Графика. Орфография. Орфоэпия



жүктеу 2,09 Mb.
Pdf просмотр
бет87/152
Дата13.09.2023
өлшемі2,09 Mb.
#43345
түріМонография
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   152
fce55c58e23c15bef10aa33237001bcc

б
] [
г
] дыбыстары қолданылмайды, сондықтан 
штаб, клуб, 
педагог, демагог 
т.б. атауларды
штап, клуп, педагок, демагок 
деп 
орфографиялау қажет деген пікір орынды болып саналмайды. Дәстүр 
бойынша бұл типтес сөздер қосымшалармен түрленгенде:
штабы, клубы, 
педагогі, демагогі 
т.б.түрінде жазылады. 
Сонымен бірге, жарнамаларда, ресми қолданыстарда цитаталық 
принцип бойынша жазылатын шетелдік брендтердің атаулары (
тойота, 
нокиа, айфон, самсунг т.б.) 
ортологиялық құралдар (сөздіктер, 
анықтағыштар) арқылы реттелуі керек. Сол сияқты, коммуникативтік 
қажеттіліктен туындаған 
уик-энд, сэкондхэнд, респект, инстаграм, фейсбук, 
лайк, гугл, блогер, гаджет, веб-сайт, пиар, хостел, френд, шопинг,
сондай-
ақ жеміс-жидек, тағам атаулары
– фаст-фуд, фишбургер, мангостин, 
маракуйя, артишок, питахайя, папайя), PhD докторант, VIP-зал, онлайн,
офлайн, веб-сайт - Web-сайт, PR 
(
пиар) 
т.б. сөздердің жазылу нормасы да 
ортологиялық құралдар арқылы реттеліп отыруға тиіс. 


Күрделі сөздердің орфографиясы. 
Бөлек және бірге жазылатын 
сөздер қазақ орфографиясындағы аса күрделі мәселелердің бірі болып отыр. 
Әуелден қалыптасқан дәстүр бойынша жеке түрде айтылатын, қолданылатын 
сөздер босаралықпен бөлек жазылады. Лексикографиялық еңбектердегі 
реестрлік қатар түзетін лексикалық бірліктер яғни түбір, туынды түбірлер 
бөлек жазылатын сөздердің ерекше тобына жатады. Жазылымда 
босаралықпен жазылатын сөздерге шылаулар жатады. Сондай-ақ тұрақты сөз 
тіркестерінің әр сыңары босаралықпен таңбаланады. Бұл дәстүр нормаға 
айналып, жазу тәжірибесінде тұрақтана түсті. Алайда сөздердің бірге не 
бөлек тұлғалануы бірте-бірте өз шешімін тауып келеді. Жазу тәжірибесінде 
сөздерді бірге жазу үрдісі күшейе түсті. Бұл үрдістің орфограммасының 
реттелуі белгілі модель арқылы жүзеге асқаны айқындалып отыр. 
Атаулық мән алған және жұрнақ жалғану арқылы бір ұғымды 
білдіретін сөзге айналған тұрақты тіркестердің бірге жазылуы тұрақталды: 
ақкөңіл, ақкөңілді, ақкөңілділік; ержүрек, ержүректік; басбұзар, 
басбұзарлық; безбүйрек, безбүйректік; ақпейіл, ақпейілділік; аққұлақ, 
аққұлақтану т.б.; бас қатыру – басқатырушылық; тізе қосу – 
тізеқосушылық; көре алмау – көреалмаушылық
т.б.
-лық/-лік, -шылық/-шілік, -лы/-лі 
жұрнақтары арқылы бірге жазылатын 
сөздердің 
қатары 
молайды: 
бұғышаруашылық, 
малшаруашылық; 
жантүршігерлік, жатжерлік, адамсүйгіштік; ашатұяқты, сүтқоректі, 
көпшілікқолды, ауырдәулетті т.б. 
Сонымен қатар, 
отқасалар, есікашар, бақанаттар, атқамінер, 
тұсаукесер
т.б. сөздер белгілі модель бойынша жүзеге асырылып келеді. 
Бұлар әуелдегі өзінің 
отқа салу, есік ашу, тұсау кесу
деген денотаттық 
семантикасынан коннотативтік семантикаға көшу арқылы біріккен сөздердің 
типіне жатады. 
Көңілшай, келіншай, шүкіршай, кеңесшай
дегендер де 
біріккен сөздердің осы аталған типін құрайды. 
Бірге жазылатын сөздердің аталмыш типтері ережеде тиісінше
қамтылмақ. 
Ережеде бөлек жазылатын тіркесті атаулар, тіркесті терминдердің әр 
сыңары екпінмен айтылатындықтан, дәстүр бойынша бөлек жазылады. 
Компоненттері грамматикалық, қатынаста яғни анықтауыштық, 
толықтауыштық, пысықтауыштық қатынаста айтылатындықтан, сөз 
тіркестерінің сыңарлары қалыптасқан дәстүрге сай бөлек жазылады: 
ақ үй, 
боз үй, қара үй, ағаш үй т.б.
бірақ осыларға тұрпат межесі ұқсас, ал мазмұн 
межесі әр басқа 
ақүй аманат, ақмал, аққоянның жұты, іріқара
тәрізді 
атаулар бірге жазылады. 

жүктеу 2,09 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   152




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау