Шетел сөздерінің орфографиялануы.
Кирилл әліпбиі орыс тілі үшін,
оның дыбыстық құрылымына, грамматикалық ерекшеліктеріне адъекватты
ең озық фонологиялық әліпби болды. Оның ең негізгі дейтіндей басты
жетістігі, біріншіден, мағыналық бірліктерді ажырататын 42 дыбыс (фонема),
32 әріппен берілді; ал дыбыстық біріліктердің санынан әріптің саны кем түсіп
жататын болса, ондай әліпби жазу теориясында жақсы әліпбилер санатына
жатады. Жазу теориясында әліпбиді бағалаудың бір өлшемі осы. Екіншіден,
орыс тіліндегі дауыстылардың дауыссыз дыбыстардың билігінде болу
заңдылығы графика, орфографиясында мықтап ескерілген.
Үшіншіден, екі-үш дыбысты (фонеманы) бір әріпке теліп беруі және
әліпби құрамында дыбысталмайтын
өлі әріптердің
(
ь,ъ
) функциясының
ерекше болуы орыс тілі графикасы мен орфографиясы үшін аса маңызды
болды.
Алайда қазақ тілі үшін кирил әліпбиіндегі
өлі әріп
(ь,ъ), сондай-ақ екі-
үш дыбысқа
ортақ теліме әріптердің
(ю, я) және
ц, щ, ё, э
-лардың ұлттық
тіліміз үшін графемалық жүктемесі болған жоқ. Бұлар орыс тілінен енген
сөздерді орыс тілінің орфографиясы бойынша жазу үшін қолданылды.
Сөйтіп, кирилше қазақ әліпбиі гетрогенді сипатта, соған сәйкес қазақ тілінің
орфографиясы қосамжар орфографияға айналды. Орфографиялық негізгі
ереженің жартысына жуығы орыс тілі сөздерінің жазылуына қатысты болды.
Қазіргі кезде орфографиялануы қиын шетелдік терминдердің қатары
жылдан-жылға көбейіп келеді. Әліпби ауыстырумен байланысты жазу-сызуға
ұлттық сипат беру қауырт көтеріле бастағаны мәлім.
Ю әрпінің жазылуы
. Жаңа әліпбиде бұл әріп жоқ. Дегенмен, осы
әріппен таңбаланған сөздер өте көп. Ю латыннегізді әліпбиде
-мен немесе
-мен таңбаланады.
Орыс тіліндегі жіңішке дауыссыз фонемадан кейін
ю
-мен келетін
сөздерде
жазылады. Мысалы
парашют – arash , абсолют – abso , полюс
- s, глюкоза – g oza, люкс- s, дебют – b , салют – sá
, валюта –
á t ,
бюджет
–
b j , бюрократия – b rо ra a, продюсер - ro s r,
сюжет – s j , бюллетень – b .
Орыс орфографиясы бойынша сөз басындағы
ю
әрпімен жазылып
келген
Юпитер, юра
тәрізді терминдер латын әліпбиі негізінде
I r, rа
түрінде жазылады.
Сондай-ақ
ь
белгісінен кейін келетін
ю
-дың орнына
жазылады.
Мысалы: компьютер –
o r
, Кьюри -
r
.
Ё әрпінің жазылуы
. Кирилше қазақ әліпбиіндегі графемалық мәні жоқ,
басы артық әріптердің қатарына жататын
ё
әрпі ұшырасатын
дирижёр,
манёвр, режиссёр, дублёр
т.б
.
тәрізді орыс орфографиясына бейімделген
интертерминдер ендігі жерде латын әліпбиі бойынша
r jor, a r, r j ssor,
b r
түрінде таңбаланады. Яғни кейбір сөздерде ё орнына о немесе е
жазылады. Оның емлелік ережелері анықтағышта нақтыланады.
Э әрпінің жазылуы.
Кирилше әліпбидегі басы артық әріптердің қатарына
Достарыңызбен бөлісу: |