Жасау бойынша



жүктеу 0,66 Mb.
Pdf просмотр
бет21/28
Дата05.01.2018
өлшемі0,66 Mb.
#7070
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   28

58

NEET санатындағы жастардың жеке қосалқы топтарымен 

жұмыстың және зерттеулердің механизмдері

NEET санатындағы  жастармен жұмыс жасау бойынша нұсқаулық

яға жұмысқа орналасу келешектері, мансап пен кәсіби білім алу келешектері 

туралы хабарлайды;

 білім беру ұйымдарымен өзара әрекеттестік шеңберінде кәсіби бағдар-



дың тиімді механизмі ретінде студенттерді компания қызметін ары қарай 

тәжірибелік жүзеге асыру мақсатында дипломдық және ғылыми жұмыстарын 

бірлесіп анықтауды жатқызуға болады;

 жұмыс берушілерге жастарды жұмыспен қамтуды қолына алған ком-



паниялардың сәтті тәжірибесі туралы ақпаратты тарату. Бұл, бір жағынан, 

аталған қызметтің беделін арттырса, екінші жағынан, қалай және нені бастау 

керек екендігін білмейтін жастар үшін аталған үдерістің механизмін көрсетеді. 

Аталған ақпарат компаниялардың сайтында жариялануы мүмкін, ақпаратта 

бағдарламаның толық сипаттамасы, қатысушылар санаттары, нәтижелер көр-

сетілуі тиіс, әлеуметтік роликтерді және әлеуметтік жарнаманы көрсетуге де 

болады;



 жұмыспен қамту орталықтарымен өзара әрекеттесу, жастардың еңбек 



нарығында сұрау мен ұсыныс картасын қалыптастыру;

  жоғары және кәсіби оқу орындарымен өзара әрекеттестік.



Ата-аналар 

(негізгі міндеті – ТӘРБИЕЛЕУ, ТӘЛІМГЕРЛІК):

 балалардың еңбек пен мамандық бойынша жұмыс туралы дұрыс түсіні-



гін қалыптастыру және тәрбиелеу;

  балаларға кәсіби тұрғыда нарықтың сұранысы мен елдің экономикалық 



даму келешектері бойынша бағыт беру.

Ұлыбиртания Үкіметі (2012–2013 жж.) жастар арасындағы жұмыссыз-

дықпен күресуге арналған көлемді жобаны бастаған. Бағдарлама бойынша 

жалпы шығын көлемі 1 млрд. фунт стерлингке (1,5 млрд. долларға) жуық 

болды. Бағдарлама талаптарына сай жасы 18–24 аралығындағы жұмыссыз 

тұлғаны жұмысқа қабылдайтын әр жұмыс беруші мемлекеттен 2 275 фунт 

(3,5 мың доллар) алады. Тағы 50 млн. фунт (77,4 млн. доллар) халықтың әле-

уметтік қорғалмаған топтарының өкілі болып саналатын жастарды еңбек 

жолының басында жұмысқа дайындауға жұмсалды.


59

NEET санатындағы жастардың жеке қосалқы топтарымен 

жұмыстың және зерттеулердің механизмдері

NEET санатындағы  жастармен жұмыс жасау бойынша нұсқаулық

NEET санатындағы екінші қосалқы топпен жұмыс жасау меха-

низмдері мен әдістері 

Үкіметтің жергілікті атқарушы органдары (Әкімдіктер/жастар саясаты 

мәселелері жөніндегі басқарма/ішкі саясат мәселелері бойынша басқарма) 

(негізгі міндеті – АҚПАРАТТАНДЫРУ):

 ашық бос орындарды ұсынудың дифференциалды тәсілі, жас аналарға 



ерекше шарттар қажет (жұмыстың икемді кестесі, толық емес жұмыспен 

қамту);


 жұмыспен қамтудың және уақытша жұмыспен қамтудың мемлекеттік 

бағдарламалары туралы ақпарат тарату;

 жас аналарға қолдау көрсету механизмдерін ойластыру: еңбек қызметі-



не қайтуды жоспарлайтын үш жасқа дейін бала күтіміне байланысты демалы-

ста болатын мамандардың бәсекеге қабілетін арттыру;

 жас аналардың мамандығы бойынша теориялық және тәжірибелік 



машықтарды, жаңа технологияларды және кәсіби қызмет профилі бойынша 

басқа сұрақтарды игеру мақсатында біліктілігін арттыру мүмкіндігі. 



Жастар ресурстық орталықтары

 

(негізгі міндеті – ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ 



МЕН ҚОСЫМША ОҚЫТУ):

 жас аналарды әлеуметтік өмірге бейімдеу, жас отбасыларға арналған 



мемлекеттік бағдарламалар туралы хабарлама тарату жастардың аталған са-

натымен жұмыстың негізіне жатады;

  қайта оқу мен кәсіби оқу мүмкіндігі туралы кеңес беру;



  ағымдағы мамандықтар бойынша біліктілікті арттыру мүмкіндіктері ту-

ралы жас аналарға кеңес беру;

 жұмысты іздеу механизмі бойынша консультация мен түсініктеме беру 



(жосықсыз жұмыс берушіге түспеу үшін қайда бару қажет екендігін түсін-

діру);


 жосықсыз жұмыс берушілердің тізімін жүргізу және жас мамандарға 

мұндай тізімдегі жұмыс берушілер туралы жүгінген жағдайда ақпарат беру;

Болгарияда жастардың кәсіпкерлік бағдарламасы жас аналардың арасын-

да жұмыс табу ықтималдығын 50%  арттырған: бағдарламаның тиімділігі  

42,7% құраған. Перуде бағдарламаға қатысу қатысушылардың арасында 

жеке бизнесті ашу мүмкіндігін 7,8% арттырды. Бұған қоса, бағдарлама-

ның нәтижесінде жеке бизнеспен айналысушылардың саны 11% артқан, со-

нымен бірге жұмыссыздықтың жалпы деңгейі 6,5% төмендеген. Қатысушы-

лардың табысы бақылаушы топпен салыстырғанда 61,25% артқан. Мұндай 

бағдарламалардың сәтті жүзеге асыруын анықтайтын негізгі факторға 

кредиттердің қол жетімділігін және қатысушыларға тұрақты негізде кеңес 

беруді жатқызуға болады.



60

NEET санатындағы жастардың жеке қосалқы топтарымен 

жұмыстың және зерттеулердің механизмдері

NEET санатындағы  жастармен жұмыс жасау бойынша нұсқаулық

 өмірлік маңызы жоғары машықтарды оқытуға бағытталған жұмысты 



ұйымдастыру (ынталандыратын бағдарламалар, түйіндемені жазу, сұхбат ба-

рысындағы мінез-құлық);

  психологиялық көмек пен қолдау көрсету;



 жастарды жұмыспен қамту бойынша мемлекеттік бағдарламаларға қа-

тысу механизмі бойынша консультация беру (құжаттарды жинау, құжаттар-

ды беру және т.б.).



Жұмыс берушілер

 

(негізгі міндеті – «ДҰРЫС» ЖАСТАР ЕҢБЕК НА-



РЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ):

 жұмыспен қамту орталықтарымен өзара әрекеттесу, жастардың еңбек 



нарығында сұрау мен ұсыныс картасын қалыптастыру;

 жұмыс кестесінің қосымша нұсқаларын қарап шығу (икемді жұмыс ке-



стесі, ішінара жұмыспен қамту, қашықтықтан жұмыс және т.с.с.);

  ыңғайлы жұмыс үшін жұмыс орнындағы жағдайларды қалыптастыру.



Ата-аналар 

(негізгі міндеті – ТӘРБИЕЛЕУ, ТӘЛІМГЕРЛІК):

 материалдық және моральдық қолдау «Жас ана» атты жаңа әлеуметтік 



мәртебесіне жылдам үйренуге және жаңа жағдайларда бейімделуге мүмкіндік 

береді;


  отбасы мүшелеріне қолдау көрсету, психологиялық көмек.




жүктеу 0,66 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   28




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау