Қазақстан Республикасының Ұлттық
Банкі Директорлар кеңесінің
2011 жылғы 10 маусымдағы
№ 117 қаулысымен
бекітілген
«Банк операцияларын жүргізуге арналған үй-жайлардың
дайындық дәрежесі туралы қорытындылар беру»
мемлекеттiк қызмет регламенті
Негізгі ұғымдар
1. Құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі - ҚФБ) – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – Ұлттық Банк) қызмет көрсету үдерісіне қатысатын жауапты тұлғалары, құрылымдық бөлімшелері, ақпараттық жүйелер немесе олардың шағын жүйелері.
2. Жалпы ережелер
2. Ұлттық Банк тиісті уәкілетті органдармен келісім бойынша екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың үй-жайларын күзетуді ұйымдастыру және орнату жөніндегі орындалуы міндетті талаптарды белгілейді.
3. «Банк операцияларын жүргізуге арналған үй-жайлардың дайындық дәрежесі туралы қорытындылар беру» мемлекеттiк қызметін (бұдан әрi – мемлекеттік қызмет) осы Регламенттің 1-қосымшасына сәйкес Ұлттық Банк аумақтық филиалының бөлімшесі (бұдан әрі – жауапты бөлімше) көрсетеді.
4. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
5. Мемлекеттік қызмет:
1) «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы;
2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының «Екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың үй-жайларын күзету мен жайластыруды ұйымдастыру жөніндегі талаптарды бекіту туралы» 2007 жылғы 28 мамырдағы № 56 қаулысы (бұдан әрі - № 56 қаулысы);
3) Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 1167 Жарлығымен бекітілген «Банк операцияларын жүргізуге арналған үй-жайлардың дайындық дәрежесі туралы қорытындылар беру» мемлекеттік қызмет стандарты (бұдан әрі – Стандарт) негізінде көрсетіледі.
6. Осы Регламенттің 2-қосымшасында белгіленген нысан бойынша банк операцияларын жүргізуге арналған үй-жайлардың дайындық дәрежесі туралы қорытынды беру не қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап мемлекеттiк қызметтiң нәтижесi болып табылады.
Ұсыну нысаны: қағаз тасымалдауышта.
7. Мемлекеттік қызметті Ұлттық Банк көрсетеді. Қазақстан Республикасының өзге мемлекеттік органдарына өтініш жасау (анықтамалар, үзінді-көшірмелер және басқа да құжаттар алу үшін) қажеттігі жоқ.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіне қойылатын талаптар
8. Ұлттық Банктің мемлекеттік қызметті көрсететін аумақтық филиалдарының мекенжайлары мен байланыс деректері осы Регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген.
Жұмыс кестесі: жұмыс күндері күнделікті сағат 13.00-ден 14.00-ге дейiнгi түскі үзiлiспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн не Ұлттық Банктің аумақтық филиалының ішкі еңбек тәртібіне сәйкес.
9. Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат (Стандарт және осы Регламенттің мәтіні) Ұлттық Банктің интернет-ресурсында (www.nationalbank.kz) және Ұлттық Банк аумақтық филиалының үйінде орналастырылған. Сондай-ақ ақпаратты телефон арқылы алуға болады (анықтама (консультациялар) алуға арналған телефондардың нөмірлері осы Регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген).
10. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі: тұтынушы өтініш жасаған және осы Регламенттің 15-тармағында белгіленген құжаттардың толық пакетін ұсынған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде.
11. Мемлекеттік қызметті беруден бас тарту үшін:
1) ұсынылған құжаттар пакетінің осы Регламенттің 15-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
2) тұтынушы осы Регламенттің 15-тармағында белгіленген құжаттардың толық пакетін ұсынған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде Ұлттық Банктің аумақтық филиалына осы Регламенттің 15-тармағында көзделген үй-жайларды қарап тексеруге және үй-жайларды қарап тексеруге үшін қажетті құжаттарды тексеруге мүмкіндік бермеуі;
3) тұтынушының үй-жайларының № 56 қаулыда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі негіздеме болып табылады.
12. Мемлекеттік қызмет көрсету кезеңдері:
1) мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша ақпараттандыру және консультация беру (қажет болған кезде);
2) осы Регламенттің 13-тармағына сәйкес құжаттарды қабылдау;
3) Ұлттық Банктің аумақтық филиалы басшысының құжаттарды қарауы, құжаттарды жауапты бөлімшенің басшысына жіберуі;
4) жауапты бөлімше басшысының құжаттарды қарауы және құжаттарды орындаушыға жіберуі;
5) жауапты бөлімше орындаушысының құжаттардың нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігін қарауы, өтініш берушімен қарау күні мен уақытын келісу, үй-жайдың дайындығын қарап тексеру үшін тұтынушының объектісіне бару, объектінің үй-жайларын қарап тексеруді жүзеге асыру және қарап тексеру актісін жасау және қорытындының жобасын не қорытынды беруден бас тарту туралы дәлелді жауаптың жобасын (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет нәтижесі) ресімдеу;
6) мемлекеттік қызмет нәтижесін ресімдеу және жеке басын куәландыратын құжатты ұсынған кезде осы Регламенттің 3-қосымшасына сәйкес белгіленген нысан бойынша мемлекеттік қызметті беруді есепке алу журналына қол қойғыза отырып қағаз тасымалдауышпен беру;
7) осы Регламенттің 4-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету карточкасының 1-7-тармақтарын ресімдеу және қызметті тұтынушыға толтыру үшін беру.
13. Құжаттарды қабылдауды және тіркеуді хат-хабарды қабылдауға және тіркеуге уәкілеттік берілген бөлімше немесе жауапты тұлға жүзеге асырады немесе құжаттар Ұлттық Банктің аумақтық филиалының хат-хабарын қабылдау үшін арнайы жабдықталған жәшікке салынады не осы Регламенттің 5-қосымшасында көрсетілген мекенжай бойынша почта жіберілімі арқылы жіберіледі.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету барысындағы іс-әрекеттердің
(өзара іс-әрекеттердің) тәртібін сипаттау
14. Құжаттарды қабылдау осы Регламенттің 13-қосымшасына сәйкес жүзеге асырылады.
Құжаттар пакетін қолма-қол тапсырған жағдайда тұтынушының қолына осы Регламенттің 6-қосымшасына сәйкес құжаттардың алынғаны туралы талон беріледі.
Талонды осы Регламенттің 5-қосымшасында көрсетілген мекенжайлар бойынша Ұлттық Банктің аумақтық филиалының құжаттарды қабылдауға уәкілетті бөлімшесі немесе жауапты тұлғасы жазады.
Тұтынушы құжаттарды почта арқылы жіберген немесе хат-хабар қабылдау үшін арнайы жабдықталған жәшік арқылы тапсырған жағдайда құжаттардың алынғаны туралы талон берілмейді.
Тұтынушының мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған сұратуын (өтінімін) қабылдау (тіркеу) туралы ақпаратты алуы осы Регламенттің 9-қосымшасына сәйкес жүзеге асырылады.
15. Тұтынушының қорытындыны алуы үшiн талап етiлетiн құжаттар:
1) өтiнiш хат;
2) үй-жайларды жалдау туралы шарттың немесе меншік құқығын растайтын құжаттың нотариат куәландырған көшiрмесi.
Қорытындыны Ұлттық Банктің аумақтық филиалы тұтынушының үй-жайларын қарап тексеру нәтижелері негізінде береді. Үй-жайларды қарау нәтижелері бойынша осы Регламенттің 7-қосымшасында белгіленген нысан бойынша Қарап тексеру актісі жасалады.
Үй-жайларды қарап тексеру барысында қосымша мынадай құжаттар тексеріледі:
1) арнайы техникалық күзет құралдарын пайдалануға қабылдау актісі;
2) күзет қызметін көрсетуге арналған шарт;
3) техникалық нығайтуы көзбен қарап тексеруге мүмкіндік бермейтін үй-жайлар (қойма, сейф бөлмесі, депозитарий, операциялық кассаның алдыңғы бөлігі) болған жағдайда ғана жасырын жұмыстарға арналған акт;
4) күзетуге қабылданған объектіні зерттеу актісі;
5) инкассацияға арналған шарт (қойма не сейф бөлмесі болмаған кезде).
16. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне қатысушы ҚФБ:
1) әкімшілік-шаруашылық бөлімі немесе жауапты тұлға (бұдан әрі - ӘШҚ) - кіріс хат-хабарларын қабылдауды, өңдеуді тіркеуді және Ұлттық Банктің аумақтық филиалының бөлімшесіне тапсыруды, сондай-ақ толтырылған қызмет көрсету карточкаларын қабылдауды және сақтау үшін жауапты бөлімшеге өткізуді жүзеге асыратын Ұлттық Банктің аумақтың филиалының бөлімшесі немесе жауапты тұлғасы;
2) Ұлттық Банктің аумақтық филиалының директоры не директорының орынбасары (бұдан әрі – АФ басшысы) – мемлекеттік қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге жауапты аумақтық филиалдың басшысы;
3) жауапты бөлімше (басшы және орындаушы) – мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беруді, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету бойынша мәліметтерді бастапқы есепке алуды № 56 қаулыда белгіленген тәртіппен жүзеге асыратын аумақтық филиалдың бөлімшесі.
17. Мәтіндік кестелік сипаттамада:
- мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі ҚФБ іс-әрекеттері осы Регламенттің 8-қосымшасында берілген;
- мемлекеттік қызмет көрсетудің негізгі үдерісі осы Регламенттің 9-қосымшасында берілген;
- мемлекеттік қызмет көрсетудің балама үдерісі, егер ұсынылған құжаттар пакеті осы Регламенттің 15-тармағына сәйкес келмеген жағдайда, осы Регламенттің 10-қосымшасында берілген.
18. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі әкімшілік іс-әрекеттердің логикалық тізбектілігі арасындағы өзара байланысты көрсететін схема осы Регламенттің 11-қосымшасында берілген.
5. Ұлттық Банктің мемлекеттік қызметін көрсететін
лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі
19. Осы Регламентті орындамағаны немесе ойдағыдай орындамағаны және сақтамағаны үшін жауапкершілік Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне қатысушы ҚФБ-ның лауазымды тұлғаларына және қызметкерлеріне жүктеледі.
Жазалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қолданылады.
«Банк операцияларын жүргізуге арналған
үй-жайлардың дайындық дәрежесі туралы қорытындылар
беру» мемлекеттiк қызмет регламентіне
1-ҚОСЫМША
Ұлттық Банктің аумақтық филиалдарының мемлекеттiк қызмет көрсететiн бөлiмшелерiнiң мекенжайлары
және байланыс деректерi
р/с
№
|
Аумақтық филиалдың атауы
|
Заңды мекенжайы
|
Кабинет нөмiрi
|
Коды, телефоны
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
1.
|
Орталық филиал
|
010000, Астана қаласы,
Бейбiтшiлiк к-сі, 21
|
|
|
|
Қолма-қол ақшамен жұмыс және кассалық операциялар бөлімі
|
|
111, 110
|
8 (7172) 703354,
703378
|
2.
|
Ақмола филиалы
|
020000, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Әуезов
к-сі, 214
|
|
|
|
Қолма-қол ақшамен жұмыс және кассалық операциялар бөлімі
|
|
2-қабат
|
8 (7162) 250753
|
3.
|
Ақтөбе филиалы
|
030006, Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Асау-Барақ к-сі, 45
|
|
|
|
Қолма-қол ақшамен жұмыс және кассалық операциялар бөлімі
|
|
4
|
8 (7132) 210723
|
4.
|
Алматы қалалық филиалы
|
050000, Алматы қаласы,
Панфилов к-сі, 98
|
|
|
|
Қолма-қол ақшамен жұмыс және кассалық операциялар бөлімі
|
|
101
|
8 (727) 2443625,
2443626
|
5.
|
Алматы облыстық филиалы
|
040008, Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Төлебаев к-сі, 58/64
|
|
|
|
Қолма-қол ақшамен жұмыс және кассалық операциялар бөлімі
|
|
3-қабат
|
8 (7282) 245199
|
6.
|
Атырау филиалы
|
060002, Атырау облысы, Атырау қаласы, Уәлиханов
к-сі, 2
|
|
|
|
Қолма-қол ақшамен жұмыс және кассалық операциялар бөлімі
|
|
209
|
8 (7122) 328495
|
7.
|
Шығыс Қазақстан филиалы
|
070019, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Қазақстан к-сі, 3
|
|
|
|
Қолма-қол ақшамен жұмыс және кассалық операциялар бөлімі
|
|
501
|
8 (7232) 254496
|
8.
|
Жамбыл филиалы
|
080000, Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Қазыбек би
к-сі, 137
|
|
|
|
Қолма-қол ақшамен жұмыс және кассалық операциялар бөлімі
|
|
220
|
8 (7262) 451809
|
9.
|
Батыс Қазақстан филиалы
|
090000, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы,
Ж. Досмұхамедов к-сі, 16
|
|
|
|
Қолма-қол ақшамен жұмыс және кассалық операциялар бөлімі
|
|
103
|
8 (7112) 509768
|
10.
|
Қарағанды филиалы
|
100000, Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, Бұқар жырау д-лы, 19
|
|
|
|
Қолма-қол ақшамен жұмыс және кассалық операциялар бөлімі
|
|
32
|
8 (7212) 419393
|
11.
|
Қостанай филиалы
|
110000, Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Баймағамбетов к-сі,195
|
|
|
|
Қолма-қол ақшамен жұмыс және кассалық операциялар бөлімі
|
|
310
|
8 (7142) 542212
|
12.
|
Қызылорда филиалы
|
120019, Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы,
Жақаев к-сі, 20
|
|
|
|
Қолма-қол ақшамен жұмыс және кассалық операциялар бөлімі
|
|
207
|
8 (7242) 278434
|
13.
|
Маңғыстау филиалы
|
130000, Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы,
23-ықшам аудан
|
|
|
|
Қолма-қол ақшамен жұмыс және кассалық операциялар бөлімі
|
|
319
|
8 (7292) 430523
|
14.
|
Павлодар филиалы
|
140000, Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Ак. Сәтбаев к-сі, 44
|
|
|
|
Қолма-қол ақшамен жұмыс және кассалық операциялар бөлімі
|
|
311, 316
|
8 (7182) 323053
|
15.
|
Солтүстік Қазақстан филиалы
|
150000, Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы,
Қазақстан Конституциясы
к-сі, 6
|
|
|
|
Қолма-қол ақшамен жұмыс және кассалық операциялар бөлімі
|
|
313
|
8 (7152) 469892
|
16.
|
Оңтүстік Қазақстан филиалы
|
160012, Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, Төреқұлов к-сі, 2
|
|
|
|
Қолма-қол ақшамен жұмыс және кассалық операциялар бөлімі
|
|
317
|
8 (7252) 212073
|
«Банк операцияларын жүргізуге арналған
үй-жайлардың дайындық дәрежесі туралы қорытындылар
беру» мемлекеттiк қызмет регламентіне
2-ҚОСЫМША
Қорытынды
______________________________________________
Ұлттық Банк бөлімшесінің атауы
______________________________________________ мекенжайда орналасқан
__________________________________________________________ үй-жайды
Объектінің атауы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің төмендегі нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкестігіне қарап тексерді:
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
_______________________________________________ мекенжайда орналасқан
______________________________________________________________ үй-жай
жоғарыда көрсетілген нормативтік актілердің талаптарына сәйкес келеді.
-
Ұлттық Банк бөлімшесінің басшысы
|
|
______________________
Қолы
|
|
|
Мөр орны»
|
«Банк операцияларын жүргізуге арналған
үй-жайлардың дайындық дәрежесі туралы қорытындылар
беру» мемлекеттiк қызмет регламентіне
3-ҚОСЫМША
Достарыңызбен бөлісу: |