54
NEET санатындағы жастардың жеке қосалқы топтарымен
жұмыстың және зерттеулердің механизмдері
NEET санатындағы жастармен жұмыс жасау бойынша нұсқаулық
Жұмыспен қамту орталықтары
(негізгі міндеті – АҚПАРАТТАНДЫРУ):
NEET санатындағы аталған қосалқы топтың NEET сипаттамасы жастар
жұмысты іздеудің мұндай механизмін тиімсіз деп санағандықтан, жұмыспен
қамту орталықтарына сирек жүгінуінде болады. Аталған санат жұмыс іздеудің
негізгі әдісі ретінде Интернет желісін және бос орындар сайттарын таңдайды,
жұмыспен қамту орталықтарына бұл бағытта жеткілікті деңгейде жұмыс жүр-
гізілмегендіктен жүгіне бермейді.
жергілікті атқарушы органдардың негізгі міндеті мұндай санатындағы
жастармен жұмыс жасаған кезде оларға ағымдағы бос орындар мен жұмыспен
қамту мүмкіндіктері туралы ақпаратты интернет желісі арқылы жеткізу жа-
тады. Жергілікті атқарушы органдарға мұндай ақпаратты сайттарда орнала-
стыруға көбірек назар аударуды ұсынамыз. Аталған ақпаратты уақытында жа-
риялап, жаңартып отыру қажет. Ақпарат қарапайым және түсінікті нысанда
болуы ықтимал, толығырақ ақпаратты алуға қажетті мәліметтерден, мысалы
мекенжай, телефон нөмірінен тұруы міндетті талап. Бұл ретте ұсынылған жұ-
мыстың, жастар қызығушылық білдіретін нысанда сипаттамасын беруге кеңес
береміз. Оның ішінде жұмыспен қамту орталықтарының, әкімдіктің «жеке
парақшаларына» қол жеткізу мүмкіндігін қарастыру қажет, мұндай парақша-
ларда бос орындар, жақында өтетін бос орындар жәрмеңкелері, мемлекеттік
жобалар мен олар бойынша негізгі ақпарат туралы мәліметтерді тұрақты не-
гізде жариялап отыру қажет. Мұндай жұмыс NEET санатындағы жастардың
қосалқы тобына жұмыспен қамту орталықтарымен өзара әрекеттестікті орна-
туға мүмкіндік береді;
бұған қоса пайдаланушылармен және жазылушылармен «кері байланы-
сты» ұйымдастыру қажет. «Кері байланыс» дұрыс жолға қойылуы тиіс және
бұл жастар үшін аталған жұмыс маңыздылығының көрсеткіші ретінде көр-
сетіледі;
NEET санатындағы жастар мемлекеттік жобалар мен бағдарламалар ту-
ралы хабардар ету деңгейі төмен екендігін көрсеткен. Мұндай жағдайда зама-
Эстониядағы Noorte Tugila іс-әрекеттер бағдарламасы шеңберінде жұмыс
істемейтін және оқымайтын 15–26 жас аралығындағы жастар қарасты-
рылған.
Бағдарламаның мақсаты – NEET жастарын жергілікті қоғамдастық және
жалпы алғанда қоғам өміріне қайтару. Бағдарлама жастарды еңбек на-
рығына шығуға қажетті білім мен машықтарды алуға итермелейін жұ-
мысты табу арқылы өзгертуге бағытталған. Жастардың бағдарламаға
қатысу ұзақтығы – 1–6 ай. Бағдарлама аяқталғаннан кейін жарты жыл
ішінде жас индивидтің ары қарай әрекетін бақылау жүзеге асырылады.
Noorte Tugila жастар қызметкерлері жас мамандарға қолдау көрсетеді, өз
қалауын анық түсінуге мүмкіндік береді. Жастарға арналған жұмыстан
басқа орталықтар жастарға білім беру ұйымдарымен, мекемелермен және
жұмыс берушілермен байланысты жақсартуға көмектеседі.
55
NEET санатындағы жастардың жеке қосалқы топтарымен
жұмыстың және зерттеулердің механизмдері
NEET санатындағы жастармен жұмыс жасау бойынша нұсқаулық
науи технологияларды пайдалану, бір жағынан, жастарға бос орындар, мемле-
кеттік бағдарламалар мен мүмкіндіктер туралы хабарлауға, екінші жағынан,
атқарылған жұмыстың нәтижелерін көрсетуге, осылайша Үкіметке деген
сенім деңгейін арттыруға мүмкіндік береді;
аталған санатындағы жастардың білім деңгейі жоғары және белсенділік
деңгейі жеткілікті болуы мұндай жастарға ұйымдастырушылық, техникалық
және қаржылай көмек көрсетілген жағдайда, жаңа стартаптар жүзеге асып,
жаңа жұмыс орындары пайда болуы ықтимал екендігін көрсетеді. Жергілікті
атқарушы органдардың жеке парақшаларында, әлеуметтік желілеріндегі «па-
рақшаларында» конкурстар туралы ақпаратты, жас стартаптарға көрсетілетін
қолдау туралы мәліметтерді, үздік инновациялық идеяларға конкурс жари-
ялау туралы хабарламаны және т.с.с. орналастыру қажет. Басты жүлдеге
аталған жобаларды бірлесе отырып, жүзеге асыру жатады;
аталған қосалқы топтағы жастарға «Даму» қорының жобалары туралы
ақпаратты хабарлауға кеңес береміз: «Жаңа бизнесті ашуға қолдау көрсету»,
«STARTUP Академия» жобасы, «Startup «Bolashak» стартап жобалар байқа-
уын ұйымдастырудың жастар кәсіпкерлігіне қолдау көрсету бойынша жоба;
ашық бос орындарды және мұндай бос орындарды толтыруды бақылау;
жоғары білімді, бірақ жұмыс тәжірибесі жоқ жас мамандарға, орта кәсі-
би білімді жұмыс тәжірибесі жоқ жас мамандарға, жоғары/орта кәсіби білімді
жұмыс тәжірибесі бар жас мамандарға, физикалық мүмкіндіктері шектеулі
жас мамандарға және т.с.с. ашық бос орындарды ұсынуға дифференциалды
қарау;
әлеуетті жұмыс берушілермен өзара әрекеттесу бойынша жұмыстарды
жалғастыру, ашық бос орындар туралы ақпаратқа тұрақты негізде сұрастыру;
жұмыспен қамтудың және уақытша жұмыспен қамтудың мемлекеттік
бағдарламалары туралы ақпарат тарату;
NEET санатындағы жастардың бірінші қосалқы тобына қатысты жұ-
мысқа кірісу алдында аталған қосалқы топ өкілдерінің білім деңгейі айтар-
лықтай жоғары (әдетте, жоғарыдан төмен емес) екендігін есте сақтау қажет.
Жалпы алғанда, жастардың аталған қосалқы тобында жұмыс іздеу барысында
екі негізгі өзара байланысты талап қойылады: біріншіден, мамандық бойын-
ша жұмыс, екіншіден, жақсы жалақы. Мұндай қосалқы топтағы жастар үшін
мемлекеттік бағдарламаларды ұсынуға болады. Мемлекеттік бағдарламалар-
дың көмегімен жастар қалаған қажеттілігіне қол жеткізе алады. Мұндай қо-
салқы топтағы жастар үшін мемлекеттік бағдарламаларды ұсынуға болады.
Мемлекеттік бағдарламалардың көмегімен жастар қалаған қажеттілігіне қол
жеткізе алады. Мысалы, «Жастар практикасы» атты жоба аталған санатын-
дағы жастар үшін ең қолайлы нұсқа (себебі жастар жұмыс орнын айтуға ұял-
майтын болады), тиісті жалақы мөлшеріне ие болады және келешекте ары қа-
рай жұмысқа орналасу қол жеткізеді.