«Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті Жалпы ережелер «Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру»



жүктеу 225,07 Kb.
Дата14.05.2018
өлшемі225,07 Kb.
#12478
түріРегламент

Павлодар облысы әкімдігінің

2016 жылғы «19» ақпандағы № 38/2 қаулысына

1-қосымша
Павлодар облысы әкімдігінің

2015 жылғы 17 шілдедегі

№ 211/7 қаулысымен

бекітілді



«Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы

анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін

қызмет регламенті



  1. Жалпы ережелер

1. «Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) облыстың, аудандардың, қалалардың жергілікті атқарушы органдары, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация)»;

3) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – Ауыл шарауашылығы министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 3-2/378 бұйрығымен бекітілген «Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – стандарт) 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама (бұдан әрі – анықтама) беру болып табылады.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.

Мемлекеттік қызметтің нәтижесін қағаз жеткізгіште алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық нысанда ресімделеді, басып шығарылады, мөрмен және көрсетілетін қызметті берушінің басшысының қолымен куәландырылады.

Портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жолданады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде

көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық

бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)

іс-қимыл тәртібін сипаттау
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген құжаттар мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіздеме болып табылады.

5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, орындалу ұзақтығы:

1) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманы мемлекеттік корпорациядан құжаттарды қабылдайды, көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды тексереді, журналға тіркейді және басшыға қол қоюға беру үшін анықтаманы ресімдейді – 3 (үш) минуттан аспайды;

2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы анықтамаға қол қояды және жауапты маманға анықтаманы жолдайды – 7 (жеті) минуттан аспайды;

3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманы орындау құжаттарын береді – 5 (бес) минуттан аспайды.

6. Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама - мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі болып табылады.



3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде

көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық

бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара

іс-қимыл тәртібін сипаттау
7. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде келесі құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) қатысады:

1) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;

2) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманы.

8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсетумен көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігін сипаттау осы регламенттің 1-қосымшасында келтірілген.



4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде

Мемлекеттік корпорациямен және (немесе) өзге де

көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін,

сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау
9. Мемлекеттік корпорацияға жүгіну тәртібін сипаттау, көрсетілетін қызметті берушінің сұрауын өңдеу ұзақтығы:

1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияның операторына стандарттың қосымшаларына сәйкес қажетті құжаттарды және өтінішті тапсырады;

көрсетілетін қызметті алушы стандарттың 9-тармағында қарастырылған тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және стандарттың 3-қосымшасына сәйкес құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

2) 1-процесс – қызмет көрсету үшін Мемлекеттік корпорация операторының Мемлекеттік корпорацияның Ықпалдастырылған ақпараттық жүйесінің автоматтандырылған жұмыс орнына (бұдан әрі – МК ЫАЖ АЖО) логин мен парольді енгізуі (авторизациялау үдерісі);

3) 2-процесс – Мемлекеттік корпорация операторының қызметті таңдауы, экранға қызметті көрсету үшін сұрау нысанын шығаруы және Мемлекеттік корпорация операторының көрсетілетін қызметті алушының деректерін, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушы өкілінің сенімхат бойынша (нотариалды түрде куәландырылған сенімхат болған жағдайда) деректерін енгізуі;

4) 3-процесс – «электрондық үкімет» шлюзі (бұдан әрі – ЭҮШ) арқылы жеке тұлғалардың мемлекеттік дерекқорына (бұдан әрі – ЖТ МДҚ) – көрсетілетін қызметті алушының деректері туралы, сондай-ақ Бірыңғай нотариалдық ақпараттық жүйеге (бұдан әрі – БНАЖ) көрсетілетін қызметті алушы өкілінің сенімхат деректері туралы сұрауды жіберу;

5) 1-шарт – ЖТ МДҚ-да көрсетілетін қызметті алушы деректерінің және БНАЖ-да сенімхат деректерінің бар болуын тексеру;

6) 4-процесс – ЖТ МДҚ-да көрсетілетін қызметті алушы деректерінің

және БНАЖ-да сенімхат деректерінің болмауына байланысты деректерді алу мүмкіндігінің жоқтығы туралы хабарламаны қалыптастыру;



7) 5-процесс – ЭҮШ арқылы өңірлік электрондық үкімет шлюзінің автоматтандырылған жұмыс орнына (бұдан әрі – ӨЭҮШ АЖО) Мемлекеттік корпорация операторының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған (қол қойылған) электрондық құжаттарды (көрсетілетін қызметті алушының сұрауын) жіберу.

10. Портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде жүгіну тәртібін және көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушы рәсімдерінің (іс-қимылдарының) реттілігін сипаттау:

1) көрсетілетін қызметті алушы жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - ЖСН) және бизнес сәйкестендіру нөмірінің (бұдан әрі - БСН), сондай-ақ парольдің көмегімен порталда тіркелуді жүзеге асырады;

2) 1-процесс – қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушының порталда ЖСН/БСН мен паролді енгізуі (авторизациялау үдерісі);

3) 1-шарт – ЖСН/БСН мен пароль арқылы тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің түпнұсқалығын порталда тексеру;

4) 2-процесс – көрсетілетін қызметті алушының құжаттарында бұзушылықтың болуына байланысты порталда авторизациялаудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыруы;

5) 3-процесс – көрсетілетін қызметті алушының осы регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызметті көрсету үшін экранға сұраныс нысанын шығару және нысан талаптары мен оның құрылымын ескере отырып, стандартта көрсетілген қажетті құжаттардың электрондық түріндегі көшірмелерін сұраныс нысанына бекіту мен көрсетілетін қызметті алушының нысанды толтыруы (деректерді енгізуі), сондай-ақ сұранысты куәландыру (қол қою) үшін көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ тіркеу куәлігін таңдауы;

6) 2-шарт – порталда ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолдану мерзімін және қайтарылған (күші жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімінде жоқтығын, сондай-ақ сәйкестендіру деректерінің сәйкестігін (сұраныста көрсетілген ЖСН/БСН мен ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН/БСН арасында) тексеру;

7) 4-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ расталмауына байланысты сұратылып отырған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

8) 5-процесс – көрсетілетін қызметті беруші сұранысты өңдеуі үшін ЭҮШ арқылы көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ-мен куәландырылған (қол қойылған) электрондық құжаттарды (көрсетілетін қызметті алушының сұранысын) ӨЭҮШ АЖО-ға жіберу;

9) 3-шарт – көрсетілетін қызметті берушінің қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушы қоса берген, стандартта көрсетілген құжаттардың сәйкестігін және негіздер бойынша тексеруі;

10) 6-процесс – көрсетілетін қызметті алушының құжаттарында бұзушылықтың болуына байланысты сұратылып отырған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

11) 7-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ӨЭҮШ АЖО-да қалыптастырған қызметтің нәтижесін (электрондық құжат нысанындағы хабарламаны) алуы. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат түрінде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі.

Портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде қатыстырылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимылы осы регламенттің 2-қосымшасына сәйкес диаграммада келтірілген.

11. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігін, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылын толық сипаттау, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде Мемлекеттік корпорациямен өзара іс-қимыл тәртібін және ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау осы регламенттің 3-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.

«Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне

1-қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау


Негізгі процестің (жұмыс барысының, ағымының) іс-қимылы



Іс-қимылдың (жұмыс барысының, ағымының) №

1

2

3

1

Атауы

Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманы

Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы

Көрсетілетін қызметті берушінің маманы

2

Іс-қимылдың (процестің, рәсімнің, операцияның) атауы және сипаттамасы

Мемлекеттік корпорациядан құжаттарды қабылдайды, көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды тексереді, журналға тіркейді, анықтаманы ресімдейді


Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтамаға қол қояды

кейіннен көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін жолдайды


3

Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдастыру-өкімдік шешім)

Көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға беру


Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманына анықтаманы жолдайды




4

Орындау мерзімі

3 (үш) минуттан аспайды

7 (жеті) минуттан аспайды

5 (бес) минуттан аспайды

«Жеке қосалқы шаруашылықтың

бар екендігі туралы анықтама беру»

мемлекеттік көрсетілетін

қызмет регламентіне

2-қосымша



Портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде қатыстырылған ақпараттық жүйелердің

функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы


Портал








Э

Ү



П





3-процесс

5-процесс


7-процесс



1-процесс





4-процесс

6-процесс

2-процесс






Сұрау


Көрсетілетін қызметті алушы

Шартты белгілер




Бастапқы хабарлама



Аяқтаушы хабарлама



Қарапайым аяқтаушы оқиғалар



Қате


Процесс



Процесс




Шарт



Хабарламалар ағымы



Басқару ағымы



Түпкі алушыға ұсынылатын электрондық құжат

«Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне


3-қосымша
«Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру»

мемлекеттік қызметті көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы






иә






жоқ










Шартты белгілер





мемлекеттік қызмет көрсетудің басталуы немесе аяқталуы




көрсетілетін қызметті алушы рәсімінің (іс-қимылының) және (немесе) ҚФБ атауы




келесі рәсімге (іс-қимылға) өту





таңдау нұсқасы


жүктеу 225,07 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау