Қазақстанның бүгінгі қаржы және банк секторы



жүктеу 227,1 Kb.
Дата20.05.2018
өлшемі227,1 Kb.
#14778

Қазақстанның бүгінгі қаржы және банк секторы




Қазақстанның бүгінгі қаржы және банк секторы ТМД мемлекеттері арасында мойындалып отырған, барынша бәсекеге қабілетті саласы. Дей тұрсақ та, антимонополиялық заңнамаға енгізілген толықтырулар мен өзгертулер елдегі екінші деңгейлі банктер мен шетелдік банктердің еншілестерінің қызметіне қолайсыздық тудыруда. Алматыда өтіп жатқан конференция барысындағы “Қазақстанның қаржы және банк секторы” деп аталатын мәжілісте “Қазақстан Халық банкі” АҚ Басқарма төрағасы Григорий Марченко осындай пікір білдірді.

Оның айтуынша, Ұлттық банк пен Қаржылық бақылау агенттігінің пікірлері ескерілмей ҚР Парламенті депутаттарының екі палатасынан өткен аталмыш заң екінші деңгейлі банктердің кірісін азайтып, шығысын көбейтіп қана қоймай, сыртқы, яғни халықаралық нарықтағы қатынастарды күрделендіріп отыр.

ТМД және Шығыс Еуропа елдері арасында жан басына шаққандағы инвестиция тарту бойынша алдыңғы орында тұрған Қазақстанның ішіндегі банктер арасында үлкен бәсекелестік бар. Бұл мемлекет үшін аса қолайлы жағдай, деп атап өткен Г.Марченко елдегі инвестициялық климатты әлі де жақсарта түсу керектігін ескертті.

Мәжіліс барысында баяндама жасаған ҚР Ұлттық Банкі Басқарма төрағасы Әнуар Сәйденов, ҚР Қаржы вице-министрі Әлихан Смаилов және Commerzbank АҚ Алматыдағы өкілдігінің жетекшісі Гельмут Фишер еліміздің қаржы және банк секторының инвестициялық әлеуетін аса жоғары бағалап, оны әлі де жетілдіре түсу керек екендігін ескертті.

Бір күндік конференция барысында Қазақстанның және халықаралық деңгейдегі инвестициялық жобалардың таныстырылымы болды.

Конференцияның жабылуында сөз алған шараның ұйымдастырушысы Орталық Азиядағы демократияны дамыту қорының президенті Еркін Тұқымов: “Осы мәселе бойынша өзара пікір және тәжірибе алмасу мақсатында өткен конференция негізгі міндеттерін орындаған секілді. Инвесторлар мен қаржы салымдарын қажет ететін мекемелер арасындағы осы секілді диалог алаңын ұйымдастыру үлкен нәтижелерге жеткізеріне сенімдімін” деп пікір білдірді.



Данияр Сейсенбаев, ҚазАқпарат, 05.07.2006ж., Алматы

Бейсенбек Зиябеков, экономика ғылымының докторы:
Банк секторы қоғам алдындағы өз міндетін атқарып отыр ма?

Кейбір мамандар елдің бәсекеге қабілетін валюталық бағам, пайыздық ставка және бюджет тапшылығы секілді факторлармен басқарылатын макроэкономикалық құбылыс деп қарастырады. Осы тұрғыда банк жүйесінің рөлі қандай болмақ?
– Жоғарыда айтқан макроэкономикалық көрсеткіштерді республикамыздың банк жүйесінен бөліп қарау мүмкін емес. Өйткені аралық институттарды дамыту мен нығайту экономикалық өсу саясаты мен азаматтардың жағдайын көтеруді жүзеге асыруда аса маңызды құралдардың бірі болып табылады. Сондықтан Қазақстанның ДСҰ-ға мүше болып кірер қарсаңында Ұлттық банк жүйесін одан әрі қарай дамыту, оның бәсекеге қабілеттілігін көтеру проблемалары аса өзекті мәселе болып есептелуі тиіс. Ұлттық банк жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін көтеру арқылы еліміздің экономикалық-әлеуметтік дамуының маңызды мәселелерін шешуге болады. Алдымен валюталық бағам режимі кезіндегі кейбір макроэкономикалық көрсеткіштерге тоқтала кетейін. Әлемдік тәжірибе негізінде валюталық саясатты жүзеге асыратын мынадай негізгі варианттарын бөліп көрсетуге болады: «еркін айналымдағы» валюталық бағамдар, реттелетін валюта «айналымы», тұрақты фиксациялық бағам. «Еркін айналымдағы» валюталық бағам, негізінен, нарықтық экономикасы дамыған және табысы жоғары деңгейлі елдерде пайдаланылады. Оны табысты қолдану үшін мемлекеттің экономикалық және саяси тұрақтылық болуы тиіс. Тұрақты макроэкономикалық ахуал және инфляция мүлдем жоқ немесе өте төмен болуы тиіс. Реттелетін валюта «айналымы». Бұл саясатты жүзеге асыру үшін мемлекеттің оған араласуы аздау және күрт қысқа мерзімді тербелістердің тігісін жатқызу үшін қолданылады. Сонымен қатар, экономика неғұрлым тұрақсыздау болса, валюталық резерв солғұрлым көп болуы керектігін ескеру қажет. Реттелетін «айналым» мемлекет үшін орасан шығындарды алып келіп, жоғары дәрежелі кәсіби шеберлікті талап етеді. Тұрақты фиксациялық бағам. Валюталық саясаттың бұл варианты, Батыстың алдыңғы қатарлы елдерінің тәжірибесі көрсеткендей, тұрақсыз экономикадағы ішкі дағдарыстық ахуалда қолданылғаны дұрыс. Ол инфляцияның ең төменгі қарқынын қамтамасыз етеді. Соған қарамастан, ол валютаны алып-сатарлыққа жол ашып, елде тұрақсыздықты дамыту қаупі бар. Қазақстандық тауарлардың сыртқы рыноктарда бағалық бәсекеге қабілеттілігін сақтауға ықпал ету мақсатында Қазақстанның еркін айналымдағы теңгенің айырбас айналымы жүйесіне көшкені белгілі. Ұлттық банк ішкі валюталық рынокқа аз мөлшерде қатысуды іс жүзіне асыра отырып, айырбас бағамына араласпайтынын мәлімдеді. Ал шынтуайтына келгенде, Ұлттық банктің валюталық деңгейдегі қимылын аз қатысуда деп айта алмайсыз. Сонымен, Ұлттық банк жылдың басынан бері қарай биржалық рыноктан 4,5 млрд АҚШ долларын алды және елдің халықаралық резервін 21 млрд АҚШ долларына жеткізді. Мұндай ахуал 2004 жылы да қалыптасты. Нәтижесінде Ұлттық банк жылды 6,2 млрд теңгедей шығынмен аяқтады. Егер ағымдағы жылы да Ұлттық банкте осындай жағдай қайталанатын болса, яғни алтын-валюта резерві айналымдағы ақша массасынан бірнеше есе артық болатын болса, Қазақстан Республикасының ақша ресурстары шет елдер экономикасын қолдауға бағытталып, еліміздің қаржы игілігі резервтер орналасқан шетелдік қаржы институттары мен мемлекеттік органдарының төлем қабілетіне бағынышты болып қалады. Осылай ұзақ мерзімді жоспарда айналым бағамының мұндай саясаты республика экономикасының тұрақты дамуына еш ықпал ете алмайды.
– Яғни, вариантты өзгертуіміз керек пе?
– Біздің ойымызша, Қазақстанға аралас вариантты қолданған жөн болады. Ол – валюталық бағамның үздіксіз өзгеруі кезінде реттелетін «айналымның» өте бірқалыпты саясатын жүргізу және түзету енгізетін ел экономикасын тұрақтандыру жөніндегі ішкі шараларды қолдану. Валюталық саясаттың мұндай түрін таңдау инфляция қарқынын, төлем балансының ахуалын, несие үшін пайыздық ставкалардың айырмашылығын, алып-сатарлық валюталық операциялардың, теңгеге деген сенімнің Қазақстанның өзіндегі және әлемдік валюталық рыноктардағы дәрежесін, яғни қазақстандық валюта рыногына ықпал ететін факторларды ескерген кезде ғана мүмкін болмақ. Тұтастай алғанда, біздің көзқарасымызша, еліміздің валюталық саясат варианттарын таңдау кезінде нақты экономикамен байланыстырылған ғылыми негіз бен кешенді әдіс жасалмаған. Сонымен бірге «еркін айналымды» валюталық бағамды кезең-кезеңімен кіргізу қажет еді. Өкінішке қарай, валюталық саясатты жасаушылар теңгенің валюталық бағамын тұрақтандыруға өте жоғары талап қойып, сонымен бірге рыноктық бағам динамикасына ықпал мүмкіндігін шамадан тыс жоғары бағалаған. Бұл жағдай басынан бастап-ақ тек ұлттық валюта эмиссиясына бақылау жасаумен ғана емес, биржада валютаны сату-сатып алу процесін басқару мүмкіндіктерімен де байланыстырылды. Осылай валюталық бағамды қалыптастыру мәселесі әу баста-ақ елдегі экономикалық ортақ ахуалдан тыс, тәуелсіз ретінде қарастырылған болатын. Осы күнге дейін монетарлық органдар Қазақстан жағдайында мұндай көзқарастың проблемаға айналып шыға келуінің мүмкін екендігін дәлелдеуде. Экстраваганттық ақша саясатының экономикалық мақсаттылығы жөніндегі мәселе басқа әңгіме. Мысалы, Үкімет пен Ұлттық банк жыл сайын инфляция себептерін қарастырған кезде ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасының өскеніне сілтеме жасайды. Әсіресе, биылғы жылы олардың түсініктемесі бойынша Ресейдегі қант бағасының өсуіне байланысты (импорт инфляциясы) біздегі өнімнің осы түріне баға күрт көтерілді. Көкөніске байланысты да осындай жағдай – ол Өзбекстаннан тасылатын болғандықтан, тәуелдіміз. Біздің пікірімізше, Қазақстан Республикасы тәуелсіз, қуатты мемлекет болып табылатындықтан, қоғамның тұрақтылығы мен игілікті болуы көрші мемлекеттерден қант немесе көкөніс жеткізілетіндігіне байланысты болмауы тиіс. Ол үшін Үкімет пен Ұлттық банк ақша-несие, фискалды саясат құралдарын білікті пайдалана отырып, елдегі қант қызылшасы мен көкөніс өндірісін ынталандыруы керек. Валюталық саясатты жүргізу тактикасы бойынша дамыған нарықтық экономикасы бар елдер мен Қазақстан Республикасының тәжірибесін салыстыру алдыңғы кезекте долларландыру деп аталатын проблемадағы бірқатар айтарлықтай айырмашылықты көзге шұқып тұрып көрсетерліктей мүмкіндік береді. Ұлттық валютаның өтімділігіне өту басқа елдерде резиденттік емес заңдық және жеке тұлғалардан басталды, яғни сыртқы өтімділіктен. Қазақстан Республикасы бастапқыда ішкі өтімділік жолымен жүрді, әрбір азамат және кез келген заңдық тұлға доллар және басқа да өтімді валютаны ешбір проблемасыз ала алды. Соның нәтижесінде, жеке тұлғалардың долларлық жинағы 2006 жылдың 1 сәуірінде Қазақстанда шамамен жалпы көлемнің 38,9 пайызын құрады. Республикамызда о баста-ақ күшті шетелдік валюта – АҚШ долларының жүру реформасы жіберіліп алынды. Басқа елдерде сонымен бірге ұлттық рынокқа шетелдік валютаның түсуін барынша шектеу қоюға және өз валюталарының дәрежесін көтеруге бағытталған әрекеттер мен батыл шешімдер жасалды. Қазақстан болса, ішкі өтімділік жолына түсіп, айырбас пунктері арқылы бүкіл аймақта долларлық жинаққа барлық жағынан жол ашты. Мұндай жағдай бүкіл елді долларландыруға алып барды. Ел ішіндегі шет ел валютасының айналымы экономикалық тәуелсіз мемлекеттің ұлттық валютасы ретінде теңгенің күшін жоюда. Соның нәтижесінде, экономикасының кейбір салалары әлі де шетелдік инвестицияға зәру Қазақстан әлемнің дамыған елдеріне инвестор болу рөлін атқаруда. Бұл дегеніңіз, доллар бөтен шетелдік валюта ретінде, республикамызда ақшаның барлық функциясын атқарып отыр деген сөз.
– Несие пайыздық ставкасының шарықтауы валюта бағамына әсер етеді деген кейбір экономистердің пікірімен келісесіз бе?
– Енді ақша-несие саясатының құралы ретіндегі пайыздық ставканың валюта бағамына ықпалын қарастырып көрейік. Еркін айналыстағы валюталық бағам кезінде оның көлемі шет ел валютасын анықтайтын сұраныс пен ұсыныс факторларына тәуелді болады. Әрине барлық факторлардың ішінде эксперттік және импорттық операциялар көлемі негізгі болып табылатыны сөзсіз. Сонымен бірге халықаралық капиталдар ағынына ықпал ететін нақты пайыздық ставкалардағы сақтандыру айырмашылықтары, сонымен қатар алып-сатарлық себептері мен сақтықтар да валюта сұранысы мен ұсынысының динамикасында орасан рөл атқарады. Бізде 2005 жылы несие үшін орта есеппен пайыздық ставка 13 пайызды құрап, жеке тұлғаларға 17,3 пайыз, заңды тұлғаларға 12,2 пайыз болды. Инфляцияны есепке алғанның өзінде, 2005 жылы несие үшін пайыздық ставканың 7,5 болуы еш ақылға сыймайды. Себебі, соңғы жылдар көлеміндегі жайлы сыртқы экономикалық конъюнктура ақша қаражатының мол қорын жасап үлгерді. Осындай пайыздық ставка бар кезде шетелдік инвесторлар бос ресурстарын қазақстандық банк секторына салуға, әрине құштар болады. Осылай тек 2005 жылдың өзінде ғана банк секторының ең соңында төлейтін қарыздары (субординированные долги) 85 миллиард теңгеге өсіп, 184,7 миллиард теңгені құрап шыға келген. Және бұл қарыздың банк жүйесінің жекеменшік капиталындағы үлесі 31,5 пайызды құрайды.
– Жалпы, банк пайызының деңгейі неге байланысты белгіленуі тиіс?
– Банк пайызының деңгейін белгілейтін факторлар өте көп. Мысалы, оның қатарына мыналар жатады: • қарызға беретін қаражаттың сұранысы мен ұсынысының ара қатынасы. Кез келген рыноктағы секілді, сұраныс ұсыныстан артып кететін болса, пайыздық ставка көтеріледі, ал төмен болса, азаяды; • банк секторындағы бәсеке; • Ұлттық банктің реттеу бағыты; • берілетін несиенің мерзімі мен көлемі; • ссудалық капиталдың өзіндік құны; • қарыз алушының несиені төлеу қабілеті. Банк ең төменгі пайыздық ставканы сенімді, қаржылық жағынан аяғынан нық тұрған қарыз алушыға береді және керісінше; • кепілдікке қойылған мүліктің өтімділік сипаты. Менің ойымша, банк несиесінің пайыздық ставкасына тікелей ықпал ететін тағы бір ең маңызды фактор бар. Ол банктің өзінің қаржылық жағдайы болуы керек. Өз+індік капиталы жеткілікті көлемде қалыптаспаған және несиелік портфелінің нашарлауы нәтижесінде табыс деңгейі төмен банктер агрессивті пайыздық саясатты ұстанады. Банк пайызының деңгейіне, сонымен бірге инфляция да әсер етеді, яғни инфляция өсіп отырса, соған сәйкес пайыздық ставка да өсіп отырады. Бұдан шығатын қорытынды – банк несиесі үшін пайыздың жоғарығы шегі рыноктық талаптарға қарай айқындалатын болса, төменгі шек банктің қызмет көрсету ахуалына қарай болады. Қазақстанда ақша массасының көптігіне қарамастан, несие үшін берілетін пайыздық ставка өзге елдермен салыстырғанда неге соншама жоғары деген сауалға жауап беру үшін жоғарыда айтылған екі бағытты терең зерттеген жөн. Әсіресе, төменгі шекке, яғни банк қызметінің өзіндік құнына ерекше назар аударылуы тиіс дер едім. Бұл, әсіресе, Қазақстанның алдағы уақытта ДСҰ-ға мүше болып кіруі мен шетелдік банктермен филиалдар ашуға рұқсат алу мүмкіндігіне байланысты өте маңызды мәселе болып табылады. Банк қызметінің бүгінгі бағасына қарап, болашақта қазақстандық банктерден клиенттердің жаппай кетуі әбден мүмкін. Банк жүйесінің бәсекеге қабілетті болуы дегенде, алдымен оның нарықтық экономикасы дамыған елдердің банк жүйесімен бәсекеге түсе алатын қабілетін айту керек. Сонымен бірге ел ішінде де олар бір-бірімен бәсекелес болғаны дұрыс. Ойдан ой туады дейді, еліміздегі банктер арасында бәсеке бар ма? Біздің түсінуімізше бәсеке 2 кезеңде бар. Бірінші кезеңде «жүйені жасаушы» банктер арасындағы бәсеке, ал екінші кезеңде басқа банктер арасындағы белгілі бір бәсекені айтуға болады. Тұтастай алғанда, республикамызда реформа басталғалы бері тұрақты олигопольдық депозиттер және несиелер рыногы қалыптасып келеді. Кеңестік Қазақстан кезінде де банк рыногында мемлекеттік меншіктегі бес мамандандырылған банкке ғана басымдылық берілетін. Банкаралық бәсекенің алдағы уақытта қалай дамуы көп жағдайда банк жүйесін реттеу және оны дамыту жолдарын жасау мен жүзеге асыру жөніндегі өкілетті органдардың практикалық қызметіне тікелей байланысты болмақ.
– Бізде банк жұмысына ешкім араласпауы тиіс деген қағида жұрттың санасына сіңіріліп тасталғаны соншама, қарапайым халық банкті мемлекеттен тыс дербес күш ретінде қабылдай бастауда. Жалпы, әлемдік практикада банк жүйесін реттеп отыратын белгілі бір концепция бар ма?
– Әлемдік практикада банк қызметін реттейтін органдар жүргізетін негізгі 3 концепция бар. Атап айтсақ, олар – қоғамдық мүдделер теориясы, «бітісу» теориясы және қоғамдық таңдау теориясы. Реттеудің алғашқы концепцияларының бірі қоғамдық мүдделер теориясы болып табылады. Бұл теорияны басшылыққа алған реттеуші органдар бүкіл қоғам игілігі үшін жұмыс істейді. Өйткені оның басшыларын жариялы түрде заңдық ұйымдардың депутаттары сайлап, реттеуші ұйымдар қоғам мүддесін басшылыққа ала отырып шешім қабылдайды. Бұл теория қоғамдық мүдделердің сақталуын бақылап отырған әр түрлі комиссия, комитеттердің тәуелсіз қоғамдық мүддесіне қолдау ретінде жұмыс істеді. Ал рыноктық құралдар бұл теорияға сай жұмыс істемеген жағдайда бақылау органдары араласады да, банк қызметін пайдаланушылар мүддесін қанағаттандыратын мәселелерді жүзеге асырады. Екінші реттеу теориясы – «бітісу» теориясы деп аталады. Оның авторы Нобель сыйлығының лауреаты Джордж Стиглер деген ғалым. Ол мұндай реттеу теориясын ұстанған елдерде реттеуші органдар қоғамның емес, өзінің мүддесі үшін жұмыс істеп кететінін дәлелдеп шыққан. Қоғамға мұндай реттеу тиімді емес, оның пайдасын тек ат төбеліндей ғана бақылау объектілері ғана көреді. Ал шығынды оның өнімін тұтынушылар шегеді. Бұл тұжырымдама бойынша реттелетін субъектілер бақылау шараларынан пайда көру үшін бақылау органдарымен бітісіп кетуге тырысады. Концепцияның тағы бір ерекшелігі – бақылау органдарының шенеуніктері мемлекеттік органдардағы өздерінің қызмет мерзімі аяқталғаннан кейін келісімге байланысты өздерінің бұрынғы реттеп келген субъектілеріне ауысып ала қояды. Үшінші теория – қоғамдық таңдау теориясы. Бұл теорияның жақтастары қоғамдық мүдде концепциясын ұстануды мақсат етеді, бірақ тербелмелі уақыт келе қалса, бітісу теориясына ауысып кетулері оңай. Олар реттеуші органдар алдында балама бар деп есептейді. Екі теңнің басы бірдей кезде олар қоғам үшін игілікті болатын істі жасауы мүмкін. Әйтсе де олар көбіне өздері реттеп отырған субъектілердің қойған бағасын қорғауға бет бұрып кетеді. Сөйтіп, қоғамдық таңдау теориясында шын мәніндегі қоғамдағы тұтынушылардың емес, қоғамдағы банктердің мүддесі көбірек қорғалады. Нәтижесінде, бақылау органдары субъектілердің бәсеке рыногы деңгейінен бірнеше есе жоғары, бірақ бекітілген монополиялық бағаларды қамтамасыз ететін деңгейден бірнеше есе төмен табыс алуына жол ашатын рынок жасап, соны реттеп отырады. Және мұндай теорияны ұстанатын бақылау органдары бәсеке рыногына да, таза монополия рыногына да артықшылық бермейді.
– Біздегі бақылау органы осы теориялардың қайсысын басшылыққа алып отыр?
– Республикамыздағы банк жүйесінің ағымдағы жағдайына таладау жасай отырып, біздегі бақылау органдарының өзінің міндеті болып табылатын екінші деңгейлі банктерді бақылау мен реттеу жұмысы барысында қай теорияны басшылыққа алып отырғанын айқындап көрейік. 1994 жылдан бастап аймақтық банктерді қысқарту процесі жалғасуда. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының көптеген аймақтарының дербес банктері жоқ деуге болады. Нәтижесінде облыстардың банктік қызметтермен қамтамасыз етілуі сын көтермейді. Сонымен қатар, мұндай шешімдердің тағы бір кемшілігі – банктер капиталының ең төменгі қажетті көлеміне Қазақстанның бүгінгі нақты жағдайында жоғары талап қойылуы. Ондай талапты аймақтардағы банктер түгілі орталықтағы банктердің орындай алуы неғайбыл. Банк жүйесіне назар аударатын болсаңыздар, соңғы жылдары жаңадан ашылып жатқан банктерді көре алмайсыздар. Оның есесіне мемлекет құрып жатқан қаржы институттары жеткілікті. Осының өзінен-ақ банк секторының еркін, бәсеке түрінде дамымай отырғанын байқау қиын емес шығар деп ойлаймын. Нарықтық экономикада монополия немесе олигополия бәсеке негізінде, оған қажетті жағдайлар жасалған жерде пайда болады. Әлемдегі барлық кәсіпкерлердің егер мүмкіндік болса рынокта монополиялық рөл атқарудан бас тартпайтыны белгілі. Сондықтан ҚР Қаржы нарығы және қаржы ұйымдарын реттеу мен бақылау жөніндегі агенттіктің жақында қабылдаған банктер үшін капиталдың ең төменгі көлемі жөніндегі нормативін қайта қарау шешімі көкейге қонады. Мемлекет капиталды күшпен бір жерге шоғырландырудан, банктердің жалпы көлемін жасанды қысқартудан аулақ болғаны дұрыс. Мәселе, банктердің көлемінде емес, олардың төлем қабілеттілігі мен өтімділігінде ғой. Қазіргі кездегі экономикалық аса маңызды мәселе – барлық банктерге тең ойын ережесімен қамтамасыз ету болып табылмақ.
– Сонда бүгінгі банк жүйесі еліміздің экономикалық сұраныстарын қанағаттандыра алмай отыр демексіз ғой. Өзіңіз қандай ұсыныс айтар едіңіз?
– Қазіргі экономикалық даму барысында солай болып тұр деп ойлаймын. Қазақстанды халықаралық ұйымдармен бірлесіп жұмыс істеуге енгізу қаржы саласындағы ұлттық мүддені қорғау жөніндегі шараларды қабылдауды талап етеді. Ол бірінші кезекте банк жүйесінде жасалуы тиіс. Сонымен бірге банк жүйесінің ауқымы елдің экономикалық сұранысына сәйкес келмейді және дамыған нарықтық экономикасы бар елдердегі банк жүйелерінің ауқымынан айтарлықтай аз. Кестедегі көрсеткіштерді салыстырып қарайтын болсақ, біздің банк жүйесінің еліміздің экономикалық және әлеуметтік дамуына қолдау жасаудың орнына, қайта оны шабандататынын байқау қиын емес қой деп ойлаймын. Сонымен, қатар қазақстандық банктердің шет ел капиталына тәуелділігі өсу үстінде. Бұл олардың инвестициялық шешімдер қабылдаудағы дербестігін шектейді де. Менің ойымша, Елбасының 50 бәсекеге қабілетті елдің қатарына кіру туралы ұсынысын іске асыру үшін алдымен банк қауымдастығынан «Қазақстан Республикасы ұлттық банк жүйесінің бәсекеге қабілетін дамыту бағдарламасын» жасап, қабылдауын талап етеді. Ол бағдарлама Үкімет, ҚР Ұлттық банк, ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен бақылау агенттігі және банк қауымдастығының ортақ мәселелерді шешуде бәсекеге қабілетті бірлесе жұмыс істеуінің үлгісі болуы тиіс. Банк жүйесінің дамуына тосқауыл болып тұрған мына мәселелерге жіті назар аударылса деймін. Олар: • Банк заңдарының бүгінгі талапқа банк жүйесін мемлекеттік басқару құралы ретінде сай келмеуі; • мемлекеттік экономикалық саясат элементі ретінде ақша-несие және валюталық саясат рөліне байланысты мәселелер; • банк секторындағы бәсеке мен монополизмге қатысты реттеу деңгейінің жеткіліксіздігі; • тұрғындар мен кәсіпкерлер үшін банк қызметі бағасының жоғары болуы; • аймақтар, әсіресе, ауыл тұрғындарының банк қызметіне қолы жетпейтіндігі; • қайта қаржыландыру жүйесінің сылбыр дамуы.
– Әңгімеңізге рақмет!

Сұхбаттасқан Алма Мұхамеджанова

Қаржылық қадағалау агенттігі төрағасы Елена

БАХМУТОВА:
БАНК СЕКТОРЫ БЕЛСЕНДІЛІГІНІҢ ТӨМЕНДЕУІМЕН ҚАТАР ПАЙЛЫҚ


ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚОРЛАРҒА ДЕГЕН ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚ АРТА ТҮСУДЕ

Қазақстан қаржы нарығының соңғы айлардағы даму деңгейі мен келешегі сарапшылар мен рынок қатысушылары тарапынан талай рет бағасын алды. Қаржылық қадағалау агенттігінің (ҚҚА) төрағасы Елена БАХМУТОВА "Интерфакс-Қазақстан" агенттігіне берген сұқбатында осы салада қалыптасқан ахуалға қатысты ой-пікірімен бөліскен болатын.

- Елена Леонидовна, дәл қазіргі кезде республикамыздың қаржы нарығында қалыптасқан жағдайды қалай бағалар едіңіз? Коммерциялық банктердің несие қоржыны сапасына қатысты және оның бірінші жарты жылдықта нашарлай түсуі ықтимал деген екіұшты пікірдің қаншалықты күші бар? Ағымдағы жылға қатысты болжамдарыңыз қандай?

- Тұрақсыздыққа қарамастан қазақстандық банктер өздерінің сыртқы және ішкі міндеттемелерін орындап келеді. Өткен жылы банктердің жиынтық активтері 31,7% артып, 2008 жылдың 1-қаңтарында 11683,4 млрд. теңгеге жетті. Банк активтерінің өсуіне негізінен клиенттерге берілген займ көлемінің артуы (48%) ықпал етті. Ағымдағы жыл болжамдарына келсек - олар көзге көрініп тұр. Несие беру қарқыны төмендейді. Олай дейтінім, қорландыру құны артты, бұрынғыдай арзан және ұзақ мерзімге берілетін ақша жоқ. Жекелеген банктердің ашқарақтық саясаты ендігі жағында тұрақтылық-сабырлылық ұстанымымен ауысады.

Банктердің несие қоржыны құрылымында 2008 жылдың қаңтар-ақпанында стандартты және үмітсіз несиелер үлесі артып, күмәнді несие үлесі кеміді. Бұл жерде біз үмітсіз несие үлесінің артуын (1,5%-дан 1,9%-ға дейін) рыноктағы тұрақсыздықпен, атап айтқанда, кепілдік мүлкінің (жылжымайтын мүлік) тартымдылығын жоюымен байланыстырамыз. Тұрғын үй нарығы да, құрылыс рыногы сияқты "күтіс" кезеңінде тұр (сауда-саттық жүрмейді, баға түсіп жатыр), халықтың аталған секторға қаржы құюға ықыласы жоқ екені анық.

Сонымен бірге, банктердің несие қоржынының нашарлауына біз соншалық сыни баға бермейміз. Биылғы жылы несие қоржыны төмендейді деген болжам жоқ емес, бірақ, қайтадан беріле бастаған несие сапасы жақсарады деген ойдамыз. Өйткені, көптеген банктер қарыз алушының төлем қабілетін анықтауға қойылатын талаптарды күшейтті, оның үстіне, несие беруде кепіл мүлкі бұрынғы басты рөлінен айырылып қалды.

2008 жылы банктер қаржы нарығының ішкі ресурстарына жүгінуге, қаржы тарту үшін борышқорлық құнды қағаздарын шығаруға тура келеді. Банк секторы белсенділігінің төмендеуімен қатар, қоғамда пайлық инвестициялық қорларға (ПИҚ) деген сұраныс арта түсуде. Пайлық қорлар саны ұжымдық инвестиция құралдарының танымал бола түсуіне, рынокты әрі қарай инвестициялау мақсатында қаржы тартуды қалайтын жаңа инвестициялық компаниялардың пайда болуына байланысты артуда. Зейнетақы саласында да елең еткізер жаңалықтар күтілуде.

Сақтандыру саласында міндетті сақтандыруға басымдық берілмек. Ерікті сақтандыру қарқыны ағымдағы жылы да жоғары қалпында сақталады деген үмітіміз бар. Реттеу саясаты жөнінде айтар болсақ, жұмыстағы сабақтастық үрдісі сақталады. Қабылданған және қолға алынған шаралардың бәрі де қаржылық тұрақтылық пен қаржы қызметін тұтынушы құқықтарын қорғауға бағытталған.

ҚҚА-нің биылғы қызметі соңғы кезде әлемдік қаржы нарығында қалыптасқан ахуалға байланысты болмақ. Бірінші кезекте агенттік жұмысы қаржы жүйесіндегі қатерді жедел түрде анықтау әдістемелері мен құралдарын әзірлеуге және оған шара қолдануға бағытталады.

- Бұрынырақта сіз ҚҚА секьюритизациялық мәмілелер бекітілген жағдайда капиталдың баламалы есеп айырысу бөлігін реттеу саласына өзгертулер енгізуді жоспарлап отыр деген болатынсыз. Бұл жерде қандай өзгерістер жайлы сөз болды, ол қанша уақытта жүзеге асуы мүмкін?

- Өздеріңіз білесіздер, "Секьюритизациялау туралы" заң 2006 жылдың ақпанында қабылданған болатын. Ондағы мақсат - тәуекелді түрлі санаттағы инвесторлардың талаптарына қарай бөле отырып, құрылымдық негізде қаржыландыру формаларын енгізу болып табылады. Бұл Қазақстан үшін жаңа форма. Алайда, Қазақстанның бүгінгі таңдағы ішкі нарығында секьюритизация мүлдем жоқ. Заң қабылданғалы бері секьюритизациялау бойынша бірде-бір жергілікті мәміле бекітілмеді. Бұны ішкі секьютиризациялық мәмілелер бекітудің банктердің экономикалық мақсаттарына сай келмейтіндігімен түсіндіруге болады. Аталған мәселелерді шешу мақсатында банктер үшін жеке капиталын есептеу барысында секьюритизациялаудың шеңберлік әдістемелері жасалды. Олар 2008 жылдың екінші тоқсанында ҚҚА басқармасының қарауына берілмек. Бұдан өзге, агенттіктің осы мәселелер бойынша бірқатар қаулыларына да өзгертулер мен толықтырулар енгізілді.



- Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдар қызметін реттеу бағытында ҚҚА тағы қандай жаңалықтар енгізбекші?

- Агенттік қызметі жақын болашақта қаржы жүйесіндегі қатерді жедел түрде анықтау әдістемелері мен құралдарын әзірлеуге, қаржы жүйесінің тұрақтылығы жөніндегі заң жобасын әзірлеу және оған шара қолдануға бағытталады. Бұдан өзге, агенттік жұмысы шетелдік мемлекеттердің қадағалау органдарымен өзара қарым-қатынас аясын әрі қарай кеңейту, қаржылық ұйымдардың тәуекелін бағалауға және қаржы ұйымдары мен банктік конгломераттарды инспекциялау тәжірибесіне негізделген қадағалау жүйесін жетілдіру бағытында болмақ.



- Сіздің ойыңызша, мемлекет-жеке әріптестік механизмдерін әзірлеу барысында, туынды қаржы құралдарына салық салуда негізінен қандай жайтты ескерген абзал?

- Мемлекет-жеке әріптестік механизмін жүзеге асыру үшін қолданыстағы заңды жетілдіру жөнінде айтар болсақ, әлі күнге дейін концессия нысанының құнын анықтау тәртібі бекітілмеген. Концессия шеңберінде инфрақұрылымдық облигациялар шығару арқылы мемлекет-жеке әріптестік механизмін қолданысқа енгізу барысында, концессия келісімшарттары мен мемлекеттің кепілгерлік келісімшарттарында облигациялық займның нақты көлемін және инфрақұрылымдық жобаларға мемлекет тарапынан берілген кепілдіктің нақты сомасын көрсету қажет.

Қазіргі қолданыста жүрген Салық кодексінде туынды қаржы құралдарына салық салу тәртібі нақтыланбаған. Бұл туынды қаржы құралдарын есепке алғанда және бағалау барысында қиындықтар туғызуда. Және инвесторлардың, соның ішінде инстутиционалдық инвесторлардың тәуекелін хеджерлеуді (сақтандыру) қиындатады. Осы мақсатта Ұлттық банкте қолданыстағы заңға тиісті өзгертулер мен толықтыруларды енгізу жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобы құрылды. ҚҚА пікірінше, туынды қаржы құралдарына салық салу жүйесі салық салынатын туынды қаржы құралының жеке сипатына тәуелді болуы тиіс.

- Мемлекет банк акцияларына айырбас ретінде оларға қаржылай қол ұшын беру мүмкіндігін қарастырып жатыр ма? Жеке банк секторының мемлекеттендірілуіне қатысты пікіріңіз қандай?

- Қаржылық тұақтылық мәселелері жөніндегі меморандумның орындалу тиімділігін арттыру мақсатында арнайы топ құрылды. Ол "Қазақстан Республикасының бірқатар заң актілеріне қаржылық жүйе тұрақтылығы мәселелері туралы толықтырулар мен өзгертулер енгізу жөніндегі" заңды әзірлеумен айналысады. Заң жобасы шеңберінде банктер туралы заңға толықтырулар енгізу қарастырылған. Ол бойынша, белгіленген жағдайларда үкімет ұлттық басқарушы компанияны мемлекет иелігіне сатып алуға, банктің орналастырылған акцияларының жалпы көлемінің 10 және одан да көп пайызын сатып алу жөнінде шешім қабылдауға құқылы. Банктің жарияланған (орналастырылмаған немесе сатып алынған) акциялары болмаған жағдайда немесе акциялар саны банктің қаржылық ахуалын жақсартуға жеткіліксіз болғанда, ел үкіметі жарияланған акция санын арттыру жөнінде шешім қабылдай алады.

Сонымен бірге, осы заңның16-бабының 8-тармағына сәйкес, банктің жеке капиталының теріс көлемі анықталған жағдайда құзырлы орган үкіметпен келісе отырып, оның акционерлеріндегі акцияларды мәжбүри түрде сатып алу туралы шешім қабылдауға құқылы. Жаңа инвестор ол акцияларды банк капиталын ұлғайту үшін жұмсауға және оның дұрыс қызмет етуіне кепілдік берген жағдайда құзырлы орын оны кешіктірмей сатады.

Міне, банктерде өтімділікке қатысты уақытша қиындықтар туындаған жағдайда монетарлық биліктің оған көмек көрсету мүмкіндігі мен құралдары жеткілікті. Өзге инвесторлар болмаған жағдайда әлемдік банк дағдарысына төтеп беру тәжірибесіне сәйкес мемлекет меншік иесі ретінде банк жұмысына қатыса алады.



- Қазақстандық қаржы рыногына шетелдің ірі банктерінің енуі отандық комбанктер үлесін айтарлықтай қысқартады деген пікір бар...

- Шетелдік инвесторлардың республика қаржы нарығына деген қызығушылығы ылғи да өсу үстінде. Сіз білесіз, соңғы үш жылда бірқатар шетел банктері, соның ішінде ресейлік "Сбербанк" пен итальяндық UniCredit тобы бірқатар екінші деңгейлі отандық банктерді сатып алған болатын. Бірқатар шетел банктері Қазақстанда өздерінің еншілес банктерін ашуға ниет білдіріп отыр. Бұл шетелдік инвесторлардың отандық қаржы жүйесіне деген сенімі мен Қазақстанның даму әлеуетінің жоғары екендігін көрсетеді.

Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) кіру перспективасын есепке алсақ, Қазақстандағы қаржы ұйымдарының шетелдік компанияларға жұтылуы әрі қарай да жалғаса бермек. Былайша айтқанда, шетелдік капиталдың рыноктағы үлесі арта түседі. Сонымен бірге банк қызметі саласындағы бәсекелестік деңгейі де жоғарылайды.

- Сіздіңше, активтері мен өзге де қаржылық көрсеткіштері тұрғысынан алдыңғы қатарда тұрған банктердің ұстанымы алдағы екі-үші жылда өзгеруі мүмкін бе? Бұған негізінен қандай жағдай әсер етуі мүмкін?

- Бәсекелестіктің арқасында лидерлер мен аутсайдерлер белгілі болады ғой. Болашақ лидерлердің ұстанымдарына бірінші кезекте, акционерлер белгілеген стратегия ықпал етпек. Сондай-ақ, өз қызметін қорландыру қабілетінің де әсері аз емес.



- Пруденциялық нормативтерді қатаңдату 2009 жылы ипотекалық ұйымдар санын мүлде қысқартып жібереді және ҚҚА-нің ипотекалық компанияларға қоятын талаптары комбанктерді реттеуден өзгешелеу болуы тиіс деген пікір айтылып жүрді. Сіздің осыған қатысты пікіріңізді білсек.

- Жылжымайтын мүлік нарығындағы белсенділік пен несиелендіру көлемінің артуы банктер сияқты, ипотекалық компаниялардың да несие тәуекелдігі деңгейін жоғарылатады. Бұл көп жағдайда несие алушылар қатарын негізінен халықтың табысы төмен бөлігі құрайтынына байланысты. Және экономикалық өсім қарқыны баяулап қалған жағдайда халықтың нақты кірісі де төмендейді. Сол арқылы халықтың басым бөлігі ипотекалық ұйымдар мен банктер алдындағы міндеттемелеріне жауап беру қабілетінен айырылады. Ипотекалық несие нарығының қарыштап дамуы, жылжымайтын мүлік құрылысын қаржыландыру үй бағасының қымбаттауымен қатар жүреді. Сөйтіп, бағаның түсуіне орай банктер мен ипотекалық компаниялар үшін айтарлықтай қатер тудырады.



Осы тенденцияларды есепке ала отырып, ҚҚА жылжымайтын мүлікке қатысты несиелендіру тәуекелдігін шектеу бойынша қосымша шараларды қолға алуды дұрыс деп тапты. Агенттіктің іс-шаралары ипотекалық ұйымдардың ипотекалық және тұтынушылық несиелендіру саласындағы тәуекелдігін шектеуге бағытталған. Және ол аталған ұйымдар санын қысқартуды көздемейді.

- Сұхбатыңызға рахмет.
жүктеу 227,1 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау