298
Л.Зориха оқу үрдісін іске асырудың қажетті негізгі үш шартын көрсетеді.
1.Оқытудың қажетті құралдарының болуы.
2. Оқу – таным мәселелерін толық шешуге жеткілікті уақыттың болуы.
3. Оқушы және оқытушы жұмыс істеуіне қажетті моральдік-психолоиялық жағдайдың
болуы.
Бұл үш жағдайдың біріншісі мен үшіншісі туралы айтылған пікірлер өте көп. Ал
«уақыт факторы» туралы зерттеулер жоқтың қасы.
Уақыт факторын жаңа материалды оқып үйрену кезінде, бекіту, сұрау кезінде
ескермеске болмайды. Өз бетінше жұмыс , оқытудың түрлі формаларын, әсіресе ұжымдық
формасын қолдану мүмкіндігі ойлануды қажет етеді. Уақыт ішіндегі өтілетін оқу
материалының көлемі мен оны осы уақыт арасында игеруге қойылатын талаптар арасындағы
сәйкессіздік уақыт жетіспеуінен туады. Уақыттың тапшылығынан асығыстық, именушілік
орын алған мұғалім мен оқушы арасында да түсініспеушіліктер пайда болады. Ал
оқушылардың кейбіреуі күнде жаңа материалды меңгере алмастан үйге қайтады, бұдан
оқудың сапасы төмендейді, оқуға қызығу кемиді. Бұл жағдайлар дәстүрлі оқыту кезіндегіден
әлдеқайда реттеліп қалған сияқты. Бәрібір «уақыт факторын» ескермеске болмайды.
Дегенмен, жаңа формация мұғалімдерінің бастамасы – жастарға
ХХІ ғасырда табысқа жету үшін қажетті білім мен дағдыларды оқыту мен оқуда
орнықты өзгерістердің орын алуына ықпал ететіндігіне сеніміміз мол.
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Мұғалімге арналған нұсқаулық
2. Google.kz Сыни тұрғыдан ойлау стратегиялары
3. Қ.Әбдіғалиев. Шоғырландырып қарқынды оқыту жүйесі. «Қазақстан мектебі» 1998ж.
574:37.015.3(045)
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘДІСТЕР МЕН ОҚЫТУДЫҢ АҚПАРАТТЫҚ
ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ӘДЕБИЕТ САБАҒЫНДА ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІН ДАМЫТУ
Топашева Т.Н.
«Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі» кмм Қарасай ауданы Шамалған бекеті
t.n.turan@mail.ru
Қазақстан күннен - күнге серпінді дамып, білім саласында өзіндік бағыт бағдарын
айқындап, әлемдік білім кеңістігіне шығуда. Болашаққа үміт артқан мемлекет ең алдымен
білім сапасын ірге тасын қалайды.Ұлы философ Конфуций: «Оқымай ойлану бос
әрекет»деген,яғни білім ғана биікке жеткізеді. Ұлы ұстаз А.Байтұрсынов өз заманында «Елді
түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастау керек» - деген тұжырымы күні бүгінге дейін
маңызын жойған жоқ. 21 ғасырда заманауи мұғалім мен оқушыға қойылатын талап зор.
Жаңа ғасыр маманы жеке көзқарасы бар, соны қорғай білетін жігерлі тұлға, зерттеушілік
ойшылдық қасиеті бар білімін күнделікті ісіне шебер қолдана білетін, өзінің оқушысын өз
бетінше білім алуға сыни тұрғыдан үйрете алатын болу керек. Бұл-заман талабы. Бүгінгі
мұғалім – бала бағбаны, оқытушы, оқулық авторы, жаңалықты дәріптеуші, таратушы.
Қоғамдағы жаңа өзгерістер және оның тез ақпараттандырылуы мен даму жылдамдығы білім
беруге қойылатын талаптарды түбегейлі өзгертіп, қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін
білім беру саласында төмендегідей талап қойып отыр:
-білім сапасын арттыру;
-әлемдік білім беру кеңістігіне ену;
-білім беру жүйесін ақпараттандыру;
299
-интернет желісін пайдалану;
-электрондық оқулықтар.ақпараттық технологияларды пайдалану;
-қашықтықтан басқару;
Жаңа педагогикалық технологияларды қолдану төмендегідей кезеңдер арқылы іске
асырылады:
I кезең –оқып үйрену кезеңі
II кезең –меңгеру кезеңі
III кезең –өмірін ендіру кезеңі
IY кезең-дамыту кезеңі
Қазіргі заман талабы әр оқушының сабақ кезенінде жаңа білім қосып қана қоймай,
соны өзі игеріп, ізденіп, талап, пікірталастандыру деңгейіне жету. Осы мақсатта жобалау
технологиясын пайдаланудың тиімділігі зор. Бұл әдіс-тәсілде балаға білім дайын күйінде
берілмейді, оқушы іздену, бақылау, ой елегінен өткізу жолымен алуға бағытталады,ал жалпы
оқушылардың біліктіліктерін қамтамасыз ету жоба қорғау болып табылады. Себебі, әр
оқушы қарапайым нәрседен ой тұтатып, қиял әлеміне шолып, өз ойын еркін айта алады.
Осыған орай, олардың дербестігі, ең алдымен белсенділікке байланысты, ол белсенділік
дербестікті қажет етеді. Оқушылардың өздігінен істейтін әрекеті оның белсенділігін
арттырады. Оқушының дербес, екеулеп, топта, оқу жұмысына бағыттылған жобалау әдісі
баланың ғылымының әр түрлі саласынан алған білімдерін интеграциялауға мүмкіндік
берумен қатар оқытудың түрлі әдісі, түрлері мен құралдарын пайдалануды қарастырады.
Жас ұрпақтың жаңаша ойлауына,олардың біртұтас дүниетанымының қалыптасуына әсер
етеді. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша жобалау әдістері технологиясы, оқушылардың
шығармашылық белсенділігін дамыту, қызығушылық. қажеттілік табысқа жетудің бірден-бір
кепілі болып табылады. Себебі, бұл қазіргі білім беру жүйесін ізгілендіру, яғни білімді
гуманистік принциптегі бағытта даму идеясымен ұштасып жатыр.
Шығармашылық ізденістер, тапсырмалар арқылы оқушылардың қызығушылығын
арттыру;
- Оқушылардың алған білімдерін, дағдыларын келешектегі өмірлерінде қолдана
алуларына көздерін жеткізу;
- Оқушылардан істейтін жұмысының мақсатын айқын түсінуі, жұмысты өз еркімен,
қалауымен орындауы;
Мұғалімнің нақты тапсырмалар беруі, жұмысты орындаудың және аяқталудың уақтын
белгілеуі. Жобалау әдісінің шығармашылық негізінде жан-жақты дамыған жеке тұлғаны
қалыптастыру, өздігінен дамуға жағдай жасау, сондықтан оның өзіндік танымдық,
шығармашылық іс-әрекетін белсендіруде жатыр. Жобалау әдісі бойынша шығармашылық
жұмыста құбылысты өз бетінше талдай келіп шағын ғылыми шығармашылық тұрғыдан
зерттеу жұмысын жүргізу яғни ол оқушыға «кішкентай» жаңалық ашқанмен бірдей. Бұл әдіс
шығармашылыққа негізделген жазба жұмыстарын жүргізуде өте тиімді, әр оқушының
ауызша сөйлеу тілі мен жазба тілін қатар дамытады. Бұған дәлел ретінде Абай Құнанбаевтың
7-сыныптағы әдебиет сабағындағы «Қан сонарда бүркітші шығады аңға» өлеңі бойынша
шығармашылыққа баулитын жобалау әдісін пайдаландым. Оқушылар берілген тақырыптың
мазмұны мен мақсатын анықтайды (топта). Ал мұғалімнің басты мақсаты осы кезеңде
оқушылардың қызығушылығын ояту, ынталандыру. Шығарма мен жұмыс істеу жолын, қай
жерінен нені, қалай іздеуді үйретеді. Шығарма мен танысу, талдау әр кейіпкерге өз
көзқарасын айту. Өлең мәтінін пайдаланып эпизодқа бөледі, мәтінге жақын мазмұндайды,
сұрақтарға жауап береді. Шығарма неге «Қансонарда бүркітші шығады аңға» Аңшыға не
керек? Түлкіні неге тау-тастан іздейді? Жақсы ат, жақсы жолдас неге керек? Ол кезде аңды
бас пайдасы үшін аулаған ба, жаппай қыра берген бе? Осы өлеңде қазаққа тән қандай ұлттық
мінез бар? Іздену, ойлану жұмысына жетелеу. Іздену жұмыстарына жетелеуді мұғалім мәтін
бойынша әрбір топқа тапсырма береді. Өлеңдегі жеке жолдарға тоқтала талдау арқылы
топтарға тапсырмалар таратылады. Шығармада кәсіп, өнер, әдіс, тәсіл, бірлесіп өмір сүру,
өмір мен өлім айқасы, ұлттық мінез, ұлттық ерекшелік, ұлттық болмыс, табиғат адамға, адам
Достарыңызбен бөлісу: |