ПОӘК 042-18-35.1.
59/02-2013
|
№ 1 басылым
05.09.2013
|
бет 11 беттен
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ШӘКӘРІМ атындағы СемЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
|
3 деңгейлі СМК құжаты
|
ПОӘК
|
ПОӘК 042-18-35.1. 59
/02-2013
|
ПОӘК
Магистранттарға арналған пәннің бағдарламасы
«Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жоспарлау және ұымдастыру»
|
№ 1 басылым
2013 ж.
|
ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
«Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жоспарлау және ұымдастыру»
6N011300- Биология мамандықтарында оқитын
МАГИСТРАНТТАРҒА АРНАЛҒАН ПӘННІҢ БАҒДАРЛАМАСЫ
Семей
2013
1.ӘЗЕРЛЕГЕН
Құрастырушы__________«____»_____ 20___ж., б.ғ.к., доцент Абдишева З.В.
«Биология» кафедрасы
2. ТАЛҚЫЛАНДЫ
2.1. Биология кафедрасында отырысында
«____»___________ 20___ж.№____хаттама
Кафедра менгерушісі_______Калиева С.К.
2.2. Жаратылыстану ғылымдар факультетінің оқу-әдістемелік бюросының отырысында
«____»___________ 20___ж. №____ хаттама
Төрайымы____________ Абдишева З.В.
3. БЕКІТІЛДІ
Университетінің Оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында басып шығаруға мақұлданған және ұсынылған
«____»___________ 20___ж. №____ хаттама
ОӘК төрайымы____________ Искакова Г.К.
4.БІРІНШІ РЕТ КІРГІЗЕЛГЕН
Мазмұны
-
1. |
Жалпы ережелер
| 2. |
Пәннің мазмұны және сабақ түрлері бойынша сағаттарды бөлу
| 3. |
Пәнді оқып білу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар
| 4. |
Курс форматы
| 5. |
Курс саясаты
| 6. |
Баға қоюдың саясаты
| 7. |
Әдебиет тізімі
|
1 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1.1 Оқытушы және пән туралы жалпы мәліметтер:
Абдишева Зухра Валиевна - б.ғ.к., доцент
Биология кафедрасы
Байланыс ақпараты – тел: 50-13-00, оқу ғимараты № 3, кабинет № 120
Сабақ өткізу орны – дәрісхана № 116
Берілген пән бойынша кредиттер саны - 2
1.2 Пәннің қысқаша мазмұны:
Ғылыми-зерттеу жұмысының мақсаты – магистрантты өздігінен ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізуге даярлау, магистерлік диссертация жазу және ойдағыдай қорғау оның негізгі нәтижесі болып саналады.
Ғылыми-зерттеу жұмысының міндеттері ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындау дағдыларын егу және біліктілікті дамыту:
– заманауи ақпараттық технологияларды қатыстыра отырып,
библиографиялық жұмыс жүргізу;
– ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындау барысында туындайтын міндеттерді тұжырымдау және шешу;
– нақты зерттеу міндеттері негізінде (магистерлік диссертация тақырыбы бойынша немесе магистерлік бағдарлама шеңберінде ғылыми жетекшінің тапсырмаларын орындау негізінде), зерттеудің қажетті әдістерін модификациялау, жаңа әдістер әзірлеу;
– ғылыми-зерттеулер жүргізу кезінде заманауи ақпараттық технологияларды қолдану;
– аталған нәтижелерді өңдеу, талдау және оларды аяқталған ғылыми-зерттеу әзірлемелер (ғылыми-зерттеу жұмыстары жөніндегі есеп, баяндамалар тезистері, ғылыми мақалалар, курстық жұмыстар, магистерлік диссертациялар) түрінде табыс ету.
Магистерлік бағдарламаны жүзеге асыратын кафедра, бағдарламаның ғылыми-зерттеу бөлігі бойынша магистрант даярлауға қойылатын арнайы талапты анықтайды:
– аталған білім саласындағы заманауи проблематиканы білу;
– нақты ғылыми проблеманың даму тарихын, оның рөлін және зерттелетін ғылыми бағыттағы орнын білу;
– магистрант зерттейтін ғылыми проблема бойынша нақты өзіндік білімінің болуы;
– магистерлік бағдарламамен (магистерлік диссертациямен) байланысты, қандай болсын бір салада ғылыми зерттеулер, экспериментальдық жұмыстарды іс жүзінде жүзеге асыра білу;
– интернеттің нақты ресурстарымен және нақты бағдарламалық
өнімдерімен және т.б. жұмыс жасай білу ҒЗЖ, ғылым кандидаты академиялық дәрежесі бар немесе бейіні бойынша РҺD докторы академиялық дәрежесі бар және аталған ғылым саласында (магистранттың оқитын мамандығы бойынша) ғылыми зерттеулермен белсенді түрде айналысатын, магистранттың ғылыми
жетекшісінің басшылығымен орындалады. Қажет болған жағдайда салалас
ғылым салалары бойынша ғылыми консультанттар тағайындалуы мүмкін.
Ғылыми жетекші МҒЗЖ-ның ұйымдастырылуын, оның сапалы ғылыми және әдістемелік тұрғыдан қойылуын қамтамасыз етуге міндетті.
МҒЗЖ-ның ұйымдастырылу сапасына магистранттың ғылыми жетекшісі жауап береді. ҒЗЖ-ның негізгі мазмұны магистранттың жеке жоспарында
көрсетіледі.
2. Магистранттың ҒЗЖ мақсаттары мен міндеттері.
ҒЗЖ магистер даярлау бағыттарының негізгі білім беру бағдарламаларының құрамында, инновациялық қызметтің алуан түрлерін орындауға дайын, жоғары білікті мамандар қалыптастыру мен тәрбиелеуге көмектеседі.
Магистранттың ғылыми-зерттеу жұмыстарының мақсаты болып мыналар саналады:
– аталған пәндік саладағы теория мен практика үшін зор маңызы бар жаңа нәтижелер алу;
– ғылыми шығармашылық методологиясын игеру, шығармашылық ұжым құрамында ғылыми зерттеулер жүргізу дағдыларын алу;
– аталған пәндік саладағы обьектілерді (үдерістер, эффектілер, құбылыстар, құрылғылар, жобалар) зерттеудің теориялық және эксперименттік әдістерін игеру.
Магистранттың ғылыми-зерттеу жұмыстарының міндеттері болып мыналар саналады:
– неғұрлым дарынды және талантты магистранттарды анықтау, ғылым мен техниканың өзекті міндеттерін шешу үшін олардың шығармашылық және интеллектуалдық әлеуетін пайдалану;
– магистранттардың ғылыми шығармашылық қызығушылығын қалыптастыру, оларға ғылыми-зерттеу міндеттерін өздігінен шешу әдістемесі мен тәсілдерін үйрету;
– магистранттарды ғылыми зерттеулер жүргізу теориясы мен практикасына оқытуды ұйымдастыру;
– магистранттардың шығармашылық ойлауы мен дербестігін дамыту, алған теориялық және практикалық білімдерін тереңдету және бекіту;
– неғұрлым қабілетті және үлгерімі жақсы студенттер қатарынан, «магистратура – докторантура» траекториясы бойынша «толассыз» оқытуды ұйымдастыру жолымен университеттің ғылыми-педагогикалық және ғылыми кадрлар резервін даярлау.
3 ПӘНДІ ОҚУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
3.1 Оқып-білудің нәтижелелері:
Пәнді оқып-білудің нәтижесінде магистрант мыналарды:
– неғұрлым дарынды және талантты магистранттарды анықтау, ғылым мен техниканың өзекті міндеттерін шешу үшін олардың шығармашылық және интеллектуалдық әлеуетін пайдалану;
– магистранттардың ғылыми шығармашылық қызығушылығын қалыптастыру, оларға ғылыми-зерттеу міндеттерін өздігінен шешу әдістемесі мен тәсілдерін үйрету;
– магистранттарды ғылыми зерттеулер жүргізу теориясы мен практикасына оқытуды ұйымдастыру;
– магистранттардың шығармашылық ойлауы мен дербестігін дамыту, алған теориялық және практикалық білімдерін тереңдету және бекіту;
– неғұрлым қабілетті және үлгерімі жақсы студенттер қатарынан, «магистратура – докторантура» траекториясы бойынша «толассыз» оқытуды ұйымдастыру жолымен университеттің ғылыми-педагогикалық және ғылыми кадрлар резервін даярлау.
3.2 Курстың постреквизиттері:
Магистрлық диссертация
2. Педагогикалық практика.
Достарыңызбен бөлісу: |