56
NEET санатындағы жастардың жеке қосалқы топтарымен
жұмыстың және зерттеулердің механизмдері
NEET санатындағы жастармен жұмыс жасау бойынша нұсқаулық
Жастар ресурстық орталықтары
(негізгі міндеті – ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ
МЕН ҚОСЫМША ОҚЫТУ):
Жастар ресурстық орталығы мамандарының негізгі міндеттерінің біріне
NEET санатындағы жастардың аталған қосалқы топ өкілдерімен байланы-
сты реттеуді жатқызуға болады (тыңдау, оған белгілі бір көмекті ұсыну, қы-
зығушылық тудыру).
жастардың аталған санатының негізгі мәселелерінің біріне олардың
жұмысқа орналасу кезінде жұмыс берушімен қарым-қатынас құру машықта-
рының болмауын жатқызуға болады. Жастар ресурстық орталықтарында
осы бағытта жұмыс жүргізу қажет (жастардың жеке қасиеттерін (тіл табысу,
сенімділік, бастамашылдық, мәселені шешуді таныту машығы);
жастардың аталған санаты үшін аса тиімді құралына жоспарларды және
жобаларды әзірлеу мен жүзеге асыру үшін құрал-сайман ретінде жобалық ме-
неджмент бойынша бағдарлама жатады. Аталған бағдарламалар шеңберінде
жастар жобаларды дұрыс жоспарлауды, басқаруды және презентациялауды
үйренуі тиіс, ал бұл өз кезегінде дамуға және кәсіби өсуге тырысатын белсенді
жастарды қалыптастыруға жағдай жасайды: даму мен кәсіби тұрғыдан өсуге
ұмтылатын үздік, көшбасшы тұлғаны қалыптастыру;
жұмысты іздеу механизмі бойынша консультация мен түсініктеме беру
(жосықсыз жұмыс берушіге түспеу үшін қайда бару қажет екендігін түсін-
діру);
жосықсыз жұмыс берушілердің тізімін жүргізу және жас мамандарға
мұндай тізімдегі жұмыс берушілер туралы жүгінген жағдайда ақпарат беру;
жастарды жұмыспен қамту бойынша мемлекеттік бағдарламаларға қа-
тысу механизмі бойынша консультация беру (құжаттарды жинау, құжаттар-
ды беру және т.с.с.);
компания мамандарын қайта даярлау мен біліктілігін арттыру үшін
құрылған, корпоративтік мәдениетті, корпоративтік құндылықтарды, басқа-
рушы бизнес үдерістерді жүргізудің корпоративтік ішілік стандарты унифи-
кациясын қалыптастыруға арналған «Самұрық-Қазына» АҚ Корпоративтік
университетімен ынтымақтастық мүмкіндігін қарастыру. Аталған универ-
Машықтың үш түрін бөліп көрсетуге болады: когнитивтік, когнитивтік
емес және техникалық машықтар.
Когнитивтік машықтар логикалық,
интуитивтік және сыни ойлау қабілетін пайдалану мүмкіндігіне, сонымен
бірге мәселелерді, вербалды белгіні және сандық ойлау мүмкіндігіне негізде-
леді.
Когнитивтік емес машықтарға еңбек нарығында маңызды болатын
жеке қасиеттер, оның ішінде экстраверттілік, шынайылық, жаңа тәжіри-
беге ашықтық, эмоциялық тұрақтылық жатады.
Техникалық машықтар
әдістемелерді, материалдарды, құрал-саймандарды және аспаптарды пай-
далануды қамтиды және нақты мамандықтар үшін маңызы бар нақты
машықтарға қатысты болады.
57
NEET санатындағы жастардың жеке қосалқы топтарымен
жұмыстың және зерттеулердің механизмдері
NEET санатындағы жастармен жұмыс жасау бойынша нұсқаулық
ситеттің базасында NEET санатындағы жастарға арналған түрлі білім беру
бағдарламаларын ойлап табуға болады.
Білім беру ұйымдары (мектептер, гимназиялар, лицейлер)
(негізгі мін-
деті – ТӘРБИЕЛЕУ ЖӘНЕ ТӘЛІМГЕРЛІК):
білім беру мекемелерінің жұмысы кешенді түрде кезеңдермен жүзеге
асырылуы тиіс: мектеп оқушыларының, студенттердің кәсіби бағдары, жастар
теориялық білімін бекіте алатын кәсіпорындармен және оқу орталықтарымен
өзара әрекеттестікті ұйымдастыру, өндірістік тәжірибе мен тағалымдаманы,
тәлімгерлікті және т.с.с. ұйымдастыру;
оқушылардың кәсіби бағдары бойынша іс-шаралар жастар арасында
мамандықтар, еңбек нарығындағы жағдай туралы ақпаратты таратудан ғана
емес, сонымын қатар оқушылардың қабілеті мен қызығушылығын ескере оты-
рып, мамандықты таңдауға көмектесуді талап етеді;
өзін-өзі таныстыру, кәсіби ұжымдағы коммуникация, даулы жағдайлар-
ды шешу, ынталандыратын хат жазу және т.с.с. машықтарды жастарға үйрету;
ата-аналар жиналысында балалардың кәсіби бағдары бойынша ата-ана-
лармен жұмыс жүргізу.
Білім беру ұйымдары (колледждер, университеттер, институттар)
(негіз-
гі міндеті – МАМАНДЫҚҚА ЖӘНЕ КӘСІБИ МАШЫҚТАРҒА ОҚЫТУ):
мамандық бойынша теориялық біліммен қатар болашақ мамандықтың
тәжірибелік машықтарын қамтамасыз ету;
өндірістік тәжірибеден өту үдерісі ресми сипатта болып қана қоймай,
болашақ мамандық бойынша нақты тәжірибелік білім мен машықтарды беруі
тиіс;
тәжірибеден өту барысында өзін мейлінше үздік көрсеткен жастардың
еңбек кітапшаларына жазба енгізу, ұсыным хаттарын беру, мұндай шаралар
болашақта жұмысқа орналасу кезінде қосымша артықшылықтар береді.
Жұмыс берушілер
(негізгі міндеті – «ДҰРЫС» ЖАСТАР ЕҢБЕК НА-
РЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ):
жастарды жұмыспен қамтудың тиімді механизмдерінің біріне деме-
ушілік қызметі бағдарламасы жатады. Мұндай бағдарламаның бірнеше бағы-
ты болады: мектеп оқушыларына қолдау көрсету, студенттерге қолдау көрсе-
ту, оқытушыларға қолдау көрсету, жұмыссыз, бірақ белсенді жастарға қолдау
көрсету. Бұл бағдарлама: белсенді оқушыларға гранттар бөлуден, сыныптар-
ды (лабораторияларды) қаржыландырудан, ары қарай оқу мен жұмысқа орна-
ластыру үшін келешегі бар оқушыларды (студенттерді) таңдаудан және т.с.с.
тұрады. Бұл ретте жұмыс берушілер жастарды қолдап қана қоймай, компани-