ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Ш. Ш. УАЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Омаров С.Х.
ҚАРЖЫ- БЮДЖЕТ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ЕСЕБІ ЖӘНЕ ЕСЕП БЕРУІ
Дәрістер жинағы
Көкшетау – 2007ж.
МАЗМҰНЫ
Дәріс-1. Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру
Дәріс – 2. Бухгалтерлік есеп жүргізудің негізгі тәртіптері мен ережелері
Дәріс – 3. Активтер есебі
Дәріс - 4. Материалдық запастар есебі
Дәріс - 5. Өндіріске және басқа мақсаттарға арналған шығындар
Дәріс - 6. "Жергілікті бюджеттер бойынша рұқсаттар" шоты
Дәріс – 7. Кассалық және басқада қаражат есептері
Дәріс - 8. Бюджеттік ұйымдарда есеп айырысулар
Дәріс - 9 "Зейнеткерлік және әлеуметтік қамтамасыз
ету жөніндегі есеп айырысулар" шоты
Дәріс – 10."Бюджеттік шығыстар есебі"
Дәріс – 11. "Бюджеттік қаржыландыру" шоты
Дәріс – 12. Арнаулы мақсаттағы қорлар мен қаржылар
Дәріс – 13. Активтердегі қор есептері
Дәріс – 14. "Бюджеттік кiрiстер" есебі
Дәріс-1. Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру
Жоспар
Бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың жалпы сипаты.
Бухгалтерлік қызметтің міндеттері.
Ұйым басшылығы мен қызметкерлердің бухгалтерлік есепті ұйымдастырудағы міндеттері.
1- сұрақ. ҚР-да мемлекеттік қаржы органдарында бухгалтерлік есеп Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі қазынашылық департаментінің 1998 жылғы 27 қаңтардағы N 30 бұйрығымен бекітілген және Әділет министрлігінде 1998 жылғы 19 наурыздағы N 489 тіркелген « Мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік есеп жөніндегі
Нұсқаулық » негізінде жүргізіледі.
Республикалық және жергілікті бюджеттердің есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер, сондай-ақ жекелеген мемлекеттік мекемелер жанындағы орталықтандырылған бухгалтериялар бюджет бойынша қаржыландыру жоспарларының және тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан түскен ақшаның, демеушілік пен қайырымдылық көмек шоттарына, депозит шоттарына, шетелдік валютадағы шоттарға және сыртқы қарыздар мен гранттар бойынша бюджеттік инвестициялық жобаның арнайы шоттарына түскен ақшаның түсімдері мен шығыстары жоспарларының орындалуын есепке алуды, Нұсқаулыққа сәйкес республикалық бюджетке тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) құны түрінде түсетiн түсiмдерге және олардың жұмсалуына байланысты операцияларды есепке алуды жүзеге асырады.
Бюджет бойынша қаржыландыру жоспарларының және тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан түскен ақшаның, демеушілік пен қайырымдылық көмек шоттарына, депозит шоттарына, шетелдік валютадағы шоттарға және сыртқы қарыздар мен гранттар бойынша бюджеттік инвестициялық жобаның арнайы шоттарына түскен ақшаның түсімдері мен шығыстары жоспарларының орындалуының бухгалтерлік есебі Нұсқаулықта көзделген шоттардың жоспары бойынша бірыңғай теңгерімде жүргізіледі. Шығыс сметаларын орындаудың бухгалтерлік есебі нұсқаулыққа сәйкес бухгалтерлік есептің мемориалдық-ордерлік нысаны бойынша жүзеге асырылады.
Есепті орталықтандырған кезде қызмет көрсетуші ұйымдардың басшыларына лимиттерге иелік ету құқығы қалдырылады, атап айтқанда: тауарларды жеткізіп беруге және қызметтер көрсетуге келісім-шарттар, орындалған жұмыстарға еңбек келісімін жасасу; белгіленген тәртіпте шаруашылық және басқа да мұқтаждарға аванстар алуға және өз қызметкерлеріне аванстар беруге рұқсат ету; бюджеттік қаржы беру шегінде бөлінген лимиттердің есебінен шығыстары төлеуге рұқсат ету; белгіленген нормаларға сәйкес ұйымдардың мұқтажына арнап материалдарды, тамақ өнімдерін және басқа да материалдық құндылықтарды жұмсау; есеп беретін адамдардың аванстық есебін, түгендеу және т.б. бойынша құжаттарды бекіту. Орталықтандырылған бухгалтерия қызмет көрсететін ұйымдардың басшыларына осы ұйымдардың басшыларымен келісілген орталық бухгалтерияның бас бухгалтері белгілеген мерзімде шығыстар сметасының орындалуы туралы оларға қажетті мәліметтерді табыс етеді.
Ұйымдар бюджеттік мақсаттарға сәйкес, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын және қазынашылықтың аумақтық органдарында қызмет көрсететiн, "Баск-М" жүйесiнiң жұмыс iстеу кезеңiнде шығыстарды қаржыландырудың жоспарларында көзделген "Баск-М" жүйесiнде пайдаланылатын Бюджеттiк сыныптама анықтамалықтарының шифрлары (бұдан әрi - Бюджеттiк сыныптама анықтамалықтарының шифрлары) бойынша жүргiзiлетiн "Баск-М" мемлекеттiк ақпарат жүйесiнде (бұдан әрi - Баск-М жүйесi) жұмыс iстейтiн мемлекеттiк мекемелердi қоспағанда, қаржыландырудың жоспарларында көзделген бюджеттік сыныптаманың (бағдарлама, кіші бағдарлама, өзгешелік) коды бойынша шығыстарды жүзеге асырады.
Бухгалтерлік қызмет басшылары өз жұмысында "Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы" Қазақстан Республикасының Заңын, белгіленген тәртіпте бекітілген бухгалтерлік есеп және есеп беру (бухгалтерлік қызмет) басқармалары (бөлімдері) туралы ережелерді, және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік-құқықтық актілерін басшылыққа алады.
Бюджеттік ұйымдардағы бухгалтерлік есеп Қазақстан Республикасы Заңдарының сақталуына, шығыс сметаларының орындалу барысына, кәсіпорындармен, ұйымдармен және тұлғалармен есеп айырысудың жәй-күйіне, ақшалай қаражаттар мен материалдық құндылықтардың сақталуына бақылау жасау үшін мемлекеттік органдарды қажетті ақпараттармен қамтуы тиіс.
