52
NEET санатындағы жастардың жеке қосалқы топтарымен
жұмыстың және зерттеулердің механизмдері
NEET санатындағы жастармен жұмыс жасау бойынша нұсқаулық
Аталған қосалқы топтың мемлекеттік жастар бағдарламалары туралы
төмен хабардарлықпен ерекшеленетіндігін атап көрсету қажет, жастар бағдар-
ламалардың тиімділігін төмен деп санайды және жастар арасындағы жұмыс-
сыздық мәселесін шешуге көмектесе алады деп ойламайды.
NEET санатындағы қосалқы топтағы жастар түрлі жұмысты, оның ішінде
жоғары біліктілікті немесе арнайы білімді талап етпейтін жұмыстарды (даяр-
шы, күзетші, сату жөніндегі менеджер және т.с.с.) орындауға дайын. Мұндай
қосалқы топ үшін ең негізгі факторға еңбек төлемі жатады.
«Мен соңғы рет қоңырау шалғанда, қоймаға логистика бойынша жұмыс
туралы сұрадым. Мен төрт жылдай қоймашы болып істедім, киім-кешек,
тағам өнімдері және т.с.с. салаларда жұмыс істедім. Оларға ұнамағаны
- менің білімімнің болмауы. Бірақ мен 1С және тағы сол секілді бағдарла-
малардың барлығын білемін, оларды өзім үйрендім. Содан кейін жұмыс бе-
рушіге менің қазақ тілін білмейтіндігім ұнамады. Мен қазақша түсінемін,
бірақ тым жылдам сөйлеген кезде мен түсінбей қаламын. Үшіншіден, жұмыс
берушіге менің жасым ұнамады, мен 24 жастамын. Ал оларға менің жасым
25 болғаны қажет. Ал жұмыс өтілім 10 жыл болуы тиіс. Бірақ түсінбеймін,
жасым 25 толғанша қалай 10 жыл тәжірибе жинауым керек еді?! Бұған қоса
білімімнің болуы қажет болды. Міне, мен жолыққан соңғы мәселе осындай
болды!»
(Тимур, 24 жаста, Ақтау қаласы)
«Мен ол туралы жиі ойланамын. Егер келесі үш ай ішінде жұмысқа орналаса
алмасам, Ресейге барып, сонда жұмысқа тұруға тырысамын. Мен, мысалы,
Ростов қаласына баруды армандаймын, себебі ол қалада мамандар керек.
Мен жұмысқа орналасуым ықтимал фирманы да тапқан секілдімін. Егер
елімізде жұмысқа тұра алмасам, кететінім анық».
(Екатерина, 21 жаста, Тараз қаласы)
«Білімі бар жастарда, білімі жоқ жастарда жұмыссыздықтан жапа шегіп
отыр, менің әпкем Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін «Заңгер»
мамандығымен аяқтап, қолына дипломын алды. Ал жұмысқа не Оралда, не
Алматыда тұра алмады. Қазір Ақтөбе қаласында тұрады, жұмыссыз, тұр-
мыс құрып, кішкентай баласына қарап, үй шаруашылығымен айналасады».
(Саид, 25 жаста, Орал қаласы)
53
NEET санатындағы жастардың жеке қосалқы топтарымен
жұмыстың және зерттеулердің механизмдері
NEET санатындағы жастармен жұмыс жасау бойынша нұсқаулық
3.3 NEET санатындағы жастардың қосалқы топтарымен
жұмыстың ұсынылатын әдістері
Аталған нұсқаулықтың негізгі мақсаты – зерттеу шеңберінде анықталған
NEET санатындағы жастармен, оның ішінде қосалқы топтардағы жастармен
жұмыс пен кейбір механизмдерін әзірлеу. NEET санатындағы жастардың қо-
салқы топтарымен жұмыстың негізгі ұсынылатын әдістері мемлекеттік орган-
дар, білім беру ұйымдары, жұмыс берушілер мен ата-аналар арасында бөлін-
ген. Бұған қоса, шетел мемлекеттерінің жастармен жұмыс жасау және жастар
жұмыссыздығымен күресу бойынша тәжірибесі келтірілген.
NEET санатындағы бірінші қосалқы топпен жұмыс жасау меха-
низмдері мен әдістері
Әкімдіктер, жергілікті атқарушы органдар
(негізгі міндеті – АҚПАРАТ-
ТАНДЫРУ):
NEET санатындағы жастардың аталған қосалқы тобы жоғары білім мәр-
тебесімен (әдетте, білім деңгейі жоғары) сипатталады. Қосалқы топқа кіретін
жастар студенттік шақта жұмыс істеген, интернет қорларын жақсы пайдала-
на біледі, мамандығы бойынша жұмыс істеп, жоғары жалақыны алуды мақсат
етеді. Алайда, бұл қосалқы топқа кіретін жастар үшін жалақы, материалдық
құндылықтар маңызды рөлді атқармайды, олар келешекті ескере отырып, ма-
мандығы бойынша жұмыс істеуді қалайды. Мұндай жастарды мемлекеттік
жобаларға тартуға шақырамыз, жұмыс тәжірибесі жастарға ары қарай маман-
дығы бойынша жұмысқа орналасуға немесе жеке бизнесін ашуға мүмкіндік
береді;
аталған ішкі қосалқы топқа кіретін жастардың назарын әкімдіктің
жастарды жұмысқа орналастыру саласындағы жұмысына аудару үшін ин-
тернет қорларды жиі пайдалануды жатқызуға болады. Жастармен ортақ тілді
оларға қызықты әлеуметтік желілер арқылы орнатуға болады, себебі жастар-
дың барлығы Интернет желісіне қызығушылық білдіреді. Бұған қоса, оқы-
ту мен жастарды виртуалды ортада жұмысқа орналастыру бағдарламаларын
жүзеге асыру айтарлықтай қаржыны талап етпейді және кез-келген өңірдің
мемлекеттік бюджеті үшін ақылға қонымды болып табылады. «ВКонтак-
те», «Одноклассники», «Facebook» және т.с.с. танымал әлеуметтік желілер-
де жақында болатын әлеуметтік оқиғалар, мемлекеттік бағдарламалар мен
жобалар туралы ақпараттық хабарламаларды орналастыруға болады. Бұған
қоса, Интернет пен әлеуметтік желілердің мүмкіндіктерін пайдалана отырып,
жастарға жоспарланған іс-шараларға қатысуға мүмкіндік беретін электрон-
дық шақыруларды жіберуге болады, мұндай іс-шаралар жастарды қоғамдық
өмірге белсенді қатысуға ынталандырады. Әлеуметтік желілерде жариялана-
тын мәтіндердің сапасына, жазылу стиліне назар аудару қажет. Жұмысқа та-
нымал блогерлерді, «қоғамдық пікір көшбасшыларын» тартуды ұсынамыз.