122
ҚазаҚ
стандағы
практикалық журналистика
3.0
практикалыҚ нұсҚаулыҚ
Тәуелсіз Қазақстан тарихында экономиканың өсуі алғаш 1996 жылы тіркелген. Ол кезде елдегі Жіө
0,5%-ға дейін өсті. Қазақстанда Жіө ең төмен көрсеткіші 1994 жылы болды. негізгі көрсеткіштер
динамикасы туралы деректерді Статистика комитеті мен Ұлттық банктің сайттарынан on-line алуға
болады. Сонымен қатар, президент пен Үкімет айтатын болжамдарды ескеру керек.
Халықаралық журналистика тәжірибесінде үкіметтің болжамдары халықаралық қаржы банктері
мен қорлардың болжамдарымен салыстырылады. Еуропа қайта құру және даму банкі, Халықаралық
валюта қоры, сондай-ақ, рейтинг агенттіктері жыл аяғында немесе басында жариялайтын
баяндамаларында ел экономикасы дамуына болжамдарын сипаттап, Жіө өсуі немесе кемуінің
негізгі индикаторларын егжей-тегжейлі есептейді.
Қазақстанның Жіө үшін, жалпы, шикізатқа тікелей тәуелді басқа да кез келген ел үшін лакмус –
өнеркәсіптік өндіріс. Елде жүріп жатқан процестерді классикалық түрде түсінетін болсақ, өнеркәсіптік
өндіріс құлдыраған кезде ел экономикасы өсу деңгейін көрсете алмайды. өз кезегінде, халықаралық
қаржы қорлары мен банктердің болжамдарына сәйкес, Қазақстанның өнеркәсіп өндірісінің өсуін
электр энергиясын тұтыну деңгейінің артуынсыз елестетуге болмайды.
Экономика дамуына қатысты ұзақ мерзімді трендтерге ие бола отырып, журналистер экономикалық
конъюнктура өзгерісін байқауға көмектесе алатын салыстырмалы деректерді қолдану маңызды.
Былтыр ел экономикасы өскен-өспегенін есінде сақтамауы да ықтимал оқырманға Қазақстанның
Жіө 2009 жылдан бері алғаш рет 2016 жылы 1% ең төмен өсу деңгейін көрсеткенін білу қызығырақ
болады.
Қазақстан экономикасы үшін маңызды әлемдік баға жүйесінде адасып қалмау үшін мынандай
қағиданы ұстануға болады: дүниежүзілік биржалардағы мұнай мен басты металдар фьючерстерін
күніне кем дегенде бір рет қарап отыру керек. Одан бөлек, әлемдік нарықтардағы жағдайды
экспорт тауарларына деген баға трендтеріне болжам жасайтын ірі агенттіктер, оның ішінде рейтинг
агенттіктері қадағалап отырады.
ЭКОнОмИКаның нЕГІзГІ цИКлДаРы
-
Құлдырау (депрессия) – елдегі өнеркәсіп өндірісінің және халықтың жұмыспен қамтылуының
ең төменгі көрсеткіштерін анықтайды. Экономистердің айтуынша, «экономиканың түбі» ұзаққа
созылмайды. Алайда, тарихта болған 1930-жылдардың Ұлы депрессиясы, іскерлік белсенділік
оқтын-оқтын өзгеріп тұрғанына қарамастан, 10 жылға (1929 жылдан 1939 жылға дейін) созылған.
-
Төмендеу (рецессия) – әдетте өнеркәсіптік өндіріс көлемінің қысқаруымен, іскерлік және
инвестициялық белсенділіктің құлдырауымен байланысты және негізінен дамыған елдерде
жұмыссыздық деңгейі артуына алып келеді. Халықаралық валюта қорының нұсқасы бойынша,
экономикалық құлдырау кезеңі деп іскерлік белсенділік төмендеуі алты айдан астам созылғанын
айтады.
-
Көтерілу (тірілу) – экономика түбіне жеткеннен кейін аз уақыттан соң болады. Бұл цикл халықтың
да, бизнестің де белсенділігі біртіндеп артуымен, сондай-ақ, өнеркәсіптік өндірістің аз ғана
өсуімен ерекшеленеді. Экономистердің айтуынша, бұл циклда инфляция дүмпуі байқалмайды.
Ел экономикасына инновациялар енгізіледі, сонымен қатар, алдыңғы төмендеу кезінде кейінге
қалдырылған сұраныс жүзеге асырылады.
- Экономикалық өркендеудің
Жоғарғы нүктесі немесе іскерлік белсенділіктің шыңы. Бұл циклда
көбінесе жұмыссыздық толық дерлік жойылады немесе өте аз мөлшерде қалады, өндіріс қуаты
толық жүктемемен жұмыс істейді, іскерлік белсенділік шырқау шегіне жетеді. Бұл экономикалық
цикл кезінде елде инфляция қарқынды өсуі байқалады. нарықтардың біртіндеп қанығуы елдегі
бәсекелестікті күшейтеді, өз кезегінде ол табыс көлемін төмендетіп, экономикадағы жобалардың
өзін-өзі ақтауының орташа мерзімін ұлғайтып жібереді.
валюта девальвациясын өткізіп алмау үшін не істеу керек?
Тарихи қалыптасқандай, бұрынғы КСрО елдері экспортталатын тауарлар бағасы төмен болғандықтан