УОК 070 (574)
ББК 76.01 (5 Каз)
П69
ISBN 978-601-06-4251-5
Идея авторы және жоба жетекшісі: Әділ Джалилов
Редакторлар: Анджела Ищанова, Жұлдыз Әбділда
Дизайнер/қаттаушы: Анастасия Артюхова
Қазақстандағы практикалық журналистика. «MediaNet»
Халықаралық журналистика орталығы, – Алматы, 2017.
ISBN 978-601-06-4251-5
«Қазақстандағы практикалық журналистика 3.0» – «MediaNet» Халықаралық журналистика орталығы 2005
және 2008 жылдары шығарған оқу құралының үшінші бөлімі. Басылымды медиа саласындағы практик
мамандар ұжымдаса отырып жазып, тәжірибелік тапсырмалар, ұсыныстар және бақылау тесттерін ұсынды.
Кітапқа қазақстандық және шетелдік сарапшылар мен журналистер жазған тараулар кірді. Кітапқа классикалық
медиа салалары да (мысалы, «Сұхбат»), қазіргі таңда өзекті болып отырған «Фактчекинг», «Дата-журналистика»
сынды тараулар да кірді.
Оқу құралы көпшілік оқырманға арналады, әйтсе де, ең алдымен журналистика факультеттерінің студенттері мен
оқытушыларына, медиа сарапшыларына, PR мамандарына және ақпарат саласында қызмет істейтіндердің
«Қазақстандағы практикалық журналистика» кітабының үшінші басылымы ЕҚЫҰ Астанадағы бағдарламалар
кеңсесі және Қазақстандағы Конрад Аденаэур атындағы қордың қаржылай қолдауымен жарық көріп отыр.
Бұл оқу құралындағы пікірлер, тұжырымдар мен ұсыныстар авторларға тиесілі және олар донорлардың,
жоба демеушілерінің және «MediaNet» Халықаралық журналистика орталығының ұстанымына сәйкес келуі
міндетті емес.
©«MediaNet» ХЖО ҚҚ, 2017
©ЕҚЫҰ Астанадағы бағдарламалар кеңсесі, 2017
©Қазақстандағы Конрад Аденаэур атындағы қор, 2017
Басуға 15.05.2017 жылы қол қойылды
Форматы А4. Қағазы офсеттік, 80 г/м2.
Таралымы 500 дана.
Тапсырыс №6 «1-Момент Сервис» ЖШС баспаханасында
басылды
ПРАКТИКАЛЫҚ
ЖУРНАЛИСТИКА
3.0
ҚазаҚСтанДағы
мазмұны
КіріСпЕ
АВТОрЫ
1-БөліМ. ЖурнАлИСТИКАДАғЫ ТӘСілДЕр
МЕн ТрЕнДТЕр
ИнтеРнеттегі жАңАлыҚтАР. Вячеслав абрамов
ФАКтчеКИнг Пен веРИФИКАцИя –
жУРнАлИстің ҚұРАлы. михайло Кольцов
КРеАтИв сАРАПтАмА. Әділ Джалилов
2-БөліМ. АҚпАрАТ Алу
АҚПАРАт КөзДеРі: ДеРеККе тОлы ҚОРжыны. Сергей Домнин
сұХБАт жАнРының ҚыР-сыРы. Гүлмира Қамзиева
3-БөліМ. ВИзуАлИзАцИя
мУльтИмеДИА тұРғысынАн ОйлАУ. Игорь Братцев
мУльтИмеДИАлыҚ ҚұРАлДАР және ОлАРДы
ҚОлДАнУ ПРИнцИПтеРі. назгүл Қожабекова
Data-жУРнАлИстИКА. асхат Еркімбай
4-БөліМ. МАМАнДЫҚ
әлеУметтіК тАҚыРыПтАғы мАтеРИАлДАРДы
ҚАлАй әзіРлеУ КеРеК? Гүлнарa Бажкенова
ХАлыҚАРАлыҚ жУРнАлИстің жұмысы. Викинтас Пугачаускас
жАңАлыҚтАР шығАРылымын жүРгізУші. Шолпан Елеусізова
ЭКОнОмИКАлыҚ жУРнАлИстИКА. мария Гордеева
меДИАДАғы әлеУметтіК мАРКетИнг:
РеДАКцИяғА АРнАлғАн нұсҚАУлыҚ. Павел Банников
5-БөліМ. ЖАуАпКЕрШіліК ЖӘнЕ ҚҰҚЫҚ
КОнФлИКтіДен ХАБАР тАРАтУ. мұхтар Сеңгірбай
жУРнАлИстіК ЭтИКА. Жұлдыз Әбділда
ұлттыҚ БіРегейліК мәселелеРі немесе ЭтнОсАРАлыҚ
ҚАРым-ҚАтынАстАРДы жАзУДА нені
есКеРУ КеРеК? Есенгүл Кәпқызы
жУРнАлИст ҚАУіПсізДігі. Ольга Диденко
7
11
29
31
37
47
59
61
69
75
77
83
89
95
97
105
115
121
129
135
137
143
151
161
6
практикалық нұсқаулық
77
КІРІСПЕ
«Кіріспе» деп аталатын, біртүрлі және қажетсіз көрінетін (кітаптың өзін оқитын болған соң, кіріспені
оқудың не қажеті бар?) жанрды қызықтырақ, шынайырақ қылып бастауды әркез ойлайтын едім.
Сонымен, «Қазақстандағы практикалық журналистика 3.0» – мезгілсіз қаза болған миллиардтаған
жүйке талшығы.
Материал жиналып, өңделіп, аударылып болғанша, авторлар, үйлестірушілер, редакторлар және
жоба бойынша жұмыс істеуге тиіс тағы қаншама адамның біреуі болмаса біреуі сапарға шығып
кетеді, ауырып қалады, қырсығып, ренжіп, жыныңды келтіреді. Кейде бәрі бір мезгілде еркелікке
басады...
Әйтсе де, құрбан болған менің ғана жүйке талшықтарым емес екені сәл де болса көңілге медеу.
Салмақты әңгімеге көшер болсақ, «Қазақстандағы практикалық журналистика 3.0» – 2006 және 2008
жылдары жарық көрген кітаптың үшінші нұсқасы. Үш кітап та бірегей, бір-бірін қайталамайды. Тек
концепциясы ортақ – қазақстандық және шетелдік медиа мамандарының практикалық тәжірибесі
мен ұсыныс-кеңестерін бір басылымда толықтыру.
Осы 11 жыл ішінде бұл кітаппен көп журналист оқыды, олардың біразы қазір танымал маман болып
қалыптасты. Отандық журналистиканың дамуына азғантай үлес қосқанымызды мақтан етеміз.
3000 дана таралыммен жарық көрген бірінші басылымда 18 автордың материалы жинақталды. Ал
екіншісі – 39 автордың материалымен, 5000 дана таралыммен шықты.
Бұл басылым да үлкен ұжымның еңбегімен жарық көрді: 17 автор – журналист, редактор, эксперт,
заңгерлер үлес қосты.
«Қазақстандағы практикалық журналистика 3.0» әзірге 500 дана шектеулі тиражбен шығып отыр.
Алайда, желіде интерактив онлайн-курс түрінде бөлек жарық көретін нұсқасы бар. Онлайн-курс
аясында тараулар саны ұдайы артып отырмақ. Тараулардың барлығы қазақ және орыс тілінде
қайталанады.
Кітаптың қазіргі баспа нұсқасы соңғы болуы да, ал жоба тек онлайн-курс аясында дами беруі де
ықтимал.
Бұл кітапта медиа саласындағы соңғы трендтер мен жанрларға: фактчекинг, мультимедиа (мұны
қағаз жүзінде айтқан да қызық), дата-журналистика, SMM және т.б. көңіл бөлдік. Және бұларды
назгүл Қожабекова, Асхат Еркімбай, Игорь Братцев және павел Банников сынды тәжірибелі
мамандарға айтқыздық.
Сондай-ақ, бұл кітапта қазір онлайн-жаңалықтарды қалай жасау керек екені жөнінде еліміздегі
ең сапалы да креатив бұқаралық ақпарат құралдарының бірі – Vlast.kz негізін қалаушы Вячеслав
Абрамовтың кеңестері ұсынылған. Esquire.kz шеф-редакторы, ел тарихындағы мен білетін ең
дарынды журналистердің бірі Гүлнара Бажкенова көп жылдық бай тәжірибесін бір тарауға
сыйғызып ұсынып отыр.
Ақпарат көздерімен жұмыс істеу жөнінде «Эксперт Қазақстан» редакциясының жетекшісі Сергей
Домнин, экономикалық журналистика туралы – елдегі қаржы журналистерінің бірегейі Мария
Гордеева, сұхбат алу құпиялары туралы – телевизияда және басқа БАҚ түрлерінде орасан тәжірибесі
бар Гүлмира Қамзиева айтады.
Жаңалықтар жүргізушісінің жұмысы туралы оңай да қызықты етіп танымал тележүргізуші Шолпан
Елеусізова айтса, журналист мамандығының құқықтық қырлары жөнінде Internews заңгері, елдегі
медиа саласындағы үздік заңгерлердің бірі Ольга Диденко жазды.
Кітаптың ерекше де маңызды бөлімі журналистік этикаға арналды. өкінішке орай, ақпарат саласы
үшін бұл мәселе әлі де өзекті болып келеді. Танымал журналистер – Жұлдыз Әбділда, Есенгүл
Кәпқызы және Мұхтар Сеңгірбай қақтығыстардан хабар тарату мен ұлтаралық мәселелерді қалай
Достарыңызбен бөлісу: |