124
ҚазаҚ
стандағы
практикалық журналистика
3.0
практикалыҚ нұсҚаулыҚ
ЭКОнОмИКалыҚ ЖуРналИСтИКаДа ҚанДай
тЕРмИнДЕР ҚОлДанылаДы?
валюта
– ел ішіндегі нарықта да, халықаралық нарықта да тауар алмасу кезінде төлем құралы
қызметін атқара алатын ақша бірлігі немесе кез келген құнды тауар.
Бағам
(курс) – ақша бірлігінің өзге елдің ақша бірлігіне, бағалы металдарға, құнды қағаздарға
шаққандағы котировкасы (бағасы).
өзгермелі айырбас бағамы
– негізгі факторлар: әлемдік мұнай бағасының, сондай-ақ,
басты сауда серіктесі болып отырған елдердің валюта бағамдары өзгеруі ықпалымен қалыптасатын
котировка. Еркін өзгермелі айырбас бағамы режимі сыртқы ықпалдарды тиімді сіңіруге мүмкіндік
береді. өзгермелі айырбас курсының артықшылықтары: нарықта шынайы айырбас курсына қол
жеткізу, отандық тауар өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін сақтап қалу, ағымдағы операциялар
есебі бойынша айтарлықтай тепе-теңдік бұзылуының алдын алу және халықаралық резервтердің
азаюына жол бермеу. заң жүзінде Ұлттық банк бағам қалыптастыру процесіне теңге бағамының
шектен тыс өзгеруінің алдын алу және қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін
интервенция жүргізу жолымен араласа алады.
Интервенция
– елдің орталық банкі валютасын көп мөлшерде сату
немесе сатып алу жолымен
жүзеге асыратын валюта нарығы мен валюта бағамына шетел бір реттік және мақсатты ықпал
ету шарасы. Валюталық интервенция әдетте мемлекет мүддесі үшін шетелдік валюталар бағамын
реттеу үшін жүзеге асырылады. Кейбір елдерде валюталық интервенция нарықтағы белгілі бір
ойыншылардың мүддесі үшін де жүргізіледі.
Конвертация
– валюта айырбастау. Валютаның конвертациялану деңгейі валюта операцияларын
мемлекеттік реттеу механизмімен анықталады.
Девальвация
– экономикалық саясат талабымен шынайы валюта бағамын төмендету (Халық-
аралық валюта қорының термині).
монетарлық саясат
– мемлекеттің баға тұрақтылығын, халықтың түгел жұмыспен қамтылуын
және шынайы өндірістің өсуін қамтамасыз ету мақсатымен айналымдағы ақша мөлшеріне ықпал
ететін саясаты. Классикалық түрде орталық банктің ақша-несие саясаты елдегі қаржы тұрақтылығы-
на қол жеткізуге және оны сақтап тұруға, ең алдымен, ұлттық валюта бағамын нығайтып, елдегі
төлем тепе-теңдігін қамтамасыз етуге бағытталады.
Инфляция
– тауарлар мен қызметтер бағасының жалпы деңгейінің өсуі. Инфляцияға іскерлік
белсенділік деңгейі, нақты Жіө мен оның әлеуетті деңгейі арасындағы айырма, еңбек өнімділігі,
халықтың ақшалай табысы, еңбекпен қамтылу деңгейі, нарықтардағы бәсекелестік дәрежесі, тауар-
лар және қызметтермен қамтылу, әлем нарықтарындағы бағалар және басқа да факторлар ықпал
етеді.
Инфляцияны есептеу үшін тұтыну бағалары индексі – халық тұтыну үшін сатып алатын тауарлар мен
қызметтер (тұтынушы себеті) бағасының жалпы деңгейінің өзгеруі қолданылады.
тұтынушы себеті
халықтың табысының құрылымын көрсетеді, тұтынуда ең көп үлес салмағы-
на ие тауарлар мен қызметтерді қамтиды. Ол тұтынушы себетінің қазіргі кезеңдегі бағалармен өл-
шенетін құнының алдыңғы кезеңдегі бағалармен өлшенетін құнына қатынасы ретінде есептеледі.
Инфляциялық күту
– халықтың және нарық қатысушыларының елдегі баға өсуінің ары қа-
райғы динамика жөніндегі болжамдары. Болжам деректері экономикалық қызметке тікелей ықпал
етеді. Көбінесе, елдің инфляциялық күтуі недәуір төмен болса, нарық қатысушылары ақшасын өн-
діріске, инвестициялық жобаларға, қаржы операцияларына салуға тырысады. Халықтың инфляция-
лық күтуі артып жатса, нарық қатысушылары ақшасын тауарларға, жылжымайтын мүлікке, шетел
125
ҚазаҚстандағы
3.0
практикалық журналистика
практикалыҚ нұсҚаулыҚ
валютасына, сондай-ақ, өзге, бағасы елдегі инфляция деңгейіне тәуелді емес құндылықтарға сала-
ды.
Инфляциялық таргеттеу
– ақша-несие саясатының орта – үш жылға дейінгі мерзімде
инфляцияның белгілі бір көрсеткішін орнату және соған жетуге бағытталған режимі. Бұл
режимнің ерекше сипаты – ақша-несие саясатының мақсаты мен басымдықтарын нақты белгілеу.
Инфляциялық таргеттеу режимінде маңызды рөлді Ұлттық банктің пайыздық мөлшерлемелері
саясаты нарық мөлшерлемелеріне ықпал ету үшін қолданатын пайыздық арна атқарады. Ұлттық
банктің ақша-несие саясатының негізгі құралы – базалық мөлшерлеме.
Базалық мөлшерлеме
– ақша нарығындағы банкаралық атаулы пайыздық мөлшерлемелерді
реттеуге мүмкіндік береді. Ұлттық банк базалық мөлшерлемені өз бағалауынша орта мерзімдік
кезеңде инфляцияның мақсаттық бағдарына жетуге мүмкіндік беретін деңгейде тағайындайды.
Базалық мөлшерлеменің өзгеруі
– ақша нарығындағы пайыздық мөлшерлемелер
және айырбас бағамдары арқылы инфляция деңгейіне ықпал етеді. Жыл басында Ұлттық банк
негізгі мөлшерлеменің өзгеру кестесін ашық жариялайды. Сондай-ақ, Ұлттық банк басшысы жыл
барысында мөлшерлеменің болуы мүмкін өзгеруінің негізгі трендтерін атап отырады.
Ашық нарықтағы операциялар
– Ұлттық банктің ақша нарығындағы ликвидтілікті ұсыну
немесе алып тастау үшін қысқа мерзімді ноталар аукционы түріндегі оқтын-оқтын жүргізетін
операциялары. Ашық нарықтағы операциялар жүргізу кезінде кепілзат ретінде өтімділігі жоғары
және тәуекелі жоқ құнды қағаздар қолданылады. Мұндай операциялар Ұлттық банктің бастамасымен
жүргізіледі.
тұрақты қолжеткізу операциялары
– ақша-несие саясатының ашық нарықтағы
операциялар нәтижелері бойынша қалыптасқан ликвидтілік көлеміне түзету енгізу құралдары.
Тұрақты қолжеткізу операцияларының негізгі мақсаты – ақша нарығындағы қысқа мерзімді
пайыздық мөлшерлемелердің волатильдігін шектеу. Мұндай операциялар банктердің бастамасымен
жүргізіледі.
минималды резервтік талаптар
– орталық банктер банк жүйесіндегі ликвидтілікке деген
сұранысты реттеу үшін қолданады. резервтеу көлемін өзгерте отырып, Ұлттық банк резервтелетін
активтер көлеміне ықпал етеді, сол арқылы экономиканы несиелендіру процесіндегі банктердің
белсенділігін реттейді. Орталық банк міндетті резервтер нормасын арттырса, ол банктердің
экономиканы несиелендіру үшін қолдануына болатын артық резервтерінің азаюына алып келеді.
Орталық банк міндетті резервтер нормасын кемітсе, экономикадағы ақша ұсынысы көлемі артады.
тЕСт:
1. Қазіргі кезде Қазақстандағы макроэкономикалық көрсеткіштерді айтып жүрген басты
спикерлерді атаңыз:
A.
Григорий Марченко
B.
Кәрім Мәсімов
C.
Данияр Ақышев
D.
Тимур Сұлтанов
2. Қазақстанның ЖІӨ өсу/төмендеу динамикасы туралы ақпаратты қайдан табуға
болады?
A.
Ұлттық банк
B. Үкімет
C.
Қаржы министрлігі
D. Қазақстан президентінің
ресми сайты