Ғалымжанның
[алымжан],
Ғазиздің
[азыз] болмай,
Әли,
Әлім, әзіз
түрінде игерілуі осыған меңзейді.
Қазақ тілінде ерін үндестігі жөнінде А. Байтұрсынұлы еріндіктердің
бас буында келетінін басқа буынды сүймейтінін атап айтады, сондықтан әлсіз
жағдайдағысын жазуда белгілемейді [8]. Әрине, А.Байтұрсынұлына дейін
қазақ сөзінің хатқа түскен үлгілерінде ерін дауыстыларының әлсіз жағдайда
(дыбыстық қоршауға тәуелді жағдайда) белгіленетін де, белгіленбейтін
тұстары да бар.
Н.И. Ильминский т.б. түркітанушылардың өз зерттеулерінде ерін
үндестігін көрсетуі бірізді емес, екінші буындағы еріндікті кей кезде
көрсеткенмен, келесі бір сөзде басқаша таңбалайды:
ӫзӱм, өздері, өзен
т.б.
(Ильминский)
В.В. Радлов, П.М. Мелиоранский сөздің соңғы буынына дейін ерін
үндестігін жазуда көрсеткенмен, оның буындарға қарай әлсірей беретінін
ескертеді, сондай-ақ [о] дыбысынан кейін езулік жуан дыбыстылардың келе
беретінін, ерін үндестігінің қырғыз тілімен бірдей еместігіне назар аударады.
Әдеби тілде (жазу нормасын еске алғанда) ерін үндестігінің
еленбейтінін айта келіп, І.Кеңесбаев «ерін үндестігінің күші үш буыннан
аспайды: әсіресе екі буынды сөздерде ерін дауыстысымен келген алғашқы
буынның еріндік ықпалы анық сезіліп тұрады, үшінші буында солғындау
сезіледі деп көрсетеді [84].
Қазақ тілінде ерін үндестігі сөздің екінші буынынан әрі қарай
сақталмайды немесе әлсірей береді деген дәстүрлі көзқарас орфоэпиялық
норманы, орфографиялық норманы кодификациялауда М.Дүйсебаеваның
зерттеуінде (1973), Қ.Неталиева құрастырған «Қазақ тілінің орфоэпиялық
сөздігінде» (1977), Р. Сыздықтың «Сөз сазы» анықтағышында (1985, 1995)
негізге алынды.
1990 ж. А. Байтұрсынұлының бері келе жатқан бұл дәстүрлі
көзқарастан басқаша, яғни ерін үндестігі сөздің басқы буындарымен
шектелмейді, үндесімнің бұл түрін сөзді тұтасымен қамтиды деген
(Ә.Жүнісбек, С.Мырзабеков) тезис ұсынды. «Жазуда соңғы буындарда
еріндік белгіленбегендіктен, ерін үндестігі әлсіреп, сөздің айтылу нормасы
бұзылып, бәрін бұзған жазу, жазу теріс болмаса, бәрі де дұрыс еді» дегендей
ойға салады [85].
Бұл айтылғандардың қай-қайсы болсын, ден қойып, көңіл аударарлық
және теориялық тұрғыдан негіздеуді қажет ететін пікірлер.
Мұндай
құбылысты
айқындауда
фонологиядағы
теориялық
ұстанымдарға назар аударуға тура келеді. А.Байтұрсынұлының ұстанымы
бойынша тұрпат бөлек болғанмен, тұлғасы бір сөздер болады. Мұндай сөздер
тұлғасы бойынша жазылады:
сенбеді
(
сембеді
емес). Еріндіктің бас буында
келетінін, таңбалап, басқа буындағысын бас буынның әсері деп, жазуда
елемейтіні, мысалы
күлкі
(
күлкү
емес), ғалымның осы ұстанымын көрсетеді.
Дәстүрлі көзқарас бойынша
күлкі, үлкен
деген сөздердің екінші
буындағы <і>, <е> фонемалары өздерінің негізгі реңкі бойынша таңбаланған,
ал олардың [ү], [ө] түрінде дыбысталуы бірінші буындағы еріндіктің әсері
деп түсіндіріледі.
Алайда екінші, үшінші буындағы, одан әрі қарайғы буындардағы
дауыстылар езуліктер емес, әуелден түптұлғалық еріндіктер мәртебесіндегі
бірліктер дейтін де көзқарас бар. Бұл жерде дәстүрлі ұстанымға басымдылық
береміз. Өйткені, байқауымызша, екінші буында «нағыз» еріндіктердің
солғындап кетуіне әсер ететін фонетикалық жағдай жоқ [87]. Олай болса,
дауыстылардың еріндік белгілерінің өзінен-өзі көмескіленіп кету мүмкіндігі
жоққа тән.
Тағы бір назар аударатын жайт: екінші буындағы дауыстының әуелден
түптұлғалық еріндіктер еместігі. Бұлай деуімізге салыстырмалы-тарихи
фонетиканың материалдары себеп болып отыр: мысалы, қазақ тілінде
үй,
татар тілінде
өй,
қаз.
үйде,
тат. өйдә; қаз.
үйдегі
, тат.
өйдәге
, қаз.
үйдегілерге
,
тат.
өйдәгеләргә
; қаз.
төлерге
, хак.
тӫлирге
; қаз.
көрер
, хак.
кӫрер
; қаз.
күрек
,
әзерб., ұйғ.
күрәк
; қаз.
жүген
, башқ.
югән
, әзерб.
йүйән
, хак., шор
чӱген
; қаз.
жүрек
, ұйғ.
жүрәк
т.б. Бұл мысалдар Ф.Г.Исхаковтың зерттеуінен алынды
[86].
Күлкі
сөзінің екінші буындағы дауысты [к
01
үл
01
к
01
ү] инвариант <і>-нің
әлсіз позициядағы [ү] түрінде репрезентациялануы. Ол күшті позициядағы
[ү]лкен
дегендегі [ү]-ге естілімі жағынан сәйкес келеді. Әлсіз позициядағы
инвариант фонеманың (<і>-нің) әлді позициядағы инвариантқа (<ү>лкен)
ұқсас келуі вариант деп аталады. Ал
күлкілеріміздің
дегендегі үшінші,
төртінші буында еріндік белгілері солғындап кететін дауыстылар <і>
инварианттың әлсіз позициядағы вариациялары болып табылады.
Әдетте варианттар парадигмадағы белгілі бір фонемаға ұқсас болып
тұрса, вариацияларда ондай ұқсастық болмайды, яғни вариация
парадигмадағы фонеманың бірде-біріне ұқсап тұрмайды. Мысалы,
күлкіміздің
дегендегі соңғы буындардағы дауыстыны парадигмадағы [ү]-мен
бірдей деуге болмайды.
Сонымен,
күлкіміздің
дегендегі бірінші буындағы [ү] инвариант, екінші
буындағы [ү] вариант, ал үшінші және әрі қарайғы буындардағы дауысты [і]
инварианттың вариациялары /ү/ деп танимыз:
К<ү>лк[ү]м[ү]зд/ү/ң.
Алғашқы буында еріндік анық сөз мағынасын
ажыратады және естілімі күшті, яғни сигнификативті және перцевтивті
күшті, екінші буында сөз мағынасын ажыратпайды, естілімі күшті, яғни
сигнификативті әлсіз, ал перцевтивті күшті, үшінші және әрі қарайғы
буындарда естілімі солғын, яғни сигнификативті және перцевтивті әлсіз
позиция.
Сонымен, еріндік дауыстыдан соң басталатын сөздердің екінші
буынында анық еріндік, ал әрі қарайғы буындардағы дауыстылардың, еріндік
белгілерінің солғындай беретін ерекшелігін ескере келіп, оларды үш жаққа
ажыратып, орфоэпиялық норманың инвариант [ү], вариант [ү] және вариация
/ү/ түрінде кездесетінін көрсеттік.
Біз кодификацияланған нормасы даулы көрінетін жайттарға тоқтала
келіп, олардың әлді, әлсіз позициямен байланысты инвариант, вариант,
вариация түрінде зерттелу қажеттігіне ерекше назар аудару керектігін баса
айтамыз.
Достарыңызбен бөлісу: |