198
10. ГЕОФИЗИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР
10.1. Астрофизика институты зерттеулерінің негізгі
бағыттары
Негізінен, ғарыштық даму, ғарыш саласы, ғарыштық инфра-
құрылым дегенде, біз, көбінесе, Байқоңырды, ондағы зымы ран-
тасығыштарды, ғарыш айлағын жалға алу мерзімін жəне одан
түсетін пайда мен зиян жайын сөз етеміз. Мұндайда, көбінесе,
ғарыштық денелердің құрылысы, ғарыштық жүйелер, ғарышты
жерден бақылау, яғни ғарышқа ғылыми-зерттеу жасау жұмыстары
тасада қалып жататыны жасырын емес. Сондықтан, біз осы
оқулықта, ғарыштық салаға өзіндік ғылыми-зерттеулер жасайтын
«Ұлттық ғарыштық зерттеулер жəне технологиялар орталығына»
қарасты «В. Г. Фесенков атындағы астрофизика институтының»
өзіндік жаңалықтары мен ізденістері жайлы айтпақпыз.
В. Г. Фесенков атындағы астрофизика институты, астрони-
миялық жəне астрофизикалық зерттеулер жүргізетін, Орта Азия-
дағы санаулы институттардың қатарына жатады. Ол 1950 жылы
Астрономия жəне физика институты негізінде құрылған.
Астрофизика институты Алматы қаласының орталығынын
14 км жерде, теңіз деңгейінен 1500 м биіктікте, Құмбел жота-
сының етегінде орналасқан. Институттың құрылуына жəне
қалыптасуына В. Г. Фесенков пен Г. Л. Тихов көп еңбек сіңірді.
Қазақстан – əлемшардағы тіршіліктің шығуын, дамуын зерт-
тейттін астробиология ғылымының отаны болып есептеледі.
Бұл ғылым саласы Ұлы отан соғысы басталуымен байланысты
Мəс кеу мен Ленинградтан астроном ғалымдардың Алматыға
көшіп келуімен, 1941 жылдан бастап дами бастады. Қазақстан-
дағы астрофизика ғылымының негізін қалаушы, ҚазҒА-ың
академигі Г. А. Тиховтың негізі еңбектері Марс планетасын
жан-жақты зерттеуге арналған болатын. Ол ғарыш дəуірі ба-
сталмай тұрып дүние салды. Халықаралық Астрономиялық одақ
Г. А.Тиховтың еңбетерін жоғары бағалап, Марс кратерлерінің
біріне «Тихов» есімін берді (10.1-сурет).
199
Г. А. Тихов өзінің арфизиктік еңбектерінде Марстың
бетінде қарапайым тіршілік көздері болуы мүмкін деген бол-
жам айтып кетті. Марста жанды заттар тұрады деген бол-
жамдар температуралық жəне спектроскоптық нəтижелермен
дəлелденбесе де, тіршіліктің төменгі формасы болғандығын
болжаған ұлы ғалым.
10.1-сурет. Марс картасындағы «Тихов» кратері
Г. А. Тиховтың еңбектері шетел ғалымдарын қызықтырды.
1958 жылы Тиховпен кездесу жəне оның Қазақстандағы абсерва-
торияларымен танысу үшін америкалық ғалым Вильсон арнайы
Алматыға келді. Ол Қазақстанның «Астроботаникалық бағын-
да» өсірілген «гингто» өсімдігінің бір талын алып, сол кездегі
АҚШ Президентіне апарып көрсеткен жəне астробилогиялық
зерттеулер саласында америкалық ғалымдардың кешігіңкіреп
қалғандығын мəлімдеген.
Міне, содан бері 50 жылдан астам уақыт өтсе де Г. А. Тиховтың
есімі ұмытылған жоқ жəне қазіргі кезде ғалымның болжамдары
шындыққа айналуда. Оған дəлел Юпитердің «Европа» серігінен
алынған ғарыштық суретіндегі мұздақты беттер (10.2-сурет),
«Мars Odyssey 2001» бағдарламасы бойынша орбитадағы «Mars
Global Surveyor» серігі арқылы ғарыштық зондтаудан алынған
деректер бұрын Марста өзендер мен суаттардың болғандығының
айғағы (10.3-сурет).
200
10.2-сурет. Юпитер беті жəне ондағы мұздақ беттің құрылымы
10.3-сурет. Марста бұрын су болғандығын дəлелдейтін ғаршытық сурет
Міне, осындай жұмыстарды атқаруға арқау болған, бүгінгі
«В. Г. Фесенков атындағы астрофизика институтының» экспе-
рименттік базасы – обсерватория, Күн обсерваториясы (Үлкен
Алматы каналы маңындағы «Тянь-Шань») жəне Асы-Түрген об-
серваториясы. Ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі бағыттары
– галактиканың сырты астрономиясы, Ай жəне планеталар, Күн
жəне планеталар байланысы, Галактиканың құрылымы мен дина-
микасы, Күн жүйесіндегі кіші денелер мен метеорлық зат, жасан-
ды аспан денелері, т.б.
Институттың негізгі бақылау құралдары: планеталарды
бақылайтын 70 см-лік рефлектор, жарық күштілігі жоғары 50
см-лік телескоп, Күнді бақылайтын горизонталь орнатылған
201
«АЦУ-5» телескопы, 50 см-лік үлкен коронограф, 50 см-лік Герц
рефлекторы, 20 см-лік рефрактор, 20 см-лік Шмид камерасы,
Лио жүйесіндегі коронограф жəне Күн хромосферасы мен фото-
сферасын бақылайтын телескоп. Институттың құрамында астро-
физика, жұлдыздар динамикасы, Күн физикасы, қолданбалы
спектр фотометриялық зерттеулер, астрономия приборлар жасау
бөлімдері жəне 5 лаборатория (абсолют жұлдыздық спектрофо-
тометрия, Ай жəне планеталар физикасы, аспаптық астрономия,
атмосфера-оптикалық спектрлік зерттеулер жəне атмосфера
оптикасы) бар.
Ғарыш саласын одан əрі дамыту үшін нақ осы астрофизи-
ка ғылымына аса мəн берген жөн. Жақында Алматы жанында-
ғы астрономиялық обсерваториясында, жөндеу жұмыстарынан
кейін, бір метрлік телескоп жұмыс істей бастады. Мұндай теле-
скоп Қазақстанда бар-жоғы үшеу ғана. Өзге телескоптардан бұл
телескоптардың ерекшелігі жаңа іске қосылған ғарышты зерттеу
құралы автоматты жүйеге көшірілген. Яғни оны ғарыш арқылы
кез келген жерден басқара беруге болады жəне əлем ғалымдары-
на келісімшарттармен жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Он-
дай серіктестікке қазірдің өзінде Ресей, Франция мен Германия
ғалымдары қызығушылық танытып отыр. Бұл телескоп белсенді
галактикалық ядроларды, айнымалы, қос жұздыздарды жəне
басқа да аспан денелерін, ғарыш айлақтарын бақылап, зерттеуге
арналған (10.4-сурет).
«Тянь-Шань обсерваториясы жылына 300 тəулік бақылау
жүргізе алады. Бұл басқа кейбір обсерваторияларға қарағанда аз.
10.4-сурет. а - ғаламтордағы өмір; б - аспан денелерін
бақылайтын телескоп
Достарыңызбен бөлісу: |