Қазақстандағы практикалық журналистика. «MediaNet» Халықаралық журналистика орталығы, – Алматы, 2017


ҚазаҚстандағы  практикалық журналистика



жүктеу 5,04 Kb.
Pdf просмотр
бет46/50
Дата05.01.2018
өлшемі5,04 Kb.
#7027
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   50

154
ҚазаҚстандағы 
практикалық журналистика
    
3.0
практикалыҚ нұсҚаулыҚ
жылы
ОҚИғА
ҚАйДА?
1991
Орал қазақтары мен казактар арасында
Батыс Қазақстан облысы
1992
Қазақтар мен шешендер
өскемен, Шығыс Қазақстан облысы
2006
Қазақтар мен ұйғырлар
Шелек, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ 
ауданы
2006
Қазақтар мен түріктер (жұмысшылар)
Атырау облысы
2006
Қазақтар мен шешендер/ әзербайжандар Ақтау, Маңғыстау облысы
2007
Қазақтар мен шешендер
Алматы облысы, Маловодное, Қазатом 
ауылдары
2007
Қазақтар мен күрдтер
Оңтүстік Қазақстан облысы, Маятас 
ауылы
2012
Қазақтар мен қытайлар (жұмысшылар)
Атырау облысы
2013
Қазақтар мен шешендер
Алматы облысы, Шеңгелді
2014
Қазақтар мен өзбектер
Оңтүстік Қазақстан облысы, Қарамұрт 
ауылы
2015
Қазақтар мен тәжіктер
Оңтүстік Қазақстан облысы, Бостандық, 
Ынтымақ ауылдары
2016
Қазақтар мен түріктер
Жамбыл облысы, Бурыл ауылы
Жоғарыдағы  принциптерге  бағынар  болсақ,  бұл  кикілжіңдердің  алғашқы  мақсаты  ұлтқа  немесе 
этносқа  деген  жеккөрушіліктен  туындаған  кикілжің  бе,  жоқ  тұрмыстық  қақтығыс  па?  Тізімге  көз 
салар болсаңыз, аталған қақтығыстардың тек екеуі ғана – 2006 жылғы Атыраудағы қазақтар мен 
түріктер арасындағы кикілжің мен 2012 жылғы тағы да Атырау облысындағы қазақтар мен қытайлар 
арасындағы  кикілжің  ғана  шетелдік  жұмысшылардың  араласуымен  жүзеге  асып  отыр.  Қалған 
жағдайларда  оқиға  бір  мемлекет  тұрғындарының  арасында  туындаған.  Демек,  осы  аталған  екі 
оқиға екі ұлттың бір-біріне деген жеккөрушілігі салдарынан туындауы мүмкін. Дәл осы оқиғаларда 
ұлт  өкілдерінің  аты  аталып,  түсі  түстелсе,  ол  этикаға  да,  заңға  да  қайшы  келмесі  анық.  Ал  басқа 
жағдаяттарда негізінен бұл оқиғаларға этностық сипат, ұлтаралық қарым-қатынас астарын бермеу 
қажет болатын. өкінішке қарай, жоғарыда аталған оқиғалардың барлығына ресми билік тарапынан 
«тұрмыстық кикілжің» деген саяси баға берілгенімен, баспасөзде ұлтаралық кикілжің ретінде астын 
сызып көрсету басымдыққа ие болды. Бұл кикілжіңдер туралы қазақтілді басылымда жүзден астам 
мақала жарияланған.
Осы мақалаларда кездескен басты қателіктерді санамаласақ, біріншіден, журналистер ақпаратты 
тексеруді  қажет  деп  таппайды.  Кейде  бұның  соңы  ұлтараздығына  ұласатын  жағдайлар  да 
кездесіп жатады. Мәселен, алысқа бармай-ақ, жақында ғана польшадағы Қазақстан елшісі Алтай 


