқушылардың барлығын сабаққа қатыстыруға мүмкіндік туады.
3.Олардың әрқайсысының деңгейін анықтай аласың.
4.Оқушылардың көбін бағалауға мүмкіндік аласың.
5.Оқушыларды ізденіске баулып, өз бетімен жұмыс істеуге үйретеді.
6.Оқушылардың қабілеттері, сөз саптау еркіндігі, ұйымшылдығы, шығармашылық
белсенділігі артады.
7.Жеке тұлғаның сипатын дамытуға, шығармашылығын шыңдауға, өзіне деген кәсіби
сенімін қалыптастырады. Осы тұрғыда 7-сыныпта әдебиет пәнінен қазақтың жазушысы
Оралхан Бөкейдің «Тортай мінер ақ боз ат»әңгімесінің идеясын ашуда оқушылар өз ойларын
ортаға салды. Алтайдың «Кербұғысы» атанған О.Бөкейдің шығармашылығының
әрқайсысында ұлттық болмыстың ар тазалығын, жан сұлулығын, сезімнің мөлдірлігін танып
білуде осы сабақтың маңызы ерекше болды. Мәтінді талдауда оқушыларды үш топқа бөліп,
әр топқа төмендегідей тапсырма берілді.
I топқа: Ұлы Отан соғысы жылдары кезіндегіқазақ ауылының жай-күйі суреттеледі.
Тапсырма:1.Біздің ауылдың өмірі.
2.Тортай менің достарым
3.Тортайдың үңгірдегі өмірі
Достарыңызбен бөлісу: |