65
NEET санатындағы жастардың жеке қосалқы топтарымен
жұмыстың және зерттеулердің механизмдері
NEET санатындағы жастармен жұмыс жасау бойынша нұсқаулық
NEET санатындағы төртінші қосалқы топпен жұмыс жасау меха-
низмдері мен әдістері
ҚР Білім және ғылым министрлігі, ҚР Дін істері және азаматтық қоғам
министрлігі, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
(негізгі
міндеті – ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ МЕН ДАМЫТУ):
мемлекеттік арнайы бағдарламаларды жүзеге асыру арқылы жастарға
мемлекеттік қолдау көрсету;
жастармен, оның ішінде білім алу, еңбек/кәсіби қызметпен қамтылмаған
жастармен жұмыс жасайтын мемлекеттік және мемлекеттік емес органдардың
қызметін үйлестіру және бақылау;
өңірлердегі жастармен жұмыс жасайтын мамандарға кеңес беру;
жұмыс істемейтін жастарды еріктілік, қоғамдық пайдалы қызметке тар-
ту.
Үкіметтің жергілікті атқарушы органдары (Әкімдіктер/жастар саясаты
мәселелері жөніндегі басқарма/ішкі саясат мәселелері бойынша басқарма)
(негізгі міндеті – АҚПАРАТТАНДЫРУ):
ауылдық елді мекендерде жастармен нысаналы жұмыс жүргізу;
жастар (аудан орталықтарында, ауылдарда тұратын), оның ішінде орта
білім беретін ұйымдарды (мектептерді, лицейлерді) тәмамдаған жастар ара-
сында білім және кәсіби/еңбек қызметіне қатыспайтын жастарды анықтау;
ұзақ мерзім (3 ай және одан асатын мерзім) бойы білім және кәсіби/ең-
бек қызметіне қатыспайтын жастарды анықтап, олардың тізімін жүргізу;
жастарға қолдау көрсетуге бағытталған мемлекеттік бағдарламаларға
қатысу сұрақтары бойынша жастарға кеңес беру;
ашық бос орындарды және мұндай бос орындарды толтыруды бақылау.
Жастар еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсынысты талдау дұрыс шешімдерді
уақытында бақылауға, мектеп, гимназия, лицей және т.с.с. кәсіби бағдарлау
жұмысқа түзету енгізуге мүмкіндік береді;
әлеуетті жұмыс берушілермен тұрақты негізде, яғни ай сайын/апта сай-
ын ашық бос орындар туралы ақпаратты сұрау арқылы өзара әрекеттесу;
жастарды төленетін маусымдық қоғамдық жұмыстарға тарту. Қоғамдық
жұмыс – қызметкерден арнайы кәсіби дайындықты талап етпейтін, бірақ пай-
далы бағыты бар және жұмыссыз жастарды уақытша жұмыспен қамтамасыз
ететін жалпыға қол жетімді еңбек қызметі.
66
NEET санатындағы жастардың жеке қосалқы топтарымен
жұмыстың және зерттеулердің механизмдері
NEET санатындағы жастармен жұмыс жасау бойынша нұсқаулық
Жұмыспен қамту орталықтары (қала/аудан орталықтары/ауыл, кенттер
әкімдіктерінің жанында)
(негізгі міндеті – АҚПАРАТТАНДЫРУ):
жастармен, оның ішінде мектеп, гимназия, лицей оқушыларымен және
олардың ата-аналарымен жастар арасында жұмыссыздық мүмкіндіктерін
төмендетуге бағытталған алдын алу жұмыстарын жүргізу. Тұрақты негізде
сыныптан тыс сағаттарды, жастардың кәсіби бағдары бойынша лекцияларды
ұйымдастыру, кәсібі«беделді емес» мамандықтардың танымалдығын арттыру
және т.с.с. қажет;
18–25 жас аралығындағы ұзақ мерзім (3 ай және одан асатын мерзім)
бойы білім және еңбек/кәсіби қызметпен айналыспайтын жастарды бақылау;
ашық бос орындарды және мұндай бос орындарды толтыруды бақылау;
елді мекен (ауыл/кент), аудан, облыс деңгейінде жаңа бос орындар тура-
лы жас жұмыссыз жастарға хабарлау;
ашық бос орындар туралы ақпаратты тарату бойынша жұмысты қал-
пына келтіру, белсенді түрде әлеуметтік желілерде парақшаны жүргізу/жұ-
мыспен қамту орталығының сайтындағы ақпаратты өзектендіру мен жаңар-
ту/жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара әрекеттесу;
жастарға өздерін сәтті таныстыруға көмектесетін түйіндемені, ынталан-
дыратын хаттарды, портфолио мен басқа материалдарды дайындау бойынша
кеңес беру. Кеңес беру тұрақты негізде тоқсанда бір рет жас жұмыссыздар-
мен топтық тренингтер түрінде өтуі ықтимал. Топтық тренингтік жаттығулар
жұмыссыз жастарды әлеуметтік бейімдеу бағдарламасы шеңберінде жүзеге
асырылуы тиіс. Мұндай кездесулердің негізгі міндеттеріне жұмыссыз жастар
арасында еңбек нарығы туралы ақпаратты тарату, жұмыс іздеу машықтарын
үйрету, үйренген машықтарды қолайлы жұмысты іздеу мерзімін азайту мақ-
сатында пайдалану барысында көмек көрсету жатады;
әлеуетті жұмыс берушілермен жұмыс жүргізу, ағымдағы бос орындар
туралы ақпаратты сұрау;
тұрақты негізде әлеуетті жұмыс берушілермен бос орындар жәрмеңке-
лерін ұйымдастыру;
Арменияның «Агромектеп» жобасының тәжірибесіне назар аударуға бо-
лады. Жобаның мақсаты – ауылдық жастарға сандық технологиялардың
көмегімен білім, иммиграция мен әлеуметтік мәселелерді шешуге көмек көр-
сету. Жоба жастарға болашағын жақсартуға көмектеседі. Жоба шеңберін-
де мектеп оқушыларына фермерлік істі жүргізу, нарықты бағалауды үй-
рену, бәсекеге қабілетті көкөністер мен жеміс-жидектерді өсіру, нарықта
өнімді жылжыту, және маркетинг саласындағы білім мен үздік тәжірибені
пайдалану секілді машықтарын алуға мүмкіндік береді.
67
NEET санатындағы жастардың жеке қосалқы топтарымен
жұмыстың және зерттеулердің механизмдері
NEET санатындағы жастармен жұмыс жасау бойынша нұсқаулық
тұрақты негізде біліктілікті арттырудың орта және қысқа мерзімді кур-
старын, қайта даярлаукурстарын және басқа кәсіби курстарды ұйымдастыру
(тоқсанына бір рет);
қолдауды талап ететін жас жұмыссыздарға психологиялық көмек көрсе-
ту және кеңес беру.
Жастар ресурстық орталықтары
(негізгі міндеті – ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ
МЕН ҚОСЫМША ОҚЫТУ):
жұмыссыз жастармен нысаналы жұмыс жүргізу, толық деректері көр-
сетілген жастар базасын әзірлеу;
жастарға түйіндеме әзірлеуді, ынталандыратын хатты жазуды, тілдесу-
ден өтуді, басқа коммуникациялық машықтарды дамытуды үйрететін шебер-
лік сабақтарын өткізу;
жастарды жұмыспен қамту бойынша мемлекеттік бағдарламаларға қа-
тысу механизмі бойынша консультация беру (құжаттарды жинау, құжаттар-
ды беру және т.б.).
Білім беру ұйымдары (мектептер, гимназиялар, лицейлер)
(негізгі мін-
деті – ТӘРБИЕЛЕУ ЖӘНЕ ТӘЛІМГЕРЛІК):
орта және жоғары сынып оқушылары арасында кәсіби бағдар бойынша
ай сайын сыныптан тыс сабақтарды тұрақты негізде, мысалы, ай сайын са-
бақтан тыс жүргізу;
жоғары сынып оқушыларының белгілі бір әлеуетін анықтау және
оқушылар мен олардың ата-аналарына болашақ мамандыққа қатысты ұсы-
нымдар беру;
өзін-өзі таныстыру, кәсіби ұжымдағы коммуникация, даулы жағдайлар-
ды шешу, ынталандыратын хат жазу және т.с.с. машықтарды жастарға үйрету;
ата-аналар жиналысында балалардың кәсіби бағдары бойынша ата-ана-
лармен жұмыс жүргізу.
Білім беру ұйымдары (колледждер, университеттер, институттар)
(негіз-
гі міндеті – МАМАНДЫҚҚА ЖӘНЕ КӘСІБИ МАШЫҚТАРҒА ОҚЫТУ):
мамандық бойынша теориялық біліммен қатар болашақ мамандықтың
тәжірибелікмашықтарын қамтамасыз ету;
Кәсіби бағдарлау жұмысын кәсіби консультациялық пункттер желісі жүр-
гізеді. 1,2 мың білім алушыға шамамен 1 кәсіби кеңесші қарастырылған.
Франциядағы кәсіби бағдарлау жүйесі орталықтандырылған, ол үшін жа-
уапкершілік Білім министрлігіне жүктелген, ал тікелей жұмысты Ұлттық
ақпарат қызметі жүргізе отырып, білім берудің түрлері мен мамандықтар
туралы ақпаратты таратады.
Достарыңызбен бөлісу: |