155
ҚазаҚстандағы 
   
3.0
 
   
практикалық журналистика 
практикалыҚ нұсҚаулыҚ
Әбибуллаевтың жұмысынан босауы туралы қауесетті таратқан www.skif.kz тек «ұзынқұлақтан» естіген 
жаңалықтарын  ғана  бөлісуді  жөн  санаған.  (http://sn.kz/sn-sayasat/item/10603-altaj-bibullaev-
oryssha-s-jlemegeni-shin-yzmetten-uyl-an-zyn-la). Кейіннен Алтай Әбибуллаев өзі туралы қауесет 
таратқандарға ескерту жасап, жалған ақпарат таратудың соңы жақсылыққа апармайтынын айтады. 
Көбіне-көп ақпараттар ресми емес дерек көздерінен, әлеуметтік желілерден алынады. Журналист 
ол  ақпаратты  қорытуды  қажет  деп  санамайды,  бірден  жариялауға  асығады.  Мәселен,  келесі 
сілтемедегі  видеодан  фейсбуктен  тексерілмей  алынған  ақпараттың  салдарынан  мұсылмандарға 
деген  жеккөрініштің  қаншалықты  өскендігі  жайлы  мысалды  көруіңізге  болады:  https://www.
youtube.com/watch?v=Ryjpu-NWYm8.
Видеода  Швецияда  мұсылмандардың  ашуын  тудырмас  үшін    рождество  шамдарына  тыйым 
салынатыны туралы ақпарат таратылғаны айтылады. Ақпарат екі адамның қолына түскен. Оның бірі 
ақпаратты тексеруді қажет деп таппайды. Бірден жариялауға көшеді. Екіншісі ақпаратты тексеруге 
кіріседі.  Ақпаратты  тексермей  таратқан  аккаунттың  жазбасын  оқып,  мұсылмандардың  кесірінен 
Христмас  шыршаларын  безендіре  алмайтын  болғандықтан,  мұсылмандарға  деген  жеккөрушілік 
өршиді.  Оған  43  мың  адам  реакция  танытып,  өз  пікірлерін  қалдырып  үлгерген.  Ақпараттың 
шынайылығын  тексерген  екінші  адам  ондай  Қаулының  болмағанын  және  ешқандай  ақпарат 
таратылмағанын көреді. Әрі оны әрі қарай таратпауды жөн деп табады.
Ендеше ақпаратты тексеру үшін не жасауға болады? Төмендегі сілтемедегі видеода ВВС журналистері 
ақпаратты тексеру жолдары жайлы тәжірибелерімен бөліседі.
https://www.youtube.com/watch?v=7foqzvfar0w  Бұл  ретте  ВВС  журналистері  әлеуметтік 
желіде  пайда  болған  ақпараттардың,  фотосуреттердің,  видеолардың  шынайылығын  тексеруге 
қатысты  өз  ұсыныстарын  айтады.  Мәселен,  ВВС  телерадиокорпорациясының  пайдаланушылар 
тарапынан  жүктелген  контент  қызметінің  журналисі  Алекс  Маррей  2008  жылы  Costa  Concordia 
кемесі  туралы  ақпарат  алғанын  айтады.  Жаңа  зеландия  маңайында  дауылға  ұрынған  кеменің 
бейнебаянын  әлеуметтік  желіде  көргенде  ондағы  ақпараттың  шындыққа  сәйкес  емес  екенін, 
оған дейін өзге куәгерлерден алған ақпараттармен мүлдем сәйкес болмағанын байқайды. Сөйтіп, 
басқа ақпараттармен салыстыра отырып, оның жалған екенін анықтаған. Демек, ол жаңалықтың 
шынайылығын тексеру үшін, оны таратқан адамнан оқиғаның қайда, қашан, қалай және не болғаны 
сұралады. Осы қызмет журналисі Сильвия Костело ақпаратты таратушының шынайы куәгер немесе 
жалған  өсек  таратушы  екенін  айқындау  маңызды  екендігін  айтады.  «Сондай-ақ,  суреттердің 
шындыққа жанасымды екенін тексеру үшін оның мета мәліметтері арқылы бұл суреттегі көріністер 
оқиға болған жердегімен үйлесе ме, жоқ па, оны Google карта арқылы тексеруге болады. Ақпаратты 
жолдаушыдан оның оқиға орнында тұрған тұрмағанын тексеру үшін, ауа райын сұрау керек. Егер 
оның мәліметі мен интернеттегі ауа райы туралы мәлімет сәйкес келмесе, ақпаратты таратушыдан 
күдіктену  қажет.  Екіншіден,  ол  тұрған  жердің  көше  атауларын,  көрікті  жерлерін,  ескерткіштерін 
санамалап сұрап шығу қажет» деген ақыл-кеңес береді.
Швецияның ақпараттық және жаңалықтар порталы  SWI (www.swissinfo.ch) әлеуметтік желіде пайда 
болған  ақпараттың  шынайылығын  тексеру  (https://www.youtube.com/watch?v=7QZiHaMlfga) 
үшін  оны  таратушы  адамның  кім  екеніне  басты  назар  аударатындарын  айтады.    Ақпараттың 
шынайылығына көз жеткізу үшін тура осындай бірнеше ақпаратты жинап, салыстырып, арасынан 
параллель жүргізе отырып, ақпараттың шынайылығын тексеруші топқа жолдайды. Олар ақпаратқа 
анализ жасап, оның шынайылығына көз жеткізгеннен кейін ғана, ақпарат эфирге жіберіледі.
Екіншіден, журналистердің келесі қателігі – оқиғаға объективті баға бере алмауында.  Бұған дейінгі 
елдегі  этносаралық  проблемалардың  тек  біржақты  сипатталып  келгені  мәлім.  Мәселен,  Шелек 
пен Малыбай ауылдарындағы қазақ және ұйғыр жастары арасындағы кикілжің туралы қазақтілді 
ақпарат құралдарында аса мол мақала жарияланды. Мақалалардың басым көпшілігі ұлтараздығын 
қоздыруға  бағытталғанын  қойылған  тақырыптарынан-ақ  байқауға  болады.  Мәселен,  «Свобода 
слова» газеті «Мемлекет – сендердікі, жер – біздікі» деген айдармен мәлімет берсе, «Жас қазақ» 
газеті бұл оқиғаға орай ұйғыр жастарын «фашист» деп айыптайды. Ал, «Қазақстан-Zaman» газетінде 
«Ұйғырлар  қазақтардан  кешірім  сұрады»  деген  мақала  жарияланады,  онда  ұйғыр  тілінде  білім 
беретін мектептер сепаратизмнің бастауы ретінде сипатталады. «Тасжарған» газетінде «Екі ұйғыр 
бір қазақты неге өлтірді?», «Малыбайдағы қазақтар бейшаралығына күйінеді» деген мақалаларда 
мақала авторы бірыңғай оқиғаға ұйғырларды кінәлі ретінде көрсетеді. Мақала тек автордың жеке 
пікірімен осы ауылда «ұйғырлар қолынан мерт болды» дейтін Айдын Халықовтың туыстарының 


жүктеу 5,04 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   50




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау