132
ҚазаҚ
стандағы
практикалық журналистика
3.0
практикалыҚ нұсҚаулыҚ
міндет – идея, стилистика, сөйлеу мәнері арқылы оқырманның күткен үдесінен шыға білу.
3.
Бас редактордікі әрдайым дұрыс.
Сайттағы мәтіндерге қатысты осылай. Ал әлеуметтік
желіге қатысты мәселеге дауласуға болады және дауласу керек те.
4.
Безендіру және таргетинг ережесі
– бұлжытпай орындауға тиіс алты ереже:
Егер мақсатың алматылықтар болса, Астана қаласына жарнама жасама және вегандар үшін ет за-
уытын жарнамалаудың керегі жоқ.
«18-65 жас. Қазақстан» деген деген аудитория жоқ екенін, болмайтынын есте сақта.
Әрдайым жазбаларға редакцияның қосымшасын жазу керек.
Сенбі күннің ерекшелігін есте сақта, ерте уақытта хабарлама жіберме, сондай-ақ, кешкі мезгіл мен
мейрамдарды да ұмытпаған жөн.
Аздаған ирония мәжілістің отырысы туралы көңілсіз есептің өзіне назар аудартуы мүмкін екенін
ұмытпа.
Ал қалғанының бәрінде эксперименттен қашпау керек.
тЕхнОлОГИялаР мЕн ҚұРалДаР
1.
Бізге керек технологияның барлығын дерлік мамандар әлдеқашан жасап қойған.
яғни, әлеуметтік желідегі ресми қосымшалар, жарнамалық мен және Facebook, VK желілеріндегі
корпоративтік аккаунттар, видеоканалдар мен тікелей трансляциялар, чат-боттар және браузердің
пуш-хабарламасы. Бастысы,
оқырманды жалықтырып алмай, барлығын бақылауда ұстау керек.
2. Бір әлеуметтік желі (ең көп дегенде екеу) аудиторияны жинайтын, оның қаңқасын қалыптасты-
ратын, оларды әлпештейтін, сақтайтын және санын арттыратын негіз бола алады. Қалғанының бар-
лығы осыған қосымша ретінде жүреді.
3. СММ үшін ақылы шешімдерден еш кемдігі жоқ тегін шешімдер де толып жатыр. Дегенмен, аса
қымбат емес бір шешімді сатып алуға тура келеді – novapress.ru. жарияланымдардың жоспарла-
ушысы. Егер СММ бөлімінде бір ғана адам болса және ол бір негізгі желімен жұмыс істейтін болса,
бұл сервис рСС арқылы автоматтандырылған жарияланымдардың көмегімен басқа негізгі арна-
лардың барлығын сауатты түрде қамтуға мүмкіндік береді. Егер екеу және одан көп болсаңыздар,
автоматикадан бас тастыңыз, қолмен жасалатын дүние әрқашан жақсы екенін ексеріңіз.
ЖаРнама науҚаны
Парақшаның жарнамасы.
СММ маманының негізгі міндеттерінің бірі – ресурстың парақшасына
бейіл аудиторияны тарту. Фейктер мен мультиктерді қаптатудың керегі жоқ, тірі пайдаланушылар
керек. Бюджеті 50 доллар болатын жарнамалық хабарландыруды сауатты жазу мен таргетинг сізге
жаңа 1500 пайдаланушы береді. Хабарландыру лентада ерекше көзге түсіп, назар аудартуы тиіс.
Қарапайым мысал: ішіне әлдебір зат тұрып қалған адамның рентген суреті. «Тақырыптан да маңызды»
деген жазу. «Ең маңыздысы – детальда» деген комментарий. Таргетинг: жазылушыларыңыздың
достары. Тиімділігі: аптасына 1300 тірі жазылушы және 35 доллар.
жазбалардың жарнамасы.
Тек қана cornerstone articles. Тек мақсатты аудиторияға бағытталған
жазбаларды ғана жарнамалаңыз. Ақша үшін жаңалықтар агрегаты үшін трендтегі жаңалықты
жарнамалаудың қажеті жоқ, тек журналист оған мүлде жаңа көзқараспен келсе ғана назар аударуға
болады. Жарнаманың мақсаты – жазылушыларды арттыру, олар үшін сіздердің медиа маңызды
ақпарат көзі болуы тиіс, оларға мақалалардың көрілімін арттырушы деп қарамау керек. Таргетинг
парақшаға жазылушылар (олар барлық жазбаны көреді) мен олардың достарынан бастап,
мақаланың тақырыбы қызықтыратын немесе сіздерге географиясы керек аудиторияға дейін өзгеруі
мүмкін.
133
ҚазаҚстандағы
3.0
практикалық журналистика
практикалыҚ нұсҚаулыҚ
ПЕРСПЕКтИВа ЖӘнЕ ҚазаҚСтанДыҚ БаҚ
ИГЕРмЕГЕн РЕСуРСтаР
• ВКонтакте. Бұл желі Қазақстандағы кіру көрсеткіші жөнінен YouTube пен Google іздеу жүйе-
сінен кейінші үшінші орында. Facebook тек 26-орында. Алайда, жасөспірімдерге арналған желі
деген көзқарастан ба, әлде пабликтерге арналған интерфейстердің көп уақыт дамымауынан
ба, көптеген қазақстандық медиа бұл желіде жұмыс істеуге үрке қарады. Әзірге ВКонтакте
желісінің қазақстандық сегментінде тек аймақтық БАҚ пен ашықтан-ашық трэш қана бар. Ал
онда ең аз дегенде 25 жастан 35 жасқа дейінгі 400 000 қазақстандық отыр, БАҚ үшін ең керек
аудитория. Оларға дәл сол жерде керек болуға талпынып көріңіз.
• Telegram. Бұл мессенджердің қазақстандық сегментінде ешқандай БАҚ-тың тіпті мың жа-
зылушысы да жоқ. Осы мақаланы жазу кезінде ең ірі канал TengriNews сайтына тиесілі болды,
олардың 600-ге жуық жазылушысы бар. яғни, кеңістік бос деген сөз. Бұл аудиториямен өзара
байланыс орнатуға ең тиімді канал, конверсия (жазбаны көргендер мен сілтеме бойынша
өткендердің ара қатынасы) 80%-ға дейін. Тек мұнда сіздің басылымды оқуға толығымен бейіл
кор-аудиторияны жинай білуіңіз керек. Соған сай, бұл мессенджердегі стратегия да бөлек –
редакция ұялмай көрсете алатын және мақсатты аудитория үшін маңызды деген тақырыптық
контентті ғана бөлісуге тырысу керек. Олай болмаса, лояльді оқырманды жоғалтып, канал-
дағы аудиторияны үнемі алмастырып отыруға тура келеді.
тЕСт:
1. Сіз медиаменеджерсіз. Бір айдың ішінде ресурстың аудиториясы саны жағынан 20
пайызға құлдырады. Негізінен әлеуметтік желіден келетін пайдаланушылар санының
төмендеуімен байланысты екенін білдіңіз. Сіздің әрекетіңіз:
A. СММ маманды жұмыстан шығару.
B. редакторды жұмыстан шығару.
С.
аналитика деректерін алдырып, мақсатты аудиторияның өзгеріс динамикасына баға беру.
2. Сіз редакторсыз. Бір немесе бірнеше арна дұрыс жұмыс істемей тұр. Сіздің әрекетіңіз:
A. СММ маманды жұмыстан шығару.
B. редакцияны жұмыстан шығару.
С. Егер негізгі канал жұмыс істеп тұрса,
тек қана статистиканы жинау, басқа ештеңе істемеу.
D. Тағы бір адам алу.
3. Сіз редакторсыз. СММ маманыңыз жоқ. Не істейсіз?
A. ештеңе
B. аутсорт негізінде СММ маманын жалдау
C. жас қызметкерлердің
бірін тәрбиелеу
4. СММ маманысыз. Сайтта жеті бөлім бар, әрқайсысында күніне 20 жаңару болады.
Сіздің әрекетіңіз:
A. парақшада күніне 140 жаңару жасау
B. ресми парақшада жаңарудың
бір бөлігін ғана салу
C. 7 парақша ашып, оларға айдарлардың редакторлары
тарапынан бақылау жасап отыру
Тесттің дұрыс жауаптарын кітаптың соңынан көре аласыз.