63
NEET санатындағы жастардың жеке қосалқы топтарымен
жұмыстың және зерттеулердің механизмдері
NEET санатындағы жастармен жұмыс жасау бойынша нұсқаулық
Білім беру ұйымдары (колледждер, университеттер, институттар)
(негіз-
гі міндеті – МАМАНДЫҚҚА ЖӘНЕ КӘСІБИ МАШЫҚТАРҒА ОҚЫТУ):
оқу жоспарларында қарастырылған студенттердің әр түрлі тәжірибелер-
ден өтуі үшін сонымен бірге семинарларды, лабораториялық және басқа сабақ
түрлерін өткізуге арналған кәсіпорындардың өндірістік, материалдық-техни-
калық базасын пайдалану;
мамандық бойынша теориялық біліммен қатар болашақ мамандықтың
тәжірибелік машықтарын қамтамасыз ету;
тәжірибеден өту барысында өзін мейлінше үздік көрсеткен жастардың
еңбек кітапшаларына жазба енгізу, ұсыным хаттарын беру, мұндай шаралар
болашақта жұмысқа орналасу кезінде қосымша артықшылықтар береді.
«Қос жүйе» мектеп білімі мен өндірістік білімді үйлестірген, Австрия, Да-
ния, Германия мен Швейцария елдеріне тән тәжірибе, кейінгі кезде Норвегия
елі де осы тәжірибені пайдаланып отыр. Оқушылық жүйесі ресми білім беру
жүйесінің бір бөлігі болып келеді, сәйкесінше, ондағы оқу міндетті білім алу
аяқталғаннан кейін басталады. Оған мектептегі ресми білім алумен қоса үш-
төрт жыл бойы жалғасуы тиіс еңбектік қарым-қатынастар негізі енеді. Бағдар-
лама аяқталғаннан кейін оның қатысушылары емтихан тапсырып, өздерінің
теориялық және тәжірибелік білімдерін көрсетеді, кәсіби біліктіліктерін көр-
сетеді.
Жұмыс берушілер
(негізгі міндеті – «ДҰРЫС» ЖАСТАР ЕҢБЕК НА-
РЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ):
жұмыспен қамту орталықтарымен өзара әрекеттесу, жастардың еңбек
нарығында сұрау мен
ұсыныс картасын қалыптастыру;
жоғары және кәсіби оқу орындарымен өзара әрекеттестік;
Португалиядағы тәлімгерлік бағдарламасы - әлеуметтік интеграция бой-
ынша бағдарлама (Entrepreneurs for Social Inclusion programme (EPSIS) жиі
психологтардан немесе педагогикалық ғылым мамандарымен 13-15 жасар
мектеп оқушыларымен, оның ішінде әлеуметтік девиация қаупіне ұшырау
мүмкіндігі жоғары оқушылармен кішігірім топтарда кездесулерді ұйымда-
стырудан тұрады. EPSIS қызметкерлері жергілікті мектептерде өтеді
және кездесулер сабақтан тыс ұйымдастырылады. Бағдарлама әрбір қаты-
сушының тұлғасына жеке бейімделеді, олардың когнитивтік емес машықта-
рын дамытуға, тілдесу жетіспеушілігін толтыруға, жеке әдістемелерді
(ынталандыратын тілдесулер, өзін-өзі бақылау, мәселелерді шешу әдісте-
месі) және топтық әдістемелерді (зерттеу, әлеуметтік құзыретті дамы-
ту әдістері, мазасыздануды басқару, өзін-өзі бақылау) пайдалануға назар
аударуға бағытталған.
64
NEET санатындағы жастардың жеке қосалқы топтарымен
жұмыстың және зерттеулердің механизмдері
NEET санатындағы жастармен жұмыс жасау бойынша нұсқаулық
Ата-аналар
(негізгі міндеті – ТӘРБИЕЛЕУ, ТӘЛІМГЕРЛІК):
балалардың еңбек пен мамандық бойынша жұмыс туралы дұрыс түсіні-
гін
қалыптастыру және тәрбиелеу;
балаларға кәсіби тұрғыда нарықтың сұранысы мен елдің экономикалық
даму келешектері бойынша бағыт беру.
Қосарланған жүйелер жастардың еңбек нарығында жақсы бастамаларға ие болуына көптеген
мүмкіндік жасап отыр. Дания мен Швейцария жастар арасындағы жұмыссыздық көрсеткіші
ең төмен ЭЫДҰ елдері арасында тұр, ал Австрида бұл көрсеткіш ЭЫДҰ мүше елдер ара-
сындағы орташа көрсеткіштен төмен. Соған қоса, Австрия, Дания мен Германия жұмыссыз
жастар үлесі ең төмен елдер қатарында тұр.
Немістік жүйенің ең маңызды тұстары:
• Кәсіби дайындықтың кәсіпорын қабырғасында болуын жұмыс беруші мен Үкімет кәсіби
одақтың қатысуымен анықтайды (федералдық деңгейде).
• Жекелеген кәсіпорындар оқыту әдістерін дербес түрде таңдай алады.
• Оқуға жұмсалатын қаражат Үкімет пен жұмыс беруші арасында бөлінеді (Үкімет мектеп-
те алынатын білімге кететін шығындарды жапса, жұмыс беруші жас маманның кәсіпорында
білім алуын қаржыландырады).
• Білім алушылардың жалақылары төмендеу, шамамен сол мамандық бойынша білікті маман-
ның орташа айлығынан 25–45% төмен.
• Еңбек ақы мен еңбек шарттары ұжымдық шарт арқылы анықталады, онда білім алушының
ең аз айлығы көрсетіледі.
• Біліктілік жазбаша және біліктілік сынақтары тапсырылғаннан кейін беріледі, оларды сы-
рттан шақыртылантын мамандар мен сарапшылар қабылдап, бағалайды.
• Құзырлы органдар (негізінен сауда палаталары) елдің барлық жерінде жарамды болып та-
былатын диплом береді (мысалы, коммерция, өнеркәсіп және сауда палаталары).
• Білім алу бағдарламасы аяқталған соң жұмыскерлер жұмысқа қабылдау туралы өтінішті
сол кәсіпорын басшылығына немесе басқа жерге бере алады [10].
Испанияда 2014 жылы жас буын арасындағы жұмыссыздықпен күресудің ба-
сты амалдарының бірі мемлекеттік «Жастардың жұмыспен қамтылу кепіл-
дігі» бағдарламасы болды. Келісім-шарт арқылы тұрақты жұмысқа қабыл-
данған әрбір мекемеге міндетті әлеуметтік сақтандыру бойынша ай сайын
300 еуро жеңілдік жасалды. Жеңілдік жарты жыл бойы жарамды. Басқа сөз-
бен айтар болсақ, испандық компаниялар үшін (сонымен қатар, жеке кәсіп-
керлер үшін) әр жаңа жұмыскер 1800 еуроға арзан тұрады. Ал мемлекет та-
рапынан жасалатын мұндай ынталандыру жұмысқа қысқартылған кесте
бойынша қабылданатындар үшін де беріледі: жас жұмыскердің жарты күн
атқаратын жұмысы үшін ай сайын берілетін сақтандыру төлемі кәсіпорын
үшін 150 еуроға дейін қысқартылады, ал жұмыс уақытының үштен бір бөлігі
үшін – сәйкесінше, 225 еуро болады.