2- сұрақ. Бухгалтерлік қызметтің міндеттеріне мыналар кіреді:
1- құжаттарды уақтылы және дұрыс рәсімдеуге және жасасқан операциялардың заңдылығына алдын-ала бақылау жасауды жүзеге асыру;
2- міндеттемелер жөніндегі қаржыландыру жоспарына сәйкес берілген рұқсаттар шегінде міндеттемелердің қабылдануын бақылау, бекітілген бюджеттік бағдарламалардың паспорттарына және белгіленген тәртіппен енгізілген өзгерістерді ескере отырып төлемдер жөніндегі қаржыландыру жоспарына сәйкес қаражаттың мақсатты жұмсалуын, сондай-ақ ақша қаражаты мен материалдық құндылықтардың сақталуын бақылау жасау;
3- ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердің қаржыландыру жоспарларының орындалуына және олардың бухгалтерлік есепті жүргізуіне бақылау;
4- мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан түскен ақшаның түсімдері мен шығыстарын есепке алу, депозит шотындағы демеушілік және қайырымдылық көмектің ақшалары бойынша операцияларды есепке алу, республикалық бюджетке тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) құны түрінде түсетiн түсiмдерге және олардың жұмсалуына байланысты операцияларды есепке алу;
5- арнайы қаржылар сметасы бойынша кірістер мен шығыстарды есепке алу және бюджеттен тыс басқа да қаржылар бойынша операцияларды есепке алу;
6- бюджеттік ұйымдардың жұмысшылары мен қызметшілеріне жалақыны, студенттерге, тыңдаушыларға, аспиранттарға және оқушыларға стипендиялар есептеу және мерзімінде төлеу;
7- ұйымдармен және жекелеген тұлғалармен қаржыландыру жоспарларды орындау үстінде пайда болатын есеп айырысуларды дер кезінде жүргізу;
8- ақшалай қаражаттарды, есеп айырысулар мен материалдық құндылықтарды түгендеуді жүргізуге қатысу, түгендеудің нәтижелерін уақтылы және дұрыс анықтау және оларды есепте бейнелеу;
9- өздері жауапты сақтаудағы құндылықтардың есебі мен сақталуы мәселелері бойынша материалдық жауапты адамдармен нұсқама өткізу;
10-есеп-есептеу жұмыстарын компьютерлендіру;
11- белгіленген мерзімде бухгалтерлік есеп беруді жасау және табыс ету;
12- ұйым басшысымен (штатта экономикалық қызметтің қызметкері болмаған жағдайда) қаржыландыру жоспарын және соған байланысты есептеулерді жасау және келісу;
13- активтердің, бағасы арзан және тез тозатын заттардың және басқа да материалдық құндылықтардың олардың сақталу және пайдаланылу жерлерінде сақталуына бақылау жасауды жүзеге асыру;
14- есеп және есеп беру мәселелері жөніндегі ережелерді, нұсқаулықтарды, әдістемелік нұсқауларды, бухгалтерлік қызметтің құзыретіне жататын басқа да нормативтік құжаттарды жүйелі түрде есепке алу;
15- есеп саясаты жөніндегі құжаттарды, есеп деректерін машиналық өңдеу бағдарламасын, оларға қатысты есептеулерді, басқа да құжаттарды сақтау, сондай-ақ белгіленген тәртіпте оларды архивке тапсыру.
3- сұрақ. Бюджеттік ұйымның басшысы есеп жүйесін жасауды және бухгалтерлік есепті ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.
Ұйымдардағы бухгалтерлік есеп бас бухгалтер басқаратын, оның құрылымдық бөлімшесі немесе орталықтандырылған бухгалтериясы болып табылатын бухгалтерлік қызметпен жүзеге асырылады.
Бухгалтерлік қызметі жоқ ұйымдарда бухгалтерлік есеп пен есеп беруді ұйым басшысының жазбаша өкімімен тағайындалған тиісті маманның жүзеге асыруы мүмкін.
Басшы бухгалтерлік есепті дұрыс жүргізу, есепке қатысы бар ұйымның барлық бөлімшелері мен қызметкерлерінің құжаттар мен мәліметтерді рәсімдеудің және есеп үшін тапсырудың тәртібі бойынша бас бухгалтердің талаптарын мүлтіксіз орындауын қамтамасыз ету үшін қажетті жағдайларда жасауға міндетті.
Бюджеттік ұйымның бас бухгалтерін ұйымның басшысы қызметке тағайындайды және босатады және тікелей ұйымның басшысына бағынады.
Бас бухгалтердің қызметіне арнаулы білімі бар тұлға тағайындалады.
Ұйымның бас бухгалтері бухгалтерлік есептің шоттарында барлық іске асырылатын шаруашылық операцияларының бақылауын және көрсетілуін, жедел операцияларды тапсыруды, бухгалтерлік есептерді белгіленген мерзімде жасауды қамтамасыз етеді.
Бас бухгалтер ұйымның басшысымен бірге тауарлы-материалды құндылықтар мен ақшалай қаржыларды қабылдауға және беруге негіз болатын құжаттарға, сондай-ақ қаржылық міндеттемелер мен шаруашылық шарттарына қол қояды. Ұйымның басшысы бас бухгалтердің ұсынуы бойынша жекелеген учаскелер жөнінде құжаттарға қол қою құқығын осыған өкілеттік берілген тұлғаларға тапсыра алады. Бас бухгалтердің қолынсыз құжаттар жарамсыз деп саналады және орындауға қабылданбайды.
Материалдық жауапты тұлғаларды тағайындау, босату және орын ауыстыру бас бухгалтердің келісімімен жүргізіледі.
Бухгалтерлік есепті жүргізген кезде әрбір қызметкер өзінің міндетін білуі және олардың орындалуына жауап беру үшін бухгалтерия қызметкерлерінің жұмыстағы міндеттерін белгілейді.
Бюджеттік ұйымның құрамына кіретін барлық бөлімшелер бухгалтерлік қызметке бухгалтерлік есеп пен бақылау үшін қажетті құжаттарды уақытында тапсыруға міндетті.
Бас бухгалтердің қажетті құжаттар мен мәліметтерді рәсімдеудің тәртібі және бухгалтерияға тапсыру бойынша талаптары ұйымның бөлімшелері мен қызметкерлерінің барлық қызметкерлері үшін, ал есеп орталықтандырылған кезде - барлық қызмет көрсетілетін ұйымдар үшін міндетті болып табылады.
Бас бухгалтердi атқарып отырған лауазымынан босатқан (босатқан, басқа лауазымға тағайындаған, ауыстырған) кезде заңнамаға сәйкес лауазымға тағайындалған бас бухгалтерге, ал соңғысы болмаған кезде - мемлекеттiк мекеме басшысының бұйрығымен тағайындаған қызметкерге iстi тапсыру жүргiзiледi.
Iстi тапсырушы бас бухгалтер (бұдан әрi - тапсырушы) және iстi қабылдап алушы қызметкер (бұдан әрi - қабылдап алушы) iстi қабылдап алуды және тапсыруды мемлекеттiк мекеме басқарушысының бұйрығы негiзiнде жүргiзедi. Бұйрықта бухгалтерлiк қызметтiң iсiн қабылдап алу - тапсыру мерзiмi, бiрақ екi аптадан аспайтын, тапсырушы мен қабылдап алушының еңбекақысын төлеу тәртiбi көрсетiледi. Бұйрықта сол сияқты, iстi қабылдап алу-тапсыру кезеңiнде құжаттарға қол қою құқығы кiмге берiлетiнi көрсетiледi, бұл ретте, iстi қабылдап алушы тұлғаның қол қою құқығын ресiмдегенге дейiн құжаттарға қабылдап алушының бақылауымен iстi тапсырушы қол қоятындығы айтылуы тиiс.
Iстi тапсыру процесiнде осы мемлекеттiк мекеменiң бухгалтерлiк есеп жағдайы және есептi деректердiң растығы айқындалады, бұл ретте iстi қабылдап алушы мен тапсырушының жауапкершiлiгiн шектейтiн тиiстi Қабылдап алу - тапсыру кесiмi (бұдан әрi - Кесiм) жасалады.
Бухгалтерлiк қызметтiң iстерiн тапсыру соңғы ұсынылған баланс негiзiнде жүргiзiледi. Кесiмде iстi тапсыру жүзеге асырылатын мерзiм көрсетiлуi тиiс.
Iстi қабылдап алу мен тапсырудың басында iстi қабылдап алу-тапсыру сәтiндегi кассаның жағдайы (қолма-қол ақшаны сақтау үшiн тиiстi шаралардың қамтамасыз етiлуi, кассалық кiтаптағы жазбалардың жағдайы, кассада сақталатын басқа да құндылықтар бойынша жағдайы және олардың бухгалтерлiк жазбаларға сәйкес келуi, чек кiтапшаларының саны, қолданылмаған чектердiң нөмiрлерi) тексерiледi. Кассаны тексеру кесiмiне бухгалтерлiк қызмет iсiн тапсырушы тұлға да және қабылдап алушы да, сондай-ақ кассир, не болмаса кассалық операцияны жүргiзуге жауап беретiн тұлға қол қояды.
Iстi қабылдап алу және тапсыру кезiнде ақшалай есептiң, есеп айырысу операциялары есебiнiң, баланстың есеп айырысу баптарының (дебиторлық және кредиторлық берешектердiң нақтылығы, оған кiнәлi тұлғаларды көрсете отырып, өндiрiп алу үшiн нақты емес берешектiң болуы, өзара есеп айырысулардың салыстыру кесiмдерiнiң болуы, бюджетке уақытылы аударылмаған сомалардың болуы), сондай-ақ мемлекеттiк мекеменiң есептiлiгiн жасаудың (есеп тәртiбiн сақтау, ұсынылған есептiлiктiң сапасы) жағдайы тексерiледi.
Одан басқа Кесiмде:
бухгалтерлiк қызметте есептi ұйымдастыру (штат, оның жинақтылығы, мiндеттемелердi бөлу, лауазымдық нұсқаулықтар, бухгалтерлiк есеп және есептiлiк бойынша нұсқамалық материалдардың болуы, бухгалтерлiк кiтаптармен, есеп және есептiлiк бланкiлерiмен қамтамасыз етiлуi), есеп жүйесiн қалыптастыру;
есептiң бастапқы құжаттамасының, бухгалтерлiк есептiлiктiң жағдайы;
есептi және қаржылық бақылауды ұйымдастыру үшiн қажеттi iс-шаралар;
құжаттарды ресімдеудің және сақтаудың дұрыстығы, мұрағаттың жағдайы көрсетiледi.
Мемлекеттiк мекеменің есеп және есептiлiк жағдайын тексеру аяқталғаннан кейiн құрылған Кесiмге iстi қабылдап алушы мен тапсырушы қол қояды және мемлекеттiк мекеменің басшысы бекiтедi. Қабылдап алушы Кесiмнiң қандай да болмасын ережесiмен келiспеген жағдайда, ол оған қол қоятын кезде тиiстi дәлелдi ескертулер көрсетуге құқығы бар. Кесiм екi данада жасалады, оның бiреуi iстi тапсырушыда қалады. Кесiмге қол қойылғаннан кейiн iстi тапсырушы бас бухгалтер бухгалтерлiк қызметтi басқарудан босатылады.
Дәріс – 2. Бухгалтерлік есеп жүргізудің негізгі тәртіптері мен ережелері
Жоспар
Бухгалтерлік есеп жүргізудің негізгі тәртіптері
Жасалған операцияларды нөмірлеу тәртібі
Бухгалтерлік жазбалардағы қателерді түзеу тәртібі және тексеру
1-сұрақ. Бухгалтерлік есепті тізімдемелерге жазу үшін операциялардың жасалған фактісін белгілейтін құжаттар негіз болып табылады.
Бастапқы құжаттар - операциялар іске асырылған сәтте, егер мұның мүмкіндігі болмаса тікелей операцияның аяқталуы бойынша жасалуға тиіс.
Құжаттардың уақытында және тиісті сапада жасалуы, олардың бухгалтерлік есепте көрсету үшін белгіленген қажетті мерзімде тапсырылуы, құжаттарға қамтылған деректердің шынайылығы үшін осы құжаттарды жасаған және оған қол қойған тұлғалар жауап береді. Бастапқы құжаттардағы жазбалар ұзақ уақыт бойында олардағы жазулардың сақталуын қамтамасыз ететін құралдармен ғана жүргізілуге тиіс.
Жазбаларды есеп тізбелерінде көрсету үшін шаруашылық операцияларының жасалған фактісін растайтын, дұрыс рәсімделген бастапқы құжаттар негіз болады.
Бастапқы құжаттардың заңды күшке ие болуы үшін мынадай реквизиттері болуы керек: құжаттың атауы (үлгісі), үлгінің коды; жасалған уақыты; шаруашылық операциясының мазмұны; сапалық және құндық көріністердің өлшемдері; операцияларды жасау және олардың рәсімделуінің дұрыстығы және лауазымды тұлғаның атауы; жеке қойылған қолдар және олардың талдамасы.
Бастапқы құжаттың электрондық бейнесінің рәсімделген қағазда жеткізуші, бастапқы құжаттың күші болады. Электрондық қойылған қолдарды пайдаланушы электрондық қолдарды пайдаланудың және алудың құқықтарына қатысты, тиісті сақтық және бақылау шараларын белгілеуге тиіс.
Қажетті жағдайларда бастапқы құжатқа қосымша реквизиттер: құжаттың нөмірі, ұйымның атауы мен мекен-жайы, құжатта расталған операцияны жасауға қажетті негіз, қосымша операциялардың сипатымен анықталатын басқа да қосымша реквизиттер енгізілуі мүмкін.
Бастапқы құжаттарда - мәтін бөлігінде де, сандық деректерде де тазартуға және келісілмеген түзетулерге жол берілмейді.
Бастапқы құжаттардағы қателер қате мәтінді немесе сомаларды сызып тастау және сызықтың үстінен дұрыс мәтінді немесе соманы жазу жолымен түзетіледі. Сызып тастау бұрынғы жазу көрініп тұратындай етіп жіңішке сызықпен жүргізіледі. Бастапқы құжаттағы қатені түзету "түзетілді" деген жазумен көрсетілуі және түзету уақыты көрсетіліп, құжатқа қол қойған тұлғаның қолымен расталуы тиіс.
Касса мен банк құжаттарында түзетуге жол берілмейді.
Есеп тіркемелеріндегі жазбалар үшін негіз болатын құжаттар ұйымның бас бухгалтері белгілеген және басшысы бекіткен мерзімдерде бухгалтерлік қызметке тапсырылуы тиіс.
Материалдық жауапты тұлғалар н. 442 құжаттарын тапсыруды тіркеген кезде, екі данада жасалған, тауарлы-материалды құндылықтардың кірісі мен шығысы бойынша бастапқы құжаттарды (кіріс және шығыс құжаттары бойынша жеке толтырылған) тапсырады. Материалдық жауап беретін тұлғаның қатысуымен жүргізілген, тапсырылған бастапқы құжаттардың дұрыс рәсімделуі тексерілген соң бухгалтер қызметкердің қолы қойылған тізімдеменің бір данасы материалдық жауапты тұлғаға қайтарылады, екінші данасы бухгалтерлік қызметтің іс-қағазында қалады.
Ақшалар мен материалдық құндылықтардың сақталуы үшін жауапты тұлғалармен толық материалдық жауапкершілік туралы белгіленген тәртіппен жазбаша шарт жасалады.
Бухгалтерлік қызметке келіп түскен бастапқы құжаттар үлгісі бойынша да (бастапқы құжаттарды рәсімдеудің, реквизиттерді толтырудың толықтығы мен дұрыстығы), мазмұны бойынша да (құжатталатын операциялардың заңдылығы, жекешеленген көрсеткіштердің пайымдық қисыны) міндетті түрде тексеріледі.
2 - сұрақ. Тексерілген және есепке алынған құжаттар операциялар жасалған уақыттар бойынша (хронологиялық тәртіппен) жүйеленеді және мемориалдық ордерлермен - жинақтаушы ведомостармен рәсімделеді, оларға мынадай тұрақты нөмірлер беріледі:
- 1-ші мемориалдық ордер - н. 381 кассалық операциялар жөніндегі жинақтаушы ведомость;
- 2-ші мемориалдық ордер - н. 381 бюджеттік шоттардағы қаржылардың жылжуы жөніндегі жинақтаушы ведомость;
- 3-ші мемориалдық ордер - н. 381 тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан, демеушілік және қайырымдылық көмектен, депозит шотынан, шетелдік валютадағы шоттан және сыртқы қарыздар мен гранттар бойынша бюджеттік инвестициялық жобаның арнайы шоттарынан түсетін ақшаны есепке алу жөніндегі жинақтаушы ведомость;
- 5-ші мемориалдық ордер - н. 405 жалақы және стипендиялар жөніндегі есеп айырысу ведомостарының жинағы;
- 6-ші мемориалдық ордер - н. 408 ұйымдармен есеп айырысу жөніндегі жинақтаушы ведомость;
- 7-ші мемориалдық ордер - н. 408 аванстық төлемдер ретінде есеп айырысу жөніндегі жинақтаушы ведомость;
- 8-ші мемориалдық ордер - н. 386 есепті тұлғалармен есеп айырысу жөніндегі жинақтаушы ведомость;
- 9-ші мемориалдық ордер - н. 438 активтердің босатылуы және ауыстырылуы жөніндегі жинақтаушы ведомость;
- 10-ші мемориалдық ордер - н. 438 бағасы төмен және тез тозатын заттарды босату және ауыстыру жөніндегі жинақтаушы ведомость;
- 11-ші мемориалдық ордер - н. 398 тамақ өнімдерін кіріске алу жөніндегі жинақтаушы ведомость;
- 12-ші мемориалдық ордер - н. 411 тамақ өнімдерін жұмсау жөніндегі жинақтаушы ведомость;
- 13-ші мемориалдық ордер - н. 396 материалдарды жұмсау жөніндегі жинақтаушы ведомость;
- 14-ші мемориалдық ордер - н. 409 тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан түсетін кірістерді есептеудің жинақтаушы ведомость;
- 15-ші мемориалдық ордер - н. 406 балаларды асырағаны үшін ата-аналармен есеп айырысу жөніндегі жинақтаушы ведомость.
Қалған операциялар мен "Сторно" операциялары бойынша жеке-жеке әрбір ай үшін 16-сынан бастап нөмірленетін н. 274 жеке мемориалдық ордер жасалады.
Операциялардың көлемі бойынша жинақтаушы ведомостар құруды талап етпейтін бюджеттік ұйымдарда шоттардың деректері н. 274 жеке мемориалдық ордерлерде немесе жоғарыда көрсетілген тиісті нөмірлер беріліп, дәл бастапқы құжаттарға қойылатын бұрыштаманың таңбаларында көрсетіледі.
Жекелеген мемориалдық ордерлер операциялардың жасалуына қарай, бірақ жеке құжаттардың негізінде де, бір текті құжаттардың негізінде де, келесі күннен кешіктірмей жасалады. Мемориалдық ордерде қосалқы шоттардың деректері бір қосалқы шоттың дебеті және екінші қосалқы шотты несиесі жөніндегі немесе бір қосалқы шоттың дебеті және бірнеше қосалқы шоттың несиесі немесе керісінше, бір қосалқы шоттың несиесі және бірнеше қосалқы шоттардың дебеті жөніндегі операциялардың сипатына байланысты жазылады.
Мемориалдық ордерлерге бас бухгалтер немесе оның орынбасары мен орындаушы қол қояды.
Барлық мемориалдық ордерлер н. 308 "Бас журнал" кітабында тіркеліп, тәртіп бойынша, қосалқы шоттар бойынша жүргізіледі.
"Бас журнал" кітабы өткен жылғы қорытынды балансқа сәйкес жылдың басындағы қалдық сомалары жазбаларымен ашылады. Ондағы жазбалар - мемориалдық ордерлердің жасалуына қарай, ал мемориалдық ордерлерді - жинақтаушы ведомостарды жасаған кезде - айына бір рет жүргізіледі. Мемориалдық ордерлердің сомасы басында "Ордер бойынша сома" бағанына, ал одан соң тиісті қосалқы шоттардың дебеті мен несиесіне жазылады. Дебет бойынша да, несие бойынша да, барлық қосалқы шоттар жөніндегі бір айлық айналымдардың сомасы "Ордер бойынша сома" бағанының жиынтығына тең болуға тиіс. Бір айдағы айналымдардан соң екінші бағанға әрбір қосалқы шот бойынша келесі айдың басындағы қалдық шығарылады.
Талдама есеп есептік тіркелімдерде (кітаптарда, карточкаларда, жинақтаушы ведомостарда, т.б.) жүргізіледі. Тіркелімдердегі жазбалардың тәртібі осы нұсқаулықтың тиісті бөлімдерінде баяндалған.
Бухгалтерлік кітаптарда жазбалар басталғанға дейін барлық беттер (парақтар) беттеледі. Соңғы бетке бас бухгалтердің қолы қойылып: "Бұл кітапта барлығы _____ бет (парақ) нөмірленген" деп жазылады. н. К0-4, н. 440 касса кітабы, еңбек кітапшаларының бланкілері мен оған қосылған беттерді есептейтін н. 449 кіріс-шығыс кітабы, жіппен байланып және сүргішпен бекітілуге, ал нн. К0-4 және 440 парақтарының саны - бюджеттік ұйым басшысының және бас бухгалтердің қолымен, ал н. 449 - бюджеттік ұйым басшысының қолымен расталуға тиіс.
Әрбір кітаптың сыртында ұйымның, орталықтандырылған бухгалтерияның атауы және кітаптың ашылған жылы жазылады. Онда ашылған қосалқы шоттардың тақырыптары болуға тиіс. Жазбаларды кітаптың басқа беттеріне ауыстырған кезде осы қосалқы шот бойынша тақырыпқа жазбаның ауыстырылғаны туралы, жаңа беттердің нөмірлері көрсетіліп, белгі қойылады.
Бухгалтерлік есеп кітаптары жыл аяқталғанда онда бос парақтар болған жағдайда келесі жылдың операцияларын жазу үшін пайдаланылуы мүмкін. Мұндайда кітаптар архивке 2 жылда бір рет тапсырылады.
Карточкалар (активтер жөніндегі карточкалардан басқа) әрбір есеп үшін жеке жүргізілетін 279 н. карточкалар тізбесінде тіркеледі. Активтерді есептеу карточкалары н. ОС-10 активтерді есептеу бойынша жеке карточкалардың жазбасында тіркеледі.
Карточкалар ішінде олар материалдық-жауапты тұлғалар бойынша, ал орталықтандырылған бухгалтерияларда және қызмет көрсетілетін ұйымдарда қосалқы шоттар бойынша орналастырылатын картотекаларда сақталады.
Материалдарды, бағасы төмен және тез тозатын заттарды т.б. есепке алатын карточкалар жыл сайын немесе екі жылда бір рет карточкалардың тізімдерімен, тізбелерімен және басқа бухгалтерлік құжаттармен бірге, тігілген күйінде архивке тапсырылады.
Ішінде нн. ОС-6, 8, 9 соңғы түгендеу карточкасы бойынша құрал-саймандардың есептен шығарылғаны туралы белгі қойылған болса, активтерді есепке алу жөніндегі ОС-10 түгендеу карточкасының сипаттамасы архивке тапсырылады. Түгендеу карточкаларын архивке сипаттамасыз тапсырған кезде олар жеке ведомостқа жазылып, онда карточканың нөмірі мен есептен шығарылған құрал-саймандардың атаулары, ал орталықтандырылған бухгалтерияларда, бұдан басқа, қызмет көрсетілетін бюджеттік ұйымның атауы жазылады.
Бухгалтерлік есеп тіркелімдеріндегі жазбалар олар алынғаннан кейінгі келесі күннен кешіктірмей бастапқы құжаттар бойынша жүргізіледі. Әрбір ай аяқталғаннан кейін талдамалық есептің тіркелімдерінде айналыстардың қорытындылары жасалады және қосалқы шоттар бойынша қалдықтар шығарылады.
3 - сұрақ. Өткен жыл үшін бухгалтерлік есептің жазбаларында байқалған қателерді түзету мынадай тәртіппен жүргізіледі:
а) бухгалтерлік балансты тапсыру сәтіне дейінгі осы есепті кезеңде байқалған, аталған мемориалдық ордердің өзгертілуін талап етпейтін қателер дұрыс емес сомалар мен мәтінді, сызылып қалған жазбаларды оқуға болатындай етіп, жіңішке сызықпен сызып тастау арқылы түзетіледі және сызықтың үстіне түзеткен мәтін мен сома жазылады. Сонымен бірге осы арада тиісті жолдың тұсына бас бухгалтердің қолымен "түзетілді" деп жазылады;
б) бухгалтерлік балансты тапсыратын сәтке дейін байқалған, мемориалдық ордердегі қатеден пайда болған қателікті жазба оның сипатына байланысты қосымша мемориалдық ордер мен немесе "Қызыл сторно" тәсілі бойынша түзетіледі; баланс беріліп қойған, сол есепті кезеңдегі бухгалтерлік есептің жазбаларында байқалған барлық жағдайларда қателер дәл осылай түзетіледі. Қателерді түзету жөніндегі қосымша бухгалтерлік жазбалар, сондай-ақ "Қызыл сторно" тәсіліндегі түзетулер мемориалдық ордерлермен рәсімделеді, оларда, әдеттегі реквизиттерден басқа, аталған мемориалдық ордер арқылы түзетілетін мемориалдық ордердің нөміріне және уақытына сілтеме жасалады.
Синтетикалық және аналитикалық есеп шоттары бойынша бухгалтерлік жазбалардың дұрыстығына бақылау жасау үшін тиісті синтетикалық шоттармен біріктірілген аналитикалық шоттардың әрбір тобы бойынша нн. М-44, 285 және 326 айналыс ведомостары жасалады. Айналыс ведомостарының әрбір аналитикалық шоттары бойынша айналыстар мен қалдықтардың қорытындылары н. 308 "Бас журнал" кітабының осындай қосалқы шоттары айналыстарының және қалдықтарының қорытындыларымен салыстырылады.
Айналыс ведомостары - ай сайын, ал активтер мен арзан құнды және тез тозатын заттар бойынша тоқсан сайын жасалады. Н. 326 айналыс ведомостындағы жазбалар қажет болған кезде бірнеше жыл бойы жүргізіледі.
Жаңа қаржылық жылда синтетикалық және аналитикалық шоттар бойынша бухгалтерлік тізімдемелерде қалдықтардың сомалары қорытынды баланспен және өткен жылғы есептік тізімдемелермен толықтай сәйкес жазылады.
Егер жоғары тұрған ұйымдар - жылдық есепті бекіткен кезде немесе қаржылық орган қабылдаған кезде қорытынды балансқа түзетулер жасалса, онда тиісті жазбаша өкімнің негізінде бұл түзетулер өткен қаржылық жылдың тізімдемелеріне де (бухгалтерлік жазбаны түзету жолымен), ағымдағы жылдың тіркеліміне де (кіріс қалдықтарын өзгерту жолымен) енгізіледі.
Әрбір есепті ай біткен соң барлық мемориалдық ордерлер, мемориалдық ордер-жинақтаушы ведомостар оларға қатысты құжаттармен бірге мерзімдік тәртіппен іріктеліп, жинақталуға тиіс. Құжаттардың саны аз болған жағдайда жинауды бір папкаға үш ай бойы жүргізуге болады. Мұқабаның сыртына: бюджеттік ұйымның немесе орталықтандырылған бухгалтерияның атауы; папканың, істің атауы мен рет нөмірі; есепті кезең - жылы мен айы; мемориалдық ордерлердің бастапқы және соңғы нөмірлері; істегі парақтардың саны жазылады.
Бастапқы құжаттардың, есеп тіркелімдерінің, бухгалтерлік есептер мен баланстардың сақталуын, рәсімделуін және оларды архивке тапсыруды бас бухгалтер қамтамасыз етеді.
Бастапқы құжаттар, есеп тіркелімдері, бухгалтерлік есептер мен баланстар оларды архивке тапсырғанға дейін бас бухгалтер өкілеттік берген тұлғалардың жауапкершілігімен бухгалтерияда арнаулы бөлмеде немесе жабылатын шкафтарда сақталуға тиіс.
Істер бюджеттік ұйымның бухгалтерлік архивінде белгіленген мерзім ішінде сақталады. Сақтау мерзімі біткеннен кейін істер белгіленген тәртіппен тиісті мемлекеттік архивке тапсырылады. Архивке істердің тапсырылғанын растайтын құжаттар бухгалтерлік қызметте тұрақты сақталады.
Бюджеттік ұйымдардың бастапқы құжаттарын, есеп тізімдемелерін, бухгалтерлік есептері мен баланстарын шығарып алуды тек тексеріп білу, алдын-ала тергеу, прокуратура органдары, соттар мен салық қызметі органдары ғана Қазақстан Республикасының салықтық және қылмыстық-іс жүргізу заңдарына сәйкес жүргізе алады.
Бюджеттік ұйымның тиісті лауазымды тұлғалары, шығарып алуды жүзеге асырған органдар өкілдерінің рұқсатымен және қатысуымен, құжаттарды алудың негіздері мен уақытын көрсете отырып, олардың көшірмелерін түсіріп ала алады.
Егер құжаттардың толық рәсімделмеген (тігілмеген, нөмірленбеген және с.с.) томдары шығарып алынса, бюджеттік ұйымның тиісті лауазымды тұлғалары бұл томдарды толтырып рәсімдей алады (сипаттама жасайды, парақтарды нөмірлейді, жіппен тігеді, мөрлеп жабады, өз қолымен, мөрімен растайды).
Бастапқы құжаттар жоғалған немесе жойылған жағдайда бюджеттік ұйымның басшысы жоғалудың немесе жойылудың себептерін қызметте тергеу жөнінде өз бұйрығымен комиссия тағайындайды.
Қажет болған жағдайларда комиссияның жұмысына қатысу үшін тергеу, күзет және мемлекеттік өрт қадағалау органдарының өкілдері шақырылады.
Комиссия жұмысының нәтижелері актімен хатталады, оған комиссияның мүшелері қол қояды және бюджеттік ұйымның басшысымен бекітіледі.
Бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi:
бухгалтерлiк жылдық, тоқсандық есептiлiктi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi белгiлеген мерзiмде және тәртiппен жасауға және тапсыруға;
бухгалтерлiк есепті жүргiзудiң әдiстемесiн және жалпы әдiстемелiк принциптердi сақтай отырып, өз жүйесiнің мемлекеттің мекемелерiнде есептiлiктi жасауды жүзеге асыруға;
ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердің қаржылық-бухгалтерлiк қызметiнiң есепке алу жүйесін қамтамасыз етуге, оларға жүктелген функциялардың орындалуына жүйелi бақылау жасауды қамтамасыз етуге;
ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердің қаржылық-бухгалтерлiк қызметтерi мамандарының бiлiктiлiгiн арттыру жөнiндегi жұмыстарды жүргiзуге мiндетті.
Бухгалтерлік есепті жүргізу және бухгалтерлік есепті жасау үшін бюджеттік ұйымды нұсқаулық құжаттармен қамтамасыз етуді жоғары тұрған ұйымдар жүзеге асырады.
Мемлекеттік қаржы органдарындағы бухгалтерлік есепте қолданылатын типтік шоттар жоспары
--------------------------------------------------------------------
Шоттың атауы !Шот ! Қосалқы шоттың атауы !с/е
!нөмірі! !нөмірі
! ! !
--------------------------------------------------------------------
I бөлім.
Активтер
Активтер 01 Ғимарат 010
Құрылыс 011
Тапсырылатын құрылым 012
Машиналар мен жабдықтар 013
Материалдық емес активтер 014
Көлік құралдары 015
Аспаптар, өндірістік 016
(тиесілігін қоса) және
шаруашылық құралдары
Жұмыстағы және өнім
беретін мал 017
Кітапхана қоры 018
Өзге активтер 019
Активтердің тозуы 02 Активтердің тозуы 020
Материалдық емес актив.
тердің 021
тозуы
II Бөлім.
Материалдық запастар
Бұйымдар мен өнімдер 03 Өндірістік (оқу) 030
шеберханалардың бұйымдары
Қосалқы (оқу) ауылдық 031
шаруашылықтардың өнімдері
Жабдықтар, құрылыс 04 Қондырғы үшін жабдықтар 040
материалдары және ғылыми
зерттеулерге арналған
материалдар
Күрделі құрылысқа
арналған 041
құрылыс материалдары
Ғылыми зерттеулерге
арналған 043
және шеберханалық сынақта
тұрған ұзақ пайдала.
нылатын материалдар
Малдың төлдері және 05 Малдың төлдері және 050
бордақыдағы малдар бордақыдағы малдар
материалдар және тамақ 06 Оқулық, ғылыми және басқа 060
өнімдері мақсаттарға арналған
материалдар
Тамақ өнімдері 061
Дәрі-дәрмектер және 062
байлап-таңу құралдары
Шаруашылық материалдары
және кеңсе заттары 063
Отын, жанар және жағар 064
материалдары
Шөп және жем 065
Ыдыстық заттар 066
Өзге материалдар 067
Жол үстіндегі материалдар 068
Машиналар мен жабдықтарға 069
арналған запас бөлшектер
III бөлім.
Арзан құнды және
тез тозатын заттар
Арзан құнды және тез 07 Арзан құнды және тез
тозатын заттар тозатын заттар 070
Пайдаланыстағы арзан 071
құнды және тез тозатын
заттар
Қоймадағы төсек-орын
заттары, киім және 072
аяқ киім
Пайдаланыстағы төсек-орын 073
заттары, киім және аяқ киім
ІV бөлім. Өндіріске және басқа
мақсаттарға арналған шығындар
Өндіріске және басқа Өндірістік (оқулық) 080
мақсаттарға 08 арналған шығындар шеберхана.
лардың шығындары
Қосалқы (оқулық) ауылдық 081
шаруашылықтардың шығындары
Эксперименттік құрылғыларды 083
жасауға арналған шығындар
Материалдарды дайындау және 084
өңдеу жөніндегі шығындар
V бөлім. Ақшалай қаржылар 09 Мемлекеттік мекеменің 090
ведомстволық бағыныстағы
мемлекеттік мекемелерге
міндеттемелер қабылдауға
және рұқсаттар беруге
арналған рұқсаттары
Жолдағы рұқсаттар 091
Күрделі жұмсалымдарға 093
арналған рұқсаттар
Басқа да бюджеттердің 096
есебінен рұқсаттар
Республикалық бюджетке 098
тауарлардың (жұмыстардың,
қызметтердің) құны түрінде
түсетiн түсiмдерге және
олардың жұмсалуына
байланысты операциялар
бойынша рұқсаттар
Сыртқы қарыздардың 099
есебiнен жобалар бойынша
рұқсаттар
Ведомостволық бағыныстағы
мемлекеттік мекемелерге
міндеттемелерді қабылдауға
және рұқсаттар беруге
арналған мемлекеттік
мекеменің рұқсаты
Жергілікті бюджеттер
бойынша күрделі салымдарға
арналған рұқсаттар
Жергілікті бюджетке
тауарлардың (жұмыстардың,
қызметтердің) құны түрінде
түсетін түсімдерге және
олардың жұмсалуына
байланысты операциялар
бойынша рұқсаттар
Демеушілік және қайырым.
дылық көмек шоты
Тауарларды (жұмыстарды,
қызметтерді) сатудан
түсетін ақшаны есепке
алуға арналған шот
Депозит шоты
Сыртқы қарыздар бойынша
бюджеттік инвестициялық
жобаның арнайы шоты
Есеп айырысу шоты
Гранттар бойынша бюджеттік
инвестициялық жобаның
арнайы шоты
Шетелдік валютадағы шот
Жолдағы ақша
Касса
Аккредитивтер
Ақшалай құжаттар
Қаржылық салымдар
Жергілікті бюджеттер 10 Ұйымдардың шығыстарына, 100
жөніндегі лимиттер
ведомстволық ұйымдар мен
басқа да шараларға арналған
лимиттер
Күрделі салымдарға арналған 103
лимиттер
Жергiлiктi бюджетке түсетiн 108
түсiмдердiң тауарлық және
заттай бөлiгiне және оларды
жұмсауға байланысты
операциялар жөнiндегi
лимиттер
Арнайы шоттар және шетелдік 11 Демеушілік және қайырымдылық
валютадағы шоттар көмек жөніндегі шот 110
Ақылы қызметтер жөніндегі 111
шот
депозиттік қаражат жөніндегі
шот 112
Сыртқы заемдар бойынша
арнаулы шоттар 113
Есеп айырысулар шоты 115
Гранттар жөніндегі арнаулы
шот 116
Жолдағы ақша 119
Шетелдік валютадағы шот 118
Касса 12 Касса 120
13 Өзге де ақшалай қаржылар
шоты
Аккредитивтер 130
Өзге ақшалай қаржылар Ақшалық құжаттар 132
Қаржылық салымдар 134
VI бөлім.
Қаржыландыру жөніндегі
ішкі ведомстволық есептер
Қаржыландыру жөніндегі ішкі 14 Басқа шараларды ұйымдастыру 140
ведомстволық есептер шығыстарына арналған
бюджеттен қаржыландыру
жөніндегі есептер
Басқа бюджеттердің есебінен 142
қаржыландыру жөніндегі
есептер
Күрделі салымдарды бюджет. 143
тен қаржыландыру жөніндегі
есептер
VII бөлім.
Есеп айырысу
Орындалған жұмыстар және 15 Берермендермен және 150
көрсетілген қызметтер үшін мердігерлермен есеп айырысу
берермендермен, мердігерлермен Сыртқы заемдар есебінен 151
тапсырысшыларымен есеп міндеттемелер бойынша есеп
айырысу айырысулар
Бюджеттік тематика бойынша 152
тәжірибелік-конструкторлық
жобалар үшін тапсырыс беруге
ішінара ақы төлеу жөніндегі
есеп айырысу
Орындаған жұмыстар мен 153
көрсетілген қызметтер үшін
тапсырыс берушілермен есеп
айырысу
Бекiтiлген сметадан тыс
несие берушiлермен есеп
айырысу 154
Гранттар есебінен міндет.
темелер жөніндегі есеп
айырысулар 155
Жұмыстар мен қызмет көрсе.
тулер үшін тапсырыс 157
берушілердің аванстар
бойынша есеп айырысулар
Бюджетке түсетiн түсiмдер. 158
дiң тауарлық және заттай
бөлiгiне және оларды жұм.
сауға байланысты
операциялар бойынша есеп
айырысу
Әлеуметтік салық жарналары 159
бойынша есеп айырысулар
Есеп беруші тұлғалармен есеп 16 Есеп беруші тұлғалармен
айырысу есеп айырысу 160
Әртүрлі дебиторлармен және 17 Кем шығыстар бойынша есеп 170
кредиторлармен есеп айырысу айырысу
Міндетті әлеуметтік
қамсыздандыру бойынша
есеп айырысулар 171
Төлемдердің арнаулы түрлері 172
бойынша есеп айырысу
Бюджетке төленетін төлемдер 173
бойынша есеп айырысу
Депозиттік сомалар бойынша 174
есеп айырысу
Шағын және орта бизнес
субъектiлерiн несиелендiруге
алынған қаражаттар бойынша
есеп айырысулар 175
Демеушілік және қайырымдылық 176
көмек есебінен шығыстарға
алынған қаражаттар бойынша
есеп айырысулар
Депоненттермен есеп айырысу 177
Бекiтiлген сметаның шегiнде 178
өзге дебиторлармен және
кредиторлармен есеп айырысу
Аванстық төлемдер ретінде 179
есеп айырысу
Жұмысшылармен, қызметкер. 18 Жұмысшылармен және 180
лермен және стипендиаттармен қызметшілермен есеп айырысу
есеп айырысу Стипендиаттармен есеп
айырысу 181
Жұмысшылармен және 182
қызметшілермен несиеге
сатылған тауарлар үшін есеп
айырысу
Банктерге салынатын салымдар 183
бойынша шоттарға қолма-қол
емес аударымдар бойынша
жұмысшылармен және
қызметшілермен есеп айырысу
Сақтандыру шарттары бойынша 184
шоттарға қолма-қол емес
аударымдар бойынша
жұмысшылармен және
қызметшілермен есеп айырысу
Кәсіподақ мүшелері 185
жарналарының қолма-қол емес
аударымдар сомалары бойынша
кәсіподақ мүшелерімен есеп
айырысу
Банк жәрдемақылары бойынша 186
шоттарға қолма-қол емес
аударымдар бойынша
жұмысшылармен және қызмет.
шілермен есеп айырысу
Атқару құжаттары және өзге 187
мекемелер бойынша есеп
айырысу
Қолма-қол тиындарды ақша 188
айналымынан алуға байла.
нысты есеп айырысу
Орындалған жұмыстар үшін
басқа да есеп айырысу 189
Зейнеткерлік және әлеуметтік 19 Зейнетақылар және жәрдем. 191
ақыларды қамтамасыз ету
жөніндегі есеп төлеу жөнiн.
дегi есеп айырысу
айырысулар
Міндетті әлеуметтік қамтама.192
сыз етуге арналған трансферт.
тер бойынша есеп айырысулар
Жеке тұлғалардың трансферт. 193
тері бойынша есеп айырысу.
лар
Облыстық бюджеттерге, 194
республикалық маңызы бар
қала, астана бюджеттеріне
мақсатты трансферттер
бойынша есеп айырысулар
Жинақтаушы зейнетақы қорла. 198
рына міндетті зейнетақы
жарналары бойынша есеп
айырысулар
Iшкi несиелендiру жөнiндегi 199
есеп айырысулар
VIII бөлім. Шығыстар
Бюджет бойынша шығыстар 20 Бекiтiлген сметаның шегiнде 200
бюджет бойынша ұйымдарды
ұстауға және басқа шараларға
арналған шығыстар
Басқа бюджеттер есебінен
шығыстар 202
Бюджет бойынша күрделі 203
салымдарға арналған шығыстар
Сыртқы заемдар есебінен 204
қаржыландырылатын жобалар
бойынша шығыстар
Бекiтiлген сметадан тыс 208
мемлекеттiк мекеменi ұстауға
және басқа шараларға арналған
шығыстар
Гранттар есебінен қаржылан.
дырылатын жобалар жөніндегі
шығыстар 209
Өзге шығыстар 21 Бөлінетін шығыстар 210
Ақылы қызмет көрсетуді 211
сатудан алынатын қаражаттар
есебінен жұмсалатын шығыстар
Өзге қаражаттың есебінен 212
капитал салымдарына жұм.
салатын шығыстар
Демеушiлiк және қайырымдылық 213
көмек қаражаты есебiнен
және өзге де қаражаттың
есебiнен есеп айырысулар
Өзге қорлар есебінен шығыс.
тар 215
Күрделі салымдарға арналған 216
өзге қорлар есебінен шығыстар
Валюталық қаражаттар 220
есебінен шығыстар
IX бөлім. Қаржыландыру
Қаржыландыру 23 Ұйымның шығыстарын және 230
басқа шараларды бюджеттен
қаржыландыру
Күрделі салымдарды бюджет.
тен қаржыландыру 231
Басқа бюджеттердің есебінен 232
қаржыландыру
Ата-аналардың балалар 236
мекемелерін ұстауға арналған
қаражаттар
Ұйымды ұстауға арналған 238
өзге де қаражаттар
Сыртқы заем қаражаттарынан 239
жобаларды қаржыландыру
Х бөлім. Нысаналы мақсаттардың
қорлары мен қаржылары
Нысаналы мақсаттардың қорлары 24 Материалдық ынталандыру 240
қоры мен қаржылары
Гранттар 245
Өндірістік және әлеуметтік 246
даму қоры
Iшкi несиелендiру 247
несиелері 248
Сыртқы заемдар 249
Активтердегі қорлар 25 Активтердегі қорлар 250
Арзан құнды және тез тозатын 26 Арзан құнды және тез тозатын 260
заттардың құны заттардың құны
Қаржылық қаражат қорлары 27 Өзге де қорлар 272
Валюталық қаражат қоры 273
Құнды қағаздар қоры 274
XI бөлім. Өнімді өткізу
Өнімді, бұйымдар мен орын. 28 Өндірістік (оқулық) 280
далған жұмыстарды өткізу шеберханалардың бұйымдарын
өткізу
Қосалқы (оқулық) ауылдық 281
шаруашылықтардың өнімін
өткізу
XII бөлім. Табыстар
Табыстар 40 Ақылы қызмет көрсетуді
сатудан түсетін табыстар 400
Кірістер мен зияндар 41 Кірістер мен зияндар 410
Достарыңызбен бөлісу